14 ТАРАУ. Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен тиімділігінің
диагностикасы
1.1Тәрбие жүйесінің диагностикасы
1.2 Педагогикалық - диагностикалық эксперимент құрылымы мен шарттары
1.4 Оқушылардың тәрбиелік диагностикасының мазмұны
14.1 Тәрбие жүйесінің диагностикасы. Оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және талдау, сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтау, келеңсіздіктерді болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыру арқылы әлеуметтік ортаны құра білуде диагностикалық қызмет негізгі орын алады.
М.И.Шилова тәрбиелік жүйеде тұлғаны диагностикалауда негізгі сапалық өлшеміне оның тәрбиелігі, білім, білік, дағды, эрудициясы, әлеуметтік ортамен қарым қатынасы, тұлғалық рухани қасиеттері, еңбекке қатынасы, эстетикалық талғамы, өзін - өзі тануы, бағалауы, жетілдіруі т.б. алынады.
Диагностика - объектіге алынған тұлғаға, педагогикалық жүйеге талдау, оның дамуына, жетілу және қалыптасу үдерісін бақылай отырып, нәтижесін айқындау. Педагогикалық диагностика тұлғаның даму үдерісін зерттеу, білімге деген қатынасын, тәрбиелік деңгейлерін мінез - құлқын, іс - әрекетін, тұлғаралық қарым - қатынастарына талдау жасау. Тәрбие диагностикасы дегеніміз тұлғаның білімдік және тәрбиелік деңгейлерінің сапалық және сандық деңгейде жетілуіне, дамуына сипаттама бере отырып, өсу деңгейлерін айқындайды.
Мектепте диагностика жүргізудің негізгі мақсаты тұлғаның өсуі мен жетілуін айқындау. Тұлғаны диагностикалауда біз оның әлеуметтенуін, тәжірибесін, зиялылық және туа біткен қасиеттерін негізге аламыз. Әлеуметтенуі - дүниетанымы, адамгершілігі, эстетикалық құндылықтары, еңбекке қатынасы, ұйымдастырушылығы, қоғамдық белсенділігі; тәжірибелік - ғылымилық, шеберлік, зиялылық - қабылдауы, ақылы, есте сақтауы, ерік - жігері, туа біткен қасиеттер - жүйке жүйесі, мінезі, бейімділік қасиеттері.
Достарыңызбен бөлісу: |