Тарау Қаржылық бақылаудың мәні,пәні және формалары Қаржылық бақылаудың мәні,мазмұны мен пәні


Банк аудитінің түрлері мен әдістері



бет45/49
Дата26.01.2022
өлшемі348,5 Kb.
#114818
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Тобылов . Т., Даулетбаев Б. Т. Аржылы ба ылау ж не аудит

15.2 Банк аудитінің түрлері мен әдістері

Несиелік ұйымдарда аудиторлық қызметті регламенттейтін аудиторлық қызмет пен нормативтік құжаттар тәжірибесінде принципті түрде бір-бірінен бөлінетін бақылау мен аудиттің екі түрі ажыратылады – бұл ішкі және сыртқы аудит. Сыртқы бақылау мен аудит келісім шарт негізінде тәуелсіз аудиторлық фирмамен (аудитормен) бухгалтерлік есеп пен есеп беру жағдайының дәлелділігін объективті бағалау, сонымен қатар коммерциялық банктің қаржылық жағдайын жақсарту бойынша ұсынымдарды шығару, банк қызметінің тиімділігін жоғарлату мақсатымен жүргізіледі. Ішкі бақылау мен аудит банкте арнайы құрылған басқармаға тікелей бағынышты басқару аппаратының бөлімшелерімен жүзеге асырылады.

Ішкі бақылау мен аудит аудиторлық қызмет ережесіне (стандартына) сәйкес экономикалық субъектпен ұйымдастырылған, оның ұйым басқарушылары немесе иемденушілерінің қажеттіліктеріне сай қызмет атқаратын, ішкі құжаттар мен регламенттелген субъекттің қызмет атқаруының сенімділігіне және бухгалтерлік есеп жүргізудің орнатылған тәртібін орындауға ішкі бақылау жүйесі түрінде айқындалады. Сонымен, ішкі бақылау мен аудит экономикалық субъект құрылымының барлық салалары қызметінің тиімділігіне істі бақылау жүргізу жүйесі болуы тиіс.

Банктегі ішкі бақылау мен аудит келесі міндеттерді атқаруы тиіс:



  • орындалатын банктік және шаруашылық операциялар бойынша заңнама мен ҚР ҰБ нормативтік актілерінің қадағалануын тексеру;

  • бухгалтерлік есепті және есеп беруді жүргізу бөлігіндегі талаптардың қадағалануын тексеру;

  • банктің есептік саясаты талаптарының, еңбек ережелері мен нұсқаларына, банк басқармасы мен иемденушілер жарлықтары мен шешімдерінің қадағалануын тексеру;

  • басқарудың түрлі салалар қызметтерін тексеру;

  • банктің филиалдары мен бөлімшелерінде бақылау тексерілуін жүргізу;

  • жеке жағдайлардың арнайы тергеуін жүргізу, мысалы шамадан тыс қолданудан күдіктену;

  • бөлімшелер басшыларын, банк мамандары мен қызметкерлерін, құрылтайшыларын ұйымдастыру және басқару, құүқықтар, банк қызметін талдау және т.б. сұрақтар бойынша анықтамалау;

  • сыртқы бақылау мен аудит жүргізуге, сыртқы бақылаудың салықтық және басқа органдарымен тексеруіне дайындауды ұйымдастыру;

  • ішкі бақылау механизмі тиімділігін бағалауы және талдауын жүргізу, оның жетілдірілуі бойынша ұсынымдарды құрастыру.

Жоғарыда айтылғандай банк қызметінің сыртқы бақылау мен аудиті келісім (ақылы) негізінде ҚР ҰБ-ның осы қызметті жүзеге асыруы үшін сәйкес лицензиясын иеленетін арнайы аудиторлық ұйымдармен жүргізіледі. Сыртқы аудиторлық тексерудің мақсаты – банкпен заңнаманың орныдалу фактін бекіту, банктік есеп берудің дәлелділігін бекіту және банктің қаржылық-шаруашылық қызметінің талдауын жүргізу. Бірақ та ішкі және сыртқы бақылау мен аудиттің мақсаттары бөлек болса да, ішкі және сыртқы аудиторлық тексерулерді жүргізу әдістемесінде көп ортақ жағдайлар бар. Сонымен қатар ішкі бақылау мен аудит салмақты дәрежеде сыртқыны жүргізу үшін ақпаратттық база болып табылады.

Классификациондық белгілер көзқарасынан сыртқы бақылау мен аудиттің келесі түрлері ажыратылады: міндетті және инициативтік (өз еркімен); бастапқы және қайталанатын (периодтық); қаржылық, операциондық (басқарушылық) және талаптарға сәйкестік бақылауы мен аудиті; дәлелдейтін, жүйелі-бағытталған бақылау мен аудит және қатерге негізделген аудит.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет