Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері


Отбасы параметрлерін зерттеу алгоритімі



бет129/165
Дата11.01.2022
өлшемі415,77 Kb.
#111271
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   165
Байланысты:
Тәрбие теориясы, әдістемесі ЭЛЕКТР.ОҚУЛЫҚ 2017 Иманбаевой

12.3 Отбасы параметрлерін зерттеу алгоритімі.

1. Отбасы құрамын анықтау:



  • құрамы толық, толық емес, бір балалы, көп балалы, ата-анасы ажырасқан отбасылар;

  • тұрмысы мен тұратын үй жағдайы, қаражатпен қамтамасыз етілуі; отбасының тәрбиелік ықпалы: күшті, тұрақсыз, нашар, теріс.

2. Отбасындағы қарым-қатынас сипаты:

  • отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы үйлесімді, тіл табысатын, тұрақсыз, сырт көзге дұрыс көрінгенімен де қайшылыққа толы, моральдық қыры төмен;

  • отбасы мен бала арасындағы қатынас - көз жұмушылық, қамқорлық таныту, тең қатынас құру, тұйық қатынас құру, немқұрайды қатынас орнату, балаға шеттен тыс өбектеу, өз жауапершілігіне жүктелген қатынас, өз еркіне берілу, бақылаусыз қалдыру;

  • баланың отбасындағы ұстанымы (педагогикалық тұрғыдан дұрыс, отбасы мүшелері тегіс баланың жеке басын жоғары қояды, екі адамның арасындағы дау-жанжал арқылы баланы өз жағына тарту, өз бетімен жүруі, оған ешкім назар аудармауы, беделді отбасы мүшесінен қорқу, өзіне сенімсіз, ата-анасымен ашық сөйлескісі келмейді.

3. Отбасындағы баланың өзін-өзі сезінуі :

«Мен отбасына керекпін, олар мені жақсы көреді, мен де оларды жақсы көремін».



«Мен отбасына керекпін, олар мені жақсы көреді, мен үшін өмір сүреді».

«Мен керекпін, бірақ мені ешкім жақсы көрмейді, ал мен олармен барлық жан-тәнніммен жақындасқым келеді».

«Мен оларға керек емеспін, олар мені жақсы көрмейді, сондықтан мені де мазаламаңдар».

Алдыңғы екеуі, баланың дамуы үшін өте маңызды.



4. Баланың ата-анасына қатынасы:

отбасылық қарым-қатынас маңызды; ата-аналары беделді; балаға немқұрайды қарайды; баланың көңілінде үлкен күйзеліс бар; отбасы мүшесінің біреуіне жақын болғысы келеді.

Ата-аналар мен жасөспірімдердің арасындағы қайшылықтарды жеңу үшін ата-аналармен педагогикалық жұмыстар жүргізудің маңызы зор. Ол жұмыс бірнеше кезеңдерден тұрады.

Ата-аналарға педагогикалық тәрбие беру кезеңдері:

Диагностикалық – отбасында шешілмеген күрделі мәселелерді, ата-ананың құндылық бағдарын және мәдени деңгейін анықтау.

Консультация жүргізу – мектепте ата-аналардың түрлі сұрақтарына жауап беру түрлерін ұйымдастыру.

Ата-аналардың тілегі бойынша белгілі бір оқыту формалары мен әдістерін ұйымдастыру.

Мониторинг кезеңі, ата-аналардың тілегінің қаншалықты жүзеге асқанын, жүргізілген педагогикалық жұмыстардың ата-анаға пайда келтіргенін бақылау және жетілдіру.

1. Отбасын әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан ағарту кезеңі.

- ата-ананың баламен қарым-қатынасын реттеу үшін оларды балалармен бірге үйірмелік, спорттық т.б. жұмыстарға қамту.

- ата-ананың баламен қарым-қатынасын дамыту үшін баламен отбасында мәдени қарым-қатынас орнату жайлы әңгіме өткізу;

- ата-ана мен балалардың бірімен-бірінің сыйластығын арттыру мәдениетін қалыптастыру.



2. Бала, ата-ана және мектептің өзара құқықтық әрекеттестігі:

- бала мен үлкендердің өз құқықтарын білуін қамтамасыз ету;

- «Мектеп өмірінің кодексін» жасап, оны талқылауға ата-аналарды кеңінен араластыру.

Осы бағдарламаны жүргізу үшін сынып жетекшісі ата-аналармен түрлі сабақ формаларын: әңгіме, дәріс, іскерлік ойындар өткізеді. Мектепте педагогтар арасынан өз бастамаларымен арнайы топ құрып, бұл жұмысты қызықты етіп өткізуге болады. Алдыңғы қатарлы тәжірибені талдау барысында, оны жетілдіріп, барлық педагогтардың ортақ тәжірибесіне айналдырған абзал.

Отбасында ата-аналар мен бала арасындағы қайшылықтарды болдырмау мақсатында мектеп пен отбасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты арттыру көзделеді. Ата-аналармен педагогикалық сабақ жүргізу барысында олармен ынтымақтастықты арттыру үшін сауалнама жүргізіп, алдағы жұмыстардың бағытын анықтауға болады.

3. Ата-аналар жиналысын өткізу. тақырыптары:

«Сіздің балаңыздың туған күні», «Біз айтатын өнегелі сөздер», «Біз балаларды туған елін сүюге үйретеміз бе?», «Осы заманға адамның өміріндегі күрделі және өткір мәселелер» , «Қазіргі заман адамдарының өмірлік құндылықтары», «Өмірдің адамгершілік заңы», «Адам - өз өмірі жайлы», «Экологиялық зардаптар» т.б.



4. Отбасын түрлі ұйымдар мен арнайы мамандармен байланыстыру.

  • үкімет құрылымдарымен байланыстыру: денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, еңбекке орналастыру орталығы, спорт және мәдениет комитеті, тәртіп бұзушылықтың алдын алу бөлімі, кәмелетке толмаған балалар инспекциясы;

  • отбасына көмектесетін орындар: қиын балаларды қалпына келтіру орталықтары, балалар үйі, баспана үйі, психологиялық-медициналық қызмет, отбасымен жұмыс атқаратын орталық, наркологиялық, психоневрологиялық диспансер, т.б.;

  • басқа саланың мамандарымен кездестіру: дәрігер, қосымша білім беру жүйесінің педагогтары, т.б.

5. Түрлі отбасылармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс: ата-ананың қарауынсыз қалған балаларды анықтау; олардың тұрмыс жағдайын және тәрбиесіне назар аудару; оларды тәрбиеге алған адамдарға көмек көрсету шараларын қарастыру; олардың құқын қорғау; құқықтарымен таныстыру;

Көп балалы отбасылар: мектеп тарапынан бала тәрбиесіне және материалдық көмек беруге көмектесу, отбасындағы бос уақытты өткізуге кеңес беру, еңбекке баулу, құқықтарымен таныстыру;



Толық емес отбасылар: қосымша көмек алу жағдайын қарастыру, психологиялық-педагогикалық консультация ұйымдастыру, тәртіп бұзудың алдын алу, тәрбиеге практикалық жағынан көмек беру, заңмен қаруландыру.

Күрделі отбасылармен жұмыс: отбасы мәселелерінің дамуын зерттеу, оларға психологиялық және педагогикалық көмек көрсету, құқықтық заңдармен таныстыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет