Тұздар гидролизі
Тапсырма.Әртүрлі тұздар ерітінділердің ортасын индикатор көмегімен анықтаңдар.Сынау нәтижелерін кестеге жазыңдар.
Тәжірибенің орындалуы.Сынауықтарға 1 мл ден тұз ерітінділерін:натрий хлоридін,натрий карбонатын және алюминий сульфатын құйыңдар.Әрбір ерітіндіден тамызғанда қызыл және көк лакмус қағаздарының түсі қалай өзгеретінін байқаңдар.Содан кейін сынауыққа бір тамшыдан фенолфталейн ерітіндісін қосыңдар.Бақылау нәтижелерін кестеге жазыңдар.Жүретін тұздар гидролизінің реакция теңдеулерін құрыңдар.Қорытынды жасаңдар.
Тұз ерітіндісі
|
Фенолфталейн
|
Лакмус
|
NaCI
Na2CO3
AL2(SO4)3
|
|
|
Есептік кестені толтырыңыз
№
|
Не істедін?
|
Не байқадың?
|
Реакция теңдеулері.Қорытынды
|
|
|
|
|
Қорытынды ________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________
Оқушының аты-жөні____________Күні_____Сыныбы_________
Тақырып. 3.Химялық реакциялар және олардың жүруінің заңдылықтары.
3-зертханалық тәжірибе
Тақырыбы:Қышқылдардың,негіздердің,тұздардың сапалық құрамын тәжірибелермен дәлелдеу
1.Қышқылдардың құрамын анықтау
Тапсырма.Қышқылдардың құрамына қандай иондар кіретінін естеріңе түсіріңдер.Оны өздеріңе берілген зат қышқыл екенін анықтауға пайдаланыңдар.
Тәжірибенің орындалуы.Берілген тұз,фосфор,сірке қышқылдарынан үш сынауыққа құйып, әрқайсысына екі тамшыдан индикатор лакмус,фенолфталейн қосыңдар.Байқалған құбылыстың себебін айтыңдар.
2.Сілтілердің құрамын анықтау
Тапсырма.Сілтілердің қасиеттерін қандай ион анықтайтынынын еcтеріңе түсіріңдер.
Тәжірибенің орындалуы.Берілген натрий гидроксидінің,кальций гидроксидінің,аммоний гидроксидінің ерітінділерінен жеке сынауықтарға құйыңдар.Әр сынауыққа екі тамшыдан фенолфталейн қосыңдар.Байқағандарыңды қорытындылаңдар.
3.Тұздардың сапалық құрамынанықтау.
Тапсырма.Аниондар мен катиондарға сапалық реакцияларды естеріңе түсіндіріңдер. (8-9сынып).Өздеріңе берілген тұздардың(CuSO4,ZnCI2)құрамын анықтаңдар.
Тәжірибенің орындалуы.Әр тұздың ерітінділерін 2 сынауыққа құйыңдар.Бір сынауыққа тұздың катионын анықтайтын,ал екіншісіне оның анионын анықтайтын реактив қосыңдар.Байқағандарыңа қорытынды жасаңдар.
Есептік кестені толтырыңыз
Достарыңызбен бөлісу: |