Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері


- тарау. Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет72/165
Дата11.01.2022
өлшемі415,77 Kb.
#111271
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   165
Байланысты:
Тәрбие теориясы, әдістемесі ЭЛЕКТР.ОҚУЛЫҚ 2017 Иманбаевой
входной тест және to be
5 - тарау. Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері
Жоспар:

5.1 Жеке тұлға және ұжым.

5.2 Тұлғаны дамыту мен қалыптастырудағы ұжымның рөлі.

5.3 Оқушылар ұжымын нығайту



Негізгі түсініктер: тәрбие ұжымы, оқушылар ұжымы, ұжымдық іс -әрекет, педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті, гуманистік педагогика.
5.1 Жеке тұлға және ұжым. Жеке тұлға мен ұжымның даму үдерісі диалектикалық байланыста болады. Тұлғаның дамуы, ұжымның даму деңгейіне, оның құрылымындағы әрекеттік және тұлғааралық қатынастармен анықталады. Тәрбиеленушілердің белсенділігі, олардың тәндік және ақыл-ой дамуы, жеке бас мүмкіндіктері ұжымның тәрбиелік ықпалына әсер етеді. Неғұрлым ұжым мүшелері белсенді болса, соғұрлым өздерінің жеке бастық мүмкіндіктерін ұжымның дамуына қолданады.

Балалар мен жас жеткіншектердің шығармашылық дамуы ұжым белсенділігімен өзара байланысты. Әр оқушы қоғамдық пайдалы еңбекке өз еркімен қатыса білсе, оның ұжым ішінде алатын орны жоғары болады да, ұжымға өз тарапынан ықпал ете алады. Оның ұжымдағы орны неғұрлым жоғары болған сайын, ұжымның жеке тұлғаның өз еркімен қоғамдық әрекетке араласуына әсері күшейе түседі.

Тұлға мен ұжымның дамуы өз ара ықпалдас үдеріс. Адам табиғат пен адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесінде дамиды. Адамның рухани байланысының ауқымы, тұлғаның қоғамдық, ұжымдық байланыстарымен бейнеленеді.

Жеке тұлғаның ұжымдық тәрбиеде қалыптасуы - гуманистік педагогиканың жетекші идеясы. Кеңестік педагогикада оқушылар ұжымын қалыптастыру мәселесіне ерекше назар бөлінді. Мектеп оқушыларын оқу-тәрбиелеу жұмысында ұжымшылдықты дамыту А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, С.Т.Щацкий, т.б. көрнекті педагогтар мен қоғам қайраткерлерінің еңбектерінде көрсетілді.

Кеңестік мектепте жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу ұжымдық тәрбиемен байланыста қарастырылды. Ұжым аясында жеке тұлғаның даралық ерекшеліктері дамитыны баса айтылды.

Н.К.Крупская балалар ұжымын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтап, ұжымды оқушыны дамытушы орта ретінде қарастырып, тәжірибеде қолдану жолдарын көрсетті.

А.С.Макаренко ұжымды қалыптастыру теориясы мен тәжірибесіне орасан зор еңбек сіңірді. Ол ең алғаш ұжымның тәрбиелік қызметін тұжырымдап, оны гуманистік идеялармен толықтырды. Педагогикалық ұжым қалыптастырудың принциптерінен туындайтын ұжым міндеттері мен құқықтарын, әр ұжым мүшесінің әлеуметтік ұстанымын анықтады.

В.А.Сухомлинский А.С.Макаренконың идеясын онан ары дамытты. Тұлғаның ұжымда шығармашылықпен өздігінен дамуын біртұтас педагогикалық процесте қарастырды. Ол өзінің тәрбиелік жүйесінің негізіне оқушының субьектілік ұстанымын бағытты дамыту идеясын алды.

В.А.Сухомлинский ұзақ жылғы мектеп директоры және педагог ретіндегі еңбегінің нәтижесінде ұжымды қалыптастыру принциптерінің жалпы жиынтығын анықтады: мектеп ұжымының бірлігін ұйымдастыру; мектеп ұжымының басқарушылық рөлі; педагогтың басқарушылық рөлі; педагог-оқушылар, оқушылардың өзарасы мен мұғалімдердің өзара байланыстарының байлығы; тәрбиеші-тәрбиеленушілердің рухани өмірінің азаматтық бейнесі; өз еркімен әрекет ету, шығармашылық іс атқару, өз бетімен тың ой қозғау; үнемі рухани байлықты арттыру; жоғары мұрат пен қажеттілік, тілектердің үйлесім табуы; дәстүрді сақтап, оны заман ағымына қарай жетілдіру; дәстүрді рухани байлық ретінде ұрпақтан ұрпаққа жеткізу; мектеп ұжымы мен қоғамдағы басқа ұжымдарымен зияттық, этикалық қарым-қатынас байланыстарын орнату; ұжымдық өмірдің эмоциялық, көңіл-күй байлығын қамтамасыз ету; жеке тұлғаның еңбек пен іс-қылықтарындағы тәртібі мен жауапкершілігін сақтауы.



Қазіргі кезеңдегі ұжым теориясын қалыптастыру. Соңғы он жылдықта педагогикалық зерттеулер ұжымның тәрбиелік қызметін ұйымдастырудың тиімді формаларын (Т.Е.Конникова, Л.И.Новикова, М.Д.Виноградова, А.В.Мудрик, О.С.Богданова, И.Б.Первин және т.б.), ұжымдық іс-әрекетті белсендіру мен оның принциптерін жетілдіру мәселелерін (Л.Ю.Гордин, М.П.Щульц және т.б.), ұжымның тәрбиелік қызметі мен өзін-өзі басқаруын (В.М.Коротов,т.б.), ұжымның іс-әрекетін педагогикалық құралмен жабдықтау мәселесін (Э.С.Кузнецова, Н.Е.Щуркова, т.б.) зерттеді.

Осы заманғы ұжымдық тәрбиені (Т.А.Куракин, Л.И.Новикова, А.В.Мудрик) қазіргі қоғамның моделі ретінде қарастырып, ондағы қарым-қатынастар мен адамдық құндылықтарға баса назар аударады. Балалар ұжымының моделі - бүгінгі қоғамның қарым-қатынастары мен оның бүгінгі даму бағыттарын бейнелейді. Балалар ұжымын қоғамның құрамды бөлшегі десек, онда ол тәрбиелік міндеттерді іске асыратын құрал, ал бала үшін ұжым - оның тіршілік ету және алдыңғы ұрпақ тәжірибесін меңгеру ортасы деп саналады.

Қазіргі кезеңде ұжым теориясының көпшілік, топтық, даралық қырлары, ұжымдық мақсат мәселелері зертелуде; жеке тұлғаның әлеуметтік бағыты ұжым мүшелерінің шығармашылық дамуы; ұжымдағы бірыңғайлылық және ұжым бірлігіндегі ерекшеленушілік; ұжымның дамуы-тәрбие субьектісі т.б. Ұжымды нығайту негізіне еңбекпен қатар, қарым-қатынас, таным, ойын, түрлі іс-әрекеттер алынады.

5.4 Тұлғаны дамыту мен қалыптастырудағы ұжымның рөлі. Оқушының ұжымдық қатынастар жүйесіне ендіру аса күрделі, бірмәнді емес, көп жағдайда қарама-қарсы мәнді болып келетін үрдіс. Оқушылар, ұжымның болашақ мүшелері, бір-бірінен денсаулығы, сыртқы пішіні, мінез ерекшелігі, көпшілдігі, білім және басқа көптеген қасиеттерімен ерекшеленеді. Сондықтан олар қарым-қатынастар жүйесіне әртүрлі болып енеді. Жолдастары тарапынан түрліше жағдайға тап болады, ал ол ұжымға керісінше әсер етеді.

Ұжымдық қатынастар жүйесінде жеке бастың жағдайы шын мәнінде дербес, әлеуметтік тәжірибеге байланысы болып келеді.

Мамандардың тұжырымдауынша, ұжымдағы қарым-қатынастардың әлеуметтік-психологиялық негізін, онда қабылданған құндылықтарқ ұрайды, яғни, ұжым баланың өмірі мен қызметіне, оқушының жеке басы мен мінез-құлқына аса маңызды және мәнді саналатын қасиеттерді ендіреді.

Бұл - ұжымдағы адамдардың көпшілігі жоғары бағалайтын жеке сапалар мен қылықтар. Сыныпта, мәселен, адалдық, қайырымдылық, ізгілік, батылдық қасиеттер ерекше бағалануы, тіпті тұлғалық сапала басқалардың еліктеуіне тұратын үлгі ретінде қарастырылуы мүмкін. Осы арада оның күрделі құбылыс болып табылатынын ескерген жөн. Оны үш топқа бөлуге болады:



  1. Ұжымшылдық - тиімді бірлескен қызмет, ынтымақтастық және ұйымшылдық орта;

2. ұжымшылдық - топтың, ұжымның мүдделеріне адалдық;

3. ұжымшылдық-көңілдестік, өздігінен түсінушілік, басқаларға қамқорлық.

Құрмет - бұл кейде оның бойында кемшіліктері бола тұрсада, біз бағалайтын қарым-қатынастық қасиет. Басқаша айтқанда, құрмет оның қателеріне қарамастан, адамға деген оңды қарым-қатынас болып табылады. Өз бойында адамдарға деген осындай құрметті тәрбиелеу, ол кезкелген адамнан еңалдымен оңды қасиеттерін көре білуді үйренген кезде ғана пайда болатын қасиет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет