Тарау Қаржылық бақылаудың мәні,пәні және формалары Қаржылық бақылаудың мәні,мазмұны мен пәні



бет7/49
Дата26.01.2022
өлшемі348,5 Kb.
#114818
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49
Байланысты:
Тобылов . Т., Даулетбаев Б. Т. Аржылы ба ылау ж не аудит

2.3 ҚР Үкіметінің бақылау органдары

Бақылау аймағында барлық мүмкіншіліктерді ҚР Үкіметі атқарады. Ол атқарушы органдардың жүйесін басқару министрлікке, атқарушы органдардың әкімшілік - территориялық бірлігіне байланысты сұрақтарды шешу, Президент қабылдаған заң, заңдық актілер және өзінің бұйрықтарын орындалуын басқарады. Үкімет республиканы дамыту жоспарын жасау және қарау барысында алдын ала бақылау жасайды, экономика, инвестицияның дұрыс бағытталуы және даму бағдарламасын құрады. Осы қызметтерді атқарғаннан кейін Үкімет қаржылық мақсаттың көлемі, мерзімі, жасаушылары бойынша ағымдағы бақылау жасайды.

Басқарушы органдар (маслихат, депутат жиналысы) бюджеттің және есептің жасалуын қарастыруында қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Бақылау екі түрде атқарылады: алдын ала және келесі. Ағымдағы бақылау олардың жасау кезінде жалпы болып табылмайды. Бақылаудың ең басты әдісі тексеріс болып табылады. Бақылаудың объектісі жергілікті қаржылдық қоры болып табылады.

Жалпы мемлекеттік тбақылауды атқарушы органдарға Қаржылық Министрлік, ҚР Халық банкі кіреді.

Қаржылық Министрлік, мемлекеттің кіріс Министрлігі, жергілікті қаржылық және салық органдары әлеуметтік – экономикасының қаржы облысың барлық түрінде тексеріс жүргізеді.

Қаржылық Министрлік қаржылық бақылау Комитетін басқарып, ол мемлекеттің қаржылық құралдарын қолдануын бақылайды. Басқару комитеті министрлікке, басқа басқару органдарына, заң тыныштығын қорғау, мемлекеттің өндіріс кәсіпорындарына, құрылысқа, ғылымға, денсаулық сақтауға, халықтың әлеуметтік қорғанысы, мәдениет және ақпарат тарату құралдарына тексеріс жасайды.

Мемлекеттік бақылау өзінің өкілеттіктердің байланысты Қазыналық комитет құрайды. ҚР қаржылық Министрлігінің Қазынасында қарастырылған, Қазыналық органның ең басты мақсаты республикалық бюджеттің кассалық құрылуын бақылау жүзеге асыру және құру.

2001 жылдың басында жаңа заң сақтаушы жүйесі – қаржылық полиция құрылды, ол өзінің құрылымына орталық атқарушы органы қаржылық полиция Агенттігін қосады, олар ҚР Үкіметі және облыстағы, Алматы және Астана қаласының құрамына кірмейді. Қаржылық полиция органдары қаржылық операцияға байланысты қылмысты және заңбұзушылықты табу, зерттеу қызметін атқарады: жұмсау, мемлекеттік құралдарын ұрлау, бюджеттік ресурстардың дұрыс қолданбауын, салық төлемеушілікті, қаржылық құралдарын заңдастыру бюджетке кедендік жинақтар және басқа да міндетті төлемдер және т.б.

Қаржылық және салық органдары өз басты жұмыстарын атқаруына бақылау жасайды мемлекеттің кірістері мен шығындарын басқару. Қаржылық Министрлігіне және оның органдарына республика мен жергілікті органдарының бюджеттік құқық туралы заңның қарастырылуын бақылау. Бұл органдар бюджеттік ұйымдардың қаржылық қатынастарына бақылау мен тексеріс жүргізеді.

Қаржылық органдардың бақылауы ағымдағы және келешектегі бақылау түрімен жүзеге асырады. Бақылаудың ең басты әдісі ретінде есептік тексеріс болып табылады. Бөлімше басқармасының мамандары өз құрамына тексеріс бригадасын қосады.

Қаржылдық басқару органының ретінде білім беру дұрыстығы және орталықтандырылмаған қаржылық құралдар қорын қолдану сұрақтарын қарастырылады.

Шаруашылықтандыру субъектілерінің кірісін бақылауды ҚР мемлекеттік кіріс министрлігі және облыс, қала, райондағы жергілікті комитеті жүзеге асырады және салық органдары баға тәртібін бұзған үшін экономикалық санкцияларды қолдана алады. Айыппұлдар өте тез өседі және нарықтағы баға орнату механизмінің бірі болады. Айыппұлдан түскен пайда сол уақытта бюджетке түседі. Заңның ең қауіпті бұзушылығында материалдар іздестіруші органдарға беріледі.

Қоғамды бақылау органдарына әкімшіліктің жұмысын бақылау кәсіподақ ұйымы жатады, бұл бақылау кәсіпорындарға, ұйымдарға жүргізіледі. Қаржылық бақылау осы органдардың жұмысында ең жалпы болып табылмайды.

Әртүрлі қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, жастар қозғалыс ұйымы, мәдени орталықтары, техникалық, табиғат қорғау, спорттық, соғыс және еңбек ардагерлері, қайырымдылық қорларын қаржылық бақылау атқарады және аудиторлық фирмаларды өзіне тарта алады. Бақылау объектісі - бұл кірісті қабылдау тексерісі және бұйрық міндетіне сай келуін қарастыру.

Ақпарат тізімдік (ведомость) қаржылық бақылау республикасының министрлігі мен ақпартізімі, кәсіпорынға, ұйымға бағынышты жергілікті әкімшілік қатынастарын атқарады. Ақпартізімділік қаржылыық бақылау ағымдағы, алдын ала және келешектегі бақылау түрінде жүзеге асады. Бақылаудың ең басты әдісі қаржылық жоспарларды қарастыру және тексеру болып табылады. Бақылаудың объектісі ретінде орталықтандырылмаған қаржылық құралдар қоры жатады.

Ішкі шаруашылықтық бақылау шаруашылық бөлімше жүйесінің субъектісі. Басқарушылық функциялары қаржыландыру облысында басқарушылар, бухгалтерлер және қаржылық бөлімі атқарады. Сонымен қатар ең басты рөл бас бухгалтерге жатады. Ішкішаруашылық бақылау қаржылық бақылаудың барлық түрінде жүзеге асады. Оның ең басты міндеті тексеріс және ревизия (тексеру) болып табылады. Ішкішаруашылық бақылау коммерциялық жүйеде (акционерлік қоғамда, жеке кәсіпкерлікте және фирмаларда, биржада, банкте және т.б.) меншк иесі немесе басқарушы атқарады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет