Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал


Кесте - 1. Тұлға дамуын педагогикалық-психологиялық диагностикалау



бет16/22
Дата25.12.2016
өлшемі4,61 Mb.
#5233
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22

Кесте - 1.

Тұлға дамуын педагогикалық-психологиялық диагностикалау

шарттарын жүзеге асыру жолдары:

тұлға дамуын педагогикалық-психологиялық диагностикалау шарттарының мақсаты

тұлға дамуын педагогикалық-психологиялық диагностикалау жүзеге асырудың міндеттері





тұлға дамуын педагогикалық-психологиялық диагностикалау шарттарын жүзеге асыруды жоспарлау

тұлға дамуын педагогикалық-психологиялық диагностикалау шарттарын орындауды ұйымдастыру әдістері (әңгімелесу, кеңес беру, психодиогностикалық жұмыс жасау және т.б.)

дебат) және т.б.)







Үйрету жолдары: кеңес беру, көрсету, машықтандыру және т.б.

Тұлғаның педагогикалық-психологиялық диагностикалауды меңгергендігін бақылау






тұлға дамуын педагогикалық-психологиялық диагностикалау шарттарын жүзеге асыруды сараптау, қорыту

тұлға дамуын педагогикалық-психологиялық диагностикалауда қолжеткен нәтиже және оның болашағы



Әдебиеттер тізімі:

1.ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Алматы: 2011. – 73 б.



2.Леонтьев А.Н. Потребность, мотивы и эмоции. М.: Изд. Московский Университет, 1997.

3.Божович Л.И., Морозова Н.Г, Славина Л.С. Развитие мотивов учения у советских школьников. – М.: Педагогика, 1991. – 256 с.

4. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. – Алматы: Дарын, 2004. 250 б.

5.Жақыпов С.М., Бизақова Ф.Ә. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар. – Тараз.: Қорғау, 2007. – 250 б.

6.Шавир П.А. Психология профессионального самоопределения в ранней юности. М., 2001. 7.Сластенин В.А., Мажар Н.Е. Диагностика профессиональной пригодности молодежи к педагогической деятельности. М.: Прометай, 1991. – 350 с.

8.Выготский Л.С. Мышление и речь. – М.: Лабиринт, 1996. – 406 с.

9.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту заңы. // Егемен Қазақстан: жариял. 15.08.2007. – Б.4-5.

10 Намазбаева Ж.И. Развитие личности умственно осталых школьников. – Алматы: Мектеп, 1996. – 165 с.

11. Тәжібаев Т. Психология. – Алматы.: Мектеп, 2008. – 350 б.

12.Алдамұратов Ә. Жалпы психология. – Алматы.: Рауан, 2006. – 390 б.

13.Ананьев Б. Познавательные потребности интересов. – ЛГУ: 1999. –245 с.



14. Луков Г.Д., Платонов К.К. Психология. –М.: Просвещение, 2000. 235 с.

ӘОЖ 517.24:38
ЖАҢА ТҰРПАТТЫ МҰҒАЛІМ ДАЯРЛАУДА АҚПАРАТТЫҚ

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
А. Сабралы

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қоғамның жаңа сападағы педагог мамандарына деген сұранысын орындау мақсатында 2009 жылғы жаңа білім заңында «Білім беру жүйесінің міндеттері» атты 11-баптың 9-бөлімінде оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану қажеттігі көрсетілді.

Жалпы, қоғам өмірінде болып жатқан өзгерістер білім беру ісіне тәуелді болатыны белгілі. Сондықтан мемлекеттің басым бағыты ретінде, бәсекелестікке қабілеттілікті қалыптастыратын басты құрал ретінде білім берудің орын алуы заңды. Қайта құру кезіндегі өзгерістер, тәуелсіздік алғаннан кейінгі өзгерістер мұғалім профессиограммасына да өзінің ықпалын тигізіп отырды. Қоғамның дамуымен бірге білім беруді ақпараттандыру мәселесінің өзектілігі артып отырғаны соңғы жылдары анықтай байқалды. Білім беруді ақпараттандыру мәселелері педагогикалық, психологиялық ғылыми зерттеулерде біршама қарастырып келеді. Өткен ғасырдың 80-90 жылдары ресейлік Б.С.Гершунский т.б. компьютерлендірудің педагогикалық, психологиялық негіздерін қарастырды.

Б.С.Гершунский білім беруді ақпараттандырудың проблемалары мен перспективаларын қарастыра отырып, компьютерлік техниканы білім беру мен ғылыми-педагогикалық қызметте, педагогикалық болжамдау мен басқару жүйесінде тиімді қолдану жағын, компьютерді оқу объектісі мен құралы ретінде пайдаланудың философиялық, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және психологиялық-педагогикалық алғышарттарына тоқталды.

К.М.Беркімбаев болашақ экология мамандарын кәсіби даярлаудағы информатикалық пәндерді оқыту үдерісінің педагогикалық жүйесін, А.Т.Аймұқатов политехникалық колледжде информатиканы оқыту әдістемесін, Л.П.Әбішова компьютер көмегімен оқыту іс-әрекетін дараландыруды, Г.К.Ізтілеуова қашықтықтан оқыту әдістемесін, Қ.З.Халықова оқушыны компьютер көмегімен дербес оқытудың педагогикалық мүмкіндіктерін, А.Л.Муховиков интернеттің қазақстандық сегментін пайдалана отырып ақпарат мазмұнымен жұмыс істеу әдістемесін қарастырған.

Жаңа ғасырдың ақпараттық қоғамына қажетті жаңа тұрпатты мұғалім дайындау мәселесіне байланысты 2005 жылы 18 тамызда «Қазақстан Республикасындағы жаңа тұрпатты мұғалім даярлаудың үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы» және «Қазақстан Республикасындағы жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасының» жобалары ұсынылды. Осы екі жобаның біріншісінде жаңа тұрпатты мұғалімге – рухани жетілген, шығармашылық қабілеті жоғары, өзіне сын көзбен қарай алатын, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа ұмтылатын тұлға ретінде анықтама берілген. Мұғалім идеалы – білімнің құндылығын айқын түсінетін, «мәдениеті жоғары адам», өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс делінеді.

Кәсіпқой мұғалім өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әрбір қатынасушының педагогикалық үдерістегі орнын білуі керек. Оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуға қабілетті болып, оның нәтижелерін алдын-ала болжамдап көре білуі тиіс, болуы мүмкін ауытқушылықтарды дер кезінде түзете алуы, яғни құзыретті тұлға болу керектігіне назар аударылады.

Жобада жаңа тұрпатты мұғалім үш түрлі құзыреттілікке ие болуы тиіс деп есептелінеді: әдіснамалық, жалпымәдени, пәндік-бағыттылық. Педагогикалық қызметтің шығармашылық бағытталуы, біріншіден, мұғалімге мамандығы үшін мәні бар күшті және әлсіз жақтарын (өзін-өзі тануын, эмоционалдық қалпын, коммуникативтік және дидактикалық қабілеттерін және т.б.) бағалай алуы; екіншіден, зияткерлік мәдениетін (ойлау, ес, қабылдау, зейін), мінез-құлық, қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынасты меңгеруі; үшіншіден, қазіргі интеграциялық үдерістер, әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай алу сияқты мәселелерді қарастырумен байланысты.

Жаңа тұрпатты мұғалім ұғымының теориялық еңбектерде қарастырылу жайы, айтылған мәселелерді жүзеге асыру үшін жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың дидактикалық шарттары, ақпараттық технологияларды қолдану мазмұны сынды мәселелер өз шешімін табуды көздейді.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдармасына сәйкес республика мектептері 100% компьютерлендірілген. Орта білім беру ұйымдарына арналған электронды оқу басылымдары мектеп пәндерінің 35%-ын қамтиды. Республиканың алты облысының 717 мектебі (8,7%) қашықтықтан оқыту желісіне қосылды. Сонда да білім беру мекемелерінде мұғалімдердің ақпараттық технологияларды қолдану деңгейі қажеттіліктен төмен.

Жоғары білікті, бәсекеге қабілетті маман даярлау тілдік, ақпараттық, экологиялық, экономикалық дайындықтың жоғары болуын керек етеді. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша бакалавриаттың халықаралық бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны үйлескен білім беру бағдарламалары жасалып, оқытудың кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары жүзеге асады. Білім берудегі осындай өзгерістерге сәйкес жаңа тұрпатты мұғалім дәстүрлі оқыту формаларын ақпараттық-коммуникациялық, басқа да жаңашыл технологиялармен үйлестіріп жүргізе алуға қабілетті болуы керек деп есептейміз.

Жаңа типті маман дайындау жүйесінің негізіне төменгі курстарда іргелі жаратылыстану-ғылыми дайындық, ал жоғары курстарда тәжірибе міндеттерін шешуге бағытталған алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтардағы арнайы мақсатты дайындық; білім беру жүйесінде өндірістік инновацияларды, атап айтқанда жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды, оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін енгізу ұстанымдары алынуы жөн. Жаңа тұрпатты мұғалім даярлауда ақпараттық технологияларға негізделген арнайы курстар жүргізілуі қажет, оқытудың жаңашыл ақпараттық технологиялары жалпы білімдік, базалық және кәсіби пәндерді толығымен қамтуы тиіс. Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жаңа тұрпатты мұғалімді дайындаумен қатар, мұғалімдердің болашақ кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды еркін қолдана алатын дәрежеге жеткізуге болады. Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімдерді даярлау. «Жаңашыл мұғалімдер «педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек».

Жаңа тұрпатты мұғалім ұғымын психологиялық-педагогикалық әдебиеттерден жаңа типті мұғалім, жаңа буын мұғалімі терминдері түрінде кездестірдік. Жаңа тұрпатты мұғалім анықтамасы 2005 жылғы 18 тамызда жарияланған «ҚР жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың үзіліссіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы» және «ҚР жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында» бір мәселеге деген екі түрлі көзқарас көрсетілген. Екі тұжырымдама авторлары бір мәселені екі түрлі шешуді ұсынады. Дегенмен, бұларда бірін-бірі қайталайтын тұстар да баршылық. Жаңа тұрпатты мұғалімдерге қойылатын талаптардың «Жоғары педагогикалық білім» және «Жоғары педагогикалық білім беру құрылымы» бөлімдерінде олар бір-бірін қайталаған. Егер бірінші тұжырымдама негативті факторлар ретінде «бірін-бірі жалғастырып жататын білім беру стандарттары мен бағдарламаларын құруға ғылыми негізделген ұстанымның болмауын» атаса, екінші тұжырымдама авторлары «стандарттардың, типтік оқу бағдарламаларының жетілдірілмегендігін...» атайды. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Сондықтан, осы екі тұжырымдама негізінде біреуін жасау қажеттігі сөзсіз.

Педагогикалық білім берудің ең жоғарғы мақсаты - жаңа тұрпатты мұғалімнің жалпы және кәсіби дамуының үздіксіз жүргізілуі деп есептейміз. Бұл мақсатты жүзеге асыру кезінде маман-адам, азамат пен оның кәсіби білімі, іскерліктері мен дағдылары арасындағы үзіліп қалған байланыс қайта жалғасын табуы керек. Болашақ маманның жеке тұлғалық позициясын, оның кәсіби білімі мен іскерліктерін біріктіру жүзеге асуы жөн. Бұл біріктіру жалпы қосынды емес, сапалық жағынан жаңа құрылым болып, тұтастығы мен ішкі құрылымы жаңа типті мұғалім даярлау мен қалыптастыру мақсатын қоюға болады. Педагогикалық білім беру мақсаты, мұғалім тұлғасы мен кәсіби қызметінің инвариантты, идеалданған көрсеткіштері біліктілік сипаттамасының негізіне қойылатын профессиограммада ашылады. Біліктілік сипаттамасы типтік кәсіби педагогикалық міндеттер жүйесі түрінде құрылып, мұғалім тұлғасы мен кәсіби қүзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптарды құрайды.

Жаңа тұрпатты мұғалім бейнесі қандай болу керек деген сауалнамаға байланысты оқушылардың пікіріне қарасақ, сауалнама нәтижесі бойынша төмендегі талаптарды байқаймыз:



  • бірінші орында пәнді білу, әдістемені меңгере білу мен оқыту, оқушыларды сабақ барысында басқара білу;

  • екінші орында атап өтуге тұрарлық нәрсе – бейресми қарым-қатынастар, тәрбиеленушілермен қарым-қатынасты дұрыс жолға қоя білу тұр. Мұнда жаңа дәуір педагогінің ізгілігі мен демократиялылығы айрықша атап көрсетіледі;

  • үшінші орынға оқушылар ғылыми-педагогикалық ізденіс әдістері мен оқытудың жаңа технологияларын шебер қолдана білуді қояды. Бір сөзбен айтқанда, оқушылардың көпшілігі мұғалімнің кәсіптік іскерлігі мен жеке тұлғалық қасиетіне таңдау жасады.

Мұғалімнің кәсібилігі алдымен мұғалімнің адамды сан қилы етіп қалыптастыратын кәсіби іс-әрекетінің жан-жақтылығымен байланысты. Мұғалімнің кәсібилігін анықтайтын өлшемдердің арасында ең басты орынды, ұстаздық қызметтің қорытындысы - оқушылардың тәрбиелілігі мен дүниеге көзқарас деңгейі алуы керек... Сөз жоқ, мұғалімнің кәсіби деңгейін оның оқушыларға тиісті дәрежеде білім беру, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру тұрғысынан бағалау қажет.

Шебер мұғалім, біріншіден, халқымызға тән жастарымыздың бойында бар адамгершілік сипаттағы дүниетанымына, өз мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт-саналарына, қол өнері мен педагогикасына арқа сүйейтіндігіне және ашық-жарқындығы мен бауырмалдылығына, яғни қазақ ұлтының басқа халықтардың құндылықтарын сіңіре алушылық қабілетіне ерекше назар аударған жөн. Екіншіден, өзі оқытатын пәнді терең меңгеруге міндетті. Үшіншіден, өздігінен білім алуға ынталы болуы керек. Мұғалімнің жеке басының үлгісі - кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет болуы керек. Себебі, кез келген ұжымдағы қарым-қатынас мұғалімнің жеке басының үлгісімен тығыз байланысты.

Сонымен жаңа тұрпатты мұғалім ұғымы соңғы жылдары жарияланған шетелдік және қазақстандық педагогика оқулықтарында, ғылыми зерттеулерде «жаңа типті мұғалім», «мұғалім идеалы», «шебер мүғалім» түрінде берілсе, «жаңа тұрпатты мүғалім» термині терең қарастырылмаған.

Жаңа тұрпатты мұғалім дегеніміз – кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзыретті тұлға.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни жаңа технологияларды меңгеру жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.

Жоғары мектеп педагогикасы теориясында зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі – педагогикалық модельдеу мәселесі. Жоғары білім беруді модернизациялау ең алдымен оның мазмұнын терең жаңартумен байланысты. Тек қана информатика пәнінің мұғалімі ғана емес, сонымен бірге кез келген пән мұғалімінің ақпараттық технологияны меңгеруі - жаңа тұрпатты мұғалімге тән басты белгі деп айтуымызға болады

Жаңа тұрпатты мұғалімнің ақпараттық технологияны меңгеруі жоғары оқу орнында қалыптасатын болғандықтан, оқытушылардың ақпараттық сауаттылығы, олардың кәсіби деңгейінің заманауи талаптарға лайық болуы, студенттердің ақпараттық құзіреттілігін қамтамасыз ету, олардың барлық оқу формалары бойынша іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Осы міндетті шешу үшін біз зерттеу жұмысымызда төмендегі дидактикалық шарттар жүйесін ұсынамыз:

1.«Жоғары мектептің оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдану» атты оқытушыларға арналған арнайы семинар;

2.«Болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзырлылығы» атты әдістемелік нұсқау.

Ақпараттық технологияларды меңгеру негізінді жаңа тұрпатты мұғалім қалыптастырудың біз ұсынып отырған дидактикалық шарттар жүйесінің екіншісі - «Болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзырлылығы» атты әдістемелік нұсқау. Бұл нұсқаудың негізі мақсаты – болашақ мұғалімдердің ақпараттық сауаттылығын арттыру, ақпараттық мәдениетін арттыруға бағытталған. Дидактикалық жүйелердің үшіншісі - «Ақпараттық технологиялар жағдайындағы студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру» атты арнайы курс. «Ақпараттық технологиялар жағдайындағы студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру» атты арнайы курс бағдарламасы жоғары оқу орындарындағы студенттердің терең білім алып, кәсіби-шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытып, жоспарланған жұмыстарды қызығушылықпен орындап, меңгеріп шығуына және кәсіби біліктілігін толықтыруына септігін тигізетіні анық..

Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы, оның зерттеу әдістерінің көбеюі мен ұдайы жетіліп отыруы. Қазіргі кезеңде педагогикалық зерттеулер әртүрлі әдістердің бүтін бір жүйесі негізінде алға басуда. Бұларға: педагогикалық бақылау, әңгімелесу, құжаттарды зерттеу, әлеуметтік талдау (сұрақ, сауалнама жүргізу, тестен өткізу, рейтингтік сараптау), математикалық статистикалық талдау, педагогикалық идеяларды теориялық талдаудан өткізу және т.б. әдістер жатады.



Ақпараттық технологиялар негізінде жаңа тұрпатты

мұғалім даярлау



МАҚСАТЫ:

Жаңа ғасырдың ақпараттық қоғамына қажетті жаңа тұрпатты мұғалім дайындау






Оқу үдерісін ұйымдастыру

  • Оқыту мазмұнына толықтырулар енгізу

  • Арнайы курс бағдарламаларын даярлау

  • Болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру



Ақпараттық технологиялар арқылы жаңа тұрпатты мұғалім

даярлаудың дидактикалық шарттары






«Жоғары мектептің оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды

қолдану» атты оқытушыларға арналған арнайы семинар



«Ақпараттық технологиялар жағдайындағы студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру» атты арнайы курс


«Болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзырлылығы» атты әдістемелік нұсқау



Нәтижесі: болашақ мұғалімдердің ақпараттық мәдениті қалыптасады

Кесте -1. Ақпараттық технологиялар негізінде жаңа тұрпатты мұғалім даярлау моделі
Болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзырлықтарын қалыптастыру қазiргi бiлiм беру жүйесiндегi ақпараттық кеңiстiк туралы бiртұтас түсiнiктi қалыптастыру (бүкiләлемдiк ақпараттық ресурстарға бағдарлау, ақпараттарды iздеу алгоритмi мен ақпараттарды аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан өңдеу әдiстерiн меңгертуге, сонымен қатар ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлiк) сауаттылық: оқу-әдiстемелiк, озық тәжiрибелердi зерттеу, ғылыми-зерттеу нәтижелерiн түрлендiру мен технологияларды қолдану әдiстерiн меңгерту; қолданбалы программалық құралдарды меңгерту; жаңа программалық құралдарды меңгертуге ықпал жасайды..
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі:

1.А.Скендірова және авторлық бірлестікте. Жаңа формациядағы педагогтың жеке элитарлы тұлғалық үлгісімен іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері // «Педагогика және психология» атты ғылыми-әдістемелік журнал. №1 – Алматы, 2011. – 127-130 б.

2. Дидактические условия использования информационных технологий обучения при подготовке учителя новой формации в психолого-педагогическом аспекте //Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. «Қазақстан Республикасы психология ғылымының көкейтесті мәселелері және даму бағыттары». Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, 15-қаңтар. Алматы, 2010. – 221-224 б.
Аннотация. В Послании Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева «Повышение благосостояния граждан Казахстана – главная цель государственной политики» указывается на необходимость «создания возможностей получать современные знания и использовать передовые технологии». Это обязывает в настоящее время готовить конкурентоспособных, компетентных будущих специалистов, соответствующих уровню развития современных технологий. Актуальной является задача подготовки учителя новой формации посредством использования информационных технологий.

Аnnotation. Actuality of the research: In the dispatch of the President of Kazakhstan Republic N.A.Nazarbaev it is said that the increasing of the weal of Kazakhstan citizens is the main purpose of governmental politics. The weal of people depends on the gaining the modern knowledge and using the actual technologies. This makes the higher educational schools to prepare competitive, competent future specialists, corresponding to the increasing of modern technologies. The main purpose is opened in the contextualization of the previous quotation. It is a research of the problem of preparing the teacher of new formation with the help of using informational technologies.

ӘОЖ 82.08

О-65
РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСІН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ РӨЛІ
Г.О. Садуақсова, З.Н. Күдебаева

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Жалпы орта білім беруде шағын кешенді мектептердің орны ерекше. Себебі Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында іс жүзінде әрбір төртінші мұғалім шағын кешенді мектептерде жұмыс істеп, алтыншы қазақстандық оқушы шағын кешенді мектептерде оқитындығы көрсетілген. Шағын кешенді мектеп ұсынатын білім беру қызметтері сапасының нашарлығы аталған [1].

Себебі, ауылдық және қалалық мектеп бітірушілерінің дайындық деңгейінің әртүрлілігі байқалуда. Қазіргі күнде ауылдық жер сұраныстарын өтей алатын, өз мамандығын жетік меңгерген жастар тобының азайып бара жатқандығы анық сезіледі. Сондықтан да бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік сұраныс талаптары негізінде әртүрлі және көп деңгейлі оқытудың міндеттерін шеше алатын жаңа білім кеңістігін құру болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы Білім және ғылым министрлігінің соңғы жылдардағы деректері бойынша Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердің 56,5%-ын шағын жинақты мектептер құрайды. Ал ауылдық жерлерде мектептердің 68,6% - ын шағын жинақты мектептер құрайды. Біздің қоғамыздағы бастапқы білім беру ошағы болып табылатын мектептердің басым пайызы шағын жинақталған мектептердің алатындығы көрініп отыр. Соңғы 15 жылда шағын жинақталған мектептердің саны 2 есеге көбейген[2].

Ауылдағы шағын кешенді мектептердегі проблемалардың тууына себеп болып отырған жағдайлар төмендегідей:

- арнайы жабдықталған оқу кабинеттерінің, шеберханалардың, зертханалардың, аудио – визуалдық, техникалық оқу құралдарының, компьютердің және кітапханалық қордың жетіспеушілігі;

- шағын кешенді мектептерде оқытудың арнайы әдістерінің жоқтығы және пәндерді қазіргі заманға сай оқытуды қамтамасыз ететін оқу - әдістемелік кешендердің болмауы;

- әртүрлі жастағылардан құралған сыныптарда жұмыс істеуге қабілетті мұғалімдердің сандық және сапалық құрамының жетіспеушілігі;

Қазіргі уақытта осы проблемаларды шешуде Республикамызда әртүрлі ауылдық мекендерде жалпы білім беретін мектептер базасында бүгінгі күн талабына сай жұмыс істейтін «Ресурстық орталық» мектептер құрылуда.

Осындай орталық Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында 2011-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына және Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №236 қаулысымен бекітілген «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2011-2020 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының» 78 –ші тармағына сәйкес, Байзақ ауданы әкімдігінің №394 2012 жылғы 24 қыркүйектегі қаулысына және білім бөлімінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі №448 бұйрығын негізге ала отырып Диқан орта мектебі ресурстық орталық мектебіне көшірілді. Диқан тірек мектебіне 6 магниттік мектеп біріктірілген. Олар: Сарыбарақ орта мектебі, Мухтар Әуезов атындағы орта мектебі, В.Чапаев атындағы орта мектебі, Т.Ақбозов атындағы орта мектебі, Берікқара орта мектебі, Қарасу орта мектебі. Бұл аталған мектептер шағын жинақталған ресурстық тірек орталығының біріңғай мақсат және міндеттері бар тұтас білім беру жүйесін құрайды[2;20-23].

Ресурстық орталық – ресурстық мектеп айналасына жақын ауылдарда орналасқан, мақсаттары мен міндеттері бір шағын кешенді мектептермен бірігіп, біртұтас білім беру жүйесін құрайтын орталық.

Мұның құрамындағы ресурстық мектеп – белгілі материалдық және кадрлық ресурсы бар, жалпы білім беретін мектеп, ал магниттік мектептер соның айналасына жақын орналасқан шағын кешенді мектептер.

Ресурстық орталықтың қызметі:жан –жақты базалық және кәсіптік оқыту негізінде ауылдық жердегі барлық балаларды олардың қабілеттері, жеке ерекшеліктері, бейімділіктерін ескере отырып, сапалы біліммен қамтамасыз етуге жағдай жасау.

Осы қызметті жүзеге асыруға негізделген ресурстық орталықтың мақсаты: шағын жинақты мектеп оқушыларына көп деңгейлі және тереңдетілген білім беруге жағдай жасай отырып, белгілі бір арнайы біліммен қаруланған, қазіргі заман талаптарына сай кең көлемді ақпаратпен жұмыс жасауға дайын, бәсекелестікке бейімді, рухани дамыған, салауатты, бүгінгі мектеп бітірушісін, ертеңгі күннің білікті мамандарын даярлау.

Осы орталықты құру негізінде ауыл мектептерінің алдында тұрған проблемаларды шешуде Жамбыл облысы Диқан тірек мектебінде төмендегідей іс -әрекет түрлері қолданылып отыр.

- кадрлар потенциалын тиімді пайдалану;

- аудиовизуалдық оқыту құралдарын, ақпараттық бағдарламалар және т.б. дистанциондық оқыту формасын пайдалану;

- оқытудың мерзімділігі немесе ресурстық мектеп негізінде практикалық сипаттағы оқу сессияларын, білім, білік, дағдыларына рейтингілік бақылау жасау;

- сессияаралық мерзімде оқыту түрлерін пайдалану;

- ресурстық пен магниттік мектеп түлектеріне арнап, мазмұны мен өткізу түрлері, нәтижесін бағалау әдістері бірдей емтихандарды өткізу.

Орталықта оқу сессиялары бір оқу жылында кемінде екі рет өткізу.

Ресурстық орталықтағы оқыту мен тәрбиелеу жолдарына тоқталатын болсақ, олар төмендегідей:

- оқушылардың әр деңгейлі контингентіне, бағытталған вариативтік оқыту бағдарламаларын дамыту арқылы білім беру үрдісін жекелендіру және дифференциялау;

- оқытудан өзін -өзі дамытуға көшуі;

- оқытуды кәсіптендіру және ақпараттандыру;

- отбасының оқу-тәрбие үрдісіндегі потенциалын сақтау;

Оқыту әдістері мен формалары әр түрлі, мұнда дистанциондық оқыту негіздері, белсенді, интерактивті, өзін -өзі дамытушылық, зертханалық, ақпаратты талдаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастырушы әдістер пайдаланылады.

Ресурстық орталықтың оқу –тәрбие үрдісін ұйымдастыру дистанционды басқару негізінде бірыңғай ақпараттандыру кеңістігінде жүзеге асады.

Ресурстық орталықты басқару жүйесіне тоқталатын болсақ, басқарудың жоғарғы деңгейінде ресурстық орталықтың үлкен педагогикалық кеңесі, директорлар кеңесі, әкімшілік және ата – аналар қауымдастығы өкілдері енген қамқорлық кеңесі және институт қызметкерлері енген тәжірибелік – эксперименттік жұмысты үйлестіруші -әдістемелік орталық, бұған мониторинг жүргізуші топ және дәрігерлік, психологогиялық-педагогикалық орталық қарайды. Сонымен қатар, басқару жүйесіне оқу – тәрбие үрдісі секторы, сыныптан тыс тәрбие жұмысы секторы енеді және оқушыларды сессия уақытында әкелу, тамақтандырумен шұғылданатын экономикалық сұрақтар бойынша менеджер, шаруашылық қамтамасыз ету бөлімі енеді. Мектеп бағыттары бойынша кафедралар, мұғалімдерді қазіргі заман жағдайына сай жұмыс істеуге даярлайтын жаңа технологиялардың педагогикалық орталығы, ресурстық орталық қызметі барысында қажеттілігіне қарай белгілі проблемаларға байланысты уақытша шығармашылық топтар құрылып отырады. Ресурстық орталықтың оқушыларының өзін-өзі басқаруының алқалық органы - оқушылар конференциясы болады.

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Диқан тірек мектебі:

- жалпыға бірдей мемлекеттік стандартты жүзеге асыруға;

- мұғалімдердің кәсіптік даярлық сапасын арттыруға;

- қазіргі заманғы оқытудың педагогикалық, ақпараттық технологияларын ендіруге;

- ауыл мектептері оқушыларының кәсіптік бағдар алулары үшін жағдай жасауға;

- ауылдық жерлердегі мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін дамытуға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы / Егемен Қазақстан 14.11.2010

2.Шағын жинақталған мектеп: Қазіргі жағдайы және мәселелері» Ғылыми -әдіснамалық семинар материалдары . – Тараз, 2013
Аннотация. В статье расматривается роль ресурсных центров в совершенствовании педагогического процесса в малокомплектных школах.

Annotation. Scholars and teachers agree that motivation is crucial in language teaching.

ӘОЖ 453. 21
МЕМЛЕКЕТТІК БАЛАБАҚШАДА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН

ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
А.А. Сартбаева

7 бала-бақша, Тараз қ.


Қазіргі кезде ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде педагогтардың тәрбие мазмұны жайлы айтылатын пікірлер бірдей емес. Тәрбиені ізгілендіру және демократияландыру үрдістерімен қатар басқа да сұрақтар кеңінен талқыланып, олардың шешілуі тәрбиені жаңа сапалы деңгейге көтеруі тиіс. Бірақ барлық зерттеуші-педагогтардың тәрбие мазмұны жайлы ізденістері мынандай маңызды идеяларға негізделген:

1.Тәрбиенің мақсаттарын нақты түрде қою;

2.Балабақшаның, мектептің, жанұяның педагогикалық үрдісінде балалар мен үлкендердің ынтымақтастығы;

3.Адамның өмірдегі өз орнын анықтай білу мәдениеті;

4.Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы. Аса көп көңіл бағдарламалар мен іс-шараларды орындауға емес, тек балаға бөлінуі керек;

5.Баланың қабілеттерін, қызығушылықтарын, ескере отырып, баланы өз еркімен тәрбиеге қатыстыру;

6.Ұжымдылыққа бағыттау.

Тәрбие стратегиясының нақты ұстанымдары «Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарында тәрбиелеудің кешенді бағдарламасында» анықталған. Білім және тәрбие беретін ұйымдарда тұтас педагогикалық үрдісті ұйымдастыру барысында тәрбиешілер төмендегі аталып отырған принциптерді іске асыруға қабілетті болулары қажет:



  • педагогтың тәрбиеленушіні өз дамуына өзі жауапты субъект ретінде қарастырып отыра, тәрбиенің адамгершілік бағытта жүргізілу принципі;

  • табиғи және әлеуметтік мәдени үрдістердің өзара байланысын ғылыми тұрғыдан түсінуді қарастыратын табиғатқа сәйкестілік принципі;

  • жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген ұлттық мәдениет ережелері мен аймақтық дәстүрлерге сәйкес тәрбиелеуді қарастыратын мәдениетке сәйкестілік принципі;

  • әлеуметтік бейімделу дағдыларын, өзін-өзі іске асыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік әрекеттестіктің тиімділік принципі;

  • тұлғаның әлеуметтік және мәдени құзырлығын (компетенттігін) дамыту принципі.

Тәрбие мазмұны жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін іс-әрекет түрлері арқылы іске асады. Оған: көзқарасты қалыптастыру, адамгершілікке, еңбекке баулу, тұлғаның саяси-идеялық, эстетикалық дамуы, дене шынықтыру, оның түрлі іс-әрекеттеріне жағдай жасау жатады.

Тәрбиенің түрлері мен олардың өзгешіліктерінің сипаттамасы.

Адамның жеке тұлға ретінде дамып, қалыптасуында әлеуметтік тәжірибе мен жалпы адамзаттық мәдениеттің маңызы зор. Кең мағынада мәдениет адам іс-әрекетінің белсенді-шығармашылық сипатында қарастырылады. Әлеуметтік ортадағы әр бір адам мәдениеттің материалдық, рухани, әлуметтік-нормативті болып бөлінетін үш бөлігін игеруі тиіс. Жалпы адамзаттық мәдениеттің әрбір бөлігі әр адамның дайындық деңгейінің бір қырын көрсетеді. Мәдениеттің белгілі бір саласының немесе бір іс-әрекет түрінің дамуына байланысты, қоғамда өсіп келе жатқан ұрпақты осы іс-әрекет түріне дайындау қажеттілігі туындаған. Яғни, нақты бір іс-әрекет түріне даярлауды ұйымдастыру тәрбие түрін анықтайды. Мысалы, өнердің дамуына байланысты эстетикалық тәрбие қажеттілігі туындады. Әлеуметтік-экономикалық бағыттың дамуымен қоғамның нарықгық экономикаға, нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңінде жас ұрпақты экономикалық тәрбиелеу қажеттілігі пайда болды. Яғни, қоғамдағы барлық үрдістер өзара тығыз байланысты да, өзара келісілген.

Тәрбиенің барлық түрлері балабақшаның, мектептің педагогикалық үрдісінде ғылым негіздерін үйренуде, сонымен қатар отбасында да жүзеге асады. Балалар балабақшадағы, мектептегі білім мен тәрбие алған барлық жылдары бойы адамзат еңбегімен құрастырылған өмір мен мәдениет құндылықтарымен танысады. Педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында тәрбие түрлерінің әртүрлі негіздер бойынша топтастырылатыны көрінеді.

Ең жалпылама топтастыру көне дәуір философтарының ілімдерінен бастау алатын ақыл-ой, рухани, адамгершілік, еңбек, дене тәрбиесін қамтиды.



Ақыл-ой тәрбиесі – балалардың ақыл-ой күштері мен қабілеттерін дамыту, ой еңбегін игеру арқылы қоғам, табиғат, адам туралы ғылыми білімдер жүйесін меңгеру процесіне мақсатты және жоспарлы түрде ықпал ету.

Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты: балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.

Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену үрдісінде білімнің рөлі, ақыл-ой мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылатын тұлғаның ғылыми көзқарасы өте өзекті. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету қабілеттері, икемділіктері мен дарындылықтары дамиды.

Ақыл-ой тәрбиесі ғылымдар негіздерін, өндірістің ғылыми принциптерін зерттеуді қарастырады. Ақыл-ой тәрбиесі білімді тереңдетуге, бекітуге, оның тәжірибелік мәнін түсінуге септігін тигізеді.

Ақыл-ой тәрбиесін жүргізу барысында тәрбиешілер балалардың жеке ерекшеліктерін ескеріп отырулары тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір салада жақсы байқалса, басқаларында – басқа салада байқалады. Жас ерекшеліктері бірдей болса да балалар арасында тез немесе өте баяу жұмыс жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері және меңгерген теориялық материалды қайта айтып беру қабілеттері әр-түрлі балалар кездеседі.



Адамгершілік тәрбиесі – тұлғаның әлеуметтік ортада тіршілік етуіне қажетті қоғам талабына сай балалар бойында тұрақты моралдық қасиеттерді, нормалар мен адамгершілік идеалдарды, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді үйрету және қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиенің мақсаты: жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны мораль, этика, адамгершілік, адамгершілік ұғымдар, түсініктер, сезім, әдептілік, өзін-өзі ұстау мәдениеті деген ұғымдармен тығыз байланысты болады. Адамгершілік тәрбиесінің бір ерекшелігі оның тәрбиеленушілердің іс-әрекеттерінің кез келген түрімен байланысты болуында.

Адамгершілік тәрбиенің міндеттері:

- адамгершілік сана-сезімді қалыптастыру;

- адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту;

- адамгершілік мінез-құлықтың әдеттері мен іскерлікгерін қалыптастыру;

- адам санасында оның қоғаммен байланыстылығын, қоғамға тәуелділігін, қоғам мүддесіне өзінің мінез-құлқын сай болу қажеттілігін қалыптастыру;

- қоғамның адамгершілік идеалдарымен, талаптарымен таныстыру, олардың заңдылығы мен парасатылығын делелдеу;

- өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге талпынуды қалыптастыру.

Адамгершілік адамның тұлғалық сипаты болып саналады да, мейірімділік, парасаттылық, адалдық, шыншылдық, әділдік, еңбек сүйгіштік, тәртіптілік, ұжымдылық деген қасиеттерді біріктіреді. Ұлы Абай шығармашылығының негізгі өзегі – адамның адамгершілігі, ар-ұяты, ақылдылығы болып келеді, мысалы «Адам бол», «Өзіңдегі адамгершілікті сақта» – деген өсиеттері осыны айғақтайды.



Құқықтық тәрбие – балалардың құқықтық сана-сезімін, қоғамдағы құқықтық нормалар мен құқықтық мәдениетті сақтау, заңды құрметтеу дағдыларын қалыптастыру.

Құқықтық тәрбиенің мақсаты: балаларды күрделі құқықтық қоғамдық қатынастармен таныстыру.

Құқықтық тәрбиенің міндеттері:

- құқықтық мемлекеттік азаматты тәрбиелеу;

- өмірге қажетті қарапайым заңгерлік сауатылықты меңгеру дағдыларын қалыптастыру;

- балаларды өз құқықтарымен, міндеттерімен құқықтық жауапкершіліктерімен, құқықтық қатынастармен таныстыру.

Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын бірнеше заң құжаттары бар. Балаларды қоғамдық өмірге дайындау маңыздылығы, және ұлттық сана-сезім мен азаматтықты тәрбиелеу принциптері негізінде жасалған бала құқығы мен мүдделерін іске асыруда пайда болатын қатынастарды қадағалайтын «Балалар құқықтарының декларациясы», Қазақстан Республикасының «Балалар құқығы туралы заңы», «Балалар құқығы туралы конвенция» іске асырылуда.

Әлеуметтік ортадағы өмір әр адам бойында өз Отанына деген сүйіспеншілікті, азаматтық қасиеттерді қалыптастыруды талап етеді. Әр бала жеке тұлға болуға, өз өмірін өзі құруға, өз ойын еркін айтуға, азамат болуға құқылы.



Азаматтық тәрбие – балаларды қоғамның саяси өмірінің негіздерімен таныстыру, өзінің азаматтық міндеттерін орындауға дайындығын қалыптастыру.

Азаматтық тәрбие жеке тұлғаның азаматтық сана-сезімін, конституциялық, құқықтық көзқарасын қалыптастыруды қарастырады.

Азаматтық тәрбиенің міндеттері:

- тұлғаның өз абыройын бағалап құрметтеу сезімін, жеке тәуелсіздігін және тәртіптілігін қалыптастыру;

- адамға өзін заңды, саяси, әлеуметтік тұрғыдан әрекетшіл екенін сезіндіретін тұлғаның азаматтылығын қалыптастыру;

- тұлға бойында басқа азаматтарға және мемлекетке деген сыйластық және сенімділік қатынастарын қалыптастыру;

Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, оны қорғауға деген даярлық адамгершілік тәрбиесінің бір бөлігі ретінде қарастырылады.

Экологиялық тәрбие – ол бала санасында табиғатты қорғау, аялау сезімін, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Экологиялық тәрбие мақсаты: табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, оны қорғауға даярлықтарын қалыптастыру.

Экологиялық тәрбиенің міндеттері:

- жас ұрпаққа жоғарғы экологиялық мәдениетін бірізді дамыту;

- табиғатқа қоғам дамуының материалды және рухани күштердің қайнар көзі ретінде қарап, оның тағдыры үшін жауапкершілікті сезіну;

- адамдардың санасы мен іс-әрекеттерінде табиғат байлықтарын тиімді пайдаланып, оларды сақтау қағидаларын бекіту;

- қоршаған ортаға зиян келтірмей кейбір шаруашылық-экономикалық мәселелерді шешетін дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру.

Үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудың маңызды және көп ғасырлар тәжірибесінен тексеріліп өткен қағидасы тәрбиенің бастамасы еңбекке баулу екені анық. Еңбек, адам іс-әрекеттерінің негізгі түрі бола тұра, жеке тұлғаны дамыту факторы және әлемді шығармашылық тұрғысынан меңгеру тәсілі ретінде қарастырылады.



Еңбек тәрбиесі – еңбек етуге психологиялық даярлықты, еңбекке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, еңбек тәртібі мен мәдениетін меңгеру.

Еңбек тәрбиесінің мақсаты: балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуге даярлықтарын, мамандықты саналы тандауларын қалыптастыру.

Еңбек тәрбиесінің міндеттері:

- тәрбиеленушілерді еңбек іс-әрекетінің әр түріне мақсатты бағыттайтын жалпыға пайдалы еңбек қажеттілігін қалыптастыру;

- белсенділік, іскерлік, еңбекті құрметтеу сияқты қасиеттерді дамыту;

- тұлғаның қайсарлығын, ұқыптылығын, тапқырлығын, ептілігін және басқа да жігерлік қасиеттерін дамытатын қажетті дағдыларды бекіту;

- балалардың ұйымдастырушылық қабілеттерін, ұжымдық еңбекте ынтымақтастық және өзара көмектесу, өзара жауапкершілік сезімдерін дамыту.

Еңбек тәрбиесі отбасында да әр түрлі жолдармен іске асады. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуге кеңінен қатыстырылады. Олар үй шаруашылығында көптеген міндеттер атқарады; отбасы бюджетіне, оның пайдалануына қатыстырылады. Балалар мен ересектердің бірлесіп жұмыс істеуінде отбасының мүмкіндіктері зор. Еңбек тәрбиесінің құрамды бөлігі болып экономикалық тәрбие саналады.



Экономикалық тәрбие – балалардың нарықтық экономика жағдайында шаруашылықты тиімді жүргізу қағидалары мен нормаларына сай сана-сезімдерін, дағдыларын, іскерліктерін, мүдделерін қалыптастыруға жүйелі және мақсатты ықпал жасау.

Экономикалық тәрбиенің міндеттері:

- экономикалық сана-сезіммен ақыл-ойды, саналы қажеттіліктерді қалыптастырып бекіту;

- адам бойында ұқыптылық, тәртіптілік, үнемшілдік, іскерлік, ұйымдастырушылық, еңбек сүйгіштік сияқты қасиеттерді қалыптастыру;

- балалардың шығармашылықпен еңбек ету және тиімді, үнемді, аз шығандармен жоғары нәтижелерге жете алу іскерліктерін дамыту;

- тиімді экономикалық іс-әрекетке деген ынта мен талпынысты қалыптастыру.



Дене шынықтыру тәрбиесі адам денсаулығын сақтау мен нығайту және дененің дұрыс дамып қалыптасуына жеткізу.

Дене шынықтыру тәрбиесінің мақсаты: салауатты өмір сүру негіздерін білу және ұстану, өз еркімен дене шынықтыру және спортпен шұғылдану дағдыларын қальштастыру.

Дене шынықтыру тәрбиесінің міндеттері:

- денсаулықты нығайтуға және дене шынықтыруды дұрыс дамытуға ықпал жасау;

- табиғи қозғалысты қасиеттерді дамытып жетілдіру;

- дене шынықтыру мен жүйелі шұғылдануға тұрақты қызығушылық пен қажеттілікті тәрбиелеу;

- табиғат күштерімен балалар денесін шынықтыру (күн, су, ауа)

- ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті жетілдіру;

- гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.

Дене шынықтыу тәрбиесінің мазмұны жас ұрпақты дене шынықтыру мәдениетінің әр түріне, әскери-өнер әрекеттеріне қатысуын, адам денесінің оның ақыл-ой, сезім, еріктерімен үйлесімді дамуын қамтиды.



Эстетикалық тәрбие балалардың бойында өз өмірін сұлулық заңдарына сай құра алу қажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастырады.

Эстетикалық тәрбиенің мақсаты: балалардың шығармашышық қабілеттерін, әлемді сұлулық заңдары арқылы тануға қызығушылықтары мен талпыныстарын дамыту.

Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:

- эстетикалық білімдерді қалыптастыру;

- эстетикалық мәдентиетке тәрбиелеу;

- ата-бабаларымыздан қалған асыл мәдени мұраны игеру;

- шынайы қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты орнату;

- эстетикалық сезімдерді қалыптастыру;

- адамды өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі әсемдікке баулу;

- өз өмірін және іс-әрекеттерін сұлулық заңдарына сай құру қажеттіліктерін дамыту.

Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру үрдісінде балалар бойында өнердегі, өмірдегі, табиғаттағы, тұрмыстағы, еңбектегі, мінез-құлық және іс-әрекеттегі әсемдік пен әдемілікке деген әсерлі сезімталдық дамиды.

Әлемді эстетика тұрғысынан танудың субъективті қыры ретінде эстетикалық сезімдер, әсемдікке деген көзқарас, бағалау, ой-толғаныстар, идеялар, яғни адамның эстетикалық саналылығы қарастырылады.

Жоғарыда аталған тәрбиенің барлық бағыттары тұтас педагогикалық үрдісте орын алып, өзара тығыз байланыста болады. Тәрбиенің әр бір түрі басқа түрлерімен қатар жүргізіліп, бірін бірі толықтырады, педагогакалық үрдіс барысында өзара тәуелді болады. Мысалы, ақыл-ой мен дене шынықтыру тәрбиесінің байланысы денсаулық пен оқытудың өзара тәуелді ұғымдар екенін көрсетеді. Өйткені тәрбиеленушінің денсаулығы неғұрлым мықты болса, соғұрлым оның оқуы мен дамуы тиімді сапалы болады.

Жеке тұлғаның тұтас қалыптасуында тәрбие бағыттарының барлығы жеке үрдістердің қосындысы ретінде емес, бірлескен, өзара байланысқан, тұтас үрдіс ретінде қарастырылады, себебі баладағы үйлесімділікті тек қана үйлесімді әсер етумен калыптастыруға болады.

Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері

Егемен елiмiздiң тiрегi – бiлiмдi ұрпақ. Қазақ халқының өмiрiнде тәрбие жеке отбасының ғана мұраты болған емес, ұрпақ болашағы ежелден ортақ мүдде деп түсiнiлген. Біздiң болашағымыз – өсiп келе жатқан жас ұрпақ. Жас ұрпақ ел-тiрегi, ертеңiмiздiң кепiлi.

Дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда толық жетілген тұлғаны тәрбиелеу және соған байланысты әлеуметтік-экономикалық, психологиялық мәселелер күннен күнге күрделене түсуде. Осыған орай, бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық.

Болашаққа оқу-бiлiм сәулесiн таратқан халқымыздың ағартушы- педагогы, қазақ даласында тұңғыш мектеп ашқан, Ыбырай Алтынсарин, ұлы ғұлама Абай Құнанбаев, көрнектi қоғам қайраткерi, ғалым-ұстаз Ахмет Байтұрсынов, қазақ жерiнде тұңғыш ұлттық педагогика, психология пәндерiнiң негiзiн қалаған Мағжан Жұмабаев, Жүсiпбек Аймауытовтардың ұрпақ тәрбиесiне қосқан үлесi, қалдырған мұрасы кешегiнi бүгiнгiмен жалғастырып келе жатқан игiлiгi мол қазына екенi сөзсiз. Олардың шығармашылық асыл мұралары бұл күнде жас ұрпаққа тәрбие мен бiлiм беру жүйесiнiң төрiнен орын алып, тәрбиенiң дәрмендi құралдарының бiрiне айналып отыр.

Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі ұрпақтарға әлеуметтік тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие үрдісі орындалатын білім және тәрбие беру жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған.

Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтарда негізінен айтқандай адамды қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады. Сонымен қатар тәрбие мақсаттарының одан ары айқындалуы оның міндеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға тікелей қатысты.

Тәрбие мазмұны – әр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне қамтамасыз етуге, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға бағытталған, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі. Сонымен бірге, тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке тәрбиелеу, өз қоғамына тығыз байланысты, және сол қоғамды жетілдіруге ұмтылған адам және азамат қалыптастыру қамтамасыз етіледі.

Тәрбие мазмұнының мәселесі тәрбие бағдарламаларымен тығыз байланысты. Нақты бір білім беру мекемесіндегі тәрбие мазмұны мекеменің өз бетінше жасап, қабылдап іске асыратын білім беру бағдарламаларымен анықталады. Тәрбие бағдарламалары тәрбиенің негізгі мақсаттары мен міндеттер шеңберін анықтап, тәрбие мазмұнының сипаттамаларын, ерекшеліктерін, негізгі бағыттарын ашып көрсетеді.


Әдебиеттер тізімі:

1.Қазақ балабақшаларындағы тәрбие тұжырымдамасы. – Алматы, 2013.

2.Баймұратова Б. Балаларды мектепке даярлау жөнінде. – Алматы, 2012.

3.Сейсенбаев К. Отбасы тәрбиесіндегі баланы мектепке даярлауда қазақ халық педагогикасының прогресшіл идеялары мен тәжірибелерін пайдалану проблемасы: п.ғ.канд. дис.. – Алматы, 2012,-153б.


Аннотация. Главная цель дошкольных учреждений – это создание условий, для получения современных знаний, и использование передовых инновационных технологий. Это обязывает дошкольные организации использовать в учебно-воспитательном процессе инновационные технологии, соответствующих уровню развития современных технологий

Аnnotation. Preschool еducation - big and important period of mental development of the child. The educational process is the foundation of education of the individual

ӘОЖ 514.23:18
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ

12 ЖЫЛДЫҚ ОҚЫТУҒА КӨШУ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Ш.М. Тойғанбекова, П.М. Махашова

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Дамыған елдердегі білім беруді реформалау эволюциялық, революциялық жолмен жүріп, стратегиялық және тактикалық міндеттерді жүктеп, интеграциялау, интернационалдандыру, демократияландыру жолымен дамуда. Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің «Қазақстан - 2030» жылға дейінгі даму стратегиясында көрініс тапқан әлеуметтік сектордағы құрамдас үш мәселеге, яғни халықтың денсаулығы, жоғары білім деңгейі және ұлттық рухани – адамгершілік мәселелеріне Қазақстан халқының назарын аударды. Аталған стратегияны орындауға байланысты Ел Президенті әр жылы Қазақстан халқына үндеу жолдап, стратегияның орындалғаны және келесі кезекте нені орындауға болатыны туралы бағыт-бағдар беруде. Соның ішінде білім саласы да бар. Мәселен, 2006 жылғы Жолдауының төртінші басымдығы білім саласына арналып, онда білім жүйесінің «бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» айтылған еді. Елбасы 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында да білім беру саласына ерекше көңіл бөлді. «Мен үшін маңызды мемлекеттік бағдарламаны: білім беру, денсаулық сақтау және тілдерді дамыту бағдарламаларын бекіттім» деп атап көрсетті. Ал 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында мектеп оқушыларына сабақ беретін мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға байланысты «Әр өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс» деді. Білім беруді 12 жылдыққа көшіру, бейіндік мектептер ашу, оқушыларға білім беруде оның өмірлік тәжірибесін ескеру, пәнаралық байланысты нығайту және оқушыларға экономикалық тәлім – тәрбие берудің бәрі соған лайықты жаңа тұрпатты ұстаздар даярлауды қажет етеді. Елімізде бейіндік мектеп, соған лайықты ұстаздар даярлау мәселесіне көптен қалам тартып жүрген ғалымдар: олар Амангелді Құсайынов, Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков, Асқарбек Құсаинов, Д. Қазақбаева және тағы басқалар. Аталған ғалымдардың ішінде академик М.Н.Сарыбеков он екі жылдық мектептерге қандай ұстаздар керектігін айтып, 21 ғасырдың жаңа тұрпатты ұстаздарды даярлаудың нобайын ұсынған еді. Жалпы орта білім 12 жылдық білім берудің нобайы 2007 жылғы

“Білім туралы” заңында қарастырылған еді. Ол бойынша: бастауыш мектепте оқу мерзімі 4 жыл, негізгі мектепте 6 жыл, ал жоғары мектепте 2 жыл [5]. Ал 2008 жылғы Жолдауда “білім саласының басты міндеті - 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту” делінген. Мұндай құжат-тұжырымдамалар әрбір шет мемлекеттерде де бар. Әрине, олардың басты бағыты жастарға лайықты білім беру. Білім беру мемлекеттік тапсырыс болғандықтан, мемлекеттің қаржысына сәйкес білім беру жоспарын жасау және соны орындау керек. Бүгінгі жалпы орта білімнің бағыты өркениетті елдерден қалмау, тегін, міндетті орта, үзіліссіз білім беру, мектептердің әр түрін енгізу. 2008 жылдан Қазақстан Республикасында жалпы орта білімнің 12 жылдыққа көшуі басталып, ол 2015-2020 жылдары толығымен іске асуы қарастырылған еді. Бірақ бұл жоспар 2008 жылы жүзеге аспай қалды, оның кейінге шегерілуіне әсер еткен кейбір төмендегі себептерді атап өтуге болады: 201 мектеп апатты жағдайда, 70 мектеп 3 аусымда, 1 мектеп 4 аусымда жұмыс істеген, мектептердің 25,1 пайызы күрделі жөндеуді қажет еткен. Сонымен қатар жеткіліксіз деңгейде ағылшын, химия, физика және биология кабинеттері жаңа құралдармен жабдықталған болып шықты. Осылардың бәрі 12 жылдық моделін енгізу мерзімін кейінге қалдыруға себеп болды.

Кесте -1. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «2015 жылы оқытудың 12 жылдық моделіне дәйекті көшу мынадай сызба бойынша басталады:

 


Жылдар

Оқытудың 12 жылдық бағдарламасы бойынша

Оқытудың 11 жылдық бағдарламасы бойынша

2015 – 2016

1,5,11

2,3,4,6,7,8,9,11

2016 – 2017

1,2,5,6,11,12

3,4,7,8,9

2017 – 2018

1,2,3,5,6,7,11,12

4,8,9

2018 – 2019

1,2,3,4,5,6,7,8,11,12

9

2019 – 2020

1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12

 

11 жылдық мектептің 9 сыныбынан 12 жылдық мектептің 11 сыныбына көшу 2015 -2016 оқу жылынан 2019-2020 оқу жылына дейін жүзеге асырылады. Оқытудың 12 жылдық моделінің 11 және 12 сыныптарында оқыту ақысыз болады» делінген.

Егер де 2010 жылдың 1 шілдесінде 2,5 млн-ға жуық оқушы болса, 2015 жылдың 1 қыркүйегінде оқушылардың саны 2,7 млн - ға жетеді деп жоспарлануда.

Өзара қарым-қатынас тұлғаны қалыптастырудың құралы ғана емес, оның адамдық болмысын да шыңдайды. Ізгіліктің негізін ұжымдық әрекеттердегі қатынастар, тұлғаның белсенділігі, өзін-өзі үнемі дамытып отыруға ұмтылуы өзгелерден бөлек жағдайларда емес, өзге адамдармен диалогтік қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады. Бұл – білімді ізгілендіру болып табылады, яғни білім беруде баланы ең жоғары құндылық деп тану, оның еркіндігі мен жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, оқу-тәрбие процесінде оқушының танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру, оқу, ойын, еңбек, қоғамдық істерде оқушының субъект деп қарастыру. 12 жылдық білім беруге көшу – бұл барлық ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа, ол «жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын жоғары білімді шығармашыл, құзыретті тұлғаны қалыптастыруды және дамытуды» алдын ала болжайды.

Білім берудің адамға, тұлғаға бағытталуы, білім мазмұнының демократиялылығы, заман талабына сай білім беру мен ұлттық тәрбие үрдісінің гуманистік сипаты – 12 жылдық оқытудың методологиялық негізі ретінде қызмет ете алады. Оқытудың оқушыға бағытталған мазмұнын, өзіндік ерекшеліктерін, одан туындайтын ұстанымдары мен шарттарын жүйелеу арқылы қазіргі ұлттық білім берудің философиялық тұжырымдамасын, әдіснамалық және әдістемелік негіздерін жасауға болатыны сөзсіз. Онсыз мектептер мен білім беру мекемелеріндегі ұлттық идеяны көздейтін тұжырымдамалық тұтастықты қамтамасыз ету мүмкін емес. Бүгінгі білім жүйесінде Д.Дьюи атап өткендей, «үлкен өзгерістер басталуда. Ол маңызы жағынан, Н.Коперниктің жаңалығына тең болып отыр, яғни, оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасына шоғырландыра жүргізіледі». Білім беру – шын мәнінде, баланың өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып, белсенді іс-әрекет жасауына, жақсы көруі мен қорғанушылығын еркін көрсете білуіне, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, өзін-өзі тәрбиелеп дамытуына, жас және жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғызу деген сөз. Оқушының өзін-өзі тануы үшін ғылыми және өмірлік проблемаларды шешудің бірден бір тәсілі - өзін - өзі рефлексиялық басқаруды жүргізе алуы. Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде бастауыш және орта білім кезеңінен-ақ демократиялық қарым-қатынастарды орнықтыру көзделеді. Ол үшін оқытудың мынадай басты ерекшеліктерін дағдыға айналдырудың маңызы зор:

- өз тәжірибесін пайдалана отырып жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымдық қалыптастыру;

- өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу;

- өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже түйіндеу;

- өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу.

Баланың өз білімі мен тәжірибесін, қоршаған ортаны «зерттеу» әрекеттері арқылы қалыптастыруды: мысалы, тақырып бойынша түрлі сызбалар, үлгілер құрастыру, сарамандық тәжірибе жасап, одан түйін шығару, даулы мәселелерге жауап іздеу, т.б. бұлардың барлығы да танымның индуктивтік әдісіне, жекеден жалпыға өтуге жатады, және педагогикалық концепция ретінде «инструменталдық педагогика» деп аталады. Осы тұжырымдаманы өте ықшамдап көрсетсек, мынадай болар еді:

- бала өзінің онтогенезінде адамзаттың танымдық жолын қайталайды;

- білімді игеру ерік пен жігерге негізделегн спонтандық процесте де, ұйымдастырылған әрекетте де жүргізіледі;

- бала жаңа материалды тек жай ғана тыңдау, көру, сезіну арқылы емес, оқытудың субъекті ретінде өзіндік білім алуға қажеттік пайда болғанда ғана игереді.

Оқытуды өзектілендірудің әдістемелік тәсілдері:

- мұғалім оқушыны өз тақырыбы бойынша қайшылыққа әкеліп, оны шешудің жолдарын табуды өздеріне ұсына алуы;

- қайшылықты практикалық іс-әрекетте көрсете білу;

- бір сұрақты жан-жақты қамтитын бірнеше жауаптар ұсына алуы;

- құбылысты әртүрлі позициядан қарастыруды тапсыруы;

- мұғалім оқушыға ұқсастықтар мен қайшылықтарды өз беттерімен салыстыруға, қорытуға, түйіндеуге жағдай туғызады;

- нақты сұрақтар қояды;

- тапсырмаларды бірігіп орындайды.

Оқушы тұлғасын басты орынға қоя оқыту педагогикалық үрдіс субъектілерінің өзара қарым-қатынастарының мазмұнына негізделеді. Қазіргі кезде оны жүзеге асырудың мүмкіндіктерін сан алуан тұрғыдан қарастыруға болады. Осы үрдісті ұйымдастыру негізінен басқаруға қатысты болғандықтан оны педагогикалық шарттар негізінде «қарым-қатынастық» тұрғыдан зерделеуге болады. Бұл жағдайда оқушы білім берудің субъектісі ретінде қарастырылады, ал мұғалімнің мақсаты оқушының өз тәжірибесіне сүйене отырып, оны ізденіске жетелеу болады. Оқушының бұған дейінгі алған білім, білік, дағдылары білім алудың құралдары мен тәсілдері ретінде жаңа білімді игеруге қызмет етеді. Бұл жағдайда «оқушы дайын білімді игеруші» түсінігі орнына «адам – шындықты танушы тұлға» түсінігі қалыптасады. Сонымен қатар, бұл үрдіске қатысушылар «орындаушылар» емес «әрекетті жүзеге асырушылар» болып есептеледі. Сөйтіп, оқушы мен мұғалім өзара диалогтік, ынтымақтастық, бірлескен шығармашылық негізінде өзара байланысты әрекеттер жасайды. Сөйтіп:

- оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру – адамның қалыптасуы, оның өз бейнесін табуы, даралық, руханилық, шығармашылық бастамасы – тұлғаның өз мәдениетінің субъектісі болуына көмектесу, шығармашылық өмірге үйрету;

- оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру сырттан келген тәрбиелеу емес, адам бойынан адамдықты табу, оны қолдау және дамыту негізінде өзін-өзі реттеуге, өзін-өзі қорғауға, өзін-өзі тәрбиелеуге әкеледі;

- оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру - адамның дене және рухани саулығы, адамгершілігі, бостандығы. Ол – тұлғаны түсіну, өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатынастың, салауатты өмір мен парасаттылықтың, өзіндік қатынастың негізін қалау;

- оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады, сондықтан оның мазмұны баланың өзін тұлға ретінде дамытуы үшін, өз өмірінің субъектісі болуы үшін жағдай туғызуға негізделеді.

Сөйтіп, оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру гуманистік және демократиялық әдістер негізінде жаңа ақпаратты талдай отырып, оны терең меңгеруіне, өзі үшін маңыздылығын анықтай алуына мүмкіндік жасау болып табылады. ХХ ғасырдың 80 жылдарынан бастап алдыңғы қатарлы дамыған елдердің білім саласында кең көлемде реформалар жүргізіле бастады. Әсіресе, ондай реформалар ТМД аумағындағы мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстанда да жүргізілуде. Болашақта жаңа заманның ұстаздары жаңа заманның оқушыларына тәлім – тәрбие беруде оқушылардың өмір тәжірбиесіне сүйеніп, пәнаралық байланысты пайдаланып, тәлім – тәрбиені әр саладан, соның ішінде экономикалық білім мен тәрбие беруге болатыны белгілі. Оқушыларға пәнаралық байланыс арқылы экономикалық тәлім – тәрбие берудің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің теориялық негіздері ертеде-ақ айқындалған. Мәселен, Ж.Ж. Руссо, И.Г. Песталлоцци, А.Дистерверг классикалық педагогикада баланың еңбекке қатынасын тәрбиелеу, білім беру, дүниетанымды қалыптастыру заңдылықтарын негіздесе, халқымыздың ұлы ойшылдары мен ағартушылары Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев өз еңбектерінде еңбекке деген сүйіспеншілік көзқарастарын ғылыми педагогикалық тұрғыда ашқан. Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сай білім беру мәселесі республикада ғылыми – педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастыру көкейкесті мәселе болып отыр. Білім беруді жаңарту – үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым – қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуі тиіс. Заман талабына сай білім беру жүйесі жас ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастырудың маңызды мәселелерін шешудің түрлі жолдарын қалыптастыруда. Ал, оны қалыптастыру қоғамдағы негізгі сала білім беру жүйесіне міндеттеледі. Елдің елдігін, бірлігін сақтап, көркейтетін, басқа елдермен терезесі тең өркендейтін, болашағын айқын көрсететін білім беру жүйесі. Ұрпаққа білім беру отбасынан бастап, еліміздің қоғамдық жүйесін қамтитын іс. Бүгінгі 12 жылдық білім беру қажеттілігі еліміздің игі мақсатқа жетуі үшін көзделген сара жолы десе болғандай. 12 жылдыққа көшу білім саласына көп өзгерістер енгізеді, әрі нағыз білім сапасының нақты бағасын бермек. Қазақстандағы ақпарат ағымы қарқындап, ғылым мен техниканың өркен жаюы, өмірге келген баланың даму, өсу, қалыптасу жолын ерекше қарастыруды талап етеді. Осы уақытқа дейін мектеп жасындағы баланың жас ерекшелігін зерттеу, формальді тек іс қағаз, сауалнама арқылы жүргізіп келген болатын. Жан – жақты зерттеудің тұтас бағдарламасы болған емес. Алғашқы күннен баланың үлгерімі мен іс әрекетін бір – бірімен салыстыру арқылы шектелген көрсеткіштер бойынша бағаланатын. Ал, 12 жылдық білім қазіргі өмір талабын айқындап, жаңа ғасыр білім жүйесін, тәрбиесін ұсынады. Біздің еліміздегі қалыптасқан білім жүйесі академиялы, түбегейлі деп бағаланатын. Бірақ жыл асқан сайын оқу бағдарламалары бойынша 11 жылда берілетін білім көлемінің ауқымдылығы оқу жүктемесінің шектен тыс көбеюіне әкеліп, білім сапасы мен оқушылар денсаулығына кері әсерін тигізетін болды. Қалыптасқан бұл жағдай оқушылардың оқуға ынтасын да төмендететінін тәжірибеден көрдік. Осыған орай қазіргі білім беру тәжірбиесінде білім көлемін жинақтай отырып, оқу материалын жеңілдетуді, сондай – ақ құзырлыққа жетуге бағдарланған білім мазмұнын қарастырып отыр.

Бүгінгі таңда елдегі білім ұйымдарының басты міндеті – баланың денсаулығына жағымды ықпал етуді көздейтін білім беру ортасын құру. Бүгінгі өмір сүріп отырған уақыт алдыңғы толқынның заманына мүлдем ұқсамайды. Бала болашағы оның жаңа тұжырымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне дұрыс таңдау жасауына, бүкіл өмір бойына өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты болмақ. Осыған байланысты мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талап: ойлылық, салмақтылық, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық және т.б. Бұл оқушының қалыптасатын түпкілікті мақсат және міндеттерін айқындауға тікелей мұрындық болады. 12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – баланың жан – жақты дамуына өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін - өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси, өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық – педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр.

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында 12 жылдық білім беру құрылымы 5+5+2 ден тұрды, ал білім беруді дамытудың 2011-2020 арналған мемлекеттік бағдарламасында 4+6+2 сатыларынан тұрады. Бірінші саты бастауыш мектеп – (1-4 сынып). Білім алу 6 жастан басталады, ұзақтығы - 4 жыл. Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепке есептелген белгілі бір халықаралық білім беру стандарты қалыптасқан. Бірақ әр елдің білім беру жүйесі сол елдің экономикалық, әлеуметтік, ұлттық ерекшеліктеріне қарай өзгерістерін жасайды. Білім стандарты – білім беруде реформа жасау мен дамытудың құралы. Білім стандарты – бұл мектептегі білім беру мазмұнының аясында қоғам мен мемлекет арасындағы жасалған келісім-шарт, басқаша айтқанда, қоғам мен мемлекет өз балаларын ақпараттар мен технологияларды басқаруды, қалай үйрету керектігі туралы құжат.

Бүгінгі күні құрастырылған білім беру стандарты мыналарды қамтиды: уақыт пен елдің сұраныстарына сәйкес білім берудің мазмұнын түбегейлі жаңартуды; білім берудің практикалық бағыттылығы және оның нәтижелерінің өмірлік қажеттілігін; алған білім мен ептілікті практикалық жұмысқа және күнделікті өмірде белсенді пайдалануды. Білім стандартын маман педагогтар жалғыз мақсатпен – елдің білімділік мүдделерін, оның даму сұраныстарын қамтамасыз ету үшін жасайды. Оның стратегиялық және шешуші сала екені соншалықты, дамыған елдерде, қоғам оны тәуекелмен тек педагогтардың қолына беріп қоя алмайды. Стандартта бұл мүдделер мен қа­жеттіліктер қаперге алынған ба, жоқ па, оған қоғам мен мемлекет біріге отырып әрдайым жауапкершілікпен баға береді.

Бүгінгі күні жаңа мазмұнға негізделген жалпыға міндетті білім стандарты әзірленуде. Білім беру стандарттарының өзгеруі білім берудің жаңа мазмұнын даярлаумен байланысты болды. Жаңа білім беру мазмұнының базалық принципі әрбір мектепте тұлғаның адамгершілік –рухани қасиеттерін дамытуды ынталандыратын ізгі білім беру ортасын құру: өзін- өзі тану, өзін- өзі анықтау өзін- өзі жетілдіру.

Жаңа бағдарламада «2012 жылы жалпы орта білімнің МЖБС жоғары білімнің (бакалавриат) МЖБС- мен біріктіріледі – жоғары білімнің жалпы білім беретін пәндер циклінің жеке пәндері (әлеуметтану, өзін-өзі тану, ӨҚН, Қазақстан тарихы, мәдениеттану және т.б.оқу жүктемесін көбейтпей, «Бейіндік мектептің» бейіндік оқыту бағдарламасына көшіріледі» деп жоспарлануда. 2014 жылға қарай қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану – математика бағыттары бойынша «Бейіндік мектеп» бейіндік оқыту бағдарламасы әзірлену және сынақтан өткізіледі деп жоба қабылданды. Бағдарламада 2015 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, зияткерлік мектептердің, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің жоғары сыныптарында «Бейіндік мектеп» бейінді оқу бағдарламасының іске асырылуы болжануда. Бейіндік мектепке қабылдау ұлттық тестілеу негізінде жүзеге асырылмақшы. Келешекте бейіндік мектепте оқуды 10- сынып бітірушілерінің 60-пайызы жалғастырады деп болжамдануда. Сонымен қатар, ЖОО базасында бейінді оқыту бағдарламасын іске асыратын мектептер ашу, оларды 40- ЖОО орналастыру мүмкіндігі қарастырылған.

Сонымен 12 жылдық білім берудің басты мақсаты – еліміздегі білім беруді халықаралық білім кеңістігіне енгізу, халықаралық білім беру талабымен сәйкестікте болу, соның нәтижесінде еуропа елдері қабылдаған орта білім берудің халықаралық стандартына сәйкестендіру, білім сапасын көтеру және жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуын, сондай – ақ адамның интеллектісіне, әл – ауқаттылығына, соның икемділігіне қол жеткізетін тәсілдерді қолдану арқылы қоғамның негізгі капиталын құру болып табылады. Білім беруді жаңарту – үнемі алға қарай ұмтылу мен даму үрдісі, білім беруде кезең кезеңмен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданылатын өзгерістер. Сонымен қатар, білім беруді жаңарту үрдісі салт- дәстүрді, мәдени мұраны, жалпыұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2010ж. 7 желтоқсан

2.Назарабаев Н.Ә. «Қазақстан өздамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» Жолдау Астана 2012.

3.Назарабаев Н.Ә.Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Жолдау 2011ж.

4.“Білім туралы” заң, 27.06.2011.
Аннотация. В Послании Президента РК Н.А. Назарбаева «Стратегия Казахстан-2050», главная цель государственной политики указывается на необходимость создания возможностей перехода на 12 летнее образование, получать современные знания и использовать передовые технологии. Это обязывает общеобразовательные учреждения в настоящее время готовить конкурентоспособных, компетентных будущих специалистов, соответствующих уровню развития современных технологий.

Аnnotation. The Message of the President of the Republic of Kazakhstan N.A Nazarbayev "Kazakhstan-2050 Strategy", the main goal of public policy is indicated on the need to create opportunities to move to 12 years of education, obtain the latest knowledge and use of advanced technology. This requires educational institutions currently preparing competitive and competent professionals of the future appropriate to the level of development of modern technologies.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет