Тарау. ҚАзақ халқының АҚИЫҚ АҚыны олжас


І.З.Алаштың айдарлы ұлы - Олжас Сүлейменовтың қазақ халқының өркениетті болашағы үшін күресі



бет2/4
Дата15.09.2017
өлшемі0,9 Mb.
#32315
1   2   3   4

І.З.Алаштың айдарлы ұлы - Олжас Сүлейменовтың қазақ халқының өркениетті болашағы үшін күресі

«...Абылай атамыз айтқандай, басыма бұлт төнген қиын-қыстау күндерде қанаты қайырылған қартты қанаттандырған бір Азамат болды. Ол - Олжас Сүлейменов! Кім қалай қабылдайды, ол жағын білмеймін, бірақ кешегі бірінші хатшының намысын жыртысты демеймін, қашанды ақиқатты, шындықты жаны сүйетін, адалдықты жырлайтын ақын әділ сөзін айтты. Ол үстіндегі жібек шапанын шешіп берді демеймін, ар алдындағы Азаматтық сөзін айтты деп білем. Бәлкім, бір кездері «Аз и Я» пышаққа түсіп, Олжас қуғын-сүргінге ұшыраған тұстағы менің аз-кем шапағатымның есесін қайтару емес, солай деп ойлаған болса, ондай жымысқы ойдың жетегіне ілескен кейбір ағайынның адасқаны. Мен «Аз и Я» -ның авторын емес, таң маңдайлы қазақтың бағына құдай берген табиғи талантқа қорған болуға ұмтылдым. Ол үшін өкінбеймін. Бірдің емес, бүкіл елдің сөзін сөйлер артық туған ақындары бар елден бақытты ел жоқ...» /14/, - деп «Ақиқаттан аттауға болмайды» атты еңбегінде Дінмұхамед Қонаев қазақ ақыны туралы пікірін айтты. Бұл ұлы сөздер -ақиқат.



Олжас - ең алдымен ақын. Ақын болып туған ақын болып өтпек. Жер астынан жік шыққандай «дүниені дүр сілкіндірген» сексен алтыдағы желтоқсанның жаңғырығы одақтың да, Олжастың да шаңырағын шайқаудай-ақ шайқап көрді. Демдерін іштен тартып, енді қалай болар екенсің, бәлемді іштей қайталап, әліптің артын асығып күткендер аз болған жоқ. Сол жылдың дәл соңғы күні соңына нөкерлерін ертіп Мәскеудің өкілі - жарты патша Колбин жазушылармен алғаш кездесуге келгенде, аузынан ақ жалын атып тұрған-ды.

Қолайлы сәтті орайлы пайдаланып қалуға асыққан ағаларымыздың мінбеге тап-тап ұмтылған тұрпаттары да көз алдымда әлі. Тек Қазақстанға қаһарын төгіп келген қара диюдың сол жолда мысын басып, меселін қайтарған Жұбан мен Сафуан ағаларымыз өрттің алдын орамағанда, шалқып кетер шарпуы талайды мерт қылары кәдік еді. Міне, ақын болудың, оған қоса әкім болудың азап-мехнатын бастан өткере жүріп, шенге шектеліп шашыратып тұратын таңғажайып ғаламаты таңдандырады бізді /15/.

Ақын боп өмір кешіру -Оңай деймісің, қарағым? Ұшында тұру ол өзі Ұшыққан әрбір жараның...

Әр ақынға айтыла бермейтін теңеу. Талайдың тағдырына араласа жүріп, басын бәйгеге тіккен ақынның азаматтығын көзсіз ерлікке баламасқа дәтің жоқ.

Сексен алтыдағы желтоқсан дүрбелеңіне үш ай өтпей Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің сегізінші Пленумында күні кеше тәңіріндей табынған Қонаевқа көбінің сәлемдесуге дәті жетпей тайғақтаған кезде асыл ағаны қолдап, қорғап мінбеге көтерілу Олжас ағамыздың Дон Кихотқа тән қылық. «Аз и Я» -ның тұсында сондай ерлікке қазақтың «қара баласы үшін Димекең бас тіксе, бүгінгі Олжас қимылы дәл соның ғажайып жаңғырығы іспетті. Бұл дүниедегі жасаған жақсылық-жамандығының ол дүниеге кетпейтінінің керемет кепілі де осы. Ол Димекеңнің «Ақиқаттан аттауға болмайды» кітабының 398-400 беттерін оқып та көз жеткізуге болардай ақиқат іздері. /16/.



Қылышынан қан тамып тұрған кешегі Кеңес кезіндегі «үш әріптің» айбарынан ықпай «Қазақстанның жері - ядролық қойма емес!» - деп дабыл көтеріп дауыстап айта алу дәл сол тұста Олжасты орысшыл, өзін қазақшыл көрсеткісі келіп жүрген қайраткерлеріміздің ойына келсе де, қайсының тіліне орала алды екен?! Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды әулие ұлыларымыздың жер - бесігін қырық жыл шайқап, ұрпақтарын есеңгіреткен аждаһаның үнін өшірем деп қол жинаған жүрек жұтқандық аңызда айтылар баһадүрлікпен ұласады. Тіршілігімізде күә болған жаңа тарих беттерін аша берсең, уақыт алыстаған сайын айқындалып, айшықталып еңсе көтеретіндей алтын әріптермен әдіптелердей жырға бергісіз сырлар, сырға бергісіз жырлар жетіп артардай екен. Себеп-салдары өздерінің ар-ұяттарына. Қазақстан партиясының қатардағы да емес, екі бірдей басшы қайраткері Камалиденов пен Мендібаевтың жарық күнде Олжас ағамыздың соңынан шам алып түсуі де шежіре-тарихтың қаралы беттері. Олжас Сүлейменов өз өмірінің қилы беттерін есіне түсіре отырып, жазады /17/:

Тағдырын бөгеп,

Өте алмай сайдан, жырадан

Менен де бұрын ақындар талай жылаған

Ақын да өзін бақыттымын деп сезінген

Бақытты болса бір адам.

Бақытты қыл деп тәңірден талай сұраған,

Бәрі дос мынау дүниенің

Жауы жоқ бір де сірә оған.

Ақын да өзін бақытсыз жандай сезінген

Бақытсыз болса бір адам.



Жарық дүние, жазира дала - жан құты Қызықтыра алмас әлемнің жауһар - жаһұты Жер бетіндегі адамның соры - соры оның, Бақытты болса, Ақынның ол да Бақыты!

Елінің, жерінің қуанышына қуанып, қайғы-қасіретіне жанын ауыртып, отқа-суға көзсіз көбелектей қойып кететін ақын Олжастың ерлігі қалың қазақ жұртының қуанышы, қазақ жұртының бақыты! Көптеген жүректерге жол тауып, әсіресе, жас буынның кумиріне айналған тұлға қалың қауымды соңынан ерте алды. Бұған бұқараның көкейіндегі түйткілді тап басып көтере алғандығы басты себеп.

Келесі кезекте Халық Конгресі партиясын құрып, мүдделес жазушы, қайраткер, саясаткерлерді топтастырды, «Ұрыста - тұрыс жоқ». Партия өмірі қыза түсіп, газеті де шыға бастады. Азаматтық ұстанымына өте берік, қоғамдық пікірге аса ықпалды ақынның үлкен саясаттағы және бір қадамы осылай қарқынды басталды. Үлкен кемеге үлкен мұхит қажет.

Тегеуріні мықты ақын басқарған партия ақыры оппозициядан бір-ақ шықты. Олжас Омарұлы «Президентке конструктивтік оппозицияға шығамыз» деп мәлімдеп жіберді. Қазақстанда «орыс мәселесі» деп өзеуреп, даурығатындай жоғарыда айтқан шиыршық атып шиеленіскен жайт жоқ екен. Оған мына бір ғана дерек дәлел: ақын мазасызданған кезеңде, нақтырақ айтқанда тоқсаныншы жылдардың орта шенінде елімізден кетушілердің үлесі мынадай болды: қазақтар - 37,3 және 32,6 пайыз, орыстар - 28,4 және 35,2 пайыз, немістер - 5,2 және 5,5 пайыз, татарлар -1,8 және 1,9 пайыз /18/. Яғни орыстардан қалмай қазақтар да кете бастаған кезең болды. Мұны мамандар саяси да, басқалай да емес, экономикалық қиындықтарға орай орын алды деп бағалаған. Сондағы Олжекеңнің қателесуі үміт артқан халқының көкейінде ғана қалдырды. Осыдан кейін Олжас Омарұлының үлкен саясаттағы оппозициялық саяси қадамы аңғарыла қоймады. Өзінің сенім артқан қайбір серіктері қаржы жайына орай істі болды. Содан бастапқы қарқын бәсеңсіп, партияның үн парағы да, жалауы да жығылып кетті.



Сонымен қатар Олжас Сүлейменов Қазақстанның Италиядағы өкілетті елшісі болып қызмет атқарды. Олжекең бүгінде Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі.

Бүгіндері алпыс екі тамырында түркілік қаны бар алты алаштың барша азаматы асқақ сезім құшағында жүр. Қазақ Елінің Тәуелсіздігінің 10 жылдығына дайындық белең алған ару мамырдың ақжолтай күнінде әлемді аузына қаратқан айбарлы бабаларымыздан қалған ұлы мұра ұлан дала төсіндегі Астанаға жетіп, жүрекжарды қуанышқа кенелтті. «Ешкім сызып тастай алмайтын, ешкім жоққа шығара алмайтын», - деп ақиық Олжас айтқандай, бүкіл түркі әлемінің рухын асқақтатқан киелі Күлтегін ескерткіші түркі әлемінің қасиетті даласының кіндігіндегі арайлы Астанаға қоныс тепті.



Осы бір тарихи айтулы оқиғаға орай Елордадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінде өткізілген "Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштер" атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның мінберінен қасиетті бабалардың осыдан он үш ғасыр бұрын тасқа қашап қалдырған ұлағаты заманымыздың заңғар ойшылы, қазақтың ақиық ақыны Олжас Сүлейменовтың қуатты үнімен /19/:

Әкеміз, ағамыз құраған халықтың Аты, даңқы өшпесін деп,

Түркі халқы үшін

Түн ұйықтамадым,

Күндіз отырмадым,

Інім Күлтегінмен бірге,

Екі шадпен бірге

Өліп-тіріліп жерді ұлғайттым,-деп бүгінгі ұрпаққа жеткенде, тебіренбеген ет жүрек қалмағаны хақ.

Ұрпаққа ұлағат болар бабалар мұрасын елімізге әкелінуіне Президентіміз Н.Назарбаевтың барынша қамқорлық жасауы, Президент тапсырмасын жүзеге асыруда премьер-министрі Иманғали тасмағанбетовтың қажырлы еңбегі ел жүрегін елжіретіп, халықтың шексіз ілтипатына ие болғаны даусыз. Бабалар жәдігеріне жанашырлықтары үшін билік басындағы азаматтарға ел алғысы шексіз.

Ал енді осы бүкіл түркі әлемінің ұлылығын асқақтатқан көне мұраның Елордаға әкелінген күніннің халқымыздың біртуар ұлы Олжас Сүлейменовтың 65 жсақа толған туған күнімен тұспа-тұс келуінде де бір айырықша сабақтастық бар еді.

«Халқымыздың табанына кірген шегір менің маңдайыма қадалсын» дейтін асқақ ақынымыз, елінің де, жерінің де мұң-мұқтажын мүдддесін анық та ашық айта алатын біртуар тұлғалы айбарымыз –Олжас Омарұлы Сүлейменов.


ІІ ТАРАУ. ОЛЖАС ОМАРҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ - ТАРИХИ ДЕРЕК КӨЗІ

2.1.ІІІовинизм мұзды мұхитын бұзған - «АЗ и Я»

Олжас Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабы 1975 жылы дүниеге келді. «Аз и Я» кітабы ежелгі түріктер мен славяндардың тығыз байланысын, Еуразия кеңістігінде Ресей мен Қазақстан интеграциясының қажеттігін көрсететін тарихи еңбек болып саналады.

Ол Москвадан шалғайда, Қазақстанда жарық көрсе де, астанада тез тарады. Ақырында ол өте зиянды дүние болып, шықты. Кесепатты кітап! - деген ауыр сөздер айтылып жүрді. Арада он бес жыл өтті. Кенеттен үлкен жаңалық: «Аз и Я» қайтадан жарық көрді. Бұл жолы да Қазақстанда. Олжас Сүлейменов еске ала отырып, былай деді: - «Бұл -Әдебиет институтында, 60-жылы болған-ды. Профессор В.М.Сидельников курс жұмысы ретінде маған «Игорь полкы туралы жырдағы» түркизмдер» тақырыбын ұсынды /21/.

Профессор бір кездері Мұхтар Әуезов дайындаған «Қазақ ертегілері» кітабының редакторы болған. Ол 50-ші жылдары Мемлекеттік әдеби баспадан шыққан. Олардың бастан кешкендері де қым-қуат тарих. Осы кітап үшін Әуезовті қатты сынға алып, Сидельников екеуі бұл жинаққа халыққа жат ертегілерді әдейі таңдап енгізді деп кінәлап, ұлтшыл ретінде айыптаған».

«Әуезов республикада онсыз да қуғын көріп жүрген еді, шынын айтқанда, Москваға қашып кетуге мәжбүр болған. Сол жерде, МГУ-де ол Сидельниковпен танысқан көрінеді. Өз басым профессордың бізге, қазақ студенттеріне «Абайдың» авторымен қарым-қатынас тәжірибесін үйретуінен терең сыр көремін. Иә, сөйтіп мен «Жыр...» туралы мақалалар мен кітаптардың телегей теңізіне күмп беріп, шыға алмай қалдым. Бәлкім қарапайым курс жұмысына бола соншама көп оқудың қажеті жоқ шығар, бірақ мен бастаған іске бойлап кіре бердім. Еліккенім сонша, курс жұмысын да жазғаным жоқ, сынақ та тапсырмадым. Дұрысы, «курс жұмысын» кітап жарық көргенше жаздым десе де болғандай» /22/, - деп Олжас Сүлейменов еске алады.

«Аз и Я» кітабының дүниеге келердегі тарихындағы жазушының естеліктерінен үзінді келтірейік: «Бұл - таңғажайып мағлүматтардың көз жеткізгісіз қабатына жолыққан, білімге құлай берілген жанның шаттығы, базары еді. Мен орыс жылнамалары мен жауынгерлік шежірелерінің қойнауына сүңгідім, және «Жырдан...» түркі сөздерін бар деп жүргеннен әлдеқайда көп ұшыраттым. Сөз мәдениетіндегі түркі-славяндық, славян-түркілік этникалық байланыстардың осы ескерткіште көненің рухы, евразия атмосферасы қалай айшықталғанын анық сездім мен. «Жырдың...» бір ғана тіл білетін ғалымдардың назарына ілікпей кеткен қырлары қос тілді меңгерген жазушы ретінде маған айқындала түсті. Міне, осындай тын мағлұматтар шығармашылық өзегіне айналды».

Жазушы орыс жылнамаларынан - түркі жазбаларына, скандинав сына жазбаларынан - сібір мен монғол жазбаларына бет бұрып отырды. Түркі жазуы кең дүниеге таралған болатын.

Осы кітапта жазушы былай деп жазады: «Түркі халықтары таралған қазіргі мекендерде көне ескерткіштер неліктен мардымсыз? Бұл жерлерге жаңа, мұсылман мәдениеті келді және ол пұтқа табынушылыққа қарсы күресте сына жазбаларын түгелдей дерлік жойып жіберді. Сондықтан да мұндай ескерткіштер мұсылман діні жете алмаған жерлерге - Алтайда, Сібірде, Монғолияда ғана сақталған».

Монғолияда Білге мен Күлтегінге қойылған ескерткіштің жанында тұрып, кеңес уақытындағы жапа-жалғыз кәсіпқой түрколог-полиограф Сергей Маловтың атласы бойынша текстпен жазушы таныс еді. Ол: «Қараңызшы, Күлтегін қағанның уәзірі жазған тексттің түпнұсқасын көріп тұрмын. Түпнұсқаның құнын мен жақсы білемін, өйткені, көне -ХІҮ, XII, IX ғасырлардағы орыс жазбаларының түпнұсқалары сақталмаған ғой. Барлығы дерлік не өртеніп кеткен, не болмаса жаңа діни текстер жазу үшін пергаменттерден өшіріп тасталған. Кітабымда мен шіркеудің ежелгі орыс әдебиетіне Батый салған өрттерден тіттей де кем емес залал келтіргеніне дейін жаздым. Бәлкім, тым әсіре теңеу де болар, дегенмен нақты шындық осындай. Сол бір кезеңнің тыныс-лебін сақтап, бекзадалық тексттерді көшіріп жазуда қағазды аямаған монахтардың алдында бас июміз керек» /23/, - деді.

Монғол ескерткіштері жөнінде жазушы мынадай мағлұматтар келтіреді: «Оның биіктігі - үш метр. Бүкіл беті ҮІІІ ғасырда, дәлірек айтсам - 728 жылы өте жоғары стилистикамен шекілген. Текст мазмұны сол кезде-ақ тайпалық, рулық санадан жоғары, мемлекеттік ұғымға толы. Ол былай деп басталады: «Түндерде көз ілгем жоқ, күндіз тізе бүкпедім, қара терім тамшылап, қызыл қаным төгіліп, мен түркі халқының бірлігі үшін жұмыс жасадым». Міне, уәзір осыны жазған. Арадағы он екі ғасыр лексика түк өзгеріске түспеген, кез-келген түркі тілдес оқырман түсінетін тұрақты тіркестер қазіргі тілдерде де қаз-қалпында сақталған. Бұл мен үшін сөздің тіпті, өзі бедерленген граниттен де әлде қайда мықты материал екендігіне тағы бір дәлел болды.

Мәселе мынада, ескерткіштің өң бойында ұшып түскен сынықтар, шұңғыл тесіктер көзге ұрады. Ненің іздері екенін сұрастырдым. Сөйтсем, жақын маңға біздің әскери бөліміміз ірге теуіпті. Несі бар, айнала мидай дала, нысана жоқ, міне, сондықтан автоматтан оқ жаудырып жаттығады екен».

Олжас Сүлейменов сол уақытта Монғол Мәдениет министрлігіне жүгіріп, біздің елімізде дәл көшірмесін жасатуды, оны әкеліп дәл осы орынға орнатуды, ал түпнұсқаны монғол музейіне тығып қоюды ұсынды. Амал жоқ, өзара түсінісе алмады-да. Ол елге қайтып оралысымен бірден ескерткіштерді қорғау қоғамымен байланыс жасаған-ды. «Қаржы да бар, бірақ әлдеқандай себептер тағы да кесе-көлденең тұрды. Дәл осындай жәйт Қазақстан Ғылым академиясында да қайталанды. Тек АҚШ-та өткен түркологтардың конгрессінде ғана менің үндеуім қолдау тапқандай болды. ЮНЕСКО-ның қарауындағы бір топ ғалымдар Монғолияға аттанды, қазір үкіметпен келіссөз жүргізіліп жатыр», - деп жазушы мәлімдеді.

Олжас Сүлейменов жазады: «Ежелгі орыс жазбаларын қызыға зерттеп жүріп, кириллица тарихына, орыс жазуының тарихына тірелдім. «Жыр...» өзім білмес жайттар теңізінде дөңгеленген толқындарды туғызған тастың түсуі секілді болды. Дүниетанымды кеңейтті. Өлеңдер туды. Өзге мәдениет, цивилизация, этностарды білу арқылы мен өзіме қарай келе жаттым» /24/.

«Аз и Я» кітабы жарыққа шыққан соң жазушы күзде хаттар ала бастаған болатын. Алғашқы хаттар Симоновтан, Межелайтистен келген еді. Бұлар атақты жазушыны шабыттандыратын хаттар еді. Симонов болашақ айқас жөнінде ескертіп, колдау көрсетуге уәде берген екен-ді.

Жазушы еске түсіре отырып, жазды: «Жалпы хаттар көп еді, қап-қап десе де болғандай. Тіпті оларды жариялағым келгені де бар, өйткені сол кездің өзінде-ақ адамдардың бойында қаншама ұлттық жәбір-жапаның, жұмсалар көзін таппаған қуаттың жинақталғанын байқаған едім. Бір кезде «Жырдың...» өзі тудырған әңгіме сияқты менің кітабым да ешкімді бей-жай қалдырмағанын сездім. Бірақ көптеген адам мұны басқаның бақшасына тас лақтыру деп қарады...».

Алғаш рет кітапты айыптаған рецензия 1975 жылдың желтоқсанында «Молодая гвардия» журналында жарыққа шыққан. Олжас Сүлейменов бұл сәттер жөнінде жазады: «Москвада, Орталық Комитетте, былайша айтқанда, менімен «ибалы» әңгіме өткізді. Орталық Комитеттің қайраткері: «Мен қазақ халқын білемін. Момын адамдар ғой, ылғи да момын болған. Сен неге ондай емессің?» - деді. «Халық» сөзін бір ғана теңеумен анықтауға болмайды деймін. Бұл маркстік көзқарас емес. Егер момын халық болса, онда момын емес те халық болғаны, жақсы болса, ендеше жаман халық та болғаны ғой. Құр момындық - шектеліп қалу. Мен тұрмыста момын болуға келісемін, ал сезімі мен білімін жеткізуде жазышуға тұйықталып қалуға болмайды деп санаймын, - деп Олжас аға батыл жауап қайтарды.

Әңгіме жалғасын тапты. СОКП Орталық Комитетінде талқыламақ болып шешілді. Талқылауды Москвадағы Ғылым академиясының үйінде өткізу ұйғарылды. Ол 1976 жылдың 13 ақпанында, түскі үзіліссіз таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін созылды. Тізім бойынша 46 кісі сөз алған-ды: академиктер, корреспондент-мүшелер. Академик Б.А.Рыбаков алғашқы сөзді сөйледі: «Алматыда орыс халқына ең қарсы қітап жарық көрді!» Былайша айтсақ, жол салып берген болатын ...». Көп ұзамай, ақыры Қазақстан Компартиясының бюросы болып өтті. Ол лайықты қаулы қабылдап, кітабымды кітапханалардан, сауда орындарынан алып тастады. Қазақстан бойынша цензураның жүгенсіздігі басталды. Көптеген кітаптар құртылды, мәселен, солардың арасында «Көшпелілер эстетикасы», біздің жас философтардың жинағының барлық тиражы пышақка ілікті».

Міне, тағдыр ақын пешенесіне тарих тереңіне сүңгуді, соққы да жеп, бірақ аман қалуды жазыпты. Олжас Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабындағы үндеуі мынадай еді: «Мүмкін ондаған жас оқырмандарымның арасынан: жаңа формацияның адамдары, христиан, мұсылман, будда ілімдерінің көзсіз нанымынан таза, ұлттық және нәсілдік философияның қағидаларынан ада, болашақ гуманитарлық, бірақ дәл ғылымдарды жасаушылар табылып қалар. Сонда ғана сөз сәт сайын өзгеріп отырар тарихи түсініктің себебі де, салдары да болмайды, ол тек - Сөз, ең объективті бастау ғана болып қалады» /25/.

Мұрат Әуезов, мәдениеттанушы: «Мәңгіліктің ырғағына іліккен -Сөзбен» автордан: Бұл мақала 1976 жылы «Аз и Я» кітабын қудалаған уақытта жазылған. Мақаланың мазмұны мен интонациясы кітапты қорғау мақсатына бағынған. Мұны қазақша да, орысша да басуға ешқандай мүмкіндік болмады. Қазір, жиырма жыл өтіп кетсе де, мақаланың барлық сөзімен келісемін. (үзінді)

Олжас Сүлейменовтің жаңа кітабы соңғы уақ төл әдебиетіміз жиі жете бермеген көкжиектен көрініп, таңсық мәжбүр етеді. Алдымызда теңдесі жоқ шығарма. О.Сүлйменов бізге өзінің интеллект биігімен, көркем және ғылыми ойлау мәдениетінің құнарлығымен, өзгеден адамгершілік көзқарастарының оқ бойы озықтығымен танылады. «Тарихи-филологиялық ғылымдардағы топастық аяқ асты ету облысына» қарсы тұрған әділдікті жақтау мен ірі мінезділігі, мүлдем келіспеушілігі оның этикалық позициясын анықтайды. О.Сүлейменовтің поэтикалық сөздің ырғағы мен жүрек соғысын ұстай алатын бәрі мойындаған ғажап қабілеті кітапта жақсы ашылған.

Кітап жанры таптаурын дәстүрдің ешбіреуіне сыймайды. Логикалық дамытуы мен ғылыми дәйектілігі көптеген академиялық еңбектерге үлгі боларлық, ой-өрісінің кеңдігі, білімділігі, кәсіптік білгірлігі де бізге соны айтады.

«Неге екені белгісіз, осылай қалыптасқан: поэзия - ақылдылау. Ақымақтың өлеңі мақалаға айналмайтынын ұмыттық» /26/, - деп ой түйеді О.Сүлейменов бір монологында. «Ғалым» мен «ақынның» мағынасы тақауда ғана екіге жарылғанын да ұмыттық. Екеуі бір-ақ сөзбен анықталған: Европада - әртіс, Орта Азияда - чаляби деп аталған. Омар Хайям көлемді математикалық трактаттар жазды, содан шығар, қартайған шағында төрт жолды рубайлар оған ауыр болған жоқ - шағын және барлығына ортақ өлеңдер, формулалар сияқты. Әл-Фараби -поэзия, философия және математиканың тоғысқан арнасы. Олар кім болды - ақындар ма, ғалымдар ма? Чаляби».



Бірақ ол (О.Сүлейменов) - ғалам символдарын оқып-танудағы жай ғана чаляби емес, ғажап аспап. Оның кітабын оқу жеңіл, түсіну -қиын емес... Кітапты оқи отырып, жер асты дүмпүін сезесің, аяғыңның астындағы топырақ теңселеді, тектоникалық қозғалыстар, жаңа таулардың түзілуін аңғарасың... Інжілдегі «әуелі Сөз болды» ақиқатын Сүлейменов метафорлық әсерден тазартады. Ол адам сөзінің жарқыраған кристалдық күйіне қозғалыстағы күшті қайтарады, жердің осы тұзын, поэтикалық көрегендік пен ақыл-ой ашқан жаңалық тудырған ағарудың арқасында.

Кітап мазмұнын түгел айтып беру - таудан құлаған өзенді аквариумға сидыруға тырысқанымыз болар. Мұнда О.Сүлейменов сегіз қырымен көрінеді және оның барлық қасиеттерін жеке қарау бірнеше ұя болуын талап етер еді: біреуінде - славянист, тюрколог, шумеролог; екіншісінде - тарихшы, лингвист, әдебиеттанушы, философ; үшіншісінде - этнограф, палеограф, жазбалардың білгірі; төртіншісінде - ақын, драматург, публицист, айрықша графада -азамат, қоғам қайраткері т.с.с. Осы қасиеттердің барлығын бір адамның бойынан табу - келешек пен өткен шақтың кейіпкерлерін бір тұлғаның бойынан көру, қайта өрлеудің тарихи ситуациялары әмбебап сана бейнесінің есіне қайта орг лады.

... Факт тірлік кешкен тарихи космосты тұтас түгел білу шарт екенін Сүлейменов жиі еске салады. Өйткені, бұның «Олжас Сүлейменов» феноменінде түсінудегі методологиялық маңызы бар.

...Кітаптың үлкен биографияға ие болатыны көрініп тұр. Ұрпақтар жанында ежелгі ұлы әдеби шығармалар әлі талай ғасыр сақталып қалатындығынан емес - Шумер эпосы, көне түркі қағанатының поэзиясы, «Игорь полкі туралы жыр», мұның бәрін зерттеу мен жаңаша оқуда Сүлейменов түзетулерімен санаспайтын жан болмайды. Әлі өздерін таныту үшін ұлттық мәдениеттер күресетін болар, бірыңғай адамзат тарихының көлемінде әлем халықтарының туысқандығын қайта дәлелдеу мәселесі де қалатын болар. Өздерінің бар екендігін көрсететін сыңар езу тарих «ғылымының» баскесерлері жойылмайынша, халықтар жүріп өткен жолды қарастырғанда оны шовинизм мен ұлтшылдық өзегіне айналдыру күйремейінше, «Аз и Я» кітабы, атының өзінде әлем мәдениетінің бірыңғайлығы көзге ұрып тұрған кітабы, жалған патриотизм мен жалған ғылымға қарсы күресуге шақыратын майдан тұрбасының белгісі ретінде тазалықтың ұлгісі бола бермек», - деп пікірін айтты.

«Бекер мақтап та, босқа даттап та айта алмаймын», - дей отырып, Бақытжан Момышұлы өз пікірін білдірді: «Құрметке лайық адам қадірлі сөзді күтеді. Түбі жоқ терең шығармашылық артынан қайнары таусылмас бұлақ қалады. Рухани биікке ұмтылған ғаламдық жаратылыспен иықтас болса да мәртебелі, әрі пенделігінен бас тартпаған Олжас Омарұлы көңілдің шынайылығын талап етеді.

Жас ақындар үшін қиын уақытта түстастары оның соңы леп пен таза күй беретін поэзиясынан бас алмады. Абсолюттың тұңғиығынан жарып шыққан жарық сәулеге теңеді, адамгершілік идеяларын таратушы сәулеге теңеді. Әрбір жас буын Олжас Сүлейменовтың еңбегінен өзіне жасалған шыңдалу бағдарламасын тапқандай болды, ақынды Ұстазы ретінде таныды. Көбіміз оны зауалдан құтқарушы құбылыс деп қабылдағанбыз, содан ба, оның шақыруын күттік, ол бізге рухани сораптың бағыты мен тазарудың тиімді жолдарын көрсетуі керек еді /27/.

Жарық та ауырғанды сезеді екен. Салқын тиіп, қапас түнге ұшырасқан сәуле жолай сынып, рухани сораптың сыртына шығып кетті. Бірнеше бұрылыс жасап, ұстамдылығынан айырылды да болмыстың тысқы шығанақтарына арқасымен тіреліп, жарық оз қозғалысының ақиқатқа апарар сілтемесінен адасып қалды, күнделікті тірліктің күйбеңін айналсоқтады, канцелярлық өрмекшінін торында тулады, бар күшімен ауынан сытылып шығып кеткісі келді, бірақ оны бостандыққа жіберген жоқ. Саясатшылықтың улы қалың тұманында қалып, сәуле өлімсіреп қана жанды. Бәрі де ешқашан өзгермейтін және болмай қоймайтын әділетті. Карма деп аталатын себепті - салдарлық заңға бағынды; рух материяға айналды.

Сәуленің қарқынын қадағалап жүргендер айрылудың ащы дәмін татты. Жамағат кино істерінің министрі Олжас Сүлейменовті іздемеп еді. Халыққа Жазушылар одағының бірінші хатшысы Олжас Сүлейменов те керек емес еді, тіпті осы есімді депутат та, өкілетті елші де; жұртымызға көш бастар көсем қажет еді, адамзат қазынасына барып құйылатын ауқымы кең, мақсатын анықтар ұлттық ілімнің авторы іздестірілген еді.

Олжас Қазақстанда космостық көлемде тілдесе алатын бірден-бір адам еді. Тірліктегі пендешілік мұндай қуатты потенциалдық іске асуына кедергі жасады. Ол халықтың данышпан ұстазы бола алатын еді, осындай миссияны атқаруға оның барлық мүмкіндіктері бар еді. Бірақ ол заманымыздың ұлы ақыны болып қалды, ұлтымыздың тарихи зияны оған тиесілі орнын ұсынды. Оны астарында қатпарлы ойы жатқан дарынды өлеңдерді жазған ақын ретінде ұмытпайды, тіпті өзі қойған сұраққа өзі жауап қайтармаған шәйір ретінде де: «Мен қалаларымның қалай кирағанын білгім келеді?», «Жұрт неге жұлдыздарға ұмтылады?». Халықты соңынан ерткен қоғам қайраткерін де ешкімнің ұмытуға хақысы жоқ, солай ядролық апатқа тосқауыл қойылды.

Қарапайым адам үшін Олжас атқарған қызмет - орта ғасырдағы қамал бұзғандай еңбек. Бірақ... «кімді рухани бай қылып жаратса, содан сұраным молырақ». Егер мен жазуымды тоқтатсам, адамзат та, әлемдік ақыл-ой да ештеңе жоғалтпас еді. Бірақ Олжас Сүлейменов қаламының сөйлемеуі - бізді шығынға ұшыратады: жоғалтқанымызды кім есептеп бере алады, латент стадиясындағы қалғып жатқан рухани энергиясының үндемеуінен ше?! Этимологиядағы ізденістер мәңгілік ақиқатты табатын талпыныстар емес. Лингвистер көп және толқыны үзілмес, ал бірақ екінші Олжас Сүлейменов қашан туады - әңгіме сонда. Біз қазір жауап бере аламыз, екінші Олжас жоқ, болмайды, топырақ рухани қазынасы мол басқа адамды туғызар, оның өзі жүз немесе одан да көп жылдар өткен соң дүниеге келеді. Содан көз жазып қалмасақ болды! Үмітімізді ол да үзіп кетпесе игі еді!

Егер Олжас болмаса мін ағатын ешкім де болмас еді. Өз соқпағын өзі таңдап алған ұлы ақынды сынаудан аулақпын; өз кармасына сай келер өмір жолын қайдан салса да әркім өзі біледі. Бірақ алданған үмітім жайлы айтуға тиіспін, оған құқым бар. Солай болса да Олжас тәрізді тұлғамен танысқаным, туысқандай араласқаным, кездескенім үшін тағдырыма рахметімді айтпасам - қайыры жоқ адам болар едім.

Әртүрлі жағдайларда талай кездескен кештерім үшін, ғажап шаңырақтар астында өткен қызғылықты, жадыдан өшірілмес сұхбаттар үшін тағдырыма ризамын. Біз ұдайы бір арнадан шыға алмадық, бірақ екі түрлі көзқарас салқындық туғызбайды, өйткені, жанарға түспейтін рухани туысқандық жалғап жататын еді. Аға ретінде оған деген махаббатым зор, адам ретінде қадір тұтамын, адамзат ретінде бағалаймын және ұлы ақын ретінде бас иемін. Бірақ бәрібір оның өлеңдерімен көбірек достасыппын, олар мені далаға тастамайтын, қиындықта көмектесу үшін, қайғыда ортақтасу үшін, шашылып кетіп, құлап қалмас үшін, өмірде арқа сүйейтін арқау болу үшін жырлары екі шақыртпай, қасымнан табылатын.

Не істей аламыз, өзімізді жұбатамыз да: «Свершение надежд -конец эпохи, начало новой. А утратишь твердь, сиди в подвале, распахнувши дверь, и голубиной груди плавный очерк тебе добавит резкой веры в Очень и станет главным в перечне потерь», деп Олжас Омарұлының өзі сараптағандай. Тағы былай деп қосады: «задыхаясь от бега, умевший толпу поднимать смыслом слова. ... Ничего не сказал он». «Мен Даос патриархының өткен ғасырда айтқан сөзінің жаңғырық болып қайта оралғанын түсіндім: Сөйлеп жатқанның - айтатыны жоқ. Білетін адам - үндемейді».

«Ақын мен туған топырақ» атты мақаласында Морис Симашко Олжас ақын туралы былай деп жазады: «Тақырыптағы байланыс жайлы ой Олжастың өлеңдерін оқысам тіл ұшына оратылады. Сұңқар секілді көкте еркін қалықтаған бөзбала шағы да есімнен кетпейді. Тап сол кезде мен оған «жусан» деген повестімді арнаған едім. Оны жазуға түрткі болған да өзі, өзі онымен ауырып жүрді - ауырған орыстың ұлкен жазушысы Сергей Николаевич Марков еді. Тақырыбы - мәңгүрттік болатын. Тарихтағы қасіретті бұлай атаған ортақ досымыз Шыңғыс Айтматов еді. Жаратылыс сияқты көне, түркі мақала айтады: «Жат жерде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол». Ертедегі ұлы елді басқарған сұлтан Бейбарыс мамлюктердің қатаң тәрбиесі берген мәңгүрттікті жеңіп, қайғы шеккен өз отанына қайыршы болып оралады.

Осы тұста орысша жазатын қазақтың бір топ қаламгерлерін, әсіресе, ақындарын жақтағым келеді. Тағдыры солай болды, әрі олар әлем тарихында жалғыз емес. Көптеген үнді жазушылары ағылшынша жазады, алжирліктер мен тунистіктер французша қалам тербейді. Олардың қатарында - ұлы ақындар бар. Сондықтан нағыз ақынды, суретшіні қай тілде деген сүйіспеншілігі. Бұл міндетті түрде басқа тілде сомдалған шығармасында жусан сықылды аңқып тұрады. Осындай өзгеден озық сезімі жат тілді байытып, өз халқының ішкі жан дүниесін алақанға жайып береді. Нағыз ақын қай тілде жазса да - ұлттық ақын болып қалады. Графоман ана тілінде де графоман. Олжас құбылыс ретінде орыс поэзиясына бай қазына сыйлады. Солай бола тұра ол көк бөрі қазақ поэзиясының әлемін кеңітті. Қазақша өлең өрнектеген жас ақындардың одан үйренетіні көп. Бұл дегеніміз - Евразия идеясының іске асырылуы..

Леонид Мартынов, ақынды әділ бағалап, жазушы туралы пікірін айтты: «Олжас Сүлейменов - орысша жазатын қазақ ақыны, қазақ ақыны болып қалады да, үміті мен қасіретін орыстың үміті мен қасіретіне байланыстыра білген тәкәппар ғажап халықтың туған ұлы. Олжас Сүлейменов манағы байланыстарды қазіргі уақ тамаша айғақтаған құбылыс: тіршіліктегі де, географиядағы да, этикадағы да, эстетикадағы да».

Геннадий Толмачев, жазушы «Олжас туралы хикаят» кітабынан үзінді келтіріп, жазады: «Пыс?» тарауы. Бірде Мұхтар Мағауинмен бірге жиналыста отырдық. Олжас сөйлеп жатты. Зал тым-тырыс, өйткені Олжасты бір құлақпен тыңдамайды. Мұхтар маған сыбырлайды:

  • Ешкімде Олжастыкіндей пыс жоқ.

  • Пыс?

  • Пыс дегеніміз ішкі қуат сияқты нәрсе, - деп түсіндіреді Мұхтар, - ішкі жойқын күш. Немесе ақылдысымақ - ғалымдар айтатындай қуатты биополе. Онысы өзгені басып тастайды.

Мұхтар ғажап жаңалықты ашты! Мұны мен Олжастың бойынан байқағанмын, бірақ қазақ тілінде осындай күйді тап беретін сөз бар деп ойламаппын: пыс. Жарайды, пыс болса- пыс болсын. Басымыздан өткен оқиғаларды еске аламын. Олжас биллиард ойнап жатып, ұтқысы келеді -бойындағы «пысты» іске қосады да жеңіп шығады. Дастарқан басында, не мінбеге көтөрілгенде - халық сөзі мен даусының қүдіретіне бас иіп, үнсіз қатып қалады. Біреумен дауласа қалса - әрине, дәйектілігімен жығады, бірақ «пыс» та өз рөлін атқарады...

Әр адам араға уақыт салып бірдеңесін жайып салу үшін біреумен кездескісі келеді, егер мүмкіндік болса - оның шығармашылық топ ішіндегі ең адалы, ең жолы болғыш жан және қадірлісі болғанын қалайды. Осындай магниті бар, біз үшін көзі тірісінде Мәңгілік Белгісі болып жүрген адам - Олжас Омарұлы. Әрдайым көңілді, қонақжай, қолы ашық, ешқашан өтінген жанға «жоқ» деп айтпаған - кімнің мұндай адаммен дастархандас болғысы келмейді дейсің?! Ол сөзді бөлмей тыңдай алады, жақсы ой тастайды; егер қажеттілік сізді оның алдына алып келсе, классиктер өсиет еткендей «өмір сүруге үйретіп жатпайды, керек қаражатты тауып береді».



Римма Казакова «Юность» журналында әйелдік сезімталдығымен ағынан жарылады: «Жолдасым менің Олжас, мен сені сүйемін». Бұл ақынға арналған бірінші арнау емес. Андрей Вознесенский, Роберт Рождественский, Сергей Марков, Лев Ошанин, Мумин Каонат - есімде қалғаны осы, ал тағы - романдар, повестер, әдеби зерттеушілер ше, қолдан жазылған эпиграфпен - Олжас Сүлейменовке... «Сен ұнамаған жандар үшін». «Жеккөрініштерімен олар бізді сүюге үйретеді», - деп Олжасқа арналған өлең жолдарын оқимын. ...Молдавияға ұштык, республика мейрамына. Әнсіз және қуанышсыз қандай мейрам болсын!..

Бір жолы мемлекеттік шекараға таяу ақындар митингі ұйымдастырды. Біз қырқаның басында тұрдық, қуатты үлкейткіштер дауыстарды далаға таратып жатыр, Дубрава мен Кодра үстінен асып, Румынияға дейін жетеді. Егор Исаев, Лариса Васильева, Иван Драч, өзге ақындар, одан кейін республиканың құрметті қонақтары сөз алды - Кеңес Одағының үш мәрте Батыры Иван Никитович Кожедуб және «сахнаның пердесінің ар жағынан» - Олжас. Күрмеу жасайтын аккорд ретінде. Үп еткен жел түрмаған тыныштық тылмысында.

Алматы мұны білді жәие білмегенде шығар. Берлин мен Нью-Йоркте, Дамаск пен Токиода, Париж бен Софияда білген мен білмегендей, бірақ қазақстандық Олжас Сүлейменов куәлар алдында халықтар кеудесінде үміт отын жағады, қомақты қылып біздің ғаламның бақилығын паш етіп: «Шығыста жоқ, тіпті Батыс та жоқ».

Молдавиядан соң менде бір фотосурет қалды: Олжас пен Кожедуб қатар тұр. Иван Никитовичтің генерал погондарының іргесінде - бір түрлі сияқты ма? Аппақ көгершіндер, жүзге тарта құс ұшқан топтан, батырдың әскери киіміне фон жасап.

Олжас генералға қарайды да, ештеңеге таң қалмайды», - деді.

«Олжас... тілінің емес мәдениетінің құбылысы», - дей отырып, Әуезхан Қодар: «Жат тілінде жазудың қиындығын білетіндер аз. Бұл тұлғаның қақ жарылуына әкеліп соғады, немесе әлдебір прострацияға жазығы жоқ нәрселерді түсінбек түгілі, кейде жек көріп жатасың. Ұдайы қарсы тұрған логика - бөтенсіп кетеді. Міне, осы бөтенсіген дискурста Олжас кітаптарын дүниеге әкеледі, бірақ өзін басқаның атынан сөйлетсе де өзі жасырынып қалды. Есіңізде ме:

- Мен Шоқан, Конфуций, Блок, Тагор да боламын...

Неге ол өзімен-өзі бола алмады? Өйткені Олжас жекелеген тілдің емес, белгілі бір мәдениеттің құбылысы ретінде өзін тәрбиеледі. Әрине, оның барлық этимологиялық және лингвистикалық еңбектері тіларалық ерекшеліктерді жойып, бір ататілдік жүйеге келтіруді көздеген жоқ.

Солай қарасақ біздің авторымыз - сүйгенімен қашып кеткен тілді, яғни орыс тілін, ғашықтық келісім негізінде ұрлаған ақын. Сөйтіп жат тілде жазған ол осы «ерлігін» дара болу үшін жасаған сияқты. Міне, маргиналдық кейде қандай көз сүйсінтер қылықтарға барады!...Мұның бәрі субстанциялардың көбеюінің салдары және тым мол болып кеткенінен, Мандельштам сезімен айтсақ: «Нан уланған, әрі ауа тарылды». Сондықтан Сүлейменов поэзиясы суға кетіп бара жатып қабақтағы талды қармау: компьютерлік ойлау жүйесіндегі абориген, бірақ өзінің абориген екендігін мақтаныш тұтатын тәкәппарлық.

Ақынның екінші тұғыры да ойға оңай қонатын нәрсе емес. Оны бозбала шағынан бастап кеңестік жүйеге атастырып қойды, бірақ мұндай жұбайлық ғұмырда ол өзін түп қазықты жұлып, құрылысты талқандау бағытында ғана түсіне алды.

Ғұмырым менің, сүйемін сені, Өйткені сен - революция!

Бірақ ешқандай революция болған жоқ. Сүлейменов негізінен тайған жүйеде шығармашылықпен айналысқан тегі таза интеллигент, сондықтан оған әйтеуір бір идеологияны уағыздау керек болды.

Бұл - данышпан әке салған соқпақтағы дарыны асқан конформист, жүре келе сораптың сыңар шулігін көреді, өйткені сүрлеу ешкімді ешқайда алып бармайды. Ең бастысы - айтып отырған ақынымыздың өзін. Солай болса да «Қыш кітабы» біздің замандастарымыз үшін оңаша шеккен кеңестік әдебиеттегі айығу еді. Бұл шығармада ақын оқырмандар мен насихатшылардың ұйқыда жатқан білімсіздігін пайдалана отырып, тарихпен де, дәуірмен де, жаңалықтармен де, көне қағидалармен де ойнай бастады, ғажап коктейль жасап берді: шебер қоспаға Андрей Белый мен Даниил Хармстан «Гильгамеш жайлы эпос» пен «Махабхаратқа» дейін араластырылды. Егер «Вопросы литературы» беттерінде Шахматтың қай жынысқа жататыны туралы мәселе көтерілсе, онда мистификацияның жүзеге асқаны.. Сондықтан Олжас Сүлейменовтің «тұлғалық магиясына» өз еркімен тұтқынға түскен жандарды құрсауынан босатпай-ақ қоялық», - деп жазады.



Д.Қосылбек Олжас Сүлейменов жазушы ретінде оның шығармашылығы туралы: «ІІІопенгауэр Олжас Сүлейменовке қарыз. Неміс ойшылы Гегель фэлсафасына қарсы ұран қойған: дүниетанымның кілті - интуиция.

Гегель - объективтік идеализмнің жанашыры. Маркс ғаламды объективті қабылдаудан идеализмді алып тастасақ - материализм шығады деген ойды ұстатады. Бірақ өз ақылына сенімі мол Шопенгауэр келіспейді: дүниені рефлективті талдау ізденіс соңында интуицияға тіреледі.

Шопенгауэр қателік жібермеген. «Аз и Я» кітабы - білім ғана емес, жұмбақты түйсік деңгейінде шешкен әдемі жауап. Сондықтан «Игорь полкы туралы сөз», түркі және шумер мәселесі жылдар өте келе жаңа білім қағидаларына толығар, бірақ сондағы интуиция - ғажап сезімталдықтың айғағы болып, келер ғасырдың ғалымдарын таң қалдыра берер /28/.

Оған дау айтады. Бәрін шулатып баспадан шығатын Камю кітаптары сияқты. Сартр кезінде өзін данышпан Виктор Гюгоға теңеп еді: ол он тоғызыншы ғасырға қандай болса, жиырмасыншыға - мен сондаймын.

Түрік дуниесінде Олжас - қазақтардың құдай ұлт ретінде сақтап қалғаны үшін адамзатқа сыйы. Егер батыс пен Шығыс бірігетін болса, оны - ол қиылысты - Олжас әлемінен қазбалау қажет. Киплинг жер бетін екі жарып еді: Батыс пен Шығыс, Олжас қайыра қақ айырылған екі арнаны қосып берді: адамзат.

Қазақ сана-сезімінің дамуындағы үш адам: Абай, Мұхтар және Олжас су астынан жалғасатын үш арал тәрізді - қазақ құрлығының оқ бойы озып кеткен үш мәдениеті - физикадағы орталығы сыртқа ығысқан кеңістік есіме түседі, кеңістік - қазақ жұратағы, тысқары орналасқан үш орталық - Абай, Мұхтар және Олжас. Болашақта үш орталық серіппедей жиырылып, қазақтарды өз деңгейіне тартып алады. Олжасты сынауға болады. Бірақ қателігі үшін емес, оның құдайға айналып кетпес үшін.

Мұқағалиді тірісінде бесікке салмаған соң, қазір отау бөліп, оңаша шығарып жібергеннің пайдасы қане. Әлде адамның даму барысының логикасы солай ма: Христосты алдымен қиюластырған қос тақтайға асып өлтірді, кейін Ол - жәмиғаттың рухани ғүмырына қайтып келді де пенде аяғына жығылып, кешірім өтінерде қарап шоқынатын қасиетті бейне дәрежесіне дейін өзгерді. Көшпелі қазақтар дұрыс тұжырған: шеңбер бойымен жүру керек.

Шумерді іздеу тарихында әуелі сөз болды, ауыздағы әңгіме «Аз и Я» жайындағы сөз», - деп айтты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет