8.2 Девиантты мінез-құлықты балалар мен оқушы жастарды психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету
Тәртібінде ауытқу дамуының бірінші кезеңінде тәрбиедегі қиындықтар алғашқы көріністері орын алып ауытқу ситапына кері әсер ету, келіспеушілік, кейбір әлеуметтік талаптарды (отбасы, мектеп) орындамау кіреді. Бірақ әлеуметке қарсы тәртіп әлі жоқ. Тұлға қалыпты, өз құндылықтарына және ұстанымдарына сәйкес деп қабылданады.
Бұл кезеңде қиын тәрбие болып бала тұлғасының дамуында табиғи, тұлғалық-жеке дара және педагогикалық факторлардың біріктірілгені орын алады. Осы кезеңдегі педагогикалық іс-әрекеттің екі жолы бар. Бір жағдайда ол түзету әсері болу керек (ата-аналарға, ұстаздарға көмек). Басқа жағдайда көмек бала тұлғасына бағытталып және оның ынталандыру-мағыналық аймағының өзгеруін меңзеу қажет. Аталған кезеңде бала тұлғасы тұралы қоғам пікірінің бастапқы теріс ойлары орын алады: ескертулер, ата-аналар, тәрбиешілер және т.б тарапынан жазалау әдістері. Бірақ, тәртіп ауытқуын бұл жағдайда болжау өте қиын. Егер жасөспірімге көңіл аудармай немесе сәтсіз көмек көрсетілсе, аяқталуының екі жолы бар: тұлға өз мәселесін өзі шешеді немесе тәртібіндегі бұзылыстары тереңдей түседі.
Екінші кезеңде: әлеуметтік талаптарды, қалыпты жағдайды бұзу жалғасын табады және әлеуметке қарсы әрекеттердің бастапқы көріністарі пайда болады (ұсақ ұрлықтар, өтірік айту, бұзақылық). Жағдайлық көріністерді сипаттайын кіші топтарға енуі мүмкін.
Бала тұлғасына көрсетілген көмек (Поварницына В.А., Прокопьев И.П.) түзету-тәрбие жұмысы сипатты. Оның мақсаты – пайда болған әлеуметке қарсы тәртіпке дайын бастамаларды бұзу, қоғамдағы қалыпты және құндылықтар жүйесіне сәйкес сатылы қалыптылық және құндылық жүйесін тұрақты қалыптастыру. Бұл кезеңде оқушылар тәртібінің жалғасып кері дамыуына мектептегі және түрлі қосымша білім беру ұйымдарындағы жеке және топтық жұмыстар кедергі жасайды, түрлі қозғалыстардағы балалар бірлестігімен, ұйымдарда, одақтардағы жұмыстар тұлғаға маңызды қызығушылық қалыптастырып, қажеттіліктерін қанағаттандыруға және қоғамда өзін-өзі тұрақтандыруына ықпал етеді. Аталған кезеңде қайта тәрбиелеудің жазалау және зорлық түрлерін қолдануға болады. Уақытында назар аударып сәтті көмек көрсеткен жағдайда жағымды нәтижеге қол жеткізуге болады. Егер көмек уақытында көрсетілмесе, онда тәртіптегі бұзылыс тереңдей түсіп, теріс жауаптар тұрақты әдетке айналуы мүмкін.
Үшінші кезеңде әлеуметке қарсы қалыптасқан тәртіп орын алады, оны сипаттайтын заңға қарсы әрекеттердің ұлғаюы, осы салада тәжірбие жинақталуы (ұрлық, зорлық, дөрекі бұзақылық, алып сату және т.б.), жағдайлы немесе тұрақты көрініс табатын әлеуметке қарсы топтарға енуі (Фельдштейн Д.И., Ермаков В.Д.). Тұлғаның қоғамдағы қалыпты жағдайға көзқарасы және оның санасындағы көрінісі соншалықты терең бұзылыста, жасөспірім өз тәртібін өзінің құндылық түсініктеріне және тұрақтылықтарына сәйкес қалыпты деп санайды. «Сәйкестендірудегі күйзеліс» басталып өз тұлғасы тұралы түсініктер және ол тұралы қоғам пікірін бағалау бұзылған «МЕН» концепциясының пайда болуына әкеледі. Нәтижесі қарама-қайшылыққа алып келіп, басқалардың бейне тұралы түсінігімен сәйкестендірумен аяқталады. Басқа сөзбен айтқанда жасөспірім «өзін ешкімге ұқсамайтын» және «жақсы нәрсеге қабілетім жоқ» дегенмен келіседі. Осы кезеңде көмек кәсіби түрде көрсетілгені маңызды, ол жылдам, түзету-тәрбие іс-әрекеті сипаттас болып әлеуметтік-теріс түрін бұзу мақсатында, жаңа әлеуметтік-релевантты болып қалыптасуы қажет. Педагогикалық әсер ету әдістері: жеке және топтық тәрбие жұмысы, және тұлғалық қабылдау түрінде жеке және топтық еңбекпен емдеу, қызықты және пайдалу мамандық алып шығу, жасөспірімнің қызығушылығын дамытуға жағдай жасап, оның сыйластыққа қажеттілігін туындату. Бұл кезеңде өзін түзеу, жасөспірімнің өзін тәрбиелеу мүміндігі мүлдем аз. Өмір мағынасының бейімделуге қарсы қалыптасуы, әлеуметке қарсы тәртібін және меңгерген әлеуметке қарсы тәжірбиесін тұрақтандыру мүмкіндігі көбірек.
Төртінші кезең – әлеуметке қарсы тұрақты тәртіп, оның сипаты заңға қарсы әрекеттерінің күрделенуі және жүйелі ұшырауының тұрақтануы, қауыпты қылмыс жасау мүмкіндігі, тұрақты әлеуметке қарсы топқа енуі. Бұл жағдайда көмекті, отандық және халықаралық тәжірбие көрсеткендей ашық түрдегі мекемелер ашып оларға арнайы тәрбиешілер дайындау керек.сәтсіз көмек көрсетілгенде жасөспірімдердеәлеуметке қарсы тәртіптің тұрақты дайындығы қалыптасады.
Бесінші кезең – тұрақты тәртіптегі ауытқу, бұл әлеуметке қарсы тәртіптің аса қауыпты түрі тұрақты заңға қарсы әрекеттермен сипатталады. Бұл кезеңнің сипаты педагогика және психология мәселелері шеңберінен шығып заң саласына өтеді.
Тәртіптегі ауытқу ретінде қиын тәрбиені түрлендірудің сан алуан жолдары бар. Олардың негізіне түрлі көрсеткіштер алынады. Хевитт және Дженкинс сынды ағылшын психологтары қиын балаларды екі үлкен топқа бөледі: балалардың қоғамға қарсы тәртіптің әлеуметтенген түрі, оларға сезімдік бұзылыстар тән емес және олар өздері жататын жақын тұыстарының немесе жолдастарының қоғамға қарсы топтары ішіндегі әлеуметтік тәртіпке тез арада икемденеді; балалардың қоғамға қарсы тәртіптің әлеуметтенбеген түрі, олар басқа балалармен және өзінің отбасымен жаман қарым-қатынаста болып және сезімдік бұзылыстар: қарсы шығу, дөрекілік, қоқан лоқы көрсету және кек алу маңызды орын алады. Басқа зерттеуші, П. Скотт, аталған топтаманы толықтыра келе әлеуметтенген қиын жасөспірімдер санаты екі топтан құралғанын көрсетеді: ешқандай тәртіп жүйесін меңгермеген және қоғамға қарсы тәртіпті меңгерген балалар (Раттер М.).
Қиын жасөспірімдерді топтастыру оларды анықтау құралы және олармен жұмысты ұстанымдарға сәйкес жоспарлау және жүзеге асыруда көмек ретінде, олардың қалыс қалу себептерін анықтауға, алдын—алу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін қажет.
8.3 Қиын тәрбие көрсету түрлері және қиын тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мәселесі.
Қиын тәрбиелену әлеуметтік байланыстың бұзылысымен жасөспірімдердің негізгі әлеуметтену институтарынан алшақтауымен бірге жүреді: біріншіден отбасы және мектептен, сондықтан психологиялы-педагогикалық қолдау міндеттерінің негізісі осы алшақтаудан арылу, жасөспірімді жағымды әлеуметтік тәжірбие жинақтайтын қоғамға маңызды қатынастарға ендіру. Осы міндетті шешу әлеуметтік-педагогикалық шаралардың отбасындағы, мектептегі жағдаларын оңтайландаруға, және жеке дара қиын тәрбиелетін тұлғаның психологиялық-педагогикалық түзету, оның құрбылары арасындағы әлеуметтік орнын қалпына келтіруге бағытталған толық кешенді меңзейді. Қайта тәрбиелеу үрдісі тәрбие үрдісі сияқты, біріншіден жасөспірімнің жеке дара-психологиялық қасиетін ескере отырып, түрлі әлеуметке қарсы көріністер мен ауытқуларға алып келген тәрбиенің жағымсыз жағдайларын және нақты жағдайларды ескере отырып құрастырылуы қажет. Маңызды ұстанымдардың бірі болып жасөспірімнің жағымды қасиетіне тірек ету болып табылады. Болашақ мамандығын таңдауымен байланысты жасөспірімнің өміріндегі ұстанымдарын қалыптастырудың маңызды зор.
Жасөспірім кезеңінде тәртібінің аса зақорлықпен көрініс табуы сипаттайды. Агрессия деп зиян келтіру тәртібін түсінеді. Агрессия айналасыдағы адамдар теріс бағалайды, бірақ жақсы бағалаған жағдайлар да кездеседі, мысалы, «спорттық зақорлық» жарыстағы жеңіске алып келеді, жағымды мақсатты іске асыруға бағытталған агрессия түрі сирек кездеседі.
Жасөспірім кезеңінде тәртіптің агрессивті түрін «төбелескіштік», «төбелесуге жақындық», «жауласу», «зақорлық», «қатаңдық» деп, және ешкімге бағытталмаған агрессия деп анықтайды:
Ызалану – кішкене тітіркендергішке ашуланшақтық, дөрекілік, дөрекіліктің дайын тұруы.
Теріс қабылдау – тәртіптің қорғаныс түрі, әдетте басшыларға бағытталған; бұл тәртіп тыныш қарсыласудан басталып тұрақталған заң мен дәстүрге қарсы белсенді күреске дейін ұлғаюы мүмкін.
Өкпелеу – нақты немесе ойдан шығарған күйзелістер үшін ар әлемге ыза болу сезімімі салдарынан қоршағандарды жек көру және қызғану.
Қауіпті сезіну – қоршағандар оған зиян келтіреді деген ұстанымдарға негізделген адамдарға қатысты абай болып сенімсіздік таныту.
Сөзбен жеткізетін зақорлық – жағымсыз сезімін түрімен және мазмқны арқылы жеткізу. Ұятының қажауы, кінәлі сезіну қоғамда қолдау таппаған тәртіп түрлеріне кінәлі сезінудің ұстамды түрі. Агрессияның аталған түрі аутоагрессияға ауысуы мүмкін.
Жасөспірімдер мен балалардың арасындағы тәртіптің ауытқуларын психологиялық–педагогикалық алдын-алуға келесі бағыттағы іс-әрекеттер енуі қажет:
- тәрбиеленушінің өзін-өзіне оң баға беруі және балалар ұжымының басқа мүшелерімен жағымды қарым-қатынас қалыптастыру;
- оқушыларға қатысты педагогикалық өзін-өзі ұстау тәртібін сақтау;
- бейімделу үрдісінде көмек көрсету, мектептің ережелері мен тәртібін түсіндіру;
- бос уақытты тиімді пайдалану;
- салауатты өмір салтын насихаттау, зиян әдеттермен күресу және алдын алу шаралары;
- балалар ұжымын біріктіру жұмысы.
Жасөспірімдердің тұлғалық және әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыру, тәртібіндегі кері көріністерді түзеу «МЕН» бейнесінің жағымды қылып өзін сыйлаудан бастау қажет, сынмен ойлау қабілетін дамытып, әлеуметтік маңызды мақсат қойып және жауапты шешім қабылдаудан басталады. Жасөспірім дұрыс таңдау жасау үшін оны сезімін ұстауға үйрету қажет, стресстерді, қобалжуды, ұрыс-керістерді игере білу керек; сынға засыз жауап қайтару тәсілдерін игеру. Өзін-өзі қорғауды дамыту қажет, басқа адамдардың тарапынан қысымдарға төтеп беруді игеру, зиян әдеттерге қарсы тұру, кез келген мәселені әлеуметтік-жағымды құралдармен шешуіп жақсы таңдау жасайтын құндылықтарды қалыптастыру қажет.
Сынып жетекші, психолог және әлеуметтік педагогтар бірлесе отырып алдын алу жұмыстары келесі негізде іске асуы тиімді болмақ: оқу іс-әрекетінің сәттілігі; оқушыларды қанағаттандырарлық жағымды сезімдік қарым-қатынас жүйесі; психологиялық қорғаныс.
Тәрбие-алдын алу шараларының кешенділігін көрсете отырып, алдын алу мекемелері, отбасының мәдени дамуы, медициналық көмекке дер кезінде жүгіну, түрлі жүйке-психикалық ауытқулары және аурулары бар балаларға арналған оқу-тәрбие ұйымдарының санын көбейтуді айта отырып, қиын тәрбиенің алдын алуда жетекші орын жалпы әлеуметтік-педагогикалық шараларға беріледі. Сонымен оқу және тәрбие жүйесін жетілдіруге, балалар мен жасөспірімдердің жақын ортасын сауықтыру және біріншіден олардың отбасылық тәрбиесі жағдайыy оңалту. Тәрбие жұмысының мысалы ретінде В.А. Сухомлинский келтірген оқудағы қиындықтарды жеңудегі тәжірбиелі технологияны келтіруге болады.
1.Баланың өзіне сезімін бекіту және оның ойлау әрекетінде қашан кішкене өзгеріс болатынын күту. Бұл өзгеріс өте аз, бір қарағанда ол қарапайым сәттілік болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл сәттілікті бала қуанышты табыс деп ойлап одан жаңа энергиямен сусындайды.
2. Табыстан табысқа – бұл жерде қиын баланың ойын (тек ойын емес) тәрбиелеу тұжырымдалған.
3. Баланың жағымды іс-әрекетін қолдау, оның танымдық белсенділігін ынталандыру. Егер бүгін оның жолы болмаса ұрыспай, «екі» қоймау керек. Үлгерімді бағалауға сәйкес оның нәтижесін бағалауға болмайды. Бұндай бала басқаша бағалауды талап етеді. Бастапқыда оның нәтижесін бұрынғы табыстарымен салыстыру керек. Осал, нәзік өсімдікті баптап қолдау қажет.
4. Бала үмітін үзіп, шешімін таппай қалатын жағдайда қалмауы керек.
5. Сабақта аса көңіл бөлініп, қиын бала өзінің қабілетті құрбысының қасында отырғаны жөн. Сөзбен де, іс-қимылмен де мұғалім оның болашағына сенімін жоғалтқанын көрсетпеу керек.
6. Әр сабақта сондай оқушының кішкене болсада танымдық қадам жасап, табысқа қол жеткізуіне тырысу абзал.
Достарыңызбен бөлісу: |