Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері


Жағымды үлгі өнеге арқылы тәрбиелеу әдісі



бет42/165
Дата11.01.2022
өлшемі415,77 Kb.
#111271
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   165
Байланысты:
Тәрбие теориясы, әдістемесі ЭЛЕКТР.ОҚУЛЫҚ 2017 Иманбаевой

Жағымды үлгі өнеге арқылы тәрбиелеу әдісі. Жеке бастың қалыптасып дамуы тек сөз әсерімен сендіру арқылы іске асырылып қана қоймайды, тәрбие ісінде жеке адамның үлгі-өнегесі де зор рөл атқарады. К.Д.Ушинский: « Тәрбиенің күші адамның жеке басының өнегесіне негізделген, сондықтан да жеке басты тек қана үлгі-өнегемен тәрбиелеуге болады»,-дейді. Жағымды үлгі-өнеге арқылы балаларға ықпал етудің психологиялық-педагогикалық негізі оларды басқаның мінез-құлқына еліктеуіне, солардай болуды армандауына әсер ете білуде жатыр. Ол жөнінде ұлы педагог Я.А.Коменский: «Балалар білуден гөрі еліктеуді ерте игереді»,-дейді. Оқушылар басқаның аса жоғары идеал іс-әрекетін байқап, бақылай отырып, ерлік, еңбексүйгіштік, саналылық дегендердің мазмұны мен мәнін ой елегінен өткізіп, өзінше тебіреніп барып қабылдайды. Басқаның іс-әрекетіне өзінше баға беретін болады. Баланың өскен сайын басқаға еліктеуі оны көшіре салуы емес, өмірге өзінше баға беріп, сана-сезімінде сыннан өткізу арқылы басқаның адамгершілік сезімі мен көзқарасына сын көзімен қарап, өзінше түсініп, өзінше қабылдайды. Жеткіншектер өзін-өзі тәрбиелеуге жауапкершілік сезіммен қарайтын болады. Жеткіншектердің өзіне жақын адамдардың жеке бас үлгісін зор сеніммен қабылдап, оны өзінің рухани қажетіне үлгі етіп жаратуына әсер ету, тәрбиенің ең маңызды құралы болып саналады. Басқаның жеке бас үлгісін жастарға өнеге еткенде, келтіріліп отырған мысалға қоғамдық тұрғыдан жан-жақты талдау жасап, ол іс-әрекет несімен құнды, неліктен оны үлгі етеміз дегенді саналы түрде талдау арқылы қабылдату керек.

Жеке басқа үлгі болатындар: белгілі қоғам қайраткерлері, соғыс және еңбек ардагерлері, өнер және мәдениет қайраткерлерінің іс-әрекеті, өмір жолы. Оларды оқушыларға үлгі ету ісі әңгіме, саяси хабар, кездесу кештері, т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет