Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері


«Субмәдениет», «балалардың субмәдениеті» ұғымдары



бет135/165
Дата11.01.2022
өлшемі415,77 Kb.
#111271
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   165
Байланысты:
Тәрбие теориясы, әдістемесі ЭЛЕКТР.ОҚУЛЫҚ 2017 Иманбаевой

13.2 «Субмәдениет», «балалардың субмәдениеті» ұғымдары. Бала - тегіне, жасына, жынысына, өзіне тән әлеуметтік және психикалық ерекшеліктерімен сипатталатын әлем. Ол жеке тұлға ретінде қалыптасу барысында психикалық және әлеуметтік даму мен тәрбиенің ұзақ жолынан өтіп, сапалық өзгерістерге ұшырайды - айналасына ойлы көзбен қарап, оны тек қабылдап қана қоймай, оған саналы түрде ықпал етеді. Баланың мәдени-әлеуметтік әлемі өзінің мазмұнымен және арнайы көрінісімен ерекшеленеді.

Бұл тақырыпта мынадай мәселелер қарастырылады:

1) баланың субмәдениеті мен мәдени-әлеуметтік әлемінің қалыптасу көздерін түсіну;

2) баланың жеткіншектік мәдени-әлеуметтік өмірінің арнайы көрінісі және оны есепке алу қажеттілігі.

Адамның әр жас кезеңіндегі әлеуметтік сапалық өзгерістері әлеуметтену үдерісінің негізі мен мәнін құрайды. Оның себебі айналадағы ортаны өзінше қабылдауына және соған лайық мінез-құлық, әрекет, іс-қимыл жасауына бағыттайды. Баланың айналасында болып жатқан құбылысты қалай қабылдауына қарай, соған сәйкес іс-әрекет жасап, жауап береді. Біртіндеп ол айналасын саналы сипатта қабылдай бастайды. Баланың әлеуметтік өзгеріске ұшырауы заңдылық. Әр жас кезеңінде бала өзіндік ерекшеліктерге ие болады, ол оның әлеуметтік қалыптасуының ерекшелігін анықтап, осы үдерісте маңызды рөл атқаратын белгілі субмәдениетті қалыптастырады.

«Субмәдениет» термині (лат. sub – асты... қосымша және мәдениет) кез келген әлеуметтік немесе демографиялық топтың мәдениетін білдіреді. Мысалы, балалар субмәдениеті, ұлттық субмәдениет, кәсіби субмәдениет т.б. Балалар субмәдениеті кең мағынада қоғамның балалар үшін жасағаны, ал тар мағынада құндылықтардың мағыналық кеңістігі, шарты, іс-әрекеті, балалардың нақты-тарихи әлеуметтік даму қауымдастығындағы қарым-қатынас формасы. «Балалар субмәдениеті» түсінігі балалардың даму кезеңдеріне байланысты және сол кезеңде оның тұлға ретінде игеретін әлеуметтік мазмұыны: шынайы құбылыстарды түсінуі, соған сәйкес әрекет етіп, сол әлеуметтік ортамен сіңісуі. Әр жас кезеңінде оның өз тілімен, мазмұнымен ортадағы құбылысты өзіндік қабылдау ерекшелігімен, ойымен және іс-қимылымен қабылдауы, оның әлеуметік ортадағы іс-әрекеттеріне әсер етеді.

Субмәдениет балалардың ойынында, фольклорда, шығармашылық істерде, дәстүрде көрінеді. Жынысына, психикалық даму ерекшеліктеріне және балалардың әлеуметтенуіне қарай, субмәдениеттің өзіндік ерекшеліктері байқалады, ол олардың құпия тілдерінде, құпиялы істерінде, тентек іс-әрекеттерінде, балалық «сиқырлықтарында» және т.б., мысалы, ойындарында, санамақтарында, жұмбақтарында, бірін-бірі мазақтау, келеке етулерінде; фольклорлық репертуарларында, балалар дәстүрінде (8-13 жас аралықтарында); жеткіншектердің соңғы үлгідегі сымбаттылыққа (супер) еліктеуі, бейресми топтың мүшелігіне кіруінде, түрлі ережелер мен қарым-қатынастарында және т.б. байқалады.

1950 жылы американ әлеуметтанушысы А.Коэн делинквенттік субмәдениет теориясын ұсынды. Бұл теорияда делинквенттік іс-қимылды адамдар типінің субмәдениетін негіздеп, олардың табыстылық бағытын анықтап, оған «үлкен қоғамнан» өзгеше, мүлде басқа жолмен (басқа құралдармен) жетуді ұсынды. Бұл тип өкілдері үшін өзін құрметтейтін және өзгелер құрметтейтін ұсақ ұрлық жасау, өктемдік көрсету, вандализм (қирату) мәнді. Күш көрсету субмәдениетіне өктемдік іс-қимыл және ұрлық жасау, т.с.с. жатады. Ол мафия, қылмыстық топ, бұзақылар арасында орын алады, осы топқа жататындардың өмір сүру салтын сипаттайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет