Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал


ОҚУШЫЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЗАМАН ТАЛАБЫ



бет9/25
Дата28.01.2020
өлшемі2,95 Mb.
#56691
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
ves17

ОҚУШЫЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЗАМАН ТАЛАБЫ



Акдилдаева И.Т.

Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернаты, Тараз қ.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде оқушыларды оқыту, жаңа технологиялық әдістерді пайдалану, білім сапасын жетілдіру мәселесіне ерекше басымдық беріліп, тәрбие саласына жеткілікті көңіл бөлінбеуде.

Тек тәрбиелі ұрпақты ғана сауатты, нағыз ұлтжанды, елін, жерін сүйетін, Отансүйгіш тұлға ретінде қалыптастыруға болады. Адамгершілік тәрбиесі біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің негізі болып табылады. Адамгершілік мораль, этика, өнеге арқылы айқындалады.

«Мораль (латыншасы моралист, қазақшасы - әдет-ғұрып) - әлеуметтік шындықтың этикалық саналарын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі. Мораль дегеніміз адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қоғамдық өмір сүру ережелерінің, адамдардың мінез құлықтары нормаларының жиынтығы.

Бүгінгі таңда мораль өмірдің барлық саласында, еңбекте, тұрмыста, саясатта, ғылымда, отбасында әртүлі қарым-қатынаста адамның мінезін, іс-әрекетін, қатынасын, санасын реттейді. Мораль этикамен байланысты. Этика бұл философиялық ғылым, қоғамдық сананың нормасы, қоғамдық қатынастардың түрі.

«Этика (грекшесі, қазақшасы - әдет, мінез-құлық) – мораль туралы оның шығуы мен дамуы туралы, адамның өмір сүру салтының аса мәнді жақтарының бірі болып табылатын адамгершіліктің әртүрлі қоғамдық құбылыстағы сан алуан формалары мен нормалары туралы ілімдер жүйесі.

Моральдың екі жағы бар: өзім үшін, ұжым үшін. Әрбір өнегелі азамат қоғам өміріне қайшы жағымсыз құбылыстармен (мансапқорлық, алдау, сөзінде тұрмау, кертартпалық, нысапсыздық, әділетсіздік т.б.) тікелей күресіп жағымсыз қылықтарға тосқауыл қоюы керек.

Гуманистік мораль шынайы адамгершілік қарым-қатынастарды, ынтымақтастықты, ізеттілікті, адалдықты, кішіпейілділікті, қарапайымдылықты, қайырымдылықты қуаттап уағыздайды.

Мораль адамның мінез-құлқын, сана-сезімін реттейді, қарым-қатынас мәдениетін жасайды. Бірақ өмірде моральды бұзушылар жеткілікті. Әсіресе мына заманда: нашақорлық, жезөкшелік, сөзде тұрмау, жауыздыққа бару. Мораль қоғамдық сананың бір түрі. Ол адамдардың қарым-қатынасынан туындайды: адамгершілікке жататын немесе адамгершілікке жатпайтын қылықтар арқылы белгіленеді. Біз бұны өнегелі, өнегесіз қылықтар дейміз.

Адамгершілік тәрбиесінің мақсаты тұлғаны дамытудың негізгі бөлігі. Тәрбиеші мен оқушылардың тәрбиені осы адамгершілік тәрбиесінен бастауы бекер емес. Педагогтар оқушылардың ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілділігін, ілтипаттылығын орындағыштығын, жауапкершілігін қалыптастырады.

Адамгершілік тәрбиесіне тән міндеттер бар. Олар:



  • оқушыларды өмір талабына қоғамдық моральдық нормасын орындауға қатыстыру;

  • оқушылардың адамгершілік тәжірибесін қалыптастыру;

  • оқушылардың санасына және мінезіне тәрбиешінің ықпал жасауы;

  • Республикаға, оның Президентіне, әнұранына, рәміздеріне тәрбиеленушілердің берілгендік сезімін тәрбиелеу.

Бұл міндеттерді іске асыру оңай емес. Ол үшін тәрбие іс-шаралары ұтымды болу керек, балалардың жас ерекшеліктерін ескерген дұрыс.

Бастауыш сыныпта оқушылардың адамгершілік достық, жолдастық, Қазақстан туралы ұғымдары қалыптасады. Ұстаздарды, үлкендерді, туыстарды, ата-аналарды құрметтеуді еңбектенуге ізіеттілік норманы сақтауға үйренеді. Бұл жаста балалар тәртіпке, жолдастық өзара көмек беруге, түсінуге дағдыланады. Олар оқу еңбегіне өзінің қатынасын, мектептегі, отбасындағы қоғамдық орындардағы өзінің мінез-құлқының қандай болу керектігін біледі. Осы сыныптың оқушылары оқу-тәрбие үрдісінде өздерінің дербес және қоғамдық мінез-құлқы туралы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны кеңейтіледе.

Оқушыларға адамгершілік тәрбиесін беруде тек мектеп қана емес отбасының да маңызы зор, себебі тәрбие жанұяда басталады. Жанұя-мәдениет ошағы, тәрбие мектебі. Жанұя мүшелерінің бірлігі, ерлі-зайыптылардың сүйіспеншілігі, бір-біріне жылы қамқорлығы, әже-аталармен қатынас, бауырлар арасындағы жылылық, жардың адал болуы, адамгершілік қарым-қатынасын байытады. Мұндай жанұя балаларға өнеге көрсетеді. Осындай жанұядан жақсы азаматтар шығады.

Жалпы адамгершілік тәрбиенің басқа тәрбие салаларына қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қоршаған ортаға, қоғамдық қарым-қатынасқа, рухани байлыққа байланысты. Әр қоғам, әр ұлт, әр отбасы ұрпағының адамгершілігі мықты болса екен деп тілейді.

Адамгершіліктің жоғары деңгейі ол оқушылардың екіжүзді болмай, сана-сезімімен ой-өрісі қатар дамып, сезімі, еркі, мінез-құлқы дұрыс бағыт алуында.

Адамгершілік тәрбиесі әр кезде мұғалімнің, ата-ананың, сынып жетекшісінің бақылауында, сондай-ақ бұл тәрбиенің саласы диагностикалы жүйені қажет етеді. Ол үшін мұғалімдер адамгершілік тәрбиесінің кері мәліметпен қаруланғаны жөн. Кері мәлімет адамгершілік тәрбиесін ары қарай қалай дамытуға болатыны жөнінде құнды тәрбие береді. Сонымен адамгершілік тәрбиесі ақыл-ой, еңбек, азаматтық, эстетикалық, дене, экономикалық, құқықтық, экологиялық т.б. тәрбие салаларына тікелей ықпал жасайды.

Бастауыш сыныптарда балалар жолдастық қатынастың тату еңбек ету, адал ойнау, сыпайылық ережелерін білді. Өткізілген әңгімелердің барысында оқушылар адамдардың іс-әрекетін, кітап, кинофильм, диафильм кейіпкерінің мінез- құлықтарын бағалай біледі.

Кейбір нақтылы жағдайларда оқушылар өздерін қалай ұстаулары керек, өзінің және жолдастарының тәжірибесін қалай бағалау керектігі, осылар жөнінде жалпы этикалық нормалармен балаларды таныстыру қажет.

Оқушылармен этикалық әңгімелер айына бір рет өткізіледі. Ол үшін мынадай тақырыптар ұсынылады: «Отанға және басқа халықтарға деген қарым-қатынас туралы», «Еңбекке, еңбек адамдарына құрмет», «Жолдастық, достық, ұжым туралы», «Мейірімділік, қайырымдылық және кішіпейілділік туралы», «Адалдық туралы», «Әділлеттілік тулалы», «Үлкендерге, кішілерге және құрбыларына деген қарым-қатынас туралы», «Жамандық пен немқұрайдылыққа төзімсіз болу туралы» т.б.

Бұл ұсынылған тақырыптарды міндетті тақырыптар деуге де, үлгі есебінде деуге де болады: міндетті дейтініміз, бұл мәселеге байланысты әңгімелер сөз жоқ өткізілуі тиіс, ал үлгідейтін себебіміз, әңгімелерді өткізудің реті қазіргі уақыттағы көкейкесті тәрбиелік міндеттерге сәйкес өзгеруі мүмкін, олардың нақты мазмұны балалардың адамгершілік тәжірибесіне, тәрбиелік дәрежесіне байланысты белгіленіп отырады. Этикалық әңгімелер балалардың әр түрлі қылықтарына, олардың өзара және ересектермен қатынасына байланысты жекелеген мәселелерді талқылауды жоққа шығармайды.

Этикалық әңгімелерге тәрбиешіде оқушылар да дайындалады. Тәрбиеші әңгімеге керекті мәселерді ойластырады, балаларға бір нәрсені оқып келуге немесе оқығанды еске түсіруге, адамдар арасындағы қатынастарға байланысты белгілі оқиғаларды еске алуға және оларды бағалауға (кім дұрыс, кім бұрыс жасады, неге) тапсырма береді. Егер әңгіме еркін пікір алысу жағдайында қысылыссыз өтсе, онда оқушылардың пікірілері біріне-бірі қайшы келіп қалуы табиғи нәрсе. Қате пікір талқыға түсе берсін, оқушының қатесін бетіне баспай, оны және басқа оқушыларды да дұрыс қорытындыға әкеп тіреу керек. Қайткен күнде де мұғалім оқушыларға дайын қорытынды бермеуге тиіс. Балалар өздігінен ойланып, адамдардың қарым-қатынасын сипаттайтын әр түрлі фактілерді, оқиғаларды салыстырып, олардың қайшылығын көріп және дұрыс баға беріп, ол қайшылықты қоғамымыздың моральдық ережелеріне байланыстырып отырудың зор маңызы бар. Егер балалар өздігінен қорытынды жасай алмайтын болса, мұғалім адамгершілік ережесін дұрыс тұжырымдауға көмектесетін көрнекі әдіс қолданып мысалдар келтіреді. Мысалы:

Өз сөзіңе және сертіңде тұра біл (жауапкершілік, адалдық)


  • Бір адамға, бір топ жанға, ұжымға серт берместен бұрын сол сертті орындай аласың ба, соны ойла.

  • Серт беріп қойып, орындай алмайтыныңды артынан білсең, ол жөнінде тура, ашық айт.

  • Егер өз сөздеріңде тұруға, сертіңді және соған жүктелген міндеттеріңді орындауға әлі үйрене алмасаң, істі кішкентайдан бастап, бірақ міндетті түрде тындырып отыр.

Өз айбыңды басқаға аударма.

Адамдарға немқұрайды қарама (мейірімділік, әділеттілік)

  • Біреуге өз көмегіңді ұсынудан ұялма, ең алдымен қиындыққа душар болғандарға, әлсіздерге, ауруларға көмектес.

  • Айналадағы адамдардың жұмыс істеуіне, дем алуына бөгет жасама.

  • Әдепті, сыйлағыш бол, біреуге көңілсіз қарама, үлкендерге сый көрсет.

  • Біреудің пікірін, біреудің әдетін сыйлай біл, яғни басқа адамдарға төзімді бол. Бірақ олардың кемшілігіне, теріс пікіріне, теріс мінезіне еш уақытта келіспе.

Басқалармен бірігіп оқуға, жұмыс істеуге және ойнауға үйрен (көпшілдік, әділеттілік)

  • Қандай да бір болсын міндеттерді-ұнамды және ұнамсыз, жеңіл және ауыр қызықты және қызықсыз болсын- әділетті, дәл және әркімнің мүмкіндігіне қарай бөле біл. Өзіңді ерекше артық санама.

  • Бірігіп істеген істе өз үлесіңді жақсы, тез және мерзіміңде орында, мойныңа алғаныңды ақырына дейін жеткіз, басқаларға көмектес.

  • Қай жерге сенің көмегің керек екенін өзің байқап, басқаларға әдепті көмек көсете біл.

  • Өзіңдікі дұрыс деп білсең, оны басқаларға дәлелде және шындықты қорға.

  • Жолдасың ағаттық жасап жатса, оны тоқтат.


Пайдаланған әдебиеттер:

1.Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан-ғасыр шежіресінде-Алматы.1999-280.

2.Р.К.Төлеубекова. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері- Алматы.1991-142

3.Қ.Оразбеков. Иман және инабат.-Алматы. 2010 -220 б.


Аннотация. В статье рассматривается воспитание, этика, человеческий мораль учеников.

Annotation. The article deals with education, ethics, human morality students.
А37

37+001.895

ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА ЖАҢА

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Ақпаева Л.Т.

49 мектеп-гимназиясы, Тараз қ.


Елімізде болып жатқан өзгерістер білім беру жүйесіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Осы тұрғыда білім беру жүйесінің бастауыш сатысына ерекше мән беріледі. Оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту, шығармашылық қабілеттерін, білім сапаларын арттыруда жаңа технологияларды пайдаланудың мәні зор.

Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі сол, жаңа тақырпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс. Сондықтан мұндай сабақтарда оқушылардың ынтасын, белсенділігін артыру үшін оларға мәселелік сұрақтар қойылып отырады. Жаңа технологиялардың түрлері өте көп дегенменде оқушылардың жас және жеке дара ерекшеліктеріне сай, тиімді де ыңғайлы технология саралап-деңгейлеп оқыту технологиясы болып табылады.

Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүкіндік береді, өйткені ол оқушылардың ойлауын, елестету мен есте сақтауын, белсендіілгін, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

Оқушылардың бейімділігін, қызығуын, үлгерімін анықтай отырып оқыту, яғни саралап-дегейлеп оқыту, қазіргі мектептердің даму бағытына айналып отыр. Деңгейлеу – оқу мекемесінің түрлеріне, бір мектептің кәсіби бағдары мен өз ішіндегі ағымына және сыныптағы топқа бөлінеді. Білім беруде, саралап оқытуда қарама-қайшылық та кездеседі.

Бастауыш мектептегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдаланып отыр, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған. Мұнда, негізінен оқытуды ізгілендіруге сүйеніледі: ол оқытудың жеке тұлғаға бағдарлануын, жеке тұлғаның дамуы мен тиянақталуының үрдісі мен нәтижесін, оның әлеуметтік тұрақтылығы мен қорғалуының құралы қызметтерін қамтамасыз етеді. Сонымен, қорыта келе, саралап-деңгейлеу мұғалімнің де, оқушының да белсенді шығармашылық қызметін дамытады. Оқушылар өзінің оқу жұмыстарындағы жетістіктер мен жіберген кемшіліктері туралы мәліметтер алып, өз еңбегіне талдау жасайды. Ең бастысы, оқудан ләззат алуға, білім мен ғылымға деген құштарлығын арттыруға дағдыланады. Сондай бір сабағымыздың үлгісін ұсынсақ.

Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушыларға жануарлар арасындағы қарым-қатынаста әр жануардың тіршілігін сақтау – табиғаттың өзі қалыптастырған бейімділік екенін түсіндіру.

Дамытушылық. Қосымша деректер арқылы оқущылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын байыту, шығармашылық ізденіске бағыт беру.

Тәрбиелік. Жануарлар арасындағы қамқорлықты негізге ала отырып, оқушыларды сыйластыққа, мейірімділікке, достыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру.

Сабақтың түрі: дамытпалы, аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ой шақыру, ой қозғау, топтастыру, саралап-деңгейлеп оқыту технологиясының әдістері.

Сабақтың көрнекілігі: жануарлар суреттері, түртіп алу жүйесі.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Табиғат және еңбек күнтізбесімен жұмыс.



  • Қазір қандай мезгіл?

  • Қыстың қай айы?

  • Ақпанның нешесі?

  • Ауа райында қандай өзгеріс бар?

Үй тапсырмасын сұрау.
1.Сәйкестендір:

бүркеніш қанқыз


Рең сақтандырғыш қарашыбын

Қорғаныш көбелек

2. Құстарға өз тұмсығының маңызы қандай?

3. Жануарлардың ұрпақ қалдыруы туралы әңгімелеп бер.

III. Жаңа сабақ. Кіріспе.

а) Қайырымдылық сөзін топтастыру


достық

жанашырлық


бауырмалдық қамқорлық
мейірімділік көмек беру
ә) Ой қозғау.

- Қайырымдылық кімнің арасында болады? (Адамдар арасындағы қайырымдылықты әңгімелеу).

- Қайырымдылық тағы кімдердің арасында болады? (Тоқылдақтың құстарға қайырымдылығы).

IY. Жаңа сабақты түсіндіру.

а) Қоянға түлкінің қайырымдылығы (Суретпен жұмыс).

ә) Суыр, арқар, шақшақайдың бір-бірімен тығыз байланыста тіршілік етуі.

б) Адам мен жануарлар арасындағы қайырымдылық.

в) Жануарларды қорғау – басты міндетіміз. Қазақстанның Қызыл кітабында қорғауға алынған жануарлар тіркелген.

Y. Деректер мен дәйектер. (оқушы ізденісі).

Дельфин. Дельфин сүтқоректі жануар, суда өмір сүреді. 30-40-тан үйір болып жүреді. Суға батқан адамға жәрдем береді. Бір дельфин Жаңа Зеландиядағы теңіз бұзағынан кемелердің өтуіне 30 жылдай көмектескен. Дельфин – достыққа құштар, ойыншыл жануар.

Қарлығаш. Еңбекқор құс. Қарлығаш есімді қыздарн көп. «Адам үй салуды қарлығаштан, өрмек тоқуды өрмекшіден үйренген», - деп Демократ айтып кеткен. «Қарлығаштың ұясын бұзған адамға қырық түрлі пәле жолығады» деген жорамал бар.

Аққу. Көлдің көркі, аққу жүзген көл таза. Қыз балалар сәнденіп, таза жүруді аққудан үйренген. Аққу туралы қанатты сөздер бар: «Аққуды атпайды, киесі тиеді», «Аққумен дос болсаң, жүрген жерің пәк болар».

Арыстандар. Арыстанның адамға пайдалы жағы бар, ең алдщымен олар хайуанаттардың ауру, әлсіздерін жейді екен, сондықтан жұқпалы аурулар кең таралып кете алмайды. Қазір арыстанды аулауға тыйым салынады.

YI. Деңгейлік тапсырмалар.

Оқушыларға бағалау парағы таратылады.

1 деңгей (5 ұпай).

1. жануарлар арсындағы өзара қайырымдылық қатынасты қалай түсінесің?

2. Мысалдар келтіріп әңгімеле.

3. Адам мен жануарлар арасындағы әр түрлі қарым-қатынасқа мысалдар келтір (мысалы, адам мен ит, адам мен мысық, адам мен жылқы).

2 деңгей (10 ұпай).

1. Сызбаны түсіндір.

жылқы


Адам ит

мысық
2. Достық, қайырымдылық, мейірімділік туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

3. Достық қатынасты қалай түсінесің?

3 деңгей (15 ұпай).

1. «Қайырымдылық» сөзіне ребус құрастыр.

2. Өзің тұратын жерлерде жануарларды қорғау туралы қандай жұмыс жүргізіледі?

4 деңгей.

«Қайырымдылық» туралы әңгіме жазып келу.

YII. Сабақты қорытындылау.

а) Түртіп алу кестесі (жаздырып, оқыту)





Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?










ә) Оқушыларға сұрақ қою арқылы қорытындылау.

YIII. Оқушыларды бағалау.

Әр оқушы бағалау парағына өз ұпайларын есептеп қорытындылайды, мұғалім жинаған ұпай сандары бойынша баға қояды.

IX. Үйге тапсырма.

Мәтінді оқып, түсінік айту.

Деңгейлік тапсырмаларды аяқтап келу.

Дүниетану сабағында саралап-деңгейлеп оқыту технологиясы оқушыларды шығармашылыққа, өз бетінше ізденуге баулиды, дүниетанымдық білім деңгейлерінің артуын қамтамасыз етеді.

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.

Оқытудың жаң технологияларының принциптері – оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты, жетік маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану тиімді болады, егер де: мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың тиімді жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерін таңдап алынса және деңгейлеп дамыта оқытудың мұғалім және оқушы қызметін белсендірудегі ролі психологиялық-педагогикалық теория тұрғысынан негізделіп, оқу-тәрбие үрдісінде әрбір оқушының жеке және дербес ерекшеліктері мен қабілеттері ескеріліп, оқытудың саралап оқыту әдісін қолданудың орны ерекше екендігіне көз жеткіздік.

Оқу-тәрбие үрдісінде әрбір оқушының танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру үшін дамыта оқытуды жүзеге асыру арқылы дүниетану сабағының тиімділігін, әрбір оқушының пәнге деген қызығушылығы және өз күшіне, біліміне деген сенімін арттыру үшін мұғалім қызметінің әрекеттік белсенділігі күшейер еді, яғни білім беру мен оқыту сапасы артатындығы дәлелденді деп есептейміз.


Пайдаланған әдебиеттер:

1.Елубай С. Білім беру технологияларының қазіргі проблемалары.– Алматы, 2001 ж.

2.Жампеисова М.М. Модульдік оқыту технологиясы. – Алматы, 2002 ж.

3.Сарбасова Қ. Инновациялық педагогикалық технологиялар. – Алматы, 2010 ж.


Аннотация. В тенденции учебно-воспитании каждый ученик на уроке самопознание усваивает все позновательные навыки, каждый ученик имеет интерес к этому предмету и зная все свои силы в своих знаниях педагог помогает дальше позновать ученикам данный предмет

Annotation. In training and education trends every student learns the lesson self all show pleasing skills each student has an interest in the subject and knowing all their strength in their knowledge of the teacher helps students poznovat on this subject

ӘОЖ 42 503

Н 81

ACTIV STUDIO ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ КЕЛЕШЕГІ
Алиева П.С., Күмісбекова Ж.Н.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
ACTIV STUDIO технологиясының келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында « Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Қазіргі кезде білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген оқытушылар , білімгерлерге сапалы білім берудің әр түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдану үшін көптеген еңбек етуде. Осы ізденіс барысында әр бір оқытушы өзінше табыстарға да жетіп жүргені бәрімізге мәлім. Бүгінгі оқытушының мақсаты - әрбір болашақ маман иесіне сапалы білім беру, оның жан – жақты дамуына мүмкіншілік жасау, оқуға деген қызығушылығын арттыру. Біздің Тараз қаласының Тараз мемлекеттік педагогикалық иснтитутында барлық сабақ беретін оқытушыларға қойылатын талап өте жоғары деңгейде – яғни біздің алға қойған мақсатымыз өзіндік ой тұжырымымен көзқарасы бар, өз пікірін ашық айта алатын, ақпараттық ағымдардан хабары бар, өз жолдары мен мамандықтарын таңдай білген, болашақта беделді педагог, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыра алатын мамандарды дайындау. Сондықтан оқыту барысында институт білім алушыларына, тек қана оқулықтардан сабақ беру, білім алушының қызығушылығын жоғалтады, ал сабақ барысында олардың қызығушылығын арттыру оқытушының бірден бір міндеті.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» – деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі – бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын « Активті экран » болып табылады.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі


  • Пән бойынша базалық білімді меңгеру

  • Алған білімді жүйелеу

  • Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

  • Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру

  • Білімгерлерге оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады. Яғни кез-келген тақырыпты түсіндіруде интеративті тақтаны пайдаланса нұр үстіне нұр болар еді.

Ол үшін озық технологияларды, беделді педагогтардың тәсілдерін қолдану маңызды, біздің білім беру барысында назар аударғаным: білім алушылар сабағында іскерлік ойын тәсілдерін және ACTIV STUDIO технологиясы арқылы жасалған әдістерді қолданғанда, қатты қызығушылық танытқандары көп болды.

Бағдарламалық – техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен білімгерлердің қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады.

Сабақты түсіндіру барысында оқытушы тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.


ACTIV STUDIO технологиясының әдісі арқылы білімгерлерді білім алуға, оқуға қызықтыра отырып болашақ маман ретінде тұлғаның дамуын қалыптастыруға болады.

Интерактивті құралдарды пайдаланудың ерекшеліктерін атап өтсек:



  1. Интерактивті тақтадағы түрлі – түсті айқын, ұқыпты, анық, қызығушылықты тудыратын кескіндердің жасауға болады;

  2. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады;

  3. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады;

  4. ACTIV қаламы арқылы түрлі-түсті таңдау арқылы тапсырмаларды орныдауға болады;

  5. Лекция, семинар сабақтарында көрнекілікті қолдану деңгейі артады;

  6. Лекция, семинар сабақтарының өнімділігі артады;

  7. Білімгерлердің білім деңгейіне оң әсерін береді.

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Осындай мақсаттың толық орындалуы оқу – тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескеретін болсақ, білімгерлерінің білімді, білікті болуында ACTIV STUDIO технологиясы арқылы жасалған әдісінің алатын орны ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет