Байланысты: Тәрбие теориясы, әдістемесі ЭЛЕКТР.ОҚУЛЫҚ 2017 Иманбаевой
Семинар тақырыбы. Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша педагогикалық іс-әрекеттерінің бағыттары.
Мазмұны. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша педагогикалық іс-әрекеттің бағыттары: білім беру үдерісінде балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті мен қатынасы арқылы қолайлы сыртқы орта жағдайын – микроәлеуметтік ортаны құру (ізгілікті қатынас, қолайлы психологиялық климат, белсенді шығармашылық жағдай); өзін-өзі тану, рефлексия, мақсаттылық арқылы оқушылардың өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тәрбиелеуі үшін ішкі жағдайларын (мақсатын, қажеттіліктерін, қабілеттерін) қамтамасыз ету.