1.2 Қаржылық бақылаудың түрлері мен формулары
Қаржылық бақылаудың классификациясы - субъектердегі ерекшеліктеріне, бақылау әрекеттілігінің өту уақытына,бақылаудың өту тәсіліне негізделген.
Субъектілерге байланысты қаржылық бақылаудың келесі түрлері ажыратылады:
Жалпы мемлекеттік бақылау-жекеменшік түрлеріне, бақылау ведомосына қарамастан кез-келген бақылау объектілерінде жұмсалады. Оны мемлекеттік билік және басқару органдары жүзеге асады.
Жалпы мемлекеттік бақылауда салықтың бюджеттік,валюталық және кеден бақылауларын бөлуге болады.
Үкімет мемлекеттік бюджеттің құрылуын және орындалуын бақылайды, мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асырайды. Өз өкілеттілігіне сәйкес бақылау функцияларын атқарушы органдар өз орнында орындайды.
Ведомстволық қаржылық бақылау, бөлек министрлігтің өкілеттілігі шегінде, кәсіпорын, ұйым,мекеме жүйесіне кіретін ведомост негізінде жүзеге асырылады.
Ведомстволық бақылауда ішкі шаруашылық бақылау, яғни нақты шаруашылық субъектілерде жүзеге асырылатын(фирмалаларда, компанияларда,мекемелерде, ұйымдарда) бақылау жүргізіледі.
Уақыт өтуіне байланысты қаржылық бақылау алдын ала,ағымдағы және келешекті болып келеді.
Бақылаудың осы формалары көптеген бақылаушы органдарға лайықты.
Алдын ала қаржылық бақылау ақша құрылу,бөлу және пайдалану операцияларына дейін жүргізіледі, сондықтан да, ол қаржы тәртібінің бұзылуын ескеруде маңызды рөл атқарады. Бұл арада, қаржылық қызметтің жүзеге асуының негізгі болатын құжаттар тексеріледі-бюджеттік жоба,қаржылық жоспар,кредиттік және кассалық мәлімдеме және т.б
Ағымдағы қаржылық бақылау-бұл ақша операциясы процесінде болатын бақылау(мемлекет алдындағы қаржылық борыштардың орындалуы,әкімшілік-шаруашылық шығындарға инвестициялауға ақша қаражаттарының алынуы мен пайдалануы және т.б.
Келешекті қаржылық бақылау-қаржылық операция біткен уақытта жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |