1.2 Тәрбиенің тарихи алғы шарттары
Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген аз уақыт ішінде әлемдік қоғамдастыққа толық құқылы және беделді мүше болды, әлемдік экономикалық және мәдени кеңістікке белсенді түрде кіріге бастады, жастардың жаһандану процесіне кірігуі аясында қарқынды білім беру, ақпараттық және мәдени өзара алмасуға белсенді қатыса алатынын көрсетуі де ХХІ ғасыр жастарының табыстылығы мен құзыреттілігінің нәтижесі деп бағалауға болады.
Тәрбие үдерісіні ұйымдастырудың әдіснамалық негіздерін айқындауда қай ғасыр, қай дәуір болсын тұжырымдамада қамтылған ұстанымдарды басшылыққа алғанын байқамыз: тұлғалық-бағдарлы көзқарас, құндылықты (аксиологиялық) көзқарас, құзыреттілік көзқарас, әлеуметтік көзқарас, антропологиялық көзқарас, гуманистік бағыт мәдени сәйкестілік, табиғи сәйкестілік, этникалық т.б..
Тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастырудың тарихи алғы шарттарын айқындағанда қазақ елі тәрбие мәселесіне аса мән бергенін көреміз. Сақ, ғұн дәуірінен, Түркі қағанаты, Алтын орда тұсынан бастау алған тәрбие өз өзектілігін жойған жоқ.
ҮІІІ-ІХ ғ.ғ. Орта Азия, Қазақстан елдерінде ұлттық мәдениет, тәрбиенің бастаулары Әбу Насыр әл-Фараби “Бақытқа жетудің жолы”, “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Азаматтық саясат” т.б., Жүсіп Баласағұнидің “Құдатғу білік” (“Құтты білік”), Махмұт Қашқари (ХІ ғ.) “Диуани лұғат ат-түрк” (“Түркі сөздерінің жинағы”), Ахмет Йугінеки (ХІІ ғ.). “Ақиқат сыйы” атты дастаны, Ибн Синаның “Медицина ғылымының заңдары” (“Каноны”), “Саулық сақтау кітабы”, Мұхаммед Хайдар Дулатидің “Тарих-и Рашиди”, Қадырғали Жалаиридің “Жаримат-ат тауарығы” т.б. ғұламалардың еңбектерінде негізгі орын алады.
Ойшыл-философ, социолог, математик, физик, астроном, лингвист, психолог, педагог, музыка зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фарабиді (870–950) Отырарда туып, білім алып, кейін Бұқара, Мерве, Хоране, Александрия, Бағдат, Каир, Дамаск, Шам, Халеб сияқты мұсылмандық шығыстың көптеген қалаларында өмір сүріп, түркі, араб, парсы, грек, латын, санскрит және т.б. тілдерін жетік меңгереді. әл-Фараби “Бақытқа жетудің жолы”, “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Азаматтық саясат” трактаттарында “Жан қуаты” “бақыт” дегеннің не екендігін, оған жетудің жолдарын, өмірде ізгілік пен зұлымдықты ажырата білу, игілікті орнықтыру, зұлымдықтан арылу қарастырады. Бақыт – қайырымды адамдардың мәртебесі, кемелденушінің жаны мен тән қуатының жетістігі, тұтас дүниемен үйлесімділікте өмір сүру қабілеті»,- дегенді айтады.
Түркістан өлкесінде дүниеге келген түрік әлемінің ойшылы Қожа Ахмет Иасауи (1094–1167) болды. Оның “Дүнияуи Хикмет” атты дастанында дүниені танып білу – өзіңді-өзіңнің тану, бағалау, жетілдіру дегенді білдіреді. Ақиқатқа жету, шынайы өмір. Адам өзін-өзі тану бұл өзіндік жетілу. Осы тарихат жолында адам өзін ұстамдылыққа, жетілдіруге шақырады. Сол шынайы қасиеттері арқылы сүйіспеншілік пен махаббат идеясын ұсынады. “Өзін білгені – хақты (жаратушыны) білгені, құдайдан қорқып ынсапқа келгені”.
Қазақ хандығы жаңа мемлекет болып қалыптасу барысында (1470–1731 жж.) тәуелсіз ел болып, дербес өмір сүрді. Бірнеше ауыр қасіреттерді, жойқын соғыстарды бастан кешіріп, тіпті жер бетінен жойылып кете де жаздады. Жәнібек, Керей, Қасым хан мен Есім, Хақназар, Тәуке, Абылай хандардың дипломатиялық ел билеу саясаттары мен жарғылары ерекшеленіп көзге түсті. Хандар халықтың бірлігі үшін ел ішіндегі сөзі куәлі, аузы дуалы билер мен ақын-жырауларды хан сарайы маңына топтастырды. Олар хандардың ел билеу саясатын қара халыққа түсіндіріп бақты.
Ақын-жыраулар мен билер хан қасында отырып, оларға ақылшы бола білді. Өздерінің өлең-жыр, толғауларымен халықты хан айналасына топтастырып, ел мүддесін қорғауға, береке-бірлікке ұйытқы болды. Яғни олар ханға да, қара халыққа да тәлімгер тәрбиеші, ақылгөй ұстаздық рөлді атқарып келді. Солардың ішінде әр ғасырдың көрнекті өкілдері: Майқы, Асан қайғы, Қазтуған, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалаири, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Әнет баба, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Жиембет, Ақтамберді, Доспамбет, Үмбетей, Бұқар т.б. жыраулар мұралары негізгі орын алады. Хандық дәуірдегі мәдени мұраның аса мол және бай түрі билердің шешендік сөздері мен ақын-жыраулардың терме, толғаулары өзі сүрген ғасырда да, қазіргі таңда да тәриелік маңызы өте жоғары.
XVІІ ғасырдағы тәлімдік мәні зор жазба мәдени мұраның бірі –“Жеті жарғы” атты заңдар жинағы. “Жеті жарғы” – Тәуке ханның (1678–1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды. “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолымен” байланысты туындаған билік заңдарын түздіріп, оларды одан әрі жетілдіруге арналған жаңа заңдар жүйесін болып табылады.
Ал қазақ халқының тарихы, рухани - мәдени құндылықтарының даму тарихы Бартольд В.В., Потанин Г.Н., Радлов В.В., Ә.Диваев, Абай, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Н.Құлжанова, Ш.Алжанов, С.Қожахметов, Х.Досмухамедов, С.Торайғыров, Н.Төреқұлов т.б. еңбектерінде ақиқат тұрғысынан ғылыми негізделеді.
Ы.Алтынсариннің қазақ мектебінің негізін салуда орны ерекше. Мектептерге оқу құралдарын жазумен қатар, тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастыруда “Мұсылмандық тұтқасы” (“Шараит-ул-ислам”) кітабын жазды. Бұл кітаптың жазылуының негізгі себебі, ислам дінінің аяттарындағы адамгершілік, иманжүзділік, қайырымдылық қағидаларын өзінің педагогикалық көзқарастарына негіздей отырып түсіндіруді көздеді.
Тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастырудың тарихи алғы шарттары Абай Құнанбаевтың еңбектерінде жатыр. Ұлы ақынның негізгі миссиясы «Толық адамды» қалыптастыру. Отыз төртінші қарасөзінде “адамның туысы, дене бітімі, шыққан жері, бармақ жері бәрі бірдей… Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмарлығы. Екіншісі – білсем екен деу – жан құмарлығы”… (жетінші, қырық үшінші сөз) деп ой түйіндей келе, “адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым… ол талаптылықпен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі…”, - тәрбиенің негізгі қағидаттарын береді.
“Ақыл – ардың сақтаушысы” дей отырып, адамгершілік тәрбиенің негізгі бағыттарын көрсетеді. үшін күресуді дәріптеген ұлы ағартушы –
Ынсап, ұят ар-намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап…
Терең ой, терең ғылым іздемейді
Өтірік пен өсекті жүндей сабап, – деп кейбір жастардың іс-әрекетіне кейістік білдіреді, ар тазалығын дәріптейді.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой.
Бес асыл іс көнсеңіз, – деп, ел қамын ойлаған жастардың бойында қандай қасиеттердің болуы керектігін тізбектейді.
ХХ ғасырдың басында ұлт зиялылары А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Шоқай, т.б. ұлттық білім мен тәрбие жүйесінің, зиялы қауымның негізін қалады. Зиялы қауым өкілдірінің негізгі миссиясы - бақытты зиялы ұлтты қалыптастыру еді.
М.Жұмабаев ұлттың бақытты болу үшін неге көңіл аудару керек екенін нақты көрсете білген ғалым. Ғалымның айтуынша «Ұлт бақыты - тәрбиеден мақсұт адамды һәм сол адамның, ұлтын асса, барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі - әрбір адам бақытты болса, ұлт бақытты, адамзат дүниесінің мүшесі - әрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты”, - қоғам мүшелерінің бақытты болуы ұлт бақытының негізі екеніне тоқталады.
М.Шоқай өзінің «Ұлттық зиялы» аталатын мақаласында зиялы деген ұғымға «Ұлттық зиялы деп кімдерді атаймыз», - деп сұрақ қоя отырып, «ұлттық зиялылыр қатарына тек өз халқының саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына қалтықсыз қызмет ете алатын адамдар ғана кіре алады» деп ұлт зиялысының өмірі ел мүддесімен өзара үйлесімді болғанын көрсетед.
Ахмет Байтұрсынов жалпы ұлттық негіздегі оқыту жүйесінің негізін салумен қатар, ұлттық тәрбие мәселесіне аса мән берді. Оның қаламынан туындаған “Әліпби”, “Тіл құралы”, “Әдебиет танытқыш” т.б. ғылыми жұмыстары қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың теориялық және әдістемелік жүйесін негіздеп берді.
А.Байтұрсынов әлемдік классикалық еңбектерді қазақ тіліне тәржімелеу арқылы олардық біздің қоғамды дамытуға мысал ретінде ұсынды. Орыс әдебиетінің классигі И.А.Крыловтың туындыларын аударып, “Қырық мысал” атпен баспадан шығарды. Қазақ халқының бойында бар сыңаржақты жалқаулық, алауыздық т.б. нашар қасиеттерден құтылу жолдарын тәрбиелік қағида ретінде ұсына білді.
“Қазақтың өкпесі” атты мақаласында “Өзге жұрттар өнер-білім қуғанда, қазақтың хандары да, халқы да ғылым, өнерді керек қылмаған. “Шаруаңды түзет. Жалқаулықтан арыл, адал еңбек ет, кәсіп үйрен, тер төк... Дүниеде елге теңдік, кемге кеңдік беретін, азды көпке теңгеретін ғылым мен өнерді үйренейік ағайын!” – деген ұлы сөзі бүгінгі таңда қазақ елінің тарихында өз деңгейіне жеткен табысты іс - әрекеттерден көрініс беріп жатқаны байқаймы.
1913 жылы “Қазақ” газетінде басылған “Оқу жайы” атты мақаласында “Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның бар байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші. Мұның себебі бұл заманда не нәрсе болмасын машинаға айналды. Адам баласын көкке құстай ұшырған, суда балықтай жүздірген ғылым. Дүниенің бір шетінен бір шетіне шапшаң хабар алғызып тұрған да ғылым. Отарба, откемелерді жүргізген ғылым” деп
Абай. Қара сөздер. – Алматы: Ел. 1993. - 272 б.
Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Рауан, 1998. – 112 б.
Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы: Жалын, 1991.
әлемдік білім кеңістіген кіріктірілу үшін мәдениет, білім, ғылым екенін айқан ұсыныстар ХХІ ғасырдың басында өз мәресіне жетті деп айта аламыз. “Қазақша оқу жайынан” атты мақаласында да “Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі... қазақ ішіндегі неше түрлі кемшіліктердің көбі түзелгенде оқу-біліммен түзеледі” – деген қағидаты да сол кезде өте көкейкесті мәселе бүгінгі жаһандану ғасырында өз мәресеніе жетіп, шешімін тапты.
Ғұламаның “Қазақтың өмірі орыс халқымен тығыз байланысты”,- деген ұсынысы Елбасының бүгінгі таңда әлемдік тіл ағылшын тілін менгеруге деген ұсынысымен сабақтасып жатыр.
А.Байтұрсынов оқыту үрдісінің тәрбиелік мәніне аса мән берген оның еңбектерінен, әсіресе “Әдебиет танытқыш” атты оқулығынде “Өнер дүниесі ғылым арқылы да жасалады. Ол адам еңбегін жетілдіруге, жаңалық табуға, табиғатты меңгеруге, адамдардың әлеуметтік-өмірлік қажетін өтеуге қызмет етеді... Мұнан басқа адамның рухани қажетін өтеу үшін қызмет ететін түрлері бар. Ол көрнек өнері (искусство), ол беске бөлінеді: біріншісі – сәулет өнері, екіншісі – сымбат өнері, үшіншісі – кескін өнері, төртіншісі – әуез (музыка) өнері, бесінші және ең бастысы сөз өнері (“өнер алды қызыл тіл”)” – деп педагогикалық шеберліктің маңызы, қоршаған орта, табиғат тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін негізгі күш, әсемдік пен сұлулық өнері, сөз мәдениеті,- деп атап көрсетуі де жан - жақты тұлғаның дамуының негізгі критериийлері екенін көреміз.
Ж.Аймауытов жазушылығымен қоса қазақ топырағында тұңғыш педагогика, психология, көркемөнер ғылымдары саласында қалам тартып, құнды-құнды ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуымен, бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы болуымен дараланған ірі тұлға.
Ж.Аймауытов өзінің тәлім-тәрбие саласындағы бағыт-бағдарын 1918 жылы ақпан айында Семей қаласында шыққан әдеби және ғылыми-қоғамдық “Абай” атты журналдың бас мақаласынан аңғартады. Онда Аймауытов: “…қазақ сахарасында мыңмен жалғыз алысып, жапа шеккен ұлы ағартушы Абайдың көздеген мақсаты халқын өнер-білімге, оқуға, отырықшылыққа, мәдениетті ел дәрежесіне жеткізу еді” – деп жазады. Ол Абай ұстанған ағартушылық жолды тыныс-тіршілігінің негізгі арқауы етіп алды.
Абай журналының 1918 жылғы 1,2 сандарында Аймауытовтың “Тәрбие” атты көлемді мақаласында тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер ғылыми тұрғыдан терең баяндалған.
Ж.Аймауытов “адам мінезінің, ақыл-қайратының әртүрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан… Адам баласының ұрлық істеуі, өтірік айтуы, кісі тонауы, өлтіруі сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен” дейді. Ол тәрбиенің екі түрлі болатынын: дене тәрбиесі және жан (рух) тәрбиесі болып бөлінетіндігін атап көрсетеді.
Аймауытов балаға әсер ететін нәрсе медресе (мектеп) және тәрбиеші (мұғалім) деп санайды.
Автор ең алдымен бала тәрбиесіндегі отбасының рөліне ерекше тоқталады. “Баланы бұзуға, яки түзеуге себеп болатын бір шарт жас күнде көрген өнеге. Ол өнеге әке-шешенің тәрбиесі арқылы қалыптасады. Ата-ананың берген тәрбиесі баланың мінезіне салған ізге байланысты. “Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі” деп атамыз қазақ тауып айтқан. Балаға қайырымдылықты, қаталдықты, кішіпейілділікті, күйгелектікті, шыншылдықты, өтірікшілікті беретін кім? Ол, әрине, ата-ананың тәрбиесі. Баланың бойына басынан сіңірген мінезді қайта түзету қиындық келтіреді. “Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді” деген сөз ата-ана тәрбиесінің күштілігін көрсетеді…” – деп автор бала мінезін қалыптастырудағы жанұя мүшелерінің, әсіресе әке-шешенің ықпалын айқын ашып берді. Ол отбасында теріс тәрбиеленген баланы қайта тәрбиелеудің үлкен қиындық келтіретінін айтады.
Ж.Аймауытов өнегелі үйелменнен бұзық мінезді баланың шығуы немесе тәрбиесі нашар отбасынан да тәрбиелі, өнегелі баланың өсуі мүмкін дей келеді де, бұл айтылғандар өскен ортаның, замандас, жолдас-жора, құрбы-құрдастың ықпалынан, соларға еліктеуден болатынын дәлелдейді.
Тәлімгер-ғалым бала тәрбиесіне туған елдің әдет-ғұрпы мен салт-санасының да белгілі мөлшерде әсер ететінін ғылыми тұрғыдан дәлелдей түскен. Ойын-сауық, өлең-жырды естіп өскен елдің баласы өнерге бейім болады, діндар елдің баласы діншіл келеді. Жастайынан кемдік, жоқшылық, қағажу көріп өскен ауылдың баласы жасқаншақ, бұйығы болады деп қоғамдық салт-сана, әдет-ғұрыптың тәрбиеге тигізетін ықпалына тоқталады.
Ж.Аймауытов “Тәрбиенің негізгі мақсаты – мінезді түзеу, адамшылыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу” деген қағиданы қуаттай келіп, “Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, айтып ұқтырғаннан гөрі, бала көргеніне көп еліктегіш болып келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек” – дейді.
Ж.Аймауытовтың педагогика ғылымы саласындағы жүйелі ой-пікірлері оның 1924 жылы Орынборда басылған “Тәрбиеші жетекші” атты еңбегінен жақсы байқалады. Бұл еңбекте Аймауытов “Баланы оқытудың белгілі ереже заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогиканың негізгі бөлімі – дидактикаға ғылыми анықтама берген. Оның пікірінше, мұғалімнің айналысатыны – үнемі қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдістен табан аумай шектеліп қалуға болмайды… Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер… Дидактика мұғалімге жалпы жол-жоба көрсетіп, жетекшілік етеді… сыннан өткен тиімді деген жолдарды ғана нұсқайды” – деп оқыту, білім беру әдісінің қатып-семіп қалған догма емес, үнемі ізденуден туатын іс-әрекет екенін дұрыс атап өтеді.
Автор білім алуды күнделікті өмір тәжірибесімен ұштастыра білудің қажеттігін, мектепте алған білімнің келешек өмірдегі мамандыққа қазық болатынын жақсы айтқан.
Ж.Аймауытов білім негіздерінің ана тілі арқылы меңгерілетінін айта келе: “Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып өзге пәндерге түсіну мүмкін емес. Ана тілі халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы болып, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерек. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы мол халықтың тілі” – деп оның қоғамдық рөлін, адамзат баласы жасаған бар рухани-мәдени байлықты меңгерудің басты құралы екендігін, оны жан-жақты және терең меңгерудің қажеттігін баса көрсетеді.
Автор адамның жан қуаттарының өсіп-жетілуінде тарих пәнінің алатын орнын былайша сипаттайды: “Осы заманғы ғылымның көбі тарихпен тікелей байланыста жатыр. Тұрмыс жүйесі, әлеумет заңы, заң, пәлсапа, әдебиет, мәдениет, өнер – бәрі тарихтан қозғайды. Әр ғылымның тарихы бар. Осы тарихтың бәрі – жалпы азамат тарихымен байланысты”. “Тарихты оқып білу арқылы шәкірттерге қазіргі өмір мен өткен заманның байланыс заңдылықтарын ажырата білерлік сана туғызамыз”, – дейді.
Ж.Аймауытов адам баласының мәдениет тарихынан өнердің көрнекті орын алып келгенін, өрнексіз қоғамның дамуы, рухани байлықтың молаюы мүмкін емес екендігіне тоқталып, ұлт мектептерінде әуелі кескін өнері мен әуез өнерін, яғни сурет салу, ән-күй өнерін үйретуге негіз салу керектігін, әрбір баланың өнерге деген ынтасын қозғап, өнерпаздық қабілетін тәрбиелеудің қажеттігін баса айтады.
Психология саласында да өндіре еңбек етіп, артына көп мұра қалдырып кетті. Оның екі кітабы: “Психология” (376-бет, 1926 ж.), “Жан жүйесі және өнер таңдау” (80-бет, 1926 ж.) осы ғылым саласынан жазылған тұңғыш төл туындылар. Ж.Аймауытов “Тәрбиеге жетекші” (1924), “Комплексті оқыту жолдары” (1929), “Жаңа ауыл” (1930) дейтін еңбектерінде де психологиялық мәселелерге ерекше мән берген.
Ж.Аймауытовтың психологиялық мұрасы туралы айтқанда, оның “Психология” атты төл оқу құралы толығырақ сөз етуді қажет етеді.
“Психология нені сөйлейді?” дейтін бірінші тарауда осы ғылымның екі жарым мың жылдық тарихынан біраз мағлұмат береді. Бұл жерде рационалистік (ақыл-ой), эксперименттік (тәжірибе) психологияның жай-жапсарын баяндайтын беттері өте тартымды. Кітаптың екінші тарауында адамның жан-дүниесін, мінез-құлқын зерттеуді қайтып ұйымдастыруға болатындығын айта келіп, (бақылау, анкета, әңгімелесу, тәжірибе әдістерінің мән-жайын) тәптіштеп түсіндіреді. Ол – жан дүниесінің заңдылықтарын зерттеуде математиканы, оның вариациялық статистика дейтін саласын қалайша пайдалануға болатындығын қазақ топырағында алғаш рет сөз етеді. Кітаптың үшінші тарауы “Тірі заттардың қылығын жалпы мінездеу” (қазіргі терминде “Психика және сана”) деп аталады. Мұнда психофизикалық және психофизиологиялық құбылыстар, атап айтқанда, организмнің, тітіркенушілік пен сезгіштік қасиеттерінің ерекшеліктері, жануар мен адамның дағды, инстинктері (соқыр сезімдері), бұлардың бір-бірінен айырмашылықтары, өсімдіктер дүниесіндегі тіршілік белгісі (тропизмдер) ғылыми талдауға алынады.
Ал Ж.Аймауытов “Жан жүйесі мен өнер таңдау” (Мәскеу, 1926) атты еңбегінде ғылыми психологияда кең тараған анкета, байқау әдістері арқылы мамандық таңдау жолындағы талпыныстарын тәжірибе арқылы анықтағысы келген. Зерттеудің басты мақсаты: Қазан төңкерісінен кейінгі жаңа заманның кезінде жастарға мамандықты дұрыс таңдай білуге жәрдемдесу…
Аймауытов еңбектерінің ерекше назар аударатын басты ерекшелігі – бұлар төл тілімізде туындаған тұңғыш психологиялық дүние болуымен қатар еліміздегі отызға жуық түркі тектес халықтар тілдерінде алғаш жарық көрген, ғылыми туындылар екендігінде.
Тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастырудың тарихи алғы шарттарын айқындауда ғұлама ғалымдардың артына қалдырған тәлімдік мұралары бүгінгі жастардың бойындағы рухани - адамгершілік құндылықтарды, білімді, білікті, тұлғаның бойындағы құнды қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндігінің мол.
Қазақстанда педагогика ғылымының дамуына Ә.Сыдықов, Т.Тәжібаев, И.Сембаев, Қ.Бержанов, С.Мусин, И.Б., Мадин, Қ.Б.Сейталиев т.б. еңбектерін ерекше атауымыз керек.
Еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстанда білім берудің ұлттық моделі қалыптасуда. Онда білім мен тәрбие берудің ұлттық дәстүрін әлемдік білім кеңістігінде орын алып отырған өзгерістермен өзара байланыстыруға айрықша көңіл бөлінуде.
ХХІ ғасыр ғасырлар тоғысында тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастырудың тарихи алғы шарттарын дамытуда қазақ ғалымдары игілікті шаралар атқарды. Белгілі ғалымдар С.Қалиев пен Қ.Жарықбаев түркі әлемінің ХІҮ ғасырлық тәлім - тәрбие мұрасын жинақтаған «Қазақ тәлім-тәрбие антологиясы” жарыққа шығуы ұлттық мұрамызды жинақтап, бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне құнды мұра етіп қалдырып отырғаны белгілі.
С.Қалиевтің «ХV–ХІХ ғ.ғ. ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ойлар», «Қазақтың салт-дәстүрлері және демократ ағартушылар», «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы», «Қазақ тәлім-тәрбиесі”, «Этнопедагогика» т.б. еңбектері бүгінгі егемен еліміздің өркендеуіне қосқан іргелі үлес. Өзіне дейінгі тарихи мұраларды қайта жаңғырта отырып, ұлттық, әлемдік білім мен тәрбие үдерісіне қосқан педагогикалық тарихи, ғылыми еңбек деп бағалауға болады.
Халықтық педагогиканың ғылыми-теориялық негізін салушы ТМД кеңістігінің ғалымдары Т.С.Виноградов, А.Ш.Гашимов, А.Э.Измаилов, Г.Н.Волков, К.Пірлиев, И.С.Кон т.б. халық педагогикасы– халықтың бала тәрбиелеу тәжірибесіне байланысты жинақтаған әдіс-тәсілдері, білім мен дағдылардың салт-дәстүрлердің жиынтығы деп қарастырады.
Аймауытов Ж. Шығармалары. Құрастырғандар М.Атымов, Қ.Керейқұлов. – Алматы: Жазушы, 1989. - 560 б.
Халықтық педагогикасы бойынша зерттеу жұмысын жүргізген Қазақстандық ғалымдар Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, Ж.Наурызбай, С.А.Ұзақбаева, Қ.Бөлеев, К.Қожахметова, Ш.Майғаранова, Р.Қ.Дүйсенбінова, Ш.Джанзақова т.б. қазақ халқының тәлім-тәрбиелік мұрасына ғылыми талдау жасап және оларды тарих, этнография, фольклористика зерттеулерімен салыстыра келе ұлттық мұра, халықтық педагогика мен этнопедагогика ұғымдарына түсінік береді.
Халықтық педагогика негізінде білім мен тәрбие беруді академик А.Э.Измаилов былай дейді: «… барлық анықтамаларда авторлар, халықтық педагогиканың обьектісі мен нысанасы тәрбие процесі деп есептейді. Дегенмен, халықтық педагогикада оқыту процесініңде алатын орнының маңызы бадан да кем емес. …Демек, халықтық педагогикасының анықтамасын екі жақты бір тұтас процесс ретінде бірмезгілде тәрбиелейді және оқытуда өз көрінісін табуға тиіс».
Этнопедагогиканы ғылым ретінде зерттеген алғашқылардың бірі – Г.Волков. Өзінің «Этнопедагогика» атты еңбегінде халықтық педагогикаға ғылыми талдаулар жасай келе, чуваш халықтарының этномәдени мұраларына жан-жақты сипаттама береді.
Кеңестік дәуірде, ұлттық дәстүрлерді зерттеуге жол бермеген кездерде, қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін ғылыми негіздеген А.Мұхамбаева болып табылады.
Жоғарыдағы ғалымдардың зерттеулерін зерделей келе, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан айтыс өнері, суырып салмалық шешендік өнер, мақалдар мен мәтелдерде халықтық тәрбиенің қайнар көздері, рухани мұрасы болып табылады.
Жеткіншек ұрпақты халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу мәселері С.Ұзақбаеваның еңбегінде де көрсетілген. Ғалым халықтық педагогика идеяларын, ұғымдарын, әдіс-тәсілдерін, тәрбие құралдарын жан-жақты зерттеп, он эстетикалық тәрбие беру бағытында пайдалану жолдарын ашып береді. «Халықтық педагогика, - дейді автор, - тәрбие мен оқыту саласындағы халық бұқарасы білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының жиынтығы, солардың негізінде ұрпақтан-ұрпаққа халық шығармашылығы арқылы (поэтикалық, музыкалық, сәнді-қолданбалыөнер) беріліп отыратын әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер қалыптасқан халықтық педагогиканың мақсаты – жас ұрпақты ата-бабалар тәжірибесінің ең жақсы мұраттарына тәрбиелеу». Ғалымның ғылыми-зерттеу еңбегінің ерекшелігі – халықтық педагогика негізінде эстетикалық тәлім-тәрбиеберудегі ауыз әдебиеті үлгілерін /шешендік өнер, айтыс т.б./ пайдалану мүмкіндіктерін көрсете білген.
М.Оразаев пен М.Смаилованың “Қазақтың салт-дәстүрлері” атты 8-9 сыныптарға арналған факультативтік курс бағдарламасының мақсаты оқушылардың жас шамасын ескере отырып, халқымыздың ұлттық ерекшеліктерін, салт-дәстүрін оқушылардың санасына сіңіруді көздеген.
1. Исмаилов
Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. – Алматы: Білім, 1995. – 232 б.
Академик М.К.Қозыбаев бүгінгі ұрпақтың бойындағы құндылықтарды қалыптастырудың нағыз қайнар көзі – халықтық педагогика, ұлттық дәстүрде жатқанына тоқтай келе «бізге тірек болып, болашақ батыр ұрпақ өсіруге көмектесер бір фактор халықтық педагогикалық ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі»,- деп ұлттық жауынгерлік дәстүрлерінің маңызы зор екенін атап көрсетеді.
Бүгінгі таңда, халықтық педагогика негізінде жастарды тәрбиелеу мүмкіндіктеріне жолашылуымен қатар, этнопедагогика ғылымына тән өзіндік анықтамаларды, негізгі қағидаларды ғылыми тұрғыда тиянақтауда, этнопедагогика мен халықтық педагогика байланысын анықтауда және оның қағидаларын оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану мүмкіндіктері мол.
Қазақстан Республикасы Білім заңы, Мемлекеттік білім бағдарламасы, орта мектептегі білім және тәрбие беру тұжырымдамалары негізінде мектептегі білім және тәрбие беру мәселелері қайта қаралып, осының нәтижесінде ұлттық негіздегі жаңа бағдарламалар, оқулықтар, оқу-әдістемелік нұсқаулар жазылды.
Алғаш рет 1995 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында» отбасы, мектепке дейінгі, мектептегі тәрбиенің сындарлы жүйесі жасалды. Тұжырымдамада жас ұрпаққа имандылық, адамгершілік, еңбексүйгіштік, Отансүйгіштік, ерлік, эстетикалық тәлім-тәрбие беру мәселелері жан-жақты қамтылған.
Достарыңызбен бөлісу: |