Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері


Тәрбие үдерісінің қағидалары: ізгілік бағыттылығы, жалпыадамзаттық құндылықтар, мәдениеттілік, үздіксіздік, табиғилық, тұтастық, ұлттық т.б. бірі бірімен сабақтастықта кешенді түрде үйлескенде тәрбиен



бет4/165
Дата11.01.2022
өлшемі415,77 Kb.
#111271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   165
Байланысты:
Тәрбие теориясы, әдістемесі ЭЛЕКТР.ОҚУЛЫҚ 2017 Иманбаевой

Тәрбие үдерісінің қағидалары: ізгілік бағыттылығы, жалпыадамзаттық құндылықтар, мәдениеттілік, үздіксіздік, табиғилық, тұтастық, ұлттық т.б. бірі бірімен сабақтастықта кешенді түрде үйлескенде тәрбиенің жетістікке жетеді.


Тәрбиенің ізгілік бағыттылығы - тәрбие мазмұнының құндылық, дүниетанымдық бағытын немесе құндылықтар жүйелерін және өмірдің мәнін , рухани байлықты түсіну, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу; жалпыадамзаттық және ұлттық мәдениетті игеру; әлеуметтендіру, қоғамдық тәжірибені жинақтап, тұлғаның азаматтық іс-әрекет тәжірибесін дамыту; тұлғалық бағдарын дамыту (өзін-өзі тану, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бақылау, өз өмірін ұйымдастыру қабілетін жетілдіру); тұлғаның денсаулығы мен тән түзілісіне байланысты табиғи бағдарын ескеру.

Жалпыадамзаттық құндылықтар - халықтық дәстүрлерде, адамгершілік үдерістерде, жеке тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері жинақталған күйде, әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде, түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс.

Мәдениеттілік - адамзат игілігі ретінде ұрпақтанұрпаққа, материалдық және рухани байлық жасауынан көрінетін, қоғам мен адамның белгілі тарихи даму дәрежесі, қазақ халқының мәдени мұраларында мемлекет құраушы ұлттың дүниетанымы, тілі мен ділі, болмыс-бітімі көрініс тауып, олар ұлттық мәдениетті адамды қоғамға лайық тәрбиелеу, жетілдіру, қызмет істетуОтан, адам, тұлға, өмір, адамдардың бір-біріне мейрімділік қарым-қатынасы, шыншылдық, әділеттілік, білім, ғылым, өнер адамның өмір сүруіне деген материалдық жағдайдың болуы.

Ұлттық тәрбие беру - әр адамзаттың өз Отанына деген саналы қатынасын, мемлекеттік тілді, мемлекет құрушы ұлттың мәдениетін меңгеруді, мемлекеттің ұлттық бірлігін нығайту қажеттілігін түсінуді қалыптастыру. Сонымен бірге тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне мақтанып, ұлттық рухты күшейтуге, азаматтық борыш, перзенттік парыз ұғымдарын дұрыс қалыптастырып бағыттауға, болашақ мамандардың кәсіби жауапкершілігін дамытуға ықпал ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет