Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет8/22
Дата25.12.2016
өлшемі4,61 Mb.
#5233
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

Гуманизм қағидасының бар мәнi адамның жеке тұлға ретiндегi құндылығын, оның еркiндiкке, бақытқа, өз қабiлеттерiн дамыту мен оларды көрсетуге деген құқықтарын мойындауға негiзделген. Осы қағидаға сәйкес маманның қызметi адамның абыройын қолдаудан, оның жеке тұлғалық мәселелерiн түсiнуден және оларды шешуге көмек көрсетуге дайын болудан қалыптасады.

Жеке тұлғалық-қызметтiлiк ыңғай - баланың тәрбие кезiндегi жеке ерекшелiктерiн жай ғана есепке алу емес. Бұл, ең алдымен, оны жеке тұлғаның әлеуметтенуi iске асырылатын қызметтiң субъектiсi ретiнде әрдайым және барлық жағдайда дәйектi қабылдау және отбасыға өзiндiк құндылық ретiнде қарау, пайда болған сенiмдi қарым-қатынастарды қорғау, құпияны сақтау. Отбасы әлеуметтiк педагогының барлық әрекеттерiн баланы қызметке шабыттандыру арқылы, жеке тұлға өзiн-өзi оның жеке мүмкiндiктерiне сәйкес келетiн қызметте жүзеге асыруы үшiн олар жеке тұлғаның дамуына және оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауға қаншалықты көмектесетiнi тұрғысынан алып қарастыру керек.

Мәдениеттанушылық қағидасының маңызы адамның биопсихологиялық әлеуметтiк мәдени жан ретiндегi қалыптасуының тұтастығында жатыр. Бүгiн қоғамдық сананың адамның өзiндiк құндылығын одан да тереңiрек түсiнуде түбегейлi өзгерiс жүрiп жатыр. Отбасы әлеуметтiк педагогы қарапайым түрлерден бастап, күрделi әлеуметтiк және жоғарғы рухани түрлерге дейiн, тiршiлiк мәдениетiн ұйымдастыруға көмектеседi. Адамзаттың рухани тәжiрибесiн игеру, өз өмiрiнiң руханилылығы - бұл қызығушылықтармен және қабiлеттермен, әуестермен, мамандықпен қатар, адамның өмiр сүруiне мағына беретiн нәрсе. Осындай тұрғыдан тәрбиелеу жеке тұлғаның мәдениеттанушылық ұғымы ретiнде түсiнiледi.

Тiршiлiк пен тәрбиенiң тұтастығы қағидасы баланың жеке тұлғасының дамуының тұтастығын қамтиды және балаларды тәрбиелеумен айналысатын түрлi ұйымдар мен тұлғалардың және балаларға уақтылы көмек көрсететiн тұлғалардың өзара келiсiлген қызметiн қарастырады. Бұл қағида баланың жеке тұлғасының мұқтаждықтарына сай келетiн тәрбие ортасын құру үшiн мектеп әкiмшiлiгiнiң, мұғалiмдердiң, әлеуметтiк педагогтардың, мектеп психологының, дәрiгердiң, заңгердiң күштерiн бiрiктiрудi, күнi бұрын кесiп-пiшiлмеген ұсыныстарды жасауды, отбасыға, балаға олардың жеке тұлғалық құқықтарын қорғау бойынша бiлiктi көмек көрсетудiң және олардың бұзылуының алдын алудың құралдарын тез арада табуды жобалайды.

Дамушы қатынас қағидасы - адамды басқа түрде қабылдау, басқаның өз қалауынша қалыптасуға құқығы бар екенiн мойындау, бұл отбасы әлеуметтiк педагогына кәсiби қарым-қатынастарды серiктестiк негiзiнде құруға мүмкiндiк бередi, күнделiктi өмiрдiң қарама-қайшылықтарына шыдауға және шешуге деген қабiлеттiлiктi қалыптастырады. Баланың жеке тұлғасын, отбасына деген сабырлылықтың, құрмет пен талап қоюшылықтың үйлесiмi қағидасы. Адамға талап қою – бұл оны құрметтеу мен бағалау, оның күштi және әлсiз жақтарын көру, оны түсiну және оған көмектесу дегендi бiлдiредi. Әлеуметтiк педагогтың баланы, отбасына толық қабылдауы тiлектестiкте, мұқият наза аударуда және жылы шырайлы қарым-қатынастарда байқалады.

Социумның дамуы мен жұмыс iстеуiнiң жаңа тенденцияларын есепке алу, жеке тұлғаның, отбасының, қоғамның өзара әрекетiндегi жол берiлетiн және мақсатқа сай делдалдылықты қамтамасыз ету қағидасы.

Барлық табиғи-әлеуметтiк орта тәрбиелiк ықпал етудiң қатысушысы болып табылады, оның күшi оның тәрбиелiк қарым-қатынастарға нақты қосылуының, өзара әрекеттесуiнiң деңгейiне, балалар мен ересектердiң қызметi мен қарым-қатынасына байланысты. Осындай өзара әрекеттесудiң негiзгi, бөлiнбес тұғыры ретiнде, Б.Т. Лихачевтiң пiкiрiнше, өмiрлiк қарым-қатынастық тәрбиелiк жағдай болып табылады. Ол келесi сипаттарға ие болады:

а) балалардың тiршiлiк мұқтаждықтары мен мүдделерiн қанағатандыруға бет ұстау және оларды өзара әрекеттесуге табиғи түрде ынталандыру;

ә) онда қоғамдық қарама-қайшылықтардың көрiнiс табуы, оларды жоюдың жолдарын iздестiру және табу;

б) онда қоғамда нақты орын алып отырған тәуелдiлiктердiң шоғырлануы және байқалуы;

в) өзара әрекеттесу қатысушыларының iс-әрекетi, жалпы алғанда, мiнез-құлықтың бағыттылығын адамгершiлiк тұрғыдан таңдау қажеттiлiгi;

г) тәрбие үрдiсiнiң қатысушыларын түрлi өзара қарым-қатынастарға тарту, оларды қызмет пен араласу кезiнде iшкi күштерiн белсендi түрде көрсетуге шабыттандыру, ынтыландыру, әрқайсысының өзiнiң мұқтаждықтары мен мүмкiндiктерiнiң шеңберiнде өзiн-өзi жүзеге асыруға дайындығын қалыптастыру;

ғ) мiнез-құлықтың, жеке тұлғалық-психологиялық дамудың бастапқы түрлерiн қалыптастыру, белсендi өзара әрекеттесудiң нәтижесiнде iске асыру. Өмiрлiк тәрбиелiк қарым-қатынастық жағдайлар үш негiзгi деңгейде пайда болады. Бiрiншiден, қажеттiлiк, тиiстiлiк, мiндеттiлiк деңгейiнде. Екiншiден, тәрбие үрдiсiнде бала үшiн қызмет пен араласудың сондай-ақ таңдамалы қарым-қатынастардың түрлерiн еркiн таңдау деңгейiндегi жағдайлар пайда болады. Үшiншiден, тәрбиелiк қарым-қатынастық жағдайлар кездейсоқ араласу, өзара қарым-қатынас жасау және өзара әрееттесу деңгейiнде пайда болады. Қандай да бiр деңгейдiң тәрбиелiк әсер ету жағдайының күшi кездейсоқ араласу жағдайынан таңдамалы және қажеттi араласу, қарым-қатынастар жағдайына өткен уақытта өсе түседi.



Мейiрбандық қағидасы әлеуметтiлiк, қайрымдылық, жанашырлық рухымен, жағдайды өзгерту мүмкiндiгiмен, баланы қорғауға, оған өмiрде өз орнын табуға көмектесуге деген талпыныспен байланысты. Отбасы әлеуметтiк педагогы сабырлылық, риясыздық, мейiрiмдiлiк пен баланың iшкi күштерiне деген сенiмдiлiк көрсету керек. Жоғарыда айтылған қағидаларды орындау тәрбие қарама-қайшылықтарын кәсiби түрде шешуге, мәселелердi жеңiлдетуге және жоюға, социумдағы қиыншылықтарды жоюға көмектеседi, баланың жан дүниесiн жайластыруды қамтамасыз етедi, оған оң әлеуметтiк тәжiрибенi меңгеруге көмектеседi, отбасының тәрбиелiк қызметiне себiн тигiзедi.

Осы қағидаларды негiзге ала отырып, әлеуметтiк педагогтың оның қызметiнiң мазмұнын анықтауға мүмкiндiк беретiн нақты мiндеттер қойылады.

Маманның қызметiнiң одан да толық мазмұны үш бөлiктен тұратын бiлiктiлiк сипаттамасында бейнеленген:

а) лауазымдық мiндеттер;

ә) әлеуметтiк педагог не нәрсенi бiлуi керек;

б) бiлiктiлiк талаптар;

Кез-келген қызметтi оның субъектiсi iске асыратын болғандықтан, ол мақсатты, құралды, қайта құру үрдiсiнiң өзiн және оның нәтижесiн қамтиды. Қызметтiң мақсаты адамда өз iсiнiң болжауға болатын нәтижесi ретiнде пайда болады.

Мамандықтың бiлiктiлiк сипаттамасы әзiрлендi. Соған сәйкес әлеуметтiк педагог пен әлеуметтiк қызметкердiң мiндеттерiне келесiлер кiредi:

· әлеуметтiк жұмыста педагогикалық құрама бөлшектi, мазмұнды, түрлердi, клиенттi әлеуметтiк қорғау қызметтерiнде пайдаланылатын әдiстердiң педагогикалық тұрғыдан мақсатқа сәйкестiлiгiн қамтамасыз ету, социумдағы гуманистiк қарым-қатынастардың қалыптасуына көмектесу.

· жеке тұлғаның және оның микроортасының медика-педагогикалық ерекшелiктерi, клиенттiң мүдделерi мен мұқтаждықтарын, оның тiршiлiк жағдайларын, оның әлеуметтiк тарихын зерттеу, клиенттiң қажеттiлiктерiне байланысты ақпаратты жинау, балалардың, жасөсiпiрмдердiң, олардың отбасыларының, ересек тұрғындардың ортасындағы қиыншылықтар мен мәселелердi анықтау.

· социумда сауықтандыру, әлеуметтiк, тәрбие қызметiн, ересектер мен балалардың әртүрлi ынтымақтастылықтарын ұйымдастыру, әлеуметтiк бастамаларды, жаңалықтарды, шығармашылықты, физикалық және адамгершiлiк тұрғыдан жетiлудi, өз-өзiне көмектесудiң алуан түрлерiн дамытуға көмектесу.

· клиенттерге олардың жеке және әлеуметтiк мәселелерiн шешуде кәсiби көмек көрсету, құқық бұзушылықтарды болдырмау бойынша жұмыс iстеу, клиенттердi еңбекке жарамды ету, шиеленiстi жағдайларды уақытында анықтау және шешу, адамдардың мiнез-құлқында ауытқушылықтарды болдырмау.

· клиенттерге, олардың отбасыларына түрлi мемлекеттiк, қоғамдық құрылымдармен өзара қарым-қатынаста өкiлдiк ету және мүдделерiн қорғау, отбасының әлеуметтiк мәртебесiн көтеруде көмектесу, мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдардың қызметiнде отбасы мүдделерiнiң басымдылығын қамтамасыз ету арқылы оның тәрбиелiк және сауықтандыру әлуетiн нығайту және дамыту [30;31;32;33]. Әлеуметтiк педагогтар мен әлеуметтiк қызметкерлер, осылайша, бiр жағынан, әрбiр адамның мiнез-құлқының, мүдделерiнiң және қабiлеттерiнiң сан алуандығымен жеке тұлға ретiнде өзiндiк жүзеге асуына көмектесуге, екiншi жағынан, осы әр адамға қамқорлық көрсету арқасында бар халықтың адамгершiлiгiнiң, ұлтың физикалық және рухани саулығының қамын жеуге, қоғамдағы қарым-қатынастардың гуманизациялануына көмектесуге икемделген. Мамандық ретiндегi әлеуметтiк педагогика түрiндегi әлеуметтiк жұмыстың негiзгi мақсаты - өз-өзiне көмектесуге, адамда бастамашылықтың, рухани күштiң, өз мүмкiндiктерiне деген сенiмнiң пайда болуына көмектесу.

Мамандықтың күрделiлiгi, жан-жақтылығы, ең алдымен, әлеуметтiк педагог қызметтерiнiң әр алуандығымен анықталады. Келесi қызметтердi ажыратып көрсетуге болады:

· диагностикалық: әлеуметтiк педагог жеке тұлғаның қызметi мен араласуының ерекшелiктерiн, микроортаның, отбасының, құрдастарының топтарының, ересектердiң бiрлестiгiнiң ықпал ету дәрежесi мен бағытын зерттейдi және нақты түрде бағалайды;

· ұйымдастырушылық: ол ашық ортада балалар мен жасөспiрiмдердiң әлеуметтiк тұрғыдан маңызды қызметiн ұйымдастырады, демалысты орынды түрде ұйымдастыруға ықпал етедi, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың шынайы демократиялық жүйесiн қалыптастырады;

· болжамдық: жеке тұлғаның, жеке тұлғаны қалыптастыру жөнiндегi барлық институттардың қызметiнiң дамуына қарай тәрбие үрдiсiне бағдарлама және болжам жасайды;

· алдын алу-профилактикалық және әлеуметтiк-емдiк: әлеуметтiк педагог жеке тұлғаға әсер ететiн жағымсыз ықпалдардың алдын алудың және жеңiп шығудың әлеуметтiк-құқықты, заңды, психологиялық механизмдерiн iске қосады, жеке тұлғаның құқықтарын қорғауды қамтамасыз етедi; ұйымдық-байланыстық: қауымдастықтың өсiп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуге қамтуға көмектеседi, клиент пен оның отбасына қатысты түрлi ұйымдар мен мекемелер арасындағы байланыстарды реттейдi;

· қорғаушы: жеке тұлғаның құқықтары мен мүдделерiн қорғауға бағытталған құқықтық нормалардың бар кешенiн пайдаланады, балалар мен жасөспiрiмдерге құқыққа қарсы ықпал етуге жол беретiн тұлғаларға қатысты мемлекеттiк мәжбүрлеу шараларын қолдануға көмектеседi. Осы қызметтерге қоса, әлеуметтiк қызметкер, сондай-ақ, келесiлер дағдыларға ие болады:

· әлеуметтiк-медициналық - сырқаттардың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады, алғашқы медициналық көмек көрсетудiң негiздерiн игеруге көмектеседi, жастарды отбасы өмiрiне дайындауға себiн тигiзедi;

· психологиялық - жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынастарда түрлi кеңестер бередi және оларды түзетедi, жеке тұлғаның әлеуметтiк бейiмделуiне көмектеседi, барлық мұқтаж адамдарға әлеуметтiк қалпына келуге көмек көрсетедi;

· әлеуметтiк-тұрмыстық - тұрғындардың түрлi категорияларына олардың тұрмысын, тiршiлiк жағдайларын жақсартуда қажеттi көмек пен қолдау көрсетуде қолғабыс тигiзедi . Бұл қызметтерге интернационалдық сипат тән екенiн, яғни дүниежүзiнiң кез-келген елiнде әлеуметтiк қызметкерлер мен әлеуметтiк педагогтар жүзеге асыруы керек екенiн атап өту қажет. Оларды жүзеге асырудың шарттары нақты елдегi жағдайға байланысты. Қазақстанда әлеуметтiк педагогтар мен әлеуметтiк қызметкерлердiң жұмысы қазiргi уақытта көмекке мұқтаж адамдар санының барған сайын өсуiмен күрделене түсуде. Созылмалы экономикалық дағдарыс жұмыссыздықтың, соның iшiнде жасырын жұмыссыздықтың, маскүнемдiктiң, нашақорлықтың, қаңғыбастықтың, әрi солардың салдарлары ретiнде кедейлiктiң, босқындардың санының, жетiмдердiң санының артуына әкелуде. Бұл үрдiстер, бiр жағынан, мамандардың санын ұлғайтуды талап етедi, ал екiншi жағынан, оларға қойылатын талаптарды ұлғайтады. Қазақстандық әлеуметтiк педагогтар мен әлеуметтiк қызметкерлер ұлттық ерекшелiктер мен дәл сол мезеттiң өзгешелiгiн де, интернационалдық кәсiби талаптарды да есепке алуы керек.

Әлеуметтiк педагогқа, әлеуметтiк қызметкерге қойылатын кәсiби стандарттар, талаптар негiз қалаушы жалпы адамзаттық құндылықтарға негiзделедi және әрбiр жеке тұлғаның абыройы мен ерекшелiгiн, оның құқықтары мен мүмкiндiктерiн есепке алады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Бурганова Р.И. Научные основы подготовки социальных педагогов к работе со студенческой молодежью в сфере досуга: дисс. ... канд. пед. наук: 13.00.08. Алматы, АГУ им. Абая, 2001. -148 с.

2.Батталханов Е.З. Формирование гуманистического мировоззрения учащейся молодежи как социально-педагогическая проблема. //Дисс. к.п.н.13.00.01, Алматы. 2002. -160 с.

3.Менлибекова Г.Ж.Система подготовки будущих учителей к социально-педагогической работе: дисс. … канд. пед. наук: 13.00.08. Алматы, АГУ им. Абая, 2002. - 30 с.


Аннотация. Название специалиста «социальный педагог» является производным от слова педагог, которое ассоциируется прежде всего с учителем. Поэтому не удивительно, что после введения такой должности первыми социальными педагогами стали учителя, они же составляют большую часть слушателей всех форм курсовой переподготовки кадров для получения сертификата по этой специальности. Не удивительно и то, что профессиональная подготовка социальных педагогов ведется, в основном, в педагогических учебных заведениях. Действительно, в профессиональной деятельности учителя и социального педагога есть много общего. Прежде всего, эти две профессии роднит то, что объектом их внимания является ребенок (согласно Конвенции ООН о правах ребенка – «человеческое существо до достижения 18-летнего возраста»), его развитие и социальное становление.

Аnnotation. Name of the specialist "social worker" is derived from the words of the teacher, which is associated primarily with the teacher. It is therefore not surprising that after the introduction of such a post first social teachers were teachers , they also make up a large part of the audience of all forms of re-training course for certification in this specialty . Not surprising then that training social workers is mainly in teacher training institutions . Indeed, in the professional activities of teachers and other staff have a lot in common. First of all, these two professions have in common the fact that the object of their attention is a child (under the UN Convention on the Rights of the Child - a "human being below the age of 18 ), its development and social formation .

ӘОЖ 541. 21: 54
МЕМЛЕКЕТТІК БАЛАБАҚШАДА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
А.Ш. Бозтаева

7 бала-бақша, Тараз қ.


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Ұлттық мәдениетке, ана тілге еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құрылымына айналдыру, тәрбие мәселелесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек» - деп атап өткен. Мұндай тәрбие жұмысын әдетте мектепке дейінгі тәрбиеден, яғни, балабақшадан бастаған дұрыс. Қазіргі таңда халқымыздың баға жетпес асыл мұралары оқу-тәрбиелеу үрдісінде қолданылып келеді. Әйтсе де, олардың балабақшаларда қолданылуы өз деңгейінде болмай отыр. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі балалардың бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына ең алдымен ата-анасы міндетті. Бала тілінің дамуы негізінен эмоциялық ортаға, әр баланың отбасында қалыптасқан әкесі мен анасының, атасы мен әжесінің, үлкен мен кішінің қарым-қатынасына тығыз байланысты. Баланың өзге адамдармен қарым-қатынасының негізі өзінің отбасында қалыптасады. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, жастарға оқу-білім және тәрбие ісін дұрыс жолға қоюы тиіс.

Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Толық жетіліп қалыптасқан ұлттың сана қабілетінде, түсінік-талғамында, мінез-құлқында, өзіне тән ерекшелік менталитеті болатынын ғылым дәлелдеп отыр. Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі бүлдіршіндерге үлгілі тәрбие беру – қазіргі қоғам алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Имандылық, ізгілік, адамгершілік, елжандылық және де басқа кісілік қасиеттер балабақшада, мектеп қабырғасында қалыптасады. Бұлар арқылы өскелең ұрпақты алға талпындыруға, Отанды сүюге, ата-аналарға, үлкендерге деген кішіпейілдікті бойына сіңіруге, салауатты өмір сүруге, залалды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеуге тиіспіз. Бүгінгі өскелең ұрпақтар-болашақ Қазақстан азаматы. Олар ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып ХХІ ғасыр есігінен еркін еніп жүре алатын дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті болуы шарт. Егемен елiмiздiң тiрегi – бiлiмдi ұрпақ. Қазақ халқының өмiрiнде тәрбие жеке отбасының ғана мұраты болған емес, ұрпақ болашағы ежелден ортақ мүдде деп түсiнiлген. Біздiң болашағымыз – өсiп келе жатқан жас ұрпақ. Жас ұрпақ ел-тiрегi, ертеңiмiздiң кепiлi.

Дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда толық жетілген тұлғаны тәрбиелеу және соған байланысты әлеуметтік-экономикалық, психологиялық мәселелер күннен күнге күрделене түсуде. Осыған орай, бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық.

Дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, патриоттық сезімі қалыптасқан, рухани ойлау дәрежежсі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Негізгі құзыреттілікке, жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғалық мәдениетке ин бала тұлғасын дамыту. Мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік ұйымдары нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен ережелерін сақтау кезінде оларға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі қызметті жеткізушілердің тізбесіне қосылады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбие мен оқытудың негізгі міндеттері:

-Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау;

- Баланың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту, толыққанды дене бітімін дамыту, Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық дәстүрі негізінде салауатты өмір салты құндылығын қалыптастыру;

- Толық кеңістікті құру және мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуын кешенді сүйемелдеудің қамтамасыз ету;

- Баланың сөйлеуін және ана тілін, қарым-қатынас мәдениетін дамыту, сауат ашу негіздерін меңгеруге даярлау;

- Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік құндылық бағдарын адамның оң мінез-құлқы, нормасы, тәртіптік ережесі, қазақстандық қоғамда қалыптасқан халықтық салт-дәстүр үлгісінде қалыптастыру;

- Өз Отаны мен туған өлкесіне сүйіспеншілігін, мемлекеттік рәміздерге құрметпен, қоршаған орта, отбасы, түрлі ұлт өкілдеріне адамгершілікпен қарауға тәрбиелеу;

- Балада қоршаған дүние, өзі және әлеуметтік ортасы туралы алғашқы түсініктің тұтас бейнесін қалыптастыру.

Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғанның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды. Атақты педагог Сухомлинский: «бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани тәрбиелік нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық» деп атап көрсеткен.

Болашаққа оқу-бiлiм сәулесiн таратқан халқымыздың ағартушы- педагогы, қазақ даласында тұңғыш мектеп ашқан, Ыбырай Алтынсарин, ұлы ғұлама Абай Құнанбаев, көрнектi қоғам қайраткерi, ғалым-ұстаз Ахмет Байтұрсынов, қазақ жерiнде тұңғыш ұлттық педагогика, психология пәндерiнiң негiзiн қалаған Мағжан Жұмабаев, Жүсiпбек Аймауытовтардың ұрпақ тәрбиесiне қосқан үлесi, қалдырған мұрасы кешегiнi бүгiнгiмен жалғастырып келе жатқан игiлiгi мол қазына екенi сөзсiз. Олардың шығармашылық асыл мұралары бұл күнде жас ұрпаққа тәрбие мен бiлiм беру жүйесiнiң төрiнен орын алып, тәрбиенiң дәрмендi құралдарының бiрiне айналып отыр.

М.Дулатов «Балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухын сiңiрiп, ана тiлiн үйретiп шығару керек» десе М.Жұмабаев «Әрбiр ұлттың баласы өз ұлтының арасында ұлт үшiн қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиешi баланы сол ұлт тәрбиесiмен тәрбие беруге мiндеттi» деген. Балаларды тәрбиелеудi жаңа әдiс тәсiлдерiнiң бiрi ұлттық тәрбие. Қазақ халқының меймандостық салты ұлттық санаға сiңiп, меймандос халық болдық. Ол салт-сананың бастауы, игi әдет одан әдет-ғұрып, одан әдеп, әдептен дәстүр, дәстүрден салт-сана қалыптасады. Ұлттық тәрбие ұлттық мәдениеттi өркендетудiң қайнар көзi болып табылады.

Мектепке дейінгі педагогиканың ғылым ретіндегі бастамасы XVII ғасырға тән. Бұл кезде славян педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) мектепке дейінгі тәрбиенің алғашқы жүйесін жасады. Ол өз еңбектерінде бала тәрбиесінің дамуындағы прогресшіл идеяларды басшылыққа алып, тәрбиеде баланың жеке басының дамуы мен ерекшеліктерін ескеру қажет деп есептеген.

Атақты француз ойшылы, жазушы-педагогы, философы, аса ірі ағартушыларының бірі Жан-Жак Руссо (1712-1778) тәрбиенің өзіндік теориясын жасаған. Ол феодалдық қоғамнан туындаған әлеуметтік әділетсіздікті, баланың жас және жеке даму ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескермеген тәрбиешіні қатты сынаған. «Эмиль немесе тәрбие туралы» еңбегінде баланың жетілуін жас шамасына қарай кезеңдерге бөлуге әр кезеңдегі тәрбие міндетін, мазмұнын, оқу-тәрбие әдістерін белгілеуге әрекет жасаған.

Иоганн-Генрих Песталоций (1746-1827) швецарияның ұлы демократ-педагогы. Песталоций тәрбиенің негізгі міндеті баланың адамгершілік қасиетін қалыптастыру, адамгершілікті өндірістегі еңбекпен ұштастыру деп тапқан.

Мағжан баланы балабақшада жас күнінен тәртіпке үйретудің қажеттілігіне баса назар аударады, бұл арада ол халықтың қалыптасқан әдет-ғұрып мәдениетіне сүйенгені анық. «Баланы құбылмайтын, ұсақтықпен қажытпайтын, баланы еркіне жіберу оны ерлікке, батылдыққа үйретсе темір тәртіпке бағындыру, оны шыдамдылыққа, табандылыққа үйретеді», - дейді.

Мағжан педагогикасындағы негізгі категориялардың бірі – баланың өзін-өзі тәрбиелеуі. Қандай тәрбие, тәрбиешінің басқаның әсері мен үлгісі болмасын сайып келгенде адам - өзін-өзі тәрбиелейді, адам тәрбие ісіне араласқанда ғана оның ықпалы күшті болады. Сондықтан балабақшаның міндеті – баланың өзін-өзі тәрбиелеуге дайындау, яғни өз тіршілігі мен іс-қимылына сын көзімен қарауға, өз мінез-құлқына бақылау жасауға, оны үнемі жетістіруге үйрету деп санайды. Мағжан бұған ерекше назар аударады. Адамның өзін-өзі бақылауы, әрдайым өзіне-өзі есеп беруі оның өз қатесін көруіне, оны жоюына ойландырып, итермелейтін болады. Ол «адамның өзін-өзі тексеруі – оның дұрыс жолға түсуінің бірінші шарты, қатесін білген адам өзін тексермесе ілгері баса алмайды» - деп теориялық дұрыс, практикалық өте маңызды тұжырым жасайды.

Дана ақын, халықтың ырысы «Құтты бiлiктiң» негiзiн қалаушы Жүсiп Баласағұн – адамның мiнез құлқы мен оның қоғамдағы орнына ерекше тоқталады. Адам – бұл дүниеге қонақ, сондықтан ол артына ылғи да жақсы сөз бен жақсы iсiн қалдырып отыруы қажет. Ол үшiн әр кез жаман қылықтан сақтанып, адалдықпен жүрiп-тұруы тиiс деген ойлары бiзге жақсы мәлiм. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, адам бойындағы түрлі жақсы-жаман қасиеттер туралы Жүсіп Баласағұнның атақты «Құтты білік» поэмасында кеңінен баяндалған. Ұлы ойшыл осы шығармасында жоғары мұратты қоғамға лайықты қағидаларды сипаттай келе, адамның мінез-құлық нормалары мен ережелерін, әр түрлі қоғамдық дәрежедегі жіктердің басқарудағы міндеттері мен қызметтерін белгілеп берді.

Жүсіп Баласағұн өз еңбегінде бала тәрбиесіне де баса назар аударып, бұл орайда бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен жауапкершілігін атап көрсетеді («Егер бала тәртіпсіз болса, оған әкесі де кінәлі»). Ғұлама ғалым өз өсиеттері арқылы адамдарды өтірік айтудан сақтандырып, өмірде жақсылық жасауға шақырады («Қастық қылма, арамдықты сайлама, Тый құлқынды, жақсылық ет қайда да»).

Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі ұрпақтарға әлеуметтік тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие үрдісі орындалатын білім және тәрбие беру жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған.

Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтарда негізінен айтқандай адамды қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады.

Сонымен қатар тәрбие мақсаттарының одан ары айқындалуы оның міндеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға тікелей қатысты. Тәрбие мазмұны – әр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне қамтамасыз етуге, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға бағытталған, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі. Сонымен бірге, тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке тәрбиелеу, өз қоғамына тығыз байланысты, және сол қоғамды жетілдіруге ұмтылған адам және азамат қалыптастыру қамтамасыз етіледі.

Тәрбие мазмұнының мәселесі тәрбие бағдарламаларымен тығыз байланысты. Нақты бір білім беру мекемесіндегі тәрбие мазмұны мекеменің өз бетінше жасап, қабылдап іске асыратын білім беру бағдарламаларымен анықталады. Тәрбие бағдарламалары тәрбиенің негізгі мақсаттары мен міндеттер шеңберін анықтап, тәрбие мазмұнының сипаттамаларын, ерекшеліктерін, негізгі бағыттарын ашып көрсетеді.

Болашақ қоғам мүшелерін тәрбиелеудің стратегиялық бағыты ретінде делдалдық қасиетке ие, жалпы адамзаттық құндылықтарды игере алатын, ұлттық санасы дамыған, көп мәдени тұлғаны қалыптастыру болып саналады.

Сондықтан да, қазіргі замандағы барлық тәрбие жүйесінің идеалық негізі ретінде бірнеше ғасыр тәжірбиесінде қалыптасқан және дәлелденген адамгершілік принциптері болуы тиіс. Адамгершілік ең алдымен адамның адамдығын білдіреді: адамдарға деген махаббат, сүйіспеншілік, психологиялық сабырлықтың жоғарғы деңгейі, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы мейірімділік, тұлғаны сыйлау, қошеметтеуді кәрсетеді. «Адамгершілік» ұғымы адамды ең жоғарғы құндылық ретінде санайтын құндылық бағдарлары жүйесі ретінде қалыптасады. Адамгершілікті қазіргі заман талабына сай қарастырсақ онда адам тұлғасының тұтас, жан-жақты қалыптасуына көп көңіл бөлінеді.

Бұл жан-жақтылық оның интеллектуалды, рухани, адамгершілік, дене және эстетикалық қабілеттерінің үйлесімді дамуы арқылы айқындалады. Сонымен, адамгершілік тұрғысынан, тәрбиенің түпкі мақсаты болып әрбір адамның таным, қарым-қатынас, іс-әрекет жасаудың толық субъектісі болуы, яғни, өмірде орын алатын барлық жағдайларға жауапты, тәуелсіз, дербес тұлға бола алуы қарастырылады.

Тұлғаны жан-жақты дамыту идеясын іске асыру негізінде баланың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оның ақыл-ойын дене бітімін, күш-жігерін үйлесімді дамыту заңының талаптары жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет