Көрсеткіш
|
2 012
|
2 013
|
2014 - 2018
|
Томаттар, тн.
|
125
|
219
|
219
|
Қияр, тн.
|
190
|
333
|
333
|
Томаттың шығымдылығы, кг/м2
|
22
|
Қиярдың шығымдылығы, кг/м2
|
33
|
Қазақстан жылыжай қауымдастығының мәліметінше, елімізде 293,6 гектар “жылыжай-жабық жер„ бар (2011ж) бұл өте аз. Салыстырмалы қарасақ әлемдегі қолданыстағы жылыжайлар ауданы, Польшада-6000 гектар, Голландияда-10000 гектар, Туркияда-41000 гектар, Қытайда-1,5млн.гектар жер жылыжайға бөлінген.
Мың Қазақстандыққа шаққанда жабық жер аумағы 0,004 гектар құрайды, ал Испанияда бұл көрсеткіш- 1,171 гектар, Голландияда -0,610 гектар, Ресейде- 0,015 гектар, Қытайда -70 гектар (1,5млн га- жер аумағы) жылыжай сай келеді. Қазақстанда кәзіргі кезде бар болғаны 0,1 % көкөніс жылыжайда өндірілсе, Голландияда бұл көрсеткіш 10%, Турцияда 40%. Кәзіргі таңда Қытай халқының 90%-ы жылыжаймен қамтылған. Осы жылыжай салумен Қытайда “Kingpeng„ мекемесінің айналысқанына 50 жыл болды. Осы мекеменің бүгінгі күні әлем бойынша 12 мемлекетте бөлімшесі жұмыс істейді, олар Иран, Египет, Ефиопия, Ангола, АҚШ, Греция, Корея, Кювейт, Өзбекстан, Украйна, Филлипин, Ресей. [1]
Сонымен ауылшаруашылық дақылдарын жылыжайда өсірудің артықшылығы көп және ауа райына тәуелді емес, жылу мен ылғал бүкіл аумақта бірдей таралады, қоршаған ортаның зиянды әсері тимейді, таза сумен тамшылатып суарылады. Жылыжайда өсірілген көкөністің сырты жып-жылтыр, далада өскен қызанаққа қарағанда әдемі. Бырақ дәмі жағынан ұтылады, күннің иісі де сезілмейді, себебі жабық жерде көкөніс жылдам өнеді, құрғақ заттарды, қант пен хош иістерді азырақ сіңіреді, соған қарамастан оның өнім құрамында минералдық заттар мен витаминдер жеткілікті.[2-5]
“КазАгроҚаржы„ АҚ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2012 жылы Қазақстанда жалпы көлемі 5,6 мың тонна көкөніс өнімін өсіретін 3-жылыжай шаруашылығын пайдалануға беру жоспарланған. Бұлар Алматы облысындағы“Green House-зеленый дом„ ЖШС, Оңтүстік Қазақстан облысындағы “Аделя„ ШҚ және Астана қаласындағы “Астана ЭКО Стандарт„ ЖШС жылыжайлары.[1]
Қазіргі таңда Қазақстанда ашық топырақта өсірілетін көкөніс өндірісі климаттық жағдайларға байланысты және бос суармалы жердің жоқтығынан шектелуде. ҚР Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтеріне сәйкес 2003 жылдан бастап көкөніске арналған алаңдар-110,2 мың гектардан 2011 жылдан 128,7мың гектарға, өсім 18,5мың гектарға, яғни 16,8%-ға өскен, Сонымен қатар Қазақстанда ашық топырақта өсірілген көкөністердің өнімділігі 180 ц/га, ал бізге импорттық қызанақ келетін Қырғызстанда-189 ц/га , Қытайда-242 ц/га, Өзбекстанда-400 ц/га бұл көрсеткіш көрші мемлекеттерден 5%, 34% және 122% кем өнім өндірілуде екенін көрсетеді. Мұның басты себебі біздегі көкөніс өндірушілер негізінен майда шаруа қожалықтары, сондықтан экспортқа тәуелдіміз.[2-3]
2010 жылы Қазақстанда жылыжайлар 184,1 гектар алқапқа орналасқан, олардың басым көпшілігі қияр, қызанақ және көк шөп өндірісіне мамандандырылған. Олардан алынған өнім Республика тұрғындарын қанағаттандыра алмауда. Сондықтан 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 48,7% ға артық көкөніс сырттан әкелінген.
Бір ғана Шыңжан -Ұйғыр автономдық ауданынан (ШҰАА) 2011 жылы әкелінген көкөніс экспортының жалпы сомасы $ 11,9млн-ды құрап, 6,655мың тоннаға жеткен. Осыған косымша 2011 жылы Европадан, Германия, Польша, Франция, Италия, Белгия, Туркия, Голландия және Даниядан ай сайын 3-5 тонна көкөніс әкелініп отырған.
2010-2012 жылдары Қазақстанда ашық жерде өсірілген қызанақ пен қияр өндірісі тиісінше 9,7%-дан 21,4%-ға артқан, ал жабық жерде өсірілген қызанақ пен қияр өндірісі тиісінше 302,9% және 170,1% құраған. ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша жабық жерде өсірілетін қызанақ пен қияр көлемі 2008 жылы 3,6 мың тонна болса 2012 жылы 58,9 мың тоннаға жеткен. 2012 жылы Қазақстанға импортталған қызанақ пен қияр көлемі тиісінше 36,2 және 19,8 тоннаны құраған. Қызанақ негізінен Қытайдан жеткізілген, бұл елден 18,2 мың тонна немесе жалпы импорт көлемінің 50%, Өзбекстаннан 9,5 мың тонна-26%, Қырғызстаннан 5,5 мың тонна-15,3%, Түркменстаннан 2,3 мың тонна-6,3% өнім, Түркиядан-476 тонна, Ираннан-138 тонна импортталған. Көкөніс өнімдерінің негізгі бөлігі елімізге маусым айында әкелінеді.
Қияр дақылының көбі -60%-12 мың тонна Өзбек елінен, Қырғыстаннан-4,7 мың тонна-23,5% және Қытайдан -2,4 мың тонна-12,2% тасымалданған.Түркиядан-77 тонна, ираннан-114 тонна, Түкменстаннан-567 тонна, Ресейден-16 тонна әкелінген. Астана қаласында көкөніс өнімдеріне деген күн сайынғы қажеттілігі 320 тоннадан астамды құрайды. Бұл ретте қалаға күн сайын көкөніс өнімі толық көлемде жеткізілмейді, бұл осы тауар бағасының өсуіне ықпал етеді. Сату бағдарламасы бойынша сату жоспары 2-кестеде келтірілген. Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ
2-кесте - Жылдар бойынша жоспарланған сату бағдарламасы
Достарыңызбен бөлісу: |