Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет170/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   203
Б33
581.1
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН АЛАБОТА
ТҰҚЫМДАС – ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ШИПАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ


Бегалиева С., Желеубай Қ.
Тараз мемелекеттік педагогикалық институты,
44 Ш.Смаханұлы атындағы орта мектеп, Тараз қ.

Өсімдіктер бойында адамдар мен жануарлар организміне әсер ететін заттар өзінің құрамы мен мөлшері жағынан әртүрлі болып келеді. Және түрлі қасиеттері бар күрделі қосылыстар. Олар бір өсімдіктің барлық немесе жеке мүшелерінде кездеседі. Адам мен жануарлар организіміне әсер ететін заттар химиялық қосылыстардың түрлі кластарына жатады. Саондықтан да әрқасысына жеке-жеке сипаттама беріп, қарастырған жөн.


Алкалоидтар-күрделі органикалық, құрамында азотты қосылыстар бар заттар. Олардың сілтілік қасиеті болды. Сол сілтілік қасиетіне байланысты (арабша «алкали»-сілті деген сөз аталған.
Алкалоидтар негізінен гүлді өсімдіктерде болады. Ал саңырауқұлақтарда, балдырларда, мүктерде алкалоидтар өте сирек кездеседі. Әсіресе гүлді өсімдіктердің кейбір тұқымдастары алкалоитарға бай.
Мысалы, сарғалдақтар тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік түрлерінде өте күшті улы алкалоидтар бар. Алкалоид мөлшері әр өсімдікте әртүрлі. Кепкен салмағы мен есептегенде 2-3% мөлшерінде болады. Және ол жыл мезгіліне, өсімдіктің өскен ортасына тығыз байланысты. Тіпті жылдың климаттық ауытқуына, сондай-ақ өсімдіктің даму мезгіліне байланысты алкалоид мөлшері өзгеріп отырады.
Алкалоидтардың көпшілігі суда ерімейді. Бірақ, түрліше қышқылдармен қосылып жақсы еритін тұздар түзеді. Көпшілігінің дәмі өте ащы, адам организіміне өте қатты әсер етеді.Тіпті уландыру мүмкін. Кейбір аз мөлшердегі удың көпшілігі адам организіміне ем болып табылады. Әсіресе, асқазан мен нерв жүйесіне әсер ететін емдік қасиеттері бар.
Дәрі-дәрмек ретінде алкалоидтардың тұздары, түрлі ерітінді препарат және алкалоидты шикізаттан алынған ұнтақ түрлерін пайдаланады.
Витаминдер-химиялық табиғаты әртүрлі органикалық заттар. Әртүрлі өмір процестерінде аз мөлшерде болса да адам организіміне қажетті заттардың бірі. Олар әсіресе, барлық ферментті системалардың құрамына кіреді және зат алмасу процестерінің катализаторы болып есептелінеді.
Организімде бір немесе бірнеше витамин жетіспейтін ауруларды авитаминоз деп атайды. Олар ғарахит, құрқұлақ т.б. жатады. Көпшілік өсімдіктердің бойында витаминдер көп болғандықтан профилактикалық, тіпті дәрілік өсімдіктер болып есептеледі.
Гликозидтар-күрделі органикалық қосылыстар. Шығу тегі жағынан тек өсімдіктерге тән, углеводты және углевыодсыз бөлімдерден тұрады. Түрлі ферменттерді, сілтілерді, қышқылдарды қайнатудың нәтижесінде түрлі қанаттарға – глюкозаға, фруктозаға, ал, қантсыз бөлімі-агли-конға дейін ыдырайды. Агликондар құрамына байланысты адам организіміне ем ретінде қолданылады.
Ал, гликозиттерді түрлі ауруларға қарсы-жүрек ауруларына, іш босатуға, тәбет ашқыш ретінде қолдануға болады.
Инсектицидтер-негізінен өсімдіктердегі зиянды жәндіктерге: бүрлерге, тарақандарға, қандалаларға қарсы қолданылады.
Табиғат байлығының бір тобы, жер бетінің сәулеті, еліміздің дәулеті-жасыл әлем. Өсімдік өлкемізді түрлендіріп тұрған кілем тәрізді. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп аялап, одан қамқорлығын еш уақытта аямаған.
Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан үш мың жыл бұрын кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген шипалық өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.
Шипалық өсімдіктер жайында тұңғыш рет біздің дәуірімізге дейінгі ертедегі грек дәрігері Гиппократ (460-377) белгілі еңбек жазды. Ол өсімдік қай болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатында кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай – ақ ол өз дәірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама жасады. Бірақ ғалым сол сипатталынып отырған өсімдіктерде неліктен шипалық қасиет болатыны айтып бере алған жоқ. Ол мәселеге арада алты ғасыр өткен соң барып, біздің дәуіріміздің екінші жартысында ғана Рим дәрігері Гален алғаш рет жауап берді. Ол өсімдіктерде шипалық қасиеттердің болуы олардың құрамындағы белгілі бір заттардың қасиетіне байланысты екенін анықтады. Қазақстандағы алабота тұқымдас бүкіл жер шарына тараған бір жылдық немесе көп жылдық сортаң топыраққа төзімді өсімдіктер. Сабақтарының түрлеріне қарай ағаш (сексеуіл), бұта (изен, тисигек) шөптесін болып кездеседі.Қазақстанда 47 туысы 218 түрі бар. Бұлардың көпшілігінің сабақтарының көбісі бунақты болып келеді. Жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері түссіз ұсақ түссіз гүл жарнақты. Тұқымында сақиналы немесе оралмалы ұрығы болады.
Алабота бұл кәдімгі арам шөп. Жол жиегінде, егістіктерге, мал қораларының арасында көп кездеседі. Тік сабақты, жапырақтарының пішіні әр түрлі. Жапырақ бетінде ақшыл дақ болады. Алабота – бір үйлі дара жынысты, гүлді өсімдік. Көріксіз майда гүлдері шоқ-шоқ болып топтасып масақ тәрізді гүл шоғын құрайды. Гүл серігі бес тармақты, жеміс қабы үлпекті. Аталығы -5, аналығы-1, тұқымы тығыз қабықты, бозғылт, қара түсті жылтыр болып келеді. Бозғылт тұқымы ерте қара түсті жылтыр кеш піседі. Оны халық медицинасында бояу дайындауға пайдаланады. Алаботаның арам шөп ретіндегі зиянынан гөрі адам өміріндегі емдік, азықтық қасиетін анықтадық. Құрамында кальции 18% , жай белок 12% целлюза 17,8%, күл 21% т.б. заттар 15%.
Алабота туысы- Chenopodium L. Бір жылдық шөп сабақтас өсімдіктер. Сырты бозғылт түсті. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Алаботаның Қазақстанда 20 түрі бар.
Хош иісті алабота. Сарғыш жасыл түсті, хош иісті, биіктігі 15-60 сантиметрдей. Сабағына кезектесіп орналасқан жапырақтары сағақты, ұзынша. Өсімдік құмды, тастақты жерлерде, өзен жағалауларында өседі.
Бойында жер үсті бөлігінде 0,03-0,04% эфир майы, 5 % альдегит пен кетон және 1% фенол болады. Кептірілмеген өсімдіктің инсектицидтік қасиеттері бар. Оны затқа күйе түскенде қолданылады. Ал халықтық медицинада оның тұнбасы мен ерітіндісін, демікпені, тыныс жолының қабыныуын, бас ауруын емдеу үшін пайдаланады.
Жапырақты алабота. Сабағының ұзындығы 5-30 см. Жоғары бұтақтары иіліп өсетін өсімдік. Төменгі бұтақтарының бойы түкті, қысқа сағақты, жапырақтары кезектесіп орналасады. Ұзындығы 0,5-4,5см, көлденеңі 0,3-105 см. Ұзынша жұмыртқа тәрізді, доғал өсімдік. Шілде, қыркүйек айларында гүлдеп, жеміс береді. Қазақстанда өзен мен көл жағаларында, сортаңды жерлерде, бау-бақшаларда арамшөп ретінде өседі. Жер үсті бөлігінде сапонин болады. Өсімдікті түйе жақсы жейді. Лариннің дерегіне қарағанда мал азықтық өсімдіктердің бірі.
Ақ алабота. Сабағының биіктігі 10-300 см, тік өсетін бұтақты өсімдік. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Шілде, қыркүйек айларында гүлдеп, жеміс береді. Ол Қазақстанның барлық флористикалық аудандарында өсетін арамшөп қатарына жатады. Таудың жоғары беткейіне дейін өсе алады. Ақ алабота жем-шөп үшін өте құнарлы. Тұқымы мен жас сабақтарының құрамынан улы алклойыттар табылған. Эфир майы мен таро холестеринде бар(Павлов,1947). Сондықтан да ақ алаботаны жеген малдың асқазаны зақымданып, нерв жүйесі қозады. Алаботаның тұқымы қосылып пісірілген нанды адам жесе тез арықтап, бойындағы азот күрт азаяды. Оның тұқымында крахмал тым көп болғандықтан шарап дайындауда пайдаланылады. Ақ алаботаны бойындағы хенопиди майы медицинада адам мен мал ішіндегі болатын құрттарды түсіретін дәрі. Өсімдікті тек түйе жейді. Е гер ол шабындықта көп кездессе сүрлемге пайдалануға болады. Ақ алаботаның күлі сабын қайнатуға пайдаланылады. Жер үсті бөлігінен қызыл бояу алады. Сасық алабота. Жағымсыз иісті, түсі бозғылт жасыл, сабағының биіктігі 10-60 см, ұзындығы 2-4 см, көлденеңі 1-4 см, жапырақтары кезектесіп орналасқан өсімдік. Шілде, қыркүйек айларында гүлдеп, тұқым береді. Қазақстанда тастақты жерлерде өседі. Халықтық медицинада оны тұмауға, сырқырамаға қарсы пайдаланады(Уткин, 1931). Кейбір деректерге қарағанда ол тас шүйгін өсімдігінің орнын баса алады. Өсімдік құрамында сілті көп, фосфаттар мен алюминий тұздары да кездеседі. Шөбінен сары түсті бояу алады.
Жасыл алабота. Сабағының биіктігі 1 метрге жететін бұтақты, жас бұтақтарының сырты бозғылт түсті өсімдік. Жас өскіннің жапырақтары мен сабақтарын тағамға қосады. Тұқымын бидайға қосып ұн дайындайды.
Боз изен туысы. Бір жылдық өсімдіктер. Гүлдері қос жынысты. Аталығы бесеу, аналығы екі-үш. Тұқымы сопақ. Қазақстанда боз изеннің 4 түрі өседі.
Балқаңбақ туысы. Бір жылдық, бұтағын түк басқан, жапырағы кезек орналасқан өсімдік. Гүлшоғыры шашақты. Қазақстанда балқаңбақтың 11түрі өседі.
Қызылсораң туысы. Бір жылдық, етженді, шөп сабақтас өсімдік. Сабақтары бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Жапырақтары жетілмеген. Қазақстанда рның бір-ақ түрі кездеседі. Ол бұзаубас сораң немесе қызылсораң. Биіктігі 5-30 см, ашық жасыл түсті, сабақтары қарама қарсы орналасқан өсімдік. Майда жапырақтары буынына бекінген. Қазақстанның ьарлық флористикалық аудандарында ылғалды, сортаңды жерде, теңіз және ащы сулы көл жағаларында кездеседі. Өсімдіктің шырынында қымыздық қышқылы, сахароза ферменті, илі заттар, холин, флобандер, шайыр мен май қышқылдары мол. Химиялық құрамын зерттегенде қызыл сораңның бойында 90% су, 36% күл, 9% протеин, 20,5 %клетчатка, ал 31,8% азотсыз қалдық заттары болатындығы анықталған (Ларин, т.б.,1950). Халықтық медицинада кепкен шөбінің ерітіндісін қырқұлақ ауруына қарсы және терлеткіш дәрі ретінде пайдаланған. Кепкен шөбінің ұнтіғы түрлі зиянкес жәндіктерді жоюға таптырмайтын дәрі (Павлов, 1947).
Ақсора туысы. Бір жылдық, кейбіреулері бұта немесе жартылай бұта құрайды. Өсімдік етженді, кептіргенде тез қараяды. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Қазақстанда ақсораның 17 түрі өседі.
Жатаған ақсора. Биіктігі 10-75см, бір жылдық өсімдік. Сабағы жалаңаш. Жапырақтары жіңішке. Шілде, қыркүйек айларында гүлдейді. Негізінен дымқыл, сортаң женде өседі. Өсімдіктің бойында күл өте көп 27-30%. Қазақтар ерте заманнан-ақ оның күлін сабын қайнатуға қосқан. Тұқымының құрамында 16%-ке дейін май болады. Ол қарабидайдың орнын баса алады. Кейбір деректерге қарағанда өсімдік құрамындағы сілті қыс айында азаяды да, оны түйе құмарта жейді.
Әдеби шолу жасау үшін Тараз қаласындағы кітапханалар,Internet-жүйесін пайдаланып, түрлі басылымдардағы тақырыпқақатысты ғылыми материалдарды жинақтап талдадық..
Екінші тапсырманы орндау мақсатында Жамбыл облысындағы бірнеше ауылды аймақтарда өсетін алабота тұқымдасының вегатациясына бақылау жүргіздік. 20 түп алабота өсімдігін белгілеп, зерттеу жүргіздік. Бақылауды сәуір-қазан айларында жүргіздік. Әр айдың 10-15 жұлдыздары аралығында зерттеу жүргізетін аймаққа барып, белгіленген түптердің вегатациялық көрсеткіштеріне яғни бұта саны, әр түптің орташа биіктігі, диаметрі, гүлі, тұқымдар санына бақылау жүргізіп отырдық.
Төртінші тапсырманы орындау үшін бірнеше эксперимент жүргіздік.
Эксперимент барысында алабота өсімдігін түрлі химиалық сұйықтықтардың алкалойдтарды экстракциялау қабілетін анықтадық. Осы мақсатта 5г ұнтақталған алаботаға 20мл су, 90% этил спирті мен 9% сірке суы қышқылын құйып, 2 тәулік бақылыдық. Экстракциялау қабілеттігін визуалды түрде сұйықтық түсінің қанығуына байланысты анықтадық (белгісі-экстракция жоқ;-әлсіз,+++-күшті).
Эксперименттің келесі сатысында сірке суының экстракция жасайтын қолайлы концентрациясын таптық. Біз 20мл 9% –ік,3% –ік және 1% -ік сірке қышқылын алып, 5г алабота ұнтағына құйдық. Оны 2тәулік бақылап, сірке суының экстракция жасайтын қолайлы концентрациясын визуалды түрде түсінің қанығуына байланысты анықтадық.
Келесі сатысында ас тұзы қосылған тұнбаны 50, 250, 400С температурада 2сағат қойып, көп мөлшерде жасайтын режимді және сүзіп алатын материалдарды анықтадық. Осы мақсатта шыт, сәтен, дәке, сүзгіш қағазды қолданып, сүзетін қабілеттілігі жоғары материалдарды таңдадық. Жүргізілген эксперименттер нәтижесінде негізделіп, алаботаның алколаидтарын экстракциялау технологиясын жасадық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет