Тарау. ҚАзақ халқының АҚИЫҚ АҚыны олжас



бет1/4
Дата15.09.2017
өлшемі0,9 Mb.
#32315
  1   2   3   4
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..................................................................................................................2

I-ТАРАУ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АҚИЫҚ АҚЫНЫ – ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВТЫҢ ӨМІРІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ.

І.І.Тауқыметке толы ақынның қилы тағдыры және оның

дүниетанымдық көзқарастары..............................................................................5

1.2.Семей-Невада қозғалысында мораторийді халықпен бірге

жариялаған Олжас.................................................................................................16

1.3. Алаштың айдарлы ұлы - Олжас Сүлейменовтың қоғамдық-саяси қызметі.....................................................................................................................23

II-ТАРАУ. ОЛЖАС ОМАРҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

МҰРАСЫ - ТАРИХИ ДЕРЕК КӨЗІ



2.1 .Шовинизм мұзды мұхитын бұзған - «АЗ и Я».............................................28

2.2. «Мәдениеттер қиылысатын кеңістіктер» - рухани салауаттылықты



нығайтатын қызмет.............................................................................................47

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................55

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................57

КІРІСПЕ

Қазақ халқы ұлы уақыт бедерінде талай танымал тұлғаларды тудырған. Солардың бірі - Олжас Омарұлы Сүлейменов. Ол - бүкіл әлем таныған арқалы ақын, өз ұлтының шынайы патриоты, қоғам қайраткері. Сондықтан да ол туралы жылы лебіз білдіру - әркімнің азаматтық парызы.

Ол - ақын, түрік-славян тілдерін, мәдениеті мен тарихын зерттеуші-жазушы, ойшыл, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, «Невада-Семей» халықаралық қозғалысының негізін салып, Семей, Невада, Жаңа жер, Моруроа аймағында мораторий жариялауға қол жеткізген батыл адам. Олжас Сүлейменов саясаттың адамы, ол «Қазақстанның халық конгресі» партиясын құрды.

Шетелдік әріптестерінің Олжас Сүлейменовты «ойлау қабілеті мен игі істері жөнінде XX ғасырдың аяғындағы «пайғамбар» деуінде ұлкен мән бар. О.Сүлейменов шығармашылығының қырлары жоғары оқу орындарында оқытылуда, бұл жөнінде кандидаттық, докторлық диссертациялар жазылып жатыр.

КСРО кезінде 70-ші жылдары шыққан «Аз и Я» кітабы түрік және славян халықтарының тарихын, тілі мен мәдениетін терең зерттеген ғылыми еңбектің жарқын ұлгісі болды. Ежелгі орыс ескерткіші - «Игорь полкы туралы сөзге» жан-жақты объективті талдау жасалды. Кезінде тарих пен филологияға қосылған қомақты еңбекті әділ бағалап, авторына ғылыми атақ беру керек еді. Бұл кітаптың авторы қазақ патриотизмінің туын көтерді, славян халықтарының тарихы мен мәдениетіндегі түріктердің көрнекті ролін көрсетті.

Өкінішке орай, КОКП идеологиясындағы «сусловтық» кезең, ұлыдержавалық көңіл-күй Олжас Сүлейменовтың аяғынан шалып, «Қазақ ұлтшылы» деген жаман атты жапсырып жіберді. Әлемдік өркениетке ұмтылған ақын бұған мойымады, әділ көзқарасынан, адал жолынан таймады. Азамат-ақын, патриот қазақ халқының мұң-мүддесін көздеп, жан айқайына құлақ түріп отырды. Түрік мәдениеті мен тілінің жанашыры болды. Бұдан 25-30 жыл бұрын қазақ мектептері жаппай жабыла бастағанда Олжас Сүлейменов бұған қарсы көтерілді. Ол саясатта екіжүзділікке салынбайтын ер азамат.

Қазіргі уақытта еліміздің ақиық ақыны - Олжас Сүлейменов 70 жаста. Қашан да ақын тағдыры тауқыметке толы. Оның үстіне «мың өліп, мың тірілген» қасиетті халқының шерлі мүддесін арқалаған Олжастай - ойшыл ұлдардың өмір жүгі жеңіл болып көрген емес. Мыңмен жалғыз алысқан Абай «Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей. Мен келмеске кетермін түк өндірмей» деп қоршаған ортасынан түңілген екен. «Заманына қарай адамы» дегендей, жүзден жүйрік шығып, жерінің мұңын айтып, халқының сөзін сөйлейтін әр кезеңнің өз дүлділі бар. Елі мен жері үшін, кешегісі мен бүгінгісі үшін басын бәйгеге тігіп, небір сын сағатта, көзсіз ерлік, ұлағатты азаматтық танытқан бүгінгі заманның бір қазағы Олжас.

Олжас Сүлейменовтың шығармалары - тарихи дерек көзі болып табылады. Жазушының тарихи және әдеби зертеу еңбектері: «Жетісудың көне жазбалары. (Алтын киімді адамның қабірінен табылған күміс ожаудың түбіндегі жазу туралы)»; «Мың бір сөз. (Әдебиет тарихы және лингвистика туралы)»; «Таңбалар тарихынан. (Әртүрлі мағыналы сөздерді таңбалармен белгілеу жайында)»; «Тюркологияның кейбір мәселелері немесе қате қағидалар»; «Жазу тілі» және т.б. бар.



Басқасын былай қойғанда, кешегі қылышынан қан тамған кеңес заманында «Аз и Я» -ны жазып, ел рухын көтеру, қансыраған жерінің жарасын жазу үшін жарқұлағы жастыққа тимей, ғасыр тажалы - Семей полигонын жабу үшін арпалысу, ақыры аждаһаның көмейіне құм құю, атын атауға тыйым салған асылдарымызды жарыққа шығару сияқты Олжас атқарған еңбектердің бір-біреуі бір азаматтың өміріне жүк болар зор істер екенін ешкім жоққа шығармас.

Әдебиетіміздің бүгінгі кейбір белді өкілдері Мағжан ақынның атын үлкен мінбеде алғаш Олжастың ауызынан естігінде, жағасын ұстап, шет қалғанына да кешегі күн күә.

Әрине, «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» - дегендей ет пен сүйектен жаралған адамның періште емес екендігі белгілі. Қанат қағар қыран болса, заңғар көктің айдыны тарлық етпес. Асыл текті ақиықтың өз қияны, суырыла тартар сұңқардың да өз самғауы бар. Қазіргі уақытта тұғыры тұтаса сомданған Олжас ақын өзінің заңғар биігінде самғауын жалғастыруда.

Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I-ТАРАУ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АҚИЫҚ АҚЫНЫ – ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВТЫҢ ӨМІРІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ

І.І.Тауқыметке толы ақынның қилы тағдыры және оның дүниетанымдық көзқарастары.

Олжас Омарұлы Сүлейменов 1936 жылы 18 мамырда Алматы қаласында әскери қызметкер жанұясында дүниеге келді.



Ақынның балалық және жастық шағы таңғажайып әсемдігі қайталанбас осы көркем қалада өтті. Қазақстанның жас астанасының кең көшелері мен бұрыш-бұрылыстары ылғи да жасыл жапыраққа малынған қалың ағашқа көміліп тұратын. Қала тау сұлбасымен жымдасып, Рерихтың бояуларындай астасып, алма мен өрік ағаштарының күлгін шешектерінен бастап, көгілдір мұнарға орнаған мұзарт шыңдардың басына дейін күннің кешкі алауы аймалайтын. Арық бойлай шынарлар бой түзеген көшелерден естілетін әр тілді, әр үнді сөздер көңілді ерекше әсерге бөлеп, қуаныш сезіміне бөлер еді.

...Ғажайып сұлулығы аңызға айналған алма ағаштардың саясынан шығып, кеудесінде ордендері жарқырап, қолына домбырасын қыса ұстап, Ленинград құрсауындағы ғажайып ерліктерді жырлау үшін үкімет үйінің табалдырығымен жүз жасаған Жамбыл көтеріліп бара жататын.

Майданнан жаңа ғана оралған А.Толстойдың, К.Паустовскийдің, К.Симоновтың Мұхтар Әуезовпен бірге жүргенін көретінсің. Солардың қатарында С.Эйзенштейн, ағайынды Васильевтер, В.Пудовкин, ақын В.Луговский, аңызға айналған Б.Момышұлы мен М.Ғабдуллин де болатын. Сұрапыл соғыс салдарынан Алматыға көшіп келген әр ұлт өкілдері бірімен-бірі бауырласып кетті. Тіпті олардың көпшілігі соғыстан кейін осы қаланың түпкілікті тұрғынына айналды. Міне, осындай көркем қала, керемет табиғат пен әйгілі адамдарды жастай көріп өскен Олжастың ақындық қиялы ерте қанат қақты.

Ақынның балалық шағы мен соғыс жылдарындағы және одан соңғы сан қилы оқиғалардың сәйкес келіп жатуында тарихи заңдылық бар. Оның екі тілді қатар игеруінің де қайнар көзі осыдан шығар.

Олжастың анасы Фатима апай айтқан сөздерін келтірейік: «Балалардың басы болған соң ба, әлде уақыт салмағын ерте сезініп, ерте есейді ме, артынан ілескен қарындастарына тым-ақ қамқор еді. Мектептен келсе-ақ сол кішкентайларға үйіріліп, бір жағында - Шолпан, бір жағында - Раушан, менің ауырлығымды алып кетуге әзір тұратын... Сөйтіп жүріп қолынан кітабын қалдырмайтыны және бар» /1/.

Астана деген аты болмаса, Алматыда тұрғандардың да тағдыр-талайы өзіміздіңкіндей болған. Үйдегі «бала-бақшасының» бағбаны болған Олжас Сүлейменов те шелек көтеріп, сырттан су тасыпты. Отын жарып, отын жағысыпты. Айырмасы - көкірегінде күй ойнап, қолында кітабы жүреді екен.

Орта мектепті бітіргеннен кейін Сүлейменов қазақтың С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университетінің геологиялық-барлау факультетіне түсті. Оқуының соңғы жылдарын геологиялық-барлау топтарының жұмысымен ұштастырды. Далалық барлау жұмыстарында ұзақ уақыт жүрген жас геолог тек пайдалы кен орындарын зерттеумен шектелмей, қазақтың ұлан-байтақ даласымен жете танысады.

Маңғыстау адырлары мен Орталық Қазақстанның жон-жоталарын, Іле Алатауының бөктерін, көгалды алқаптар мен шөл-шөлейттерін шарлайды. Ең бастысы - осы әрі көне, әрі жас аймақты мекендеген адамдардың өмірімен жан-жақты танысуы, қоршаған ортамен етене араласуы болашақ ақынның шабытын шарықтатпай қоймады. Сол жылдары республикалық мерзімдік баспасөздердің бетінде ақынның алғашқы жырлары жарық көре бастады.

1958 жылы Олжас Сүлейменов М.Горький атындағы Әдебиет институтының қазақ өлеңдерінен орыс тіліне аудармашы даярлайтын бөліміне түсті.



Олжас Сүлейменов оқыған поэтикалық семинардың жетекшісі белгілі педагог, ақын, аудармашы Л.А.Озеров болды.

1959 жылы 13 маусымдағы «Литературная газетада» белгілі кеңес ақыны Л.Н.Мартыновтың алғы сөзімен Олжас Сүлейменовтың бір топ өлеңдері жарияланады. Бұл - жас ақынның алғашқы қадамы еді.

1961 жылдан бастап Олжас Сүлейменов республикалық «Казахстанская правда» газетінің редакциясында әдебиет және өнер бөлімінде қызмет істейді. Сол жылы «Қазақ мемлекеттік баспасынан» «Арғымактар» атты алғашқы жинағы және тұңғыш космонавт Ю.А.Гагаринге арналған «Адамға табын, Жер енді!» поэмасы /2/ жеке кітап болып басылып шықты. Бұл поэма замандастарымыздың асқақ жан дүниесін, ерлігін жырлаған кеңес поэзиясындағы ең таңдаулы шығармалардың бірі.

Дүние тарихында жаңа дәуірдің басталғанын, адамзат ақыл-ойының шырқау биікке көтерілгенін, бейбітшіліктің мұрат-мақсатын жас ақын шалқар шабытпен, кең тыныспен, тегеурінді тебіреніспен, социалистік реализмнің озық әдісі арқылы толысқан профессионалдық деңгейде жырлады.

Осы кезден бастап Олжас Сүлейменовтың поэтикалық туындылары «Правда», «Известия», «Комсомольская правда», «Литературная газета», «Советская культура», «Қазақ әдебиеті», «Казахстанская правда», «Новый мир», «Дружба народов», «Юность», «Огонек», «Смена», «Простор», «Жұлдыз» және т.б. газет-журналдардың; сондай-ақ одақтас республикалар мен шетел баспасөздері беттерінде жиі жариялана басталды.

Жастығына қарамастан бүкіл елімізге танылып үлгерген Олжас Сүлейменов сол жылдары шығармашылық сапармен АҚШ пен Францияға барып қайтты. Ол Америкаға барған тұңғыш қазақ ақыны. Сол сапардан туған топтама өлеңдері мен поэмалары «Нұрлы түндер» жинағына кірді.

Олжас Сүлейменов 1962 жылы КСРО Жазушылар одағының мүшелігіне өтті.

Одан кейінгі жылдарда ақынның «Түн - Париждің қызындай», «Шапағатты шақ», «Мешін жылы», «Таңдамалы лирикалар», «Ақ өзендер аспанында», «Қалаулы қайырма», «Әр күнің сенің - таң», «Атамекен», «Жұмыр жұлдыз», «Қыш кітап», «Айқын жағалау», «От өрімдер» т.б. өлең кітаптары республикалық және одақтық баспалардан жарық көрді. Бірқатары КСРО халықтары және шетел тілдерінде жеке кітап болып басылып шықты.

Ақынның күллі шығармалары республикалық, одақтық, шетелдік сыншылардың жоғары бағасына ие болған.

Мысалы, 1963 жылы өткен жас жазушылардың бүкілодақтық ІҮ кеңесінде кеңес поэзиясының негізін салушылардың бірі Николай Семенович Тихонов Олжас Сүлейменовтің «Нұрлы түндер» жинағын айрықша атап, былай деді: «Тек мен ғана емес, кеңеске қатысушылардың барлығы да поэтикалық ой мен екпіннің, образдың қуаттылығына, сезімінің алғырлығына, тақырып аясының кеңдігіне тәнті болды... Міне, осындай ақындық жалыннан ғана замандастарымыздың, қуатты индустриямыз бен атом ғасырының ұлы қүдіретінің тұтқасын ұстаушы жаңа адамдардың тұлғасы жасалады» /3/.

Олжас Сүлейменов шығармашылығы хақында әр жылдары М.Әуезов, К.Симонов, М.Тұрсын-заде, Р.Ғамзатов, Ғ.Мүсрепов, Ш.Айтматов, Э.Межелайтис, Б.Слуцкий, Д.Самойлов, Қ.Кулиев, А.Вознесенский, Р.Рождественский, Е.Евтушенко, М.Каноат сияқты сөз зергерлері мен көп ұлтты кеңес әдебиетінің басқа да өкілдері жылы лебіз білдірді.

О.Сүлейменов жазушылар делегациялары құрамында АҚШ, Франция, Греция, Испания, Жапония, Индия, Сирия, Египет, Иордания, Ирак, Ливан, Кения, Сенегал, Замбия, Эфиопия, Ангола, Луанда, Мозамбик, Түркия, ГДР, Болгария, Венгрия, Польша, Чехословакия, Малайзия, Моңғолия, Сингапур, Ауғанстан және басқа елдерде болды. Көп ұлтты кеңес поэзиясының көрнекті өкілі ретінде ол шет елдерде болған сапарларында қалың жұртшылық жиналған поэзия кештерінде, әр түрлі әдеби форумдарда сөз сөйледі.

Кездесулерде ақын жалынды жырларымен шетелдік замандастар жүрегіне адамгершілік пен ыңтымақтастықтың рухын дарытты өз сөздерінде Кеңес өкіметі тұсында қазақ халқының қолы неге жеткенін, кеңестік Қазақстанның қандай биікке көтерілгенін, көп ұлтты еліміздің ұлы жетістіктерін сүйіспеншілікпен, мақтанышпен баяндады.

Ақынның шет елдерде шыққан кітаптары бойынша бірнеше дүркін оқырмандар конференциялары мен пікір алысулар өтті. Мысалы, Парижде «Қыш кітабы» басылып шыққаннан кейін, Францияның белгілі әдебиетшілер қауымы пікір алысты. Сондай-ақ, шет елдерде басылған көптеген кітаптары прогрессивті сыншылар тарапынан жоғары бағалануда.

О.Сүлейменовтің шығармашылығы туралы Лили Дени, Жак Катто, Париж университетінің профессоры, ақын Леон Робель сияқты көрнекті сыншылар жазып жүр.

«Олжас Сүлейменовтің «Мешін жылы» кітабынан, - деп жазды Лили Дени, 1968 жылы 19 маусымдағы «Летер франсез» газетінде, - мен кеше мен бүгіннің тамырластығын таныдым. Сөз тамыры... Мен сол тамырдың не екенін, оның Олжас Сүлейменовті қалай алып шыққанын және қазақ мәдениетімен ұласып жатқан ұлы көпірді таныдым. Сол көпір Отанға, ауыз әдебиеті дәстүрінің қүдіретіне деген сүйіспеншіліктен туғандығын ұғындым» /4/.

1973 жылы Швейцарияда жарық көрген «Кәне, поэзия» кітабына жазылған соңғы сөзде былай делінген: «Бұл қазақ ақынын қазіргі кеңес ақындарының ішіндегі ең табиғаты тосын, былайша айтқанда қолтаңбасы ерекше ақынның бірі ретінде атайды».

1975 жылдың қазанында белгілі француз ақыны Андре Делю «Юманите» газетінде: «Олжас Сүлейменовтың даусы әлемнің бүгінгі аса көрнекті ақындық даусына жатады», - деп жазды.

Олжас Сүлейменов Азия мен Африка елдері халықтарымен ынтымақ жөніндегі Кеңестік комитет төрағасының орынбасары, Азия және Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Кеңестік комитеттің мүшесі, ЮНЕСКО-ның Орталық Азия мәдениетін зерттеу жобасы жөніндегі кеңесшісі.

О.Сүлейменов кинодраматургия жанрында көптен бері белсенді жұмыс істеп келеді. О.Сүлейменовтің сценарийі бойынша: «Атамекен», «Көгілдір маршрут», «Қыс - қолайсыз маусым», «Адамды қабылдаңыз», «Соңғы асу» көркем фильмдері және көптеген деректі фильмдер жасалды.



Бірнеше жыл О.Сүлейменов «Қазақфильм» киностудиясы сценарлық редакциялық алқасының Бас редакторы қызметін атқарды. Осы кезеңде жасалған қазақ киностудиясының «Қыз Жібек», «Асуда атылған оқ», «Үрейлі таң», «Көксерек» сияқты көптеген көркем фильмдері көрермендер мен сыншылар тарапынан жоғары бағаланды.

О.Сүлейменовке 1966 жылы Қазақстан Ленин комсомолы, 1967 жылы «Шапағатты шақ» атты өлеңдер мен поэмалар кітабы үшін Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтары берілді.

1969 жылы Олжас Сүлейменов Кеңес Одағы Коммунистік партиясының қатарына қабылданды.

1971 жылы Олжас Сүлейменов Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының хатшысы болып сайланды. Сол кезден бастап ол Азия және Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақ комитетінің төрағасы, 1973 жылдың қыркүйек айында Алматыда өткен Азия және Африка елдері жазушыларының Ү конференциясын ұйымдастырушылардың бірі болды.

1972 жылы «Сөз өрнектері», «Тал суретін саламын», «Көгілдір аралдар» өлең циклдары үшін Қазақ ССР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді.

1980 жылы О.О.Сүлейменов Қазақстан кинематографистер одағы басқармасының бірінші хатшысы болып сайланды, ал 1981 жылы Қазақ ССР-інің кинематография жөніндегі Мемлекеттік комитетінің төрағалығына тағайындалды.

1983 жылдың желтоқсанында О.О.Сүлейменов Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы болып сайланды. Ол сонымен қатар КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.

О.О.Сүлейменов - Қазақстан Компартиясы ХІҮ, ХҮ, ХҮІ съездерінің, КПСС ХХҮІ және ХХҮІІ съездерінің делегаты, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі, Х-шы сайланған Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі, ХІ-ші сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты /5/.

О.О.Сүлейменов Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және КСРО медальдарымен наградталған.

Интернационалист ақын, жалынды публицист, Шығыс халықтарының көне тарихы мен дүние жүзі тілдерінің өзара байланысын талмай зерттеуші, белгілі қоғам қайраткері О.О.Сүлейменов нағыз шабытты, шығармашылығы толысқан шағында. Мәскеудегі «Художественная литература» баспасынан оның жаңа өлеңдер кітабы, «Жазушы» баспасынан «Біз жасампаздық өмір үшін туғанбыз!» деген атпен сын және публицистикалық мақалалары жинақ болып шықпақ. Ол «Мың бір сөз» атты этимологиялық сөздігін дайындау үстінде. «Коммунист» журналының 1985 жылғы оныншы санында «Игорь жасағы туралы сөз» жырының 800 жылдығына арналған жаңа зерттеуі жарияланды.

Бүгінгі күнмен үндестік, табиғилық, интернационалдық сезім, зорлық-зомбылықты, әділетсіздікті әшкерелеу Олжас Сүлейменов поэзиясының алтын өзегі. Бұл идеялар әсіресе «Қаңтардан сәуірге дейін» поэмасында терең тамыр жайған. Ақынның лирикалық қаһарманы - асқақ рухты, жарқын болашақты замандастарымыз. Ол қазақ халқының драматизмге толы тарихын терең және өзінше түйсіне білді.



Тың игерушілердің ерен еңбегінің дабылын, ерлік даусын «Молшылық түні» поэмасында асқақтата жырлайды Әр жолы көркем де әсем өрілген және идеялық-көркемдік мазмұны терең өлеңдері республиканың немесе еліміздің көлемімен шектелген емес. Оның өлеңдері поэзияның ғаламат ұшқырлығымен әлемнің кез келген түпкірінен өзінің оқырмандарын - достарын, шынайы жақтаушыларын тауып отырады. Оның өлең өрнегінен Қазтуған мен Шалкиіздің жыраулық екпіні, Жиренше мен Қаздауысты Қазыбектің шешендік сарыны естіледі.

Ақынның бүкіл шығармашылығы интернационалдық, рухани достықтың, ұлттық пен интернационалдық қасиеттерді табиғи ұштастырудың, дәстүр мен жаңашылдықтың терең тамырластығының үлгісіндей. Ел аузына кең тарап кеткен «төмендетпей асқар тауды, асыр дала айдынын» атты ұшқыр сөзі де соның дәлелі дерлік.

Олжас Сүлейменов пакистандық Фаиз Ахмед Фаиз, палестиналық Мумин Бсису, Махмуд Дервиш, индиялық Субхас Мукерджи, Шрикант Варм, жапонйялық Иосио Хота қатарлы планетамыздың көптеген прогрессивті ақындарымен талай жылдардан бері достық қарым-қатынас жасап келеді.

Ақын поэзиясының ұлттарды ұйытқан ұлы рухын, жеке басының азаматтық тұлғасын қастерлеп, қадірлеуші кеңестік қаламдас достары -орыс А.Вознесенский, Р.Рождественский, С.Марков, украин А.Кравченко, Н.Годин, белорусс Е.Лось, ингуш С.Чехкиев, чечен Я.Хозбулатов, тәжік М Каноат, Қ.Киром тағы басқа ақындар өлеңдерін, ықылас сөздерін арнады. Егер О.Сүлейменовке арналған бірыңғай поэзиялық арнауларды жинайтын болса, үлкен антология құралар еді. Осы бір рухани достық, поэтикалық туыстық туралы орыстың белгілі ақын қызы Римма Казакова былай тебіренеді /6/:

Өзіңді сүйемін мен, Олжас жолдас,

Жаныңды ешкім оңай жаулай алмас.

Жырына қаншама рет жанып-күйгем,



Жалынға лаулап тұрған кім шарпылмас?!

Табынып әуел бастан талантыңа,



Балағам әр сөзіңді саф алтынға.

Өмір - шың, шыңға қорқақ шыға алмайды, Батылға жеңіс те бар, жоғалту да.

Ақынсың өзгелерден жырың бөлек, Сүйемін, сені сүйе білу керек.

Сен тіпті қоңырлатып ән салсаң да, Қиырдан ел таниды үніңді ерек.

Айнымас әділдіктен, бетін бұрмас, Өмірге сендей ақын қайта тумас. Сүйесің көп нәрсені бұл дүниеде, Сүйемін сол үшін де өзіңді, Олжас!

Ал, белгілі сыншы Евгений Сидоров ақын шығармашылығына арналған бір мақаласында Олжас Сүлейменовтың атағы алыстан естілетін, бақыт жұлдызы өзгеше туған талант екендігін айрықша атайды.

Бұл айтылған ойды ұсынылып отырған ғылыми-информациялық өмірбаяндық көрсеткіш те, сондай-ақ аса көрнекті қазақ кеңес ақыны Олжас Омарұлы Сүлейменов шығармашылығы хақында айтылған бірнеше құнды пікірлер де толық дәлелдей түседі.

Академик Мұқаметжан Қаратаев: «Олжас Сүлейменов ұлы аталары Абай мен Жамбыл дәстүрін жалғастырып, одан әрі дамытып келеді. Ұлттық шеңберде қалып қоймай интернационалдық тақырыпқа лайықты ақын болып қалыптасады. Өз халқының тағдырын ол басқа халықтардың тағдырымен, бүкіл адамзаттың тарихымен салыстыра зерттейді. Оның жан-жүрегі қай нәсіл, қай ұлт, қай түсті болса да еңбекшіл, күрескер, ары таза адам атаулының бәріне айқара ашық», -деп айтты.

Ақын Леонид Мартынов: «Қазақ ақыны Олжас Сүлейменов орыс тілінде жазғанына қарамастан, бүкіл болмысымен қазақ ақыны, атам заманнан бері үміт-арманын орыс халқының үміт-арманымен ұштастырып келе жатқан асқақ рухты өз халқының перзенті. Олжас Сүлейменов тұрмыстық, географиялық, этикалық, эстетикалық тарихи байланыстардың жанды айғағы», - деп көрсетті.

Леон Робель: «Олжас Сүлейменов, сөз жоқ, біздің кезіміздегі орыс тілінде жазатын тамаша ақындардың бірі. «Қыш кітапты» тарихи терең тамырлы, тамаша ақындық қиялмен шұғылалы сәулеге суарылған үлкен дастан дей аламыз. Бұл кітаптың ерекшелігі - мысқыл-әжуа мен баяндаушылық күшінің, эротизм мен өктемдіктің, нәзіктік пен әзіл-оспақтың бір-бірімен қайнап пісуінде.

Халықтар мәдениетінің туыстығымен өзара баю идеясы Сүлейменовтің көптен-ақ көңіліне ұялаған сипат. Ол тарихты замандар керуені көшінің бүкіл ауыс-түйісі, өзгерістері туралы үлкен кітап оқығандай танығысы келеді. Көне жазбалардың, аңыздар мен деректердің сырын ашу, оның пікірінше, Адамзат Тарихына басқаша қарауға жәрдемдеспек, өйткені, күштеп бөліну мен бөлектену бәрібір тағдыр бірлігін жоққа шығара алмайды. Осынау құштарлық-іңкәрлік сезімі кітаптың өн бойына түгел тарап жатыр. Кейбір өткір даулы пікірлердің кездесетініне қарамастан, бұл нағыз эпикалық шығарма. Біздің бөлшек-бөлшек әлеміміз талайдан бері мұндай зор дауысты естіген жоқ еді, біз Сүлейменовті сондықтан да Гильгамеш, Гюго, Хлебников секілді ұлылардың табиғи, танымал мұрагері деп білеміз», -деп көрсетті.

Мұрат Әуезов, сыншы: «Азаматтық әуен, Отан сүйгіштік сезім, әлемдегі дүбірлі оқиғаларға дер кезінде үн қосу, жекелеген деректерден дүние туралы философиялық түйін түю - Олжас поэзиясының өзіне ғана тән алтын өзегі. Ақын поэзиясының рухани кемелдігі ақынға ұлттық-эстетикалық мұраттың жалпы адамзат мәдениетімен тоғысуын айқын көруіне жол ашады»/7/, - деп пікірін айтты.

Бұл айтылған пікірлер - ақын О. Сүлейменовтың азаматтық және шығармашылық портретінің заңды айшықтары.

Олжас Сүлейменовтің шығармашылық және қоғамдық қызметіне тән қасиет - азаматтық жауапкершілікті жоғары сезінуге негізделген жүйелілік пен мақсатты түрде ілгері ұмтылу. Оның поэзиясы, драматургиясы, публицистикасы және филологиялық зерттеулері республикалық көлемдегі мәдени, рухани ізденістердің алғы шебінде келеді. Соңғы екі он жылдықтың ішінде осы процестердің ірі жетістіктері әрқилы әдебиеттерімен байланыстарды ұштастыра түскендей. Мұның бәрі Олжас Сүлейменовтің көп қырлы көркемдік, теориялық және қоғамдық тәжірибелік табыстарымен өлшенеді.

1.2.Семей-Невада қозғалысында мораторийді халықпен бірге жариялаған Олжас.

Біздің қоғам шешпек болып жанталасып жатқан мәселелердің тақырыптық шоғырында әлемдік бейбітшілік және соғыс проблемалары күнгірттене бастады: аса өткір әлеуметтік мұқтаждар әлемдік шиеленіс қаупін тұмшалап тастады, бірақ бұдан ол соншалықты азая қойған жоқ, деп Олжас Сүлейменов ағамыз айтты.

Қаңтардың жетісінде Нью-Йоркте үш ортада ядролық қаруды сынауға тиым салу туралы 1963 жылғы шартқа түзетулер енгізу жөнінде Біріккен Ұлттар Үйымының конференциясы басталады. Жер астындағы сынақтардың таралуына тиым салу туралы мәселе де қаралатын болды.

Әзірге атом лабораториялары мен зауыттары жұмыс істеп тұрған кезде тактикалық және стратегиялық құралдарды тіпті едәуір қысқарту да проблеманы шешпейді, қайта күрделілендіре түседі, өйткені алынып тасталған жүйелердің орнына неғүрлым жетілдірілгені келеді. Қарусыздану әдеткі қайта қарулануға айналады. 1986 жылы М.С.Горбачев барлық өмір сүрушілер атынан жар салған ядролық қарусыз XXI ғасыр идеясын жүзеге асыру полигондарды тоқтатудан басталды.



Қазір дүние жүзінде бәрін қамтитын Шартты қоғамдық қолдау науқаны қанат жаюда. Конференцияға біз немен келе жатырмыз?

Семей ядролық полигоны бір жылға тақау үнсіз тұр. 1989 жылдың қазанынан бері Кеңес Одағы бірде бір сынақ өткізбеді. Ел мен әлем халқы бұл жөнінде білмейді. КСРО президенті мен үкіметінің ресми хабарламалары болған жоқ. Бұкаралық ақпарат кұралдары да тіс жармай отырды. Себебі не? Өйткені, полигон «төменнен» жасалынған шешіммен тоқтатылған /8/.



Семей полигоны өзіндік ғана мәнге ие емес. Ол - дүниежүзілік ядролық қару өндірісінің бір буыны болып табылатын. Ал фабрика барлық тораптары іске қосылғанда ғана жұмыс істейді. Бір буынның түсіп қалуы сиамдық егіздер сияқты өзара тәуелді әскери өнеркәсіптік кешендер (военно-промышленные комплексы) мүддесіне соққы болып тиеді. Бір-бірімен күресе отырып, олар өзара нығаяды.

Басқа ядролық державалар да атом өндірісінің катерлі зардаптары туралы деректерді құпия ұстауға тырысты. Бұл, өкінішке қарай өзгені былай қойғанда денсаулық сақтау саласындағы ең актуалды бағыттың біріне айналған радиологияның дамуына әсерін тигізді.



1957 жылы Семейде арнаулы мекеме - «бруцеллезден емдейтін төртінші диспансер» құрылды. Алғашқы үшеуінің қайда екені, немен шұғылданатыны бізге беймәлім. Ал мына құрылған мекеме өте құпия түрде «әскери радиацияның» адам организміне әсерін емдеуге емес, зерттеуге тиіс еді. 6 мың адамнан тұратын бақылау тобын қадағалау жүктелген небары төрт дәрігер болмашы қаржыға ұсталды. Науқастардың бәрі бірдей мұнда жатқызылған жоқ, бірақ тас қорғанның арғы жағындағы үйге енуге «сәті» түскендер туыстарына бруцеллезден, немесе басқа бір аурудан қайтыс болды деген анықтамамен қайтарылатын-ды.

Бәлкім, КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің үшінші Бас басқармасының (басқарма қорғаныс министрлігіне қарайды) арнаулы қоймаларында аурулардың шынайы тарихтары сақтаулы шығар, бірақ «Невада-Семей» қозғалысының эксперттері онда жіберілмеді. Бүгінде ғана диспансер құпиясын азынаулақ ашуға мүмкіндік туды. Қазір ол ресми түрде радиологиялық деп аталады. Соның өзінде архивтің едәуір бөлігі (он жеті ғылыми тақырыптар бойынша) полигонға апарылған. Әйтсе де қолда барының өзі диспансердің бас дәрігері Б.И.Гусевтің полигонға жапсарлас аудандар халқының денсаулығына өзіндік зиян келеді /9/ деп мәлімдеуін негіздеуге толықтай жетеді.

1990 жылғы қыркүйекте Е.П.Велиховтың басқаруымен полигонда болған Курчатов атындағы атом энергиясы институты комиссиясына берген «ресми ақпаратында» Гусев құпиясы ашылған архивтер дерегіне сүйеніп, кейбір деректерді келтіреді. Мәселен, оның кіріспесінде мынадай деректер бар: «Атомның бірінші жарылысы (1949ж.) жоғарыда аталған елді мекендердің (тексте Семей облысының селолары аталады - О.С.) тұрғындары үшін нағыз апат болды. Осы жарылыстың халыққа тигізген радиациялық зардабының Хиросима мен Нагасакидің тұрғындары ұшыраған радиациялық зардаптан айырмасы болған жоқ.

Радиоактивті тозаң шоқталып түскеннен кейінгі алғашқы сағаттарда өлшеу жүргізілген жердегі (Долон селосы) радиация мөлшері сағатына 200 рентген болды. Халықтың сырттай гамма-сәулелерін алуы алғашқы тәуліктерде 60 рентгенді, бір аптада - 100, бір айда - 130, бір жылда - 160 рентгенді құрады. Одан кейінгі 1951 жылдан 1963 жылға дейінгі уақыт ішіндегі жыл сайынғы ондаған жарылыстар Семей облысының территориясын ыдырау заттарымен уландырса, халқын - әртүрлі мөлшер шеңберінде «иондаушы радиациямен сәулелендірді». Ал О.Сүлейменовтың пікірінше радиация мөлшері 20 микрорентгеннен аспауы тиіс.

Мысалы, Юта штаты Невада полигонының ық жағында тұрады. Радиоактивті тозаң ең алдымен сонда түседі. Осы штаттағы ядролық қаруға қарсы қозғалыс осыған сәйкес «Даун виндер» («Жел өтінде») деп аталады. Қозғалыс невадалық желбағыттары салынып, әсем безендірілген картаны бүкіл елге таратты. Осы батыстан шығысқа қарай доғаша иілген, Американың жартысын алып жатқан қан кызыл сыпыртқыш романстарда жырланған гүлге ұқсамайды.

50-ші жылдары Бикини атоллының үстінде американдық сутегі бомбасы сыналды. Басқа жаққа көшірілген тұрғындар әлі қайта орала алмай отыр: ластану деңгейі әлі де жоғары қатер туғызады.

Қазір бізді кеңестік сутегі бомбалары американдық бомбадан экологиялық таза деп иландыруға тырысуда /10/, - деп Сүлейменов мәлімдеді.

Ал ақиқат мынада еді - Семей полигоны дүние жүзіндегі барлық полигондар ішіндегі ең тазасы» - деп КСРО халық депутаты Н.Петрушенко «Комсомольская правда» газетінің тілшісіне үзілді-кесілді мәлімдейді: «Бізді полигонның зиянсыздығына иландыру - адам денсаулығы үшін сутегі бомбасының пайдалы екендігін дәлелдеумен бірдей. Сонғы санақтың қарапайым бір фактісі мен үшін көптеген томдардан салмақтырақ: әр жанұяда ондаған бала бар. Абай ауданында екі бесжылдық ішінде халық өсімі нөл. Егіндібұлақ, Май, Лебяжий аудандарында әрбір үшінші бала не өлі, не мүгедек болып туады».

«Біз «жаңаша ойлау» терминін жиі қолданамыз, тиісті білімсіз ол нені білдіреді? Демократиялық жүйе оның барлық буындары: сайлаушы - заң шығарушы - үкімет тең хабардар болғанда ғана жұмыс істей алады. Депутаттардың кейбір сұраныстарынан генералдардың шашы тік тұрады: «ЦРУ» барлау үшін миллиондар жұмсайды!» деседі. Артық болса жұмсай берсін. Ал, халықтың қорғаныс жұмыстары туғызған сыртқы қатер жоғары немесе төмен екендігін білуі артық болмайды.

АҚШ пен КСРО-да қоғамдық пікірді сұрау тең нәтижелер берді: американдықтардың көпшілігі Кеңес Одағының ендігі уақытта олардың еліне қауіп туғызбайтындығына сенімді: кеңес азаматтары да батыс тарапынан болатын агрессия мүмкіндігі туралы осындай пікірде. Олай болса әскери-өнеркәсіптік кешен ядролық қарулануды не үшін дамытуға тырысады? Олар қандай негізгі себептерді атайды?», - деп Сүлейменов мәлімдеді.

Фактілерге сүйенетін болсақ, КСРО мемлекетінде 1949 жылдан бастап 1990 жылға дейн - 642 жарылыс болды. АҚШ мемлекетінде осы жылдары - 921 жарылыс болды. «Осы тұйық шеңберді кім үзеді?» -деген сауал туындайды.

Түптеп келгенде ядролық қару өндірісін тоқтатудың екі мүмкіндігі болды.



...Сахаров 1959 жылы басталған үш жақты мораторийді мерзімсіз етуге Хрущевті иландыруға тырысты. Осы бір көрініс жөнінде академик өзінің 1989 жылдың 14 желтоқсанындағы «Невада-Семей» кино түсіруші тобына берген соңғы сұхбатында айтқан еді. «Хрущев тек бір ғана саясатты, күш көрсету саясатын мойындады. Ол Сахаров сияқты адамдарды тыңдаған болсам нағыз болбыр адамның өзі болар едім», -деп мәлімдеді.

Кеңес академиясы тұңғыш рет мінез танытты. 1963 жылы ашық сынақтарға тиым салу туралы Москва шартына қол қойылды. Хрущев бұл қадамға өз арсеналында 60 мегатонналық бомбаны ұстап отырып барды.

Хрущевтің алысты көре алмайтын саясаты, оның мінезінің шапшаңдығы мен оқыстығы Америка мен Ұлыбританияның түбегейлі, Сахаровтық нұсқада Москва шартына қол қоюларына кедергі келтірді, ол жер астында сынауға рұқсат беретін американдық түзетумен жасалынды.

Горбачевтің саясаты планеталық демократияландыру процесіне шапшаңдық берді. Дәйекті шегінушіліктің, мүмкін емес келісімшілдіктің орнығуына небәрі бес жыл қажет болды! Күш көрсету саясатына қайта оралуды талап еткен, оны ақтауға тырысқан қаншама жағдайлар болды, бірақ жуасыған кейіп білдірген саясат өзінің дәрменсіздігімен барлық түр-түстегі даңғаза ұлы державалық және рушылдық күштерді қарусыздандырып жүріп келеді. Тек аяғы тайып кетпесе екен, тек адамдар дүниеде жүріп жатқан өзгерістің ең басты екенін, онсыз жобаларымыздың жүзеге аспайтынын түсініп үлгерсе екен /11/, - деп Сүлейменов өз пікірін айтты.

Қазіргі уақытта «тәуелсіздік, патриотизм, ұлттық қорғаныс» деген ұғымдарды жалпы адамзаттық мүдде айнасы арқылы қарау қажеттігін түсіне бастағандай болып келеді.

Бірінші бір жақты мораторий - Горбачевтың туындысы. Америка оның қадамының ізгілігіне бірден сене қоймады. Алдын ала әзірленген аялдамалар алдында қарсыластар неғүрлым көп жаруға тырысты. «Горбачевтік» мораторий алдында жұмыс қарқынын абыр-сабыр жеделдету байқалмай отыр. Полигонның тіпті жыл басынан үнсіз қалуы жағдайдың жоспарланбағанына сендіреді.

Егер біздің саясатшыларымыз сол кезде американдық жақтың сыңайындағы үміттендірерлік сәтті аңғарған болса, бәлкім мораторийді мерзімсіз ұзартуға негіз табылар еді.

Америка Одақтық бейбітшіл ишарасын шет қақпады: келесі жылдың өзінде сынақ санын қысқартты (АҚШ бірнеше жыл бойы жылына 17 реттен жарып келсе, 1986 жылы оны 14-ке түсірді). Осы деңгей үш жыл бойы сақталып отыр, - деп Сүлейменов жазады.

1989 жылдың қазанынан Семей полигоны тоқтап тұр. АҚШ бұл оқиғаны назардан тыс қалдырмады: 1990 жылға бағдарлама жарияланды - сегіз жарылыс. Бірнеше ондаған жыл ішінде тұңғыш рет бірінші орынды санға шықтық.

Ашылған заңдылық оқиғаның даму барысын болжауға мүмкіндік береді: егер КСРО халықтық мораторийді ресми таныса және оны мерзімсіз жасаса, онда 1991 жылы (тіпті қаңтар шартына қол қойылмаса да) Невададағы сынақтар саны беске дейін азайтылады, 1992 жылы -екіге дейін, ал 1993 жылы...

«Ноль-ноль» - қол жеткен ядролық тепе-теңдік формуласы. 86 әскери база жабылды. Қаңтар шартын жасауды талап еткен XX ғасырдағы барлық соғыстар ардагерлерінің петициясы миллиондаған американ азаматтарының қолдарын жинады.

Егер планеталық қоғамдастыққа таяудағы жылдарда жобаны жүзеге асыру сәті түссе, онда, дүние шіркеулерде және академияларда сәуегейлікпен айтылып жүрген ақыр заманнан құтқарылады. Өзін-өзі құртуға қарсы күреске біріккен адамдар өздерінің ақыл-ойлы Адам деген атын ақтай алады. Ақыл-ой дегеніміз шынында да адамгершілікке көбейтілген ақыл болып табылады /12/, - деп Олжас Сүлейменов ағамыз жазады.

1989 жылдың 19 қазаньшда Семей полигонында соңғы жарылыс жаңғырығы естілді. Бұл күннің тарихқа елімізде ядролық қарудың соңғы сыналған күні болып енуі бізге белгілі.

Семейдегі атом алапаты ішін кілт тартып, қазақ елі тәуелсіз республика болған күн - Олжас ағамыздың өміріндегі жұлдызды сәт болды. Ол өзінің «Алапат сынақтар аймағы» атты өлеңінде /13/ былай дейді:

Делқұлы державалардың көрді екен

біздей кім алдын, Жетесіз дүние!,

Қазақтың жеріне келіп сыналдың!

Крестен басқа түк өспей, топырағым іштей тынады.

Сыналып дауыл жаңбырмен жаудың

алдында түрғанбыз,

алысып жүріп тағдырмен, айдауда туған ұлдармыз!

Зұлмат дүние түнеріп біз жаққа қарап түрады:

күшігін көкке жіберіп - Жердің серігін сынады...

Сынақтар бітсе гүлденер, сайрар-ау сонда сырлы әнмен. Космодром - Дала - түрмелер –

шандылған темір сымдармен!

Держава!

Қызыл туыңды төбесіне ұстап дұшпанның,

сыналған күллі Ұлыңды - ұлы де Қазақстанның!

Тылсым сыр-шоқыларымыз, шөптің де қанды-тамыры, басатын топырағымыз - Бауырластардың Қабірі... Келемін саған алаңдап, әр жағым - зілдей ауыр үн, мұңаймаса егер адамзат, мұңайма Сен де, Бауырым! Күйіне келіп,

Сүйіне - кетер де баспай құмарды, осынау Ұлы Дүние, -Өзіңе келіп сыналды! Шаршадың дем ал, Ұлы Ана,

тынықсаң көңілің тына ма?

Ешкімді енді сынама,

бомбаны да енді сынама...

Қазақ халқының дарынды ұлдарының бірі - Олжас Сүлейменов XX ғасырдың соңында бейбітшілікке бірлесу туын жоғары көтеріп, өз еліміздің тыныштығын қорғаштап, адамзатты сұрапыл атом бомбасының жарылыстарынан сақтап қалуға қомақты үлесін қосты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет