Тараз қаласы


Астана Мәдениет және қоғам



бет7/8
Дата04.05.2023
өлшемі2,24 Mb.
#176065
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
www.zharar.com-astana-off

Астана

Мәдениет және қоғам

  • Соңғы жылдары қалада мәдени-ағарту мекемелері желісі едәуір көбейді. 3 театр, 23 кітапхана, 5 мұражай, 1 клуб мекемесі, 2 кинотеатр, Мемлекеттік филармония, 2 сарай, 3 балалар музыка мектебі, өнер мектебі, көркемөнер мектебі жұмыс істейді.
  • Халықты спортпен және дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту мақсатында өткен кезеңде жаңа спорт кешендері ашылды және балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне (БЖСМ) күрделі жөндеу жүргізілді. Халыққа қызмет көрсетуге 25 спорт-сауықтыру кешендері іске қосылды.
  • Қалада ақпараттық инфрақұрылым қалыптасқан және оның дамуы жалғасуда. 2001—2005 жылдар кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) саны 78-ден 169-ға дейін (77 газет, 82 журнал, 7 телерадиокомпания, 3 ақпараттық агенттік) өсті. Олардың ішінде 25 БАҚ ағылшын, неміс, украин, татар тілдерінде шығады. Сонымен бірге мемлекеттік емес БАҚ-тар үлесін арттыру үрдісі байқалып отыр, бұл қазіргі уақытта 66 %-ды құрайды. Ақпараттық саясатты іске асырудың маңызды құралы мемлекеттік тапсырысты мемлекеттік, сондай-ақ жеке меншік БАҚ-қа да орналастыру болып табылады. Ақпараттық саясат медиажоспарларға сәйкес іске асырылады.

Әлеуметтік саласы

  • Әлеуметтік қорғау саласында жүргізілген жұмыс кедейлік шегінен төмен өмір сүріп жатқан халықтың, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал жіктерінің өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталды. Астанада 2005 жылғы желтоқсанда орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс шамасы 6,2 мың теңгені құрады. Кірісі кедейлік шегімен бірдей немесе одан төмен тұрмысы төмен азаматтардың саны 2006 жылдың 1 қаңтарына 2,9 мың адамды құрады, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 4,2 есе кем.
  • Қалада зейнеткерлердің саны 2000 жылғы 32,3 мың адамнан 2005 жылы 34,7 мың адамға өсті. Мүгедектердің саны 7,7 мың адам болды.
  • Жергілікті бюджеттен төленетін есебінен әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 2005 жылы 678,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде тұрғын үй көмегі — 23,5 млн. теңге, атаулы әлеуметтік көмек — 35,4 млн. теңге. 2005 жылы Астана қаласы бойынша кедейлік шегінің орташа мөлшері 2,4 мың теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 2,3 мың адам болды. 14 мыңға жуық тұрмысы төмен азамат жергілікті бюджеттен атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй жәрдемақысы, заңды және жеке тұлғалардың қайырымдылық және демеушілік көмегі түрінде түрлі материалдық көмек алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет