Біліктілік арттырудың ұлттық орталығы «Өрлеу» АҚ ЖО бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Тараз қ.
Республикамыздағы саяси және экономикалық өркендеудің мәнділігі, нарықтық қатынастар жолы, ұлттық – мәдени тұрғыдан даму білім беру жүйесіне де ерекше талаптар жүктеуде.
Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбие мен оқыту үдерісі. Білім беру ісі шеберлікке, дағдыға баулудың өсіп, өрбіп, белгілі бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады. Жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының сипатына қарай білім беру деңгейлері ажыратылатыны белгілі.
Қазіргі уақытта ұрпақтан-ұрпаққа өмір тәжірибесін беруді жүйелі жүргізетін - мұғалім. Ал жастарды өмірге дайындау, қоғам талап етіп отырған деңгейде мұғалімдерді дайындаудың қажеттілігі ұдайы өзгерісте болады. Осыған байланысты А.Байтұрсыновтың мектепке керектісі білімді, әрі педагогика мен әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім екендігі жөніндегі айтқан пікірі бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ.
Психологиялық - педагогикалық зерттеу мәліметтеріне қарағанда (Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, И.В.Страхов, В.А.Сластенин, А.И.Щербаков т.б.) педагогикалық қабілеттің бірнеше түрі кездеседі. Олар: дидактикалық, академиялық, перцептивті, сөйлеу (экспрессивті), ұйымдастырушылық, коммуникативті, конструктивті, қолданбалы қабілеттер.
Мектеп мұғалімдері оқушылардың білімі мен іскерліктерін қалыптастыруда бірқатар іс-шаралар жүзеге асырады. Олар: гностикалық, практикалық (пән ерекшелігіне байланысты іскерліктер), зерттеушілік.
Болашақ мұғалімдерді даярлаудағы зерттеу жұмыстары үшін көптеген ғалымдардың еңбектері құнды болып табылады. Педагогикалық іс-әрекет саласына “технология” деген сөзді енгізу “индустриялдық” технология (Ф.Б.Гильбрейт, Ф.У.Тейлор және т.б.) деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс-әрекетін (Т.А.Ильина) ұйымдастыруға, сонымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді ұстанымдары мен әдістерін анықтауға бағытталған.
Сондай-ақ жаңа педагогикалық технологиялар оқу-тәрбие үдерісінің нәтижесінде оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.
“Жаңа педагогикалық технология” сөз тіркесін пайдалану үшін оның мәнін анықтап алу керектігі туындайды. Ол үшін алдымен “технология” ұғымының мазмұны жөнінде немесе ұғымының шығу мен қолдану аясын білу керек.
Педагогикалық, психологиялық сөздікте “Педагогикалық технология – педагогикалық үдеріс пен оған қатысушылар іс-әрекетін құраушы кезені, жәй - күйлері арасындағы өзара байланысты бірізділік пен үздіксіздік жұмысы. Ақпараттық технология да педагогикалық технологияның құрамдас бөлігі” болып табылады деп мазмұндалған.
Н. Ф.Талызина оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылады деп айта келіп, оның құрылымын көрсетеді: оқытудың мақсаты; білім берудің мазмұны; педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту үдерісін ұйымдастыру; оқушы, оқытушы; әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі). Сондай-ақ Қазақстандық ғалымдардың Ж.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің, Қ.Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде білім беру жүйесінде қолданылуда. Бұл технологиялардың өздеріне тән ерекшеліктері бар.
Оқушыларға шетел тілін оқыту үшін болашақ мұғалімнің өзі төмендегідей негізгі құзыреттіліктерді игеруі тиіс: лингвистикалық; коммуникативтік; лингвоелтану; кәсіби-бейімді (кәсіби-педагогикалық мақсат аясында), т.б.
Қазіргі уақытта болашақ шетел тілі мұғалімінің І курстан бастап даярлығын қамтамасыз ететін негізгі тақырыптар төмендегілер болып табылады: курстың сөздік тақырыптары (қазіргі қоғамдағы отбасы; қазіргі заманғы үй-тұрмыс; еліміздегі және шетелдердегі студенттердің оқуы мен өмірі; оқып-үйренетін тілдің елдері мен Қазақстандағы интернационалдық және ұлттық мерекелер; адам өміріндегі табиғат, жыл мезгілдері, оқып-үйренетін елдің және Қазақстанның климаты; қазіргі заманғы адамның киімдері, дүкендегі сатып алу, қазіргі заманғы мода); сөздік іс-әрекет түрлері бойынша жұмыс мазмұны мен қорытынды талаптар (әңгімелесу, диалогтық сөйлесу, монологтық сөз (аудирование, оқу), жазу және жазбаша сөз), т.б. Орта мектепте шетел тілін оқытудың мазмұны төмендегі элементтерден тұрады: тақырыптар (денсаулық, білім, жағрафия және қыдыру, жол жүру, т.б.); тілдік материалдар (лексика, грамматика), т.б.
Жоғары оқу орындарындағы пән бағдарламаларының мазмұны мектеп қабырғасындағы оқытылатын шетел тілі пәнімен байланысын, сабақтастығын және мектеп қабырғасындағы тақырыптарға сәйкес оқу тақырыптарын (оқу материалдарын) бір пән толық қамти бермейтінін көруге болады, 2008-2010 оқу жылдары аралығында жоғары оқу орындарында шетел тілі (ағылшын тілі) пәні мұғалімдерін даярлайтын оқу жоспарларының түрлеріне сәйкес жұмыстар талданды.
Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып белгіленген оқыту үдерісінің нәтижесін көрсететін әдіс-тәсілдерді, формаларды көбінше жаңашыл, инновациялық деп атайды.
Кейбір зерттеушілер оны “өзгеріс“ деген терминмен анықтайды. Соның бірі И.П.Подласый ХХ ғ. 80-жылдары кәсіби түрде, алдымен журналшылар, содан кейінгі кездерде педагогтар “инновация” сөзін пайдалана бастағанын жазады. Сондай-ақ инновация (ағылшынның іnnovatіon - нововведение, новация) – бұл ескі жүйенің өзгерісі деп қарастырады. Біздің ойымызша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез келген өзгерісті сипаттайды.
Инновация білім берудегі (мектептегі) құбылысқа тың жаңалық: жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс-тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады. Инновация – жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және үдеріс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық үдерісте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалықты енгізуді білдіреді.
Н. Ф.Талызина және т.б. инновация өзінің дамуы барысында белгілі бір өмірлік сатыдан тұрады: жаңа идеяның пайда болуы; мақсат қоюшылық: тарату және жойылу – деп айта келе, инновациялық технологияға жататындар: компьютерлік технология, ойын технологиясы, жоба әдісі-деп топтастырып көрсетеді.
Келтірілген талдаулардан ұғатынымыз “жаңа педагогикалық технология дегеніміз оқу және тәрбие үдерісін мақсатқа сәйкес жоғары нәтижеге қол жеткізу барысында және оқыту мазмұнын, сапалық қасиеттерді әдіс-тәсілдер мен құралдар жүйесін үйлесімді пайдаланатын педагог іс-әрекетінің өзгерісті (жаңалықты) алгоритмі” – деп білеміз. Жаңа педагогикалық технологиямен болашақ мұғалімдерді даярлау жүйелік тәсіл негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін даярлаудың білім беруші-теориялық, практикалық және тәрбиелеушілік аспектісі бар екендігін көруге болады. Дегенмен, зерттеуге сәйкес мұғалімнің барлық даярлық аспектілерін қарастыру мүмкін емес, сондықтан шартты түрде жұмыста мұғалімнің академиялық, конструктивтік қабілетін түзетін пәндер және аталмыш пәндерді оқыту әдістемесі бойынша даярлығын құраушылар қарастырылады. Бұл даярлық құраушылары мұғалім мамандығының профессиограммасында міндет-ті көрініс табады. Сондықтанда болашақ маманды даярлау оның профессиограммасы тұрғысынан зерттелуі тиіс. Профессиограмма маманның кәсіптік іс-әрекетіне сәйкес “паспорт” ретінде сипатталады.
Модель деп (латынның сөзінен аударғанда - өлшем, үлгі) зерттеуде қиындық тудыратын немесе мүлдем мүмкін емес құбылыстар (заттарды, үдерістерді, жағдайларды және т.б.) зерттеу үшін басқа ұқсас құбылыстарды (затты, үдерісті, жағдайды және т.б.) жасанды құрастыру түсіндіріледі. Модель (лат. modulus -үлгі, өлшем) нысан және оған қатынастық мәндерді көрсететін көрнекілік құралдардың бірі (шартты бейне, схема, т.б.) болып табылады. Бұлар негізінен нобайдың сандық сипатын анықтайды.
Біздер педагог-ғалымдардың еңбектеріне негіздей отырып, болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің зерттеліп отырған сапасын қалыптастыруды жүзеге асыратын нобайын құрастырдық (Сурет 1).
|
|
Болашақ мұғалім даярлығының критерилері (өлшемдері)
|
|
Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің зерттеліп отырған даярлығының көрсеткіштері
|
|
|
|
|
|
|
М о т и в а ц и я л ы қ компонент
|
|
|
|
|
|
|
- шетел тілін меңгеру мен оны оқытуда жаңаға деген қызығушылық, қоғамдық және әлеуметтік-педагогикалық мәнін саналы сезінуі
|
|
- Шетел тілі оған оқыту бойынша жаңаға деген қызығушылығының болуы;
- Шетел тілінің оқу-тәрбие үдерісіне ықпалының, бар екенін жете түсінуі;
- Шетел тіліне баулуда практикалық бағыттылықты жүзеге асырудың бүгінгі таңдағы қажеттілігін сезінуі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
М а з м ұ н д ы қ компонент
|
|
|
|
|
|
|
|
- шетел тілі және оны оқытуда практикалық бағыттылықты оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыру бойынша білімі
|
|
-Шетел тіліне баулудағы іс-әрекеттердің психологиялық құрылымы;
-Шетел тіліне баулуда практикалық бағыттылықты жүзеге асырудың дидактикалық шарттары, құралдары;
-Шетел тіліне баулуда практикалық бағыттылықты қамтамасыз етудің мазмұны, мәні және оқытудың әдістері мен формалары туралы білімі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
П р о ц е с с у а л д ы қ компонент
|
|
|
|
|
|
|
- шетел тілін оқытуда практикалық бағыттылықты жүзеге асыру бойынша іскерлігі
|
|
- Шетел тілін оқытуда практикалық бағыттылықты жүзеге асырудың дидактикалық шарттарын, құралдар жүйесін іске асыру ептілігі;
- Шетел тілінің мүмкіндіктерін бағалай алуы және оны оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыра алуды игеруі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Шетел тілін оқытуда практикалық бағыттылықты жүзеге асыруға болашақ мұғалімдердің дайындығын қалыптастыру үдерісі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің пән және пәнді оқытуда практикалық бағыттылықты жүзеге асырудағы білім мен іскерліктерінің түзілімі
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |