Семинар тақырыбы. Отбасы - оқушылардың тәрбиелік және дамытушы ортасының негізі. Мұғалім пен оқушы ата-аналарының ынтымақтастығы.
Мазмұны.Отбасы тәрбиесінің мақсаты, міндеттері, мазмұны, құралы, формасы. Отбасындағы мәселелерді шешудің практикалық жағы, ата-аналар мен әлеуметтік–педагогикалық ағарту жұмысын жүргізу. Отбасындағы мәселелерді шешудің практикалық жағы, ата-аналармен әлеуметтік – педагогикалық ағарту жұмысын жүргізуге талдау жасау.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар Қазіргі отбасының ерекшеліктері қандай?
Отбасының жас ұрпақ тәрбиелеудегі мақсаты не?
Отбасы тәрбиесінің формалары мен құралдары қандай?
Отбасындағы тәрбие мәселесін жақсарту үшін ата-аналар және оқушылармен қандай жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады?
Отбасы тәрбиесін қалай жетілдіруге болады?
Түрлі отбасымен қандай жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады?
Көп балалы отбасының ата-анасымен қандай жұмыс түрлерін жүргізер едіңіз?
Ата-аналармен жасөспірімдердің арасындағы қайшылықты жеңу жолдарына тоқталыңыз.