Тараз қаласы



бет4/8
Дата04.05.2023
өлшемі2,24 Mb.
#176065
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
www.zharar.com-astana-off

Су қоры

  • Ақбұлақ қаланың оңтүстік-шығыс бөлігімен өтеді, оның табанына маусым аралығында ғана су жиналады, су жиналатын тұсы ЖЭО-ның 2- нің маңы. Ақбұлақтың Абылай хан даңғылынан Есіл өзеніне барып құятын аралықтағы жағалауы қайта қалпына келтіріліп, абаттандырылды.
  • Қаланы тұрмыстық ауызсумен қамтамасыз етудің тағы бір жолы- жерасты су көздерін пайдалану. Ол жерасты жаңа су көздерін іздестіру-барлау және бұрыннан белгілі су көздері мүмкіндіктерін жаңа талап тұрғысынан бағалау арқылы жүзеге асып отыр. Мұндай жерасты су көздеріне :Ақмола су көзі кені (ол солтүстік-батыс жүлге (қаланың солтүстігіне қарай 5-15 км) және шығыс жүлгеден (қала іргесіне, ішінара Есіл өзені аңғарына таяу) тұрады) , Есіл су көзі кені (қаланың оңтүстігіне қарай 0,5-10,0 км); Рожденственский су көзі кені (Нұра өзені аллювийлік шөгінді қыртысындағы жер асты суының жалпы пайдаға асу қоры 36,2 мың текше м/ тәуліті құрайды) жатады.

Әкімшілік бөлінісуі

Халқы

  • Астана қаласы халқының саны 2000 жылмен салыстырғанда 169,2 мың адамға көбейіп, 2006 жылдың басында 550,2 мың адам болды. 2013 жылдың 1 наурызындағы ақпарат бойынша халық саны - 783 471 адамды құрады. Халық саны бойынша Қазақстандағы Алматы қаласынын кейінгі 2-орында.
  • Астана қаласы халқының табиғи қозғалысының оң факторы бала туу мен неке қию деңгейінің артуы болып табылады. 2005 жылы қалада 8,8 мың бала өмірге келді, ол 2000 жылы туылғандармен салыстырғанда 4,3 мыңға көп. 2005 жылы бала туудың коэффициенті 1 мың тұрғынға шаққанда 6,3, өлім — 6,7 құрады.
  • Қала халқының өсуі негізінен көші-қон ағыны есебінен қамтамасыз етілуде. Көші-қон сальдосының елеулі түрде өсуі (50 мыңнан асатын шекте) 2000—2001 жылдары байқалды.
  • Келгендердің санының кеткендерден асып түсуі негізінен азаматтардың республиканың ішіндегі көші-қон есебінен қамтамасыз етілді. Алайда соңғы жылдары оның салыстырмалы түрде тұрақтануы байқалады (2002 ж. — 6,8 мың, 2003 ж.- 5,4 мың, 2004 ж. — 14,2 мың, 2005 ж. — 15,7 мың адам). Халықтың табиғи өсімі осы кезеңде 2000 жылғы 1513 адамнан 2005 жылы 5,2 адамға дейін көбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет