10.3 Басқа да дебиторлық берешектің аудиті мен бақылауы
Басқа да дебиторллық борыш есептік соммалар, материалдық зиянды өтеу, кредитке сатылған тауарлар бойынша субъект алдында жұмысшылар мен басқа тұлғалардың міндеттерін кіргізеді.
Аудитор есеп беруге тиісті тұлғалармен есепайырысулар бойынша келісілерді анықтайды:
іссапарды жүзеге асыру үшін себеп (өндірістік қажеттілік), бұйрықтың, аванстанған және өндірістік есепайырысулардың бар болуы;
бухгалтерлік есептегі субъектінің шығындарында іссапарлық шығындар соммасын есептен шығару;
құжаттар мен есепте тауарлы-материалдық қорлардың көтере сатып алуының дұрыстығы;
есеп айырысулар мерзімін ұстау мен қолданылмаған есеп беруге тиісті соммаларды қайтару;
баланс бойынша қалдықтардың бухгалтерлік есеп регистрлерінің мәліметтеріне сай болуы;
Қызметкерлік іссапармен байланысты шығындар қызметкермен ҚР Үкіметімен бекітілген нормалар шегінде, немесе субъектінің басшыларының қарастырылған нормалар шегінде өтеледі. Іссапарлық шығындар есебіне келісілер енгізілуі тиіс: екі жақтың жол ақысы,тұрғын үйді жалға алу бойынша шығындар, тәуліктік, шаруашылық шығындар.
Екі жақтың жол ақысы қоғамдық транспортта жол жүру билеті бойынша төленеді, таксиді есепке алмағанда. Іссапарлық куәлікте іссапардың әрбір пунктіне келуі мен кетуі туралы жазылуы тиіс және олар жол жүру құжаттында берілген күндерге сай болуы тиіс.
Тұрғын үйді жалға алу шығындары қонақ үй шоты бойынша өтеледі, егер олар болмаса, онда тәуліктіктің 50 пайыз шегінде.
Сонымен қатар байланысқа кеткен шығындар өтеледі, егер олар өндірістік сұрақтармен байланысты болса, экономикалық әдебиеттерді сатумен байланысты болса.
Атап кеткен шығындар барлық құжаттармен есеп беруге тиісті тұлғаның аванстық есепте тіркелуі тиіс, және олар іссапарды жүзеге асырудан кейін 3 жұмыс күн ішінде бухгалтерияға тапсырылуы тиіс.
Тауарлы-материалдық қорларды сату жеке кәсіпкердің реквизиттер, тауарлы-материалдық қорға төленген сомалар және бағасы, саны көрсетілетін сату актілерімен расталады.
Материалдық зиянды өтеуге байланысты дебиторлық берешек тауарлы-материалдық қорлардың жетіспеушілігін байқау кезінде пайда болады. Бұларды өндіріп алудың негізі болып субъект басшының немесе соттың шешімі табылады. Жетіспеген сома қосылған сомаға салынған салықты есепке алынған нарықтық баға бойынша өндіріп алынады.
Кредиттегі тауарлар субъект басшының шешімі бойынша субъектінің табысы болып табылатын белгілі–бір пайызды төлеумен сатылады. Аудитор бұл операциялардың құжаттық рәсімдеуінің дұрыстығын, есептегі төлемді бөліп-бөліп төлеумен тауарды өткізуден түскен табыстың көрсетілуінің дәлділігін тексереді.
Келешек кезең шығындары- есептік кезеңде жүзеге асырылатын шығындар, бірақ олар өндірістік шығындарға немесе келесі есептік кезеңдегі шығындарға кіргізіледі. Оларға бірнеше айларға, жылдарға төленген шығындар жатады (газетке,журналдар жазылу, сақтандыру жарналар,жалғжалгерлік төлемдер және т.б.)
Сомалары төленген кезеңдердің ұзақтығына байланысты ұзақ мерзімді (бір жылдан артық) және қысқа мерзімді (бір жылға дейін) келешек кезең шығындары болып бөлінеді.
Аудитор келесілерді тексереді: 1) келешек кезең шығындарын пайда болудың негізділігін және қажеттілігін, себебі бұл мақсатта субъектінің айналымнан қолма-қол ақшаны аударылуы жүзеге асырылады; 2) бұл шығындардың күнтізбелік күннің келуі бойынша кезең шығындарына жатқызылуының немесе сәйкес табыстың алып тастаудың дұрыстығын. Сонымен аудитор аталған баланс бабының дәлділігін бекітеді және субъектінің табысын жасыруын ескертеді.
Достарыңызбен бөлісу: |