5.2 Тәрбие әдістерінің жіктелуі. Сендіру – тәрбиенің ең маңызды әдісі. Н.К.Крупская балалардың өмірі мен еңбегін ұйымдастыру ісін олардың адамгершілік жолында даму ісімен және қоғамға пайдалы іске саналы түрде қатынасу ісімен тығыз байланыста қарастарады. Н.К.Крупская: «Балалармен құрғақ сөйлескеннен гөрі, олардың істеп отырған ісіне сенім арттыру керек», - дейді. Сендіру әдісінің тәрбиедегі орнын, оның педагогикалық процестегі көп қырлылығы мен әсерлілігін Н.И.Болдырев бастаған педагогтар зерттеп, тереңдетті. Н.И.Болдырев «Сендіру - баланың сана-сезіміне, еркіне, оның бойындағы жағымды мінез-құлықты қалыптастыруда күшті әсер ететін ең тиімді тәрбие әдісі»,- деп көрсетеді.
Бұл әдістің психологиялық негізі - баланың іске асырғысы келетін іс-әрекетінің оның ой-санасында ерекше орын алуында жатыр. Сендіру арқылы тәрбиеші мен оның жолдастары тәрбие жұмысын кешенді түрде жүргізеді. Жеке тұлғаның эстетикалық және физиологиялық жағынан адамгершілік-имандылық тұрғысынан тәрбиелеп, қалыптастырудың қажеттілігін ашып көрсетіп, олардың өз мінез-құлқын осы заман талабына сәйкес жетілдіруге сенімін арттырады. Оны іске асырудың маңызды құралы ретінде: оқу ісін жекелеген ұжымдық түсіндірмелі әңгіме түрінде, кештер мен конференцияларда, саяси хабарлар мен айтыстарда кеңінен қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |