Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері



бет1/165
Дата11.01.2022
өлшемі415,77 Kb.
#111271
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   165
Байланысты:
Тәрбие теориясы, әдістемесі ЭЛЕКТР.ОҚУЛЫҚ 2017 Иманбаевой





  1. - тарау. Тәрбиенің әлеуметтік - философиялық негіздері

1.1 Тәрбие парадигмасының әлеуметтік - философиялық негіздері.

1.2 Тәрбиенің тарихи алғы шарттары

1.3 Тәрбиенің ізгілік және гуманитарлық қағидалары

1.4 Тәрбиенің негізгі тұғырлары
Негізгі ұғымдар: тәрбиенің гуманистік парадигмасы, тәрбие қағидасы, тәрбиенің әдіснамасы, әдіснамалық негіздер, мәдениеттану, аксиологиялық, өркениеттік, жүйелілік, тұлғалық, тұлғаға ықпал ету, тұтастық, әлеуметтік, іс – әрекеттік, этнопедагогикалық тұғырлар, .

1.1 Тәрбие парадигмасының әлеуметтік философиялық негіздері. Шығыстың ғұлама ойшылы әл Фараби «Адамға ең бірінші тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне және қоғамға үлкен апат әкеледі»,- деген тұжырымы қоғам алдына үлкен жауапкершілікті мақсат етіп қояды. ХХІ ғасырдың сұранысы әлемдік білім көшіне ілесе алатын, құзыретті тұлғаның қалыптастыруға бағытталған. «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» тәрбиенің мақсаты: ата-анасын қадірлеп, қастерлейтін, туған жерін, Отаны Қазақстанды сүйетін, қазақ тілін, мәдениетін, тарихын меңгерген және ардақтайтын, толерантты, халықтар достығын, ел бірлігін сақтайтын, дені сау, жан дүниесі бай, еңбекке бейім, ана тілін және шетел тілдерін еркін менгерген, сапалы білім алған, құзыретті, дарынды, өзінің болашақ кәсібін таңдай алатын азамат тәрбиелеу мәселесі қоғам алдына қойылып отыр.

Қазақстан Республикасы бүкіләлемдік білім кеңістігіне енуді мақсат етуіне орай, үздіксіз білім беру жүйесінде түбегейлі өзгеріске түсуі тұлғаның тәрбиелік, мәдени деңгейін әлемдік жетістіктер деңгейіне көтеруді, жаңаша пардигманы қажет етеді. Тәрбие парадигмасы қоғамның дамуына байланысты, мақсат, міндеттеріне сәйкес өзгеріп отыратын жаңашыл әдіс тәсілдерді, ұстанымдарды, тұғырларды қажет ететін зерттеу әрекеттерін қалыптастырады. Білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне кіріктірілуі де тәрбиеге жаңаша көзқарасты - жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан қарастыруды көздеп отыр.

Демократия құрып жатқан Қазақстан Республикасы үшін, оның ішінде құқықтық реформаның басты субьектісі болып отырған қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған, дәстүрлі құқықтық құндылықтардың ұлт менталитетінде алатын орны ерекше.

Қазіргі кезде философиялық әдебиеттерде құқықтың мазмұны мен табиғатын ашуға тұрақты екі көзқарас қалыптасқан. Бірінші, тиым салу, немесе дәстүрлі құқық. Екіншісі, либералдық, яғни адамның табиғи құқы мен бостандығын паш ететін көзқарас. Дәстүрлі көзқараста құқық пен заң бір деп қарастырылады және олардың арасында айырмашылық жоқ. Құқық адамдардың мінез-құлқын реттейтін, мемлекет тарапынан үнемі қолдау



  1. әл-Фарабидің философиялық трактаттары. – Алматы, 1973. – 318 б.

тауып отыратын жүйе. Бұл жүйені бұзғандар жауапқа тартылып жазасын алады. Бір ауыз сөзбен айтсақ ”рұқсат етілмегендердің бәріне тиым салынады”. Екінші көзқарас ХVІІІ ғасырда ағартушылық философия шеңберінде пайда болды. Бұл бағыттың өкілдері И.Кант, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, Ч.Беккариа т.б.

Олардың ойынша, құқықта бірінші тиым салу немесе жазалау, адамның іс-әрекетін шектеу емес, керісінше адамның еркіндікке, бостандыққа деген құқығы. Құқық ұғымының алғашқы мәні: адамның өмір сүруге, меншікке, қауіпсіздікке, ар бостандығына, сөзге, көшіп-қонуға құқылы деді. Табиғи қарапайым құқыққа мемлекет ешқандай шек қоймауы керек.

Сонымен құқық мәселесіне екі методологиялық көзқарас пайда болды, біріншісі, адамдардың іс-әрекетіне, мінез-құлқына тиым салу арқылы қоғамда тыныштық пен тәртіп сақтау, екіншісі, жеке бастың еркіндікке құқы. Әрине бұл екі көзқарастар бірімен-бірі тығыз байланысты, дегенмен де, бүгінде құқықтық мемлекет құру либералдық құндылықтар негізінде жүргізілуде. Қазақ менталитетіне либералдық құқық жақын екенін айтуға болады, оның тамыры тереңде жатыр. Олардың мазмұны мен ауқымы мемлекеттік құқыққа қарағанда әлде қайда кең. Егер мемлекеттік құқық мемлекетпен бірге бір мезгілде пайда болса, жеке бастың құқығы мемлекет пайда болғанға дейін өмір сүрген. Ол мәдениеттің ажырамас бір бөлігін құрай отырып, халық даналығы негізінде, моральдық-этикалық қағида, салт-дәстүр, әдет арқылы реттеліп отырған. Сондықтанда құқықтық құндылықтардың жеке тұлғалық мағынасы адам мен дүние қатынасын қамтыса, мемлекеттік құқық, адам мен мемлекет институттарының ара - қатынасынан туындайды. Бірінші қатынас биресми, қалыпсыз, қалыпқа келе бермейтін немесе өте қиын келетін болса, екіншісі қалыпты сақтауға үнемі ынта танытып отыратын құбылыс. Әрине жеке бастың құқықтық құндылықтары мен мемлекеттік құқық ұғымы арасында үнемі қайшылықтар болып тұрады. Бұл заңды құбылыс.

Құқықтық мәдениетті ұлт менталитетінің темірқазығына айналдыру дегеніміз – ұлттық сана-сезімнің құқықтық беріктігін күшейту, агрессиялық пиғылдағы ойлар мен іс-әрекеттерге заң жүзінде тойтарыс берудің рухани қамалын жасау. Халық болып Ата заңды қорғау, оны бұлжытпай орындау құқықтық мәдениеттің көзі болады.

Дін адамзат қоғамында адамзат санасынан тысқары өмір сүрген жоқ. Ол қоғамдық өмірдегі сананың бір бөлігі болып саналады. Сондықтан оны қоғамнан тысқары қарауға болмайды. Ол әлеуметтік өмірдің мәніне кірігіп кеткен құбылыс.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясаттың басты бағыты ретінде “мемлекеттік оқу орындарында жастарға діни ұғымнан тысқары ғылыми көзқараста білім беріледі және ол діни бірлестіктерден бөлектенген”, - деп білім беру саласындағы саясаты ашық көрсетілген.

Ата-аналар өз баласын отбасында өз көзқарастарынша тәрбиелеуге құқылы, бірақ бұл істе баланы күштеп дінді мойындатуға жол берілмейді.

Дінді оқытуда оны адамзат мәдениетінің бір бөлігі ретінде қарастыру керек. Барлық дінде сүйіспеншілік, үміт, бейбітшілік, әділдік, ізгілік, қайырымдылық деген ұғымдарға бірыңғай көзқарас бар. Жастарды адамгершілік қасиеттерге, құндылықтарға тәрбиелеуде діннің таза ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейтін ұстанымдарына ден қоюға болады.

Кез келген халықтың рухани-адамгершілік өмірінде халықтық педагогика бай және сан-алуан, өйткені ол түрлі этникалық ұлыстардың мыңдаған жылғы тәжірибесімен жасалған педагогикалық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Халықтық дәстүрлер әрқашан адамзаттық дамудың барысында, өзін этикалық халықтық сананың табиғи құрамдас бөлігі екенін көрсетті. Соған қарамастан дәстүрдің ескісі мен жаңасы да өзгеріске ұшырауда. Бірақ олардағы басты нәрсе - өтіп бара жатқан ұрпақ пен келер ұрпақтың арасындағы жанды байланыс болып сақталып келеді. Сондықтанда осы заманғы тәрбиенің мәні - халықтардың озық ізгілік дәстүрлерін қайта жандандыру арқылы ұрпақтардың адамгершілігін нығайту болып табылады.



Ұлттық мәдени құндылықтарды тәрбиелеу жүйесінде қолдану. Еліміздегі бейбітшілік пен ұлтаралық бірлік, ішкі және сыртқы саясат мәселелері, соның ішінде ұлтаралық мәдениетті қалыптастыру мәселесі негізгі орын алады. Сондықтанда, біздің алдымызда тұрған негізгі міндет ұлттық мәдениет пен әлемдік өркениетті өзара сабақтастыра отырып бүгінгі ХХІ ғасыр ағымына лайықты тұлға қалыптастыру. ХХІ ғасырағы мына лайықты тұлға – өз ана тілін білетін, басқа тілі құрметтейтін, тарихи зердесі жоғары, ұлттық салт-дәстүрден нәр алған, әлемдік ғылыми-техникалық прогресс көшіне ілесе алатын адам.

Бүгінгі ХХІ ғасыр жастарына тәрбие беруде халықтық тәлімдік мұраларға тоқталмай кетуіміз мүмкіне мес. Ұлттық тәрбие көне түркі тектес халықтар дәуірінен бастау алады дейтін болсақ, тәрбиенің негізгі көзіне – көне тастағы жазбалар, халық ауыз әдебиеті мұралары, этнографиялық материалдар, халықтық салт-дәстүрлер, отбасы тәрбиесі жатады.

Ұлттық тәрбиенің мақсатына тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.

Құндылық деген ұғым философиядағы, қоғамтанудағы және педагогикадағы негізгі құбылыстардың бірі болып табылады. Мәселен, философияда құндылық қоршаған дүниедегі объектілердің әлеуметтік ерекшеліктерін, олардың адаммен қоғам үшін, қоғамдық өмірмен табиғаттағы құбылыстардың дұрыс немесе бұрыс мәнін (игілік, жақсылық пен жаманшылық, әсем және көріксіздік) түсіндіру үшін қолданылады.

Мәдени-тарихи тәжірибе дәлелдегендей жалпы әлемдік құндылық болып саналатын: қайырымдылық, сүйіспеншілік, еркінділік дегендерді педагогикада адамгершілік өлшемдердің көрсеткіші деп санайды.

Тәрбиенің негізі болып саналатын жалпы әлемдік құндылықтардың бірі – тәрбиенің басқа адамға деген қажеттілігі, басқа адамдарды сүйе білу қажеттілігі болып табылады. Әр адамның тағдыры әрқашан әлемдік дүниемен, адамдармен, ұжыммен байланысты. Сондықтан демократияландыру, адамның құқығы мен бостандығын сақтау жағдайларында ұжымдағы қарым-қатынас мәселелері бұл күнде ерекше маңызға ие болуда.

«Құндылық» философия, психология, педагогика ғылымдарындағы негізгі ұғымдардың бірі болып табылады. Мысалы, философияда құндылық дүниедегі объектілердің ерекшеліктерін адам мен қоғамға, қоғамдық өмір мен табиғаттағы құбылыстардың дұрыс немесе бұрыс мәнін көрсетету (игілік, жақсылық пен жаманшылық, әсемдік пен көріксіздік) үшін қолданылады.

Сондай-ақ, құндылықты құбылысты қоғамдық сана түрінде (әділеттілік немесе әділетсіздік) сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге оларға баға береді, оларды мақұлдайды немесе айыптайды және олардың жүзеге асуын талап етеді немесе кемшілікті жоюдың өлшемі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтардың арасында философтар мен прогресшіл ойшылдар мен педагогтар әрқашан бірінші орынға адамның құқығын, оның бостандығын және соған сәйкес келетін тәрбие мен білімді бөліп қарастырған.

Кез келген халықтың өмірінде жалпыадамзаттық құндылықтардың орнығуы қоғамның тарихи дамуының заңды нәтижелері болып табылады. Адам құқығының адамгершілік мүмкіндігі басқа жалпыадамзаттық құндылықтар сияқты ғасырлар бойы жинақталып, жаңа үлгінің негізінде адамның мінез-құлқын реттеуші ретінде қызмет етеді.

Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда, оларға адамзат баласының қол жеткен қоғамдық-тарихи тәжірибесімен қатар, қоғамдық-этикалық қалыптар мен ізгілікті-адамгершілікті игеруге болатынын тәжірибеден көруге болады. Жалпыадамзаттық құндылықтар халықтық дәстүрлерде, адамгершілік принциптерде, діни мәдениетте нақты жазылып қойылған және әлеуметтік ойдың озық белгілері, жеке тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері жинақталған күйде, әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде көрінеді.

Ғалым-педагогтар осы заманғы педагогиканың алдында басты екі міндет тұр деп көрсетеді. Біріншіден, педагогиканы жалпыәлемдік құндылық (педагогикада адамды жақсы көру және адам бостандығын қамтамасыз ету) деңгейіне көтеруге әрекет жасаған жөн. Екіншіден, барынша жетілген адамзаттық идеалды құру. Осы екі міндетті кіріктіріп адами мұрат жасауда бостандық пен сүйіспеншілік сияқты құндылықтарды да ескеру қажет.

Жалпы әлемдік құндылықтар – түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс. Сол себепті де ол жалпыадамзаттық деп аталады. ХХ ғасырдың соңында Халықаралық топ алғаш рет дүниежүзілік тарихта адамның құқықтары туралы халықаралық негізге алынатын құжаттар жасады. “Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы”, “Баланың құқықтары туралы конвенция” және т.б., оларда тәрбиенің әдіснамасы мен теориясы, жаңартылған мақсат пен мүдделер қарастырылған. Онда халықтардың рухани құндылықтарын дамытуда жаңа көзқарастарға негізделген халықаралық стандарт болып табылатын жалпыадамзаттық құндылықтар - адамның құқықтары мен бостандығы көрсетілген.

Қазақстан Республикасы аталған құжаттардың басты идеяларын білім саласында негізге алды. Мектептегі тәрбие жұмысын жалпы әлемдік құндылықтарға негіздей отырып, жаңа құндылықтар жасауға талпыныс жасау көзделуде. Оның мәні жас ұрпақты басқаларда бар нәрсені бағалай білуге үйрету, жалпыадамзаттық дамуға үлес қосуға, халықтардың күш-жігерімен жасалған құндылықтарды құрметтеуге және қорғай білуге тәрбиелеу.

Педагогикалық үдерісте оқушылардың рухани байлығын арттыру үшін әр халықтың жетістігімен бірге алуан түрлі мәдениетін пайдалану да қарастырылады.

Жалпыадамзаттық құндылықтарды игерудегі - маңызды құрал ана тілі. Тіл арқылы кез келген халықтың даму дәрежесін, оның тарихын, мәдениетін түсінуге болады. Өз ұлтының тілін, музыкасын, әдет-ғұрпын, ауыз-әдебиетін, мақал-мәтелдерін білмеу, ол өз халқынан, өскен ортасынан, ұлттық менталитетінен жұрдай болып, қол үзу болып табылады. Өз халқымен рухани байланысы жоқ адам, тамырсыз өскен өсімдік, қуыс кеуде болып қалады. Ондай адамды космополит деп атайды. Өз халқының тілін, мәдениетін білмейтін адам өз халқының тарихын, әдет-ғұрпын мақтан ете алмайды. Тіл – ол тек ұлттардың қарым-қатынас құралы ғана емес, ол сонымен қатар оның бейнесі, мәні, дүниетанымының шегі. Адамның сөйлеу мәнерінде ұлттық ерекшелік көрініп тұрады. Әр жеке тұлға өз ұлтының рухымен сомдалуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет