ҚОРЫТЫНДЫ
Олжас Сүлейменов - Аллатағаланың Алашқа бере салған алтын айдарлы ұлы. «Жабағылы жас тайлақ, жардай атан болған жер, жатып қалған бір тоқты жайылып мың қой болған жер, жарлысы мен байы тең, жары мен сайы тең; балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған (Қазтуған жырау) қайран қазақтың зұлымдық пен зобалаң атаулыға кеткен есесін қайтару үшін тәңірі осы Олжасты қарымтаға туа салған секілді!
XX ғасыр мен XXI ғасырдың өлі арасңнда иісі қазақтың еңбектеген баласынан еңкейген қартына дейін ауызына қарап отырған тұлғасының бірі осы - Олжас Сүлейменов! Тұлға дегеніміз - жаһан дүниеге жыланша ысқырып, қол астындағы бейкүнә елін билігімен арбаған қаһан Шыңғысхан, император Цезарь, фюрер Гитлер, генералиссимус Сталин де емес, француз Дидро, ағылшын Шекспир, американ Уитмен, неміс Гете, орыс Пушкин, қазақ Абай сынды, Қазтуған жырауша бейнелеп айтқанда: «Бұдырайған екі шекелі, мұздай үлкен көбелі, қары ұрымы Сұлтандайын жүрісті, айдаса қойдың көсемі, сөйлесе - қызыл тілдің шешені, билер отты би соңы, буыршынның бұтар шайнар азуы, бидайықтың көл жайқаған жалғызы, бұлт болып, Айды ашқан, мұнар болып Күнді ашқан» қасқалар болады!
Олжас - аңызға айналған тұлға.
Олжас Сүлейменов те қалың қазақ аманатын орындады. Ұлы Абай жерінде ядролық жарылысты тоқтатуға күш салып, дегеніне жетті. Соңынан АҚШ, Франция, Англия, Жапонияға сапар шекті, жақтастарын тауып, Жаңа Жер, Невада, Моруроадағы ядролық сынаққа мараторий жариялау мақсатында іске кірісті. Бұл істе Қарағанды кеншілері, Семей малшылары, Өскемен энергетиктері, Павлодар машина жасаушылары белсенділік танытты. Бұл қозғалысты түрлі мемлекеттердің бейбіт сүйгіш халықтары қолдап кетті. Халық мүддесі жолындағы О.Сүлейменовтың батыл ісін ұмытпауымыз керек.
Ол саяси бедел жинап, үлкен мансапқа қол созуға әуес емес. 1994 жылдың көктемінде Республика Жоғарғы Кеңесінің төрағалығынан бас тартуы соның кепілі. 1993 жылы «Қазақстанның халық конгресі» партиясы республика үкіметінің экономикалық реформа бағытына оппозицияға шықты. Жоғарғы Кеңестегі оның фракциясы әділ де батыл жұмыс істеді. Ол әрқашан «кім жеңілсе де, Қазақстан жеңілмесін» деген ұранды басшылыққа алды.
«Невада-Семей» халықаралық қозғалысы арқылы халқының сеніміне кірді. Үздіксіз күрес пен еңбектің арқасында полигон жабылды. Бұл ақ бас тарихтың еншісінде алтын әріптермен жазылып қалар ірі жеңіс еді.
Олжас Сүлейменов басқарған «Қазақстанның халық конгресі» партиясының кейбір экономикалық бағдарламасын республика үкіметі экономикалық реформада пайдаланды. Бұл да көрегендіктің белгісі.
Әлемдік өркениеттің бесігіне айналған Италиядағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі болып Олжас Сүлейменов тағайындалып, екі елдің шынайы дәнекері болып жүрді. Дипломатиялық жұмыста табыссыз болмағанының көршісі шығар, Олжас ағамыздың бүгінде Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі.
«Саясатпен шұғылданған адам періште жанымен сайтандық іске араласқан кәсіпшіл тұлға. Саяси қайсарлық пен саяси надандықтың арасы тым алшақ. Ал, саяси мәдениеттілік пен саяси қажеттіліктің арасы шексіз», - деп О.Сүлейменов өз аксиомасын ұсынды. Саясатпен айналыса отырып, ақын өзінің шығармашылығынан қол үзген емес. Себебі Олжас Сүлейменовтың шығармалары - тарихи дерек көзі ретінде қазақ халқына қалдырылған мұра.
Сондықтан жазушы үшін ең үлкен бақыт - шын көркем шығарма жазу және туған халқына қызмет ету.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Сүлейменов О. «Таңба тілі»: бір томдық кіріспе; «Мың бір сөз»; үш томдық ғылыми еңбек. Сын: Төлеулиев Бектур. Теңдесі жоқ ғылыми еңбек: пікір. //Маңғыстау. - 2000. - 24 қараша. - 66.
Сүлейменов О. Біздің мұратымыз тағы да сол: тауларды аласартпай, даланы асқақтау: (Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының біраз мүшелерінің Ашық хатына жауап) //Халық кеңесі. - 1994. -17 ақпан.
Зікібаев Е. Ақын қайсарлығы: (Олжас Сүлейменов туралы толғаныс эссе). //Көкшетау. - 1996. - 21 мамыр - 23 мамыр.
Отарбаев Ж. Жан азығы - жақсы жыр. (Жазушы О.Сүлейменовтің творчествосы туралы) //Лениншіл жас. - 1986. 17 мамыр.
Құттықтаймыз! Қазақстан жазушылар одағы басқармасының секретариаты белгілі ақын О.Сүлейменовтың туғанына 50 жыл толуына байланысты құттықтауы //Қазақ әдебиеті. - 198-. – 16 мамыр. - 6-76.
Қалиұлы Ж. Олжас тұтатқан ойлар: (Ақын О.Сүлейменовтің 60 жылдық мерейтойынан кейінгі ойлар) //Қазақ әдебиеті.- 1997. 8 сәуір №14.-12-136б.
Кәрібаева Б. Сүйер ұлың болса...: Ақын Олжас Сүлейменов 60 жаста // Орталық Қазақстан. 1996. - 28 мамыр.
Сүлейменов О. Мораторийді халық жариялады. Семей полигонынан Невада үлгі ала ма? («Известия» газетінен. №274) .// Семей таңы. - 1990. -9қазан.
Сонда.
10.Сүлейменов О. Оқ дәрі қоймасының үстінде бостандық отын жақпайық... // Арқа ажары. - 1992. 20 тамыз.
11.Сонда.
12.Сонда.
ІЗ.Шойғара Ә. Олжас Сүлейменов қазақ халқына қарсы ма? // Арай. 1994.-№5-6.-4-56.
14.Н.Зікібаев Е. Ол жас па, Олжас па?: Олжас Сүлейменовтың 60 жасқа і; толуына орай толғаныс эссе // Ақиқат. - 1996. - №5. - 66-706.
15.Сүлейменов О. Сөз қадірін түсінген - оны босқа шашпайды: (Ақын, қоғам қайраткерлерімен сұхбат: әңг. Г.Дильдяев) // Азия. - 1993. - мамыр. - №18. - 6б.
16.Қоңыр Т. Сүйер ұлың болса... Ақын, қайраткер Олжас Сүлейменов 60 жаста // Сарыарқа самалы. - 1996. - 18 мамыр.
17.Садықов Ж. Қоғам қайраткері: (Қазақстанның халық жазушысы, ақын Олжас Сүлейменовтың 60 жылдығына .орай жазушының поэзиясы туралы) // Арқа ажары. - 1996. - 18 мамыр.
18.Сүлейменов О. «Менің жылдарым - менің халқымның байлығы болсын» // Алматы ақшамы. - 1996. - 20 маусым.
19.Жағыпарұлы Ж. Олжас! (Халықтың ақиық ақыны, қоғам қайраткері О.Сүлейменов 65 жаста) // Арқа ажары. - 2001. - 22мамыр. – 1б. 20.Төлепберген Б. Олжас қандай тағдыр іздеп жүр?: (Олжас Сүлейменов туралы) // Жас Алаш. - 2002. - 13 тамыз (№96). – 1б.
21.Сүлейменов О. Аз и Я Ізгі ниетті оқырман кітабы. (Ауд. С.Ақатаев). Алматы, Жазушы, 1992. - 299 б. /105/.
22.Сүлейменов О. Аз и Я Ізгі ниетті оқырман кітабы. (Ауд. С.Ақатаев). Алматы, Жазушы, 1992. - 299 6. /185/.
23.Сүлейменов О. Шовинизм мұзды мүхитын бұзған - «Аз и Я» / Әуезов Мұрат., Сүлейменов А., Момышұлы Б.., Симашко М., Мартынов Л., Толмачев Г., -Қодар Ә., Қосылбек Д. // Заман Қазақстан. - 1996. – 19 сәуір. (№14). -1-6 6.
24.Сонда.
25.Сонда.
26.Сүлейменов О. «Аз и Я»: (Кітапқа тағылған саяси және идеологиялық кіналарды теріс деген тұжырым жасалғандығы жөнінде автордың әңгімесі / Сұхбаттасқан Г.Дильдяев. Правда, 12 қазан, 1989. // Қазақ әдебиеті. - 1989. - 20 қазан. – 3б.
27.Сүлейменов О. Сүргін көрген кітапқа соңғы сөз: («Аз и Я» кітабы жайында) әңгімелескен А.Пелехацкий // Қазақ әдебиеті. - 1990. – 27 шілде. - 4-5б.
28.Аз и Я / Тәркімалаған: С.Ақатай // Жалын. - 1991. - №1. - 31-40б. 29.Молдабеков Ж. Мәдениеттер қиылысатын кеңістіктер: (О.Сүлейменовтың «Пересекающиеся параллели» атты жаңа кітабы туралы) // Қазақстан заман. - 2002. 19 шілде. (№29). – 4б.
30.Тұрсынов К. Өршіл өмір иесі: (Қазақстанның халық жазушысы О.Сүлейменовтың 60-жылдығына орай жазушының поэзиясы туралы) // Арқа ажары. - 1996. 18 мамыр.
31.Сүлейменов О. Енді не істеуіміз керек: (ҚХК партиясының 1999 жьтлдың 14 тамызында өткен съезінде сөйлеген сөзінен) // Дидар. - 1999. 14 қыркүйек. – 3б.
32.Сүлейменов О. «Мың бір сөз»: кітабынан тараулар // Жұлдыз. - 1997. №7.-3-186.
33.Сүлейменов О. Көшпелілер және мәдениет // Парасат. - 1996. №5. - 2-4б.
Достарыңызбен бөлісу: |