Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері


Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмысы



бет122/165
Дата11.01.2022
өлшемі415,77 Kb.
#111271
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   165
Байланысты:
Тәрбие теориясы, әдістемесі ЭЛЕКТР.ОҚУЛЫҚ 2017 Иманбаевой
входной тест және to be
11.1 Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмысы. Қазақстан Республикасы Конституциясында «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар», - деп атап көрсеткендей болашақ маманның кәсіби құзіретті болып шығуы қоғамның негізгі сұранысы болып табылады.

Мектептегі кәсіптік бағдар беру дегеніміз — мектеп директоры, мектептің оқу және тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасарлары, сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, , әлеуметтік педагог, психолог, қосымша білім беру қызметкерлерімен бірлесе отырып оқушылардың бойындағы темперамент, мінез - құлқындағы, іс - әрекетіндегі, қарым - қатынасындағы қасиеттер мен қабілеттерін, ішкі жан дүниесінің сұранысын негізге ала отырып болашақ мамандық таңдауға ықпал ету, көмектесу.

Оқушыларға кәсіптік бағдар беру ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастау алады. Оқушыларға кәсіптік бағдар беру теориясы мен әдістемесі А.Е.Голаншток, Е.А.Климов, П.П.Костенков, А.Д.Сазонов, В.Ф.Сахаров, С.Н.Чистякова т.б. еңбектерінде жан - жақты зерттелген.

Кәсіптік бағдар беру оқушыларға болашақ мамандығын анықтауға көмек көрсететін әлеуметтік-экономикалық, психологиялық-педагогикалық, медициналық-биологиялық, өндірістік-техникалық жүйелерді негіздеп түсіндіру негізгі орын алады. Дұрыс таңдалған мамандықтың, оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес келуі, болашақта оған қуаныш пен қанағат сезімін сыйлайды. Заман ағымына қарай қоғамда түрлі мамандыққа сұраныс өзгеріп отырады, солай болған жағдайда да, оқушылардың өз қажеттіліктері мен қабілеттеріне сай, мамандық таңдауға дер кезінде ақпараттық көмек беру керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет