Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал


Сурет – 1. Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін даярлаудың болжамды нобайы



бет42/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   203
Сурет – 1. Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін даярлаудың болжамды нобайы

Нобайда қарастырған критерий болашақ маманның таңдаған мамандығына ұмтылысынан туындады. Критерий (грек сөзінен алғанда – пайымдау үшін құрал), белгі, сының негізінде қандай-да нәрсені бағалау, анықтау немесе жіктеу жүргізіледі; баға өлшемі. Психологиялық, педагогикалық түсіндірме сөздікте критерий “... бағалауға, пікір айтуға не топтастыруға негіз болатын белгі; қайсібір құбылысты пайымдау, бағалау өлшемі. Педагогикада белгілі бір құбылыстардың критерийлерін талдап-белгілеу қиын, өйткені педагогика пәнінің өзі күрделі және көрістері сан алуан”-деп оның қиындық тудыратын жақтары айтылған.


Шетел тілін оқытуда болашақ мұғалімдердің пәнді оқытудағы практикалық бағыттылықты жүзеге асыруға даярлығын қамтамасыз ету қажет. “Бағыттылық” ұғымы “қандай да бір мақсатқа бағытталған ойдың, қызығушылықтың топтастырылуын түсінеміз”. Шетел тілін оқытудағы практикалық бағыттылық деп, шетел тілін оқытуда оқу материалдарын және осы оқу материалдарына сәйкес педагогикалық тапсырмаларды орындатудағы әдіс-тәсілдерді, құралдарды мұғалімнің дұрыс пайдалануын түсінеміз.
Жоғары оқу орындарында болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін талап аясында даярлау үшін төмендегідей дидактикалық шарттары орындалуы тиіс: болашақ пән мұғалімдеріне қазіргі кездегі шетел тілінің практикалық мәнділігін ұғындыру; шетел тілінің мазмұнын түзуші оқу материалдарын игеруде талдау, іріктеу, салыстыру, жинақтау, т.б. іс-әрекеттерін студенттермен ұйымдастыру; шетел тілін оқытуда практикалық бағыттылықты жүзеге асырушы құралдарымен жұмыс жасату; оқушыларды шетел тіліне үйрету үшін болашақ мұғалімдердің іскерлігін қалыптастыру.
Аталған шарттар негізінде болашақ шетел тілі мұғалімдерін даярлауды жүзеге асыру көптеген факторларға байланысты. Олардың негізгілері біздің ойымызша төмендегілер: жоғары оқу орындары оқытушысының оқу үдерісін ұйымдастыру мен конструкциялауға қажетті білімі, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілуі, студенттің өзіндік белсенділігі, маман даярлауға қойылатын талаптардың қанағаттандырылуы, т.б.
Педагогикалық инновацияға, жаңа тәрбиеге даяр жаңа формация мұғалімдерін даярлау соңғы уақыттарда кеңінен айтылуда. Білім беру жүйесіне жаңалықты (инновациялық) үдерістердің енуіне байланысты жаңаша ойлауға қабілетті, жоғары мәдениетті, қоғам мен мектептің алдына қойылған міндеттерді айқын түсінетін жаңа формация мұғалімдерін кәсіби даярлау мәселесі көкейкесті болып табылуда.
Жоғары оқу орындарында оқу жұмыстарының міндетті түрлеріне дәріс, семинарлар, лабораториялық-практикалық сабақтар, курстық жұмыстар, консультациялар, коллоквиумдар, сынақтар, емтихандар жатады. Жоғары оқу орындарында кеңінен тараған оқыту формаларына қазіргі таңда жаңа сипат берілген.
Қазіргі кезде дәрістің бірнеше түрі ажыратылған: кіріспе, ақпараттық, шолу, мәселелеп оқу дәрісі, визуальдық, бинарлық, алдын ала қателерімен жоспарланған, конференция, кеңес, “Миға шабуыл” - дәрісі немесе "топтық пікір-талас дәріс". Семинар – практикалық оқу сабақтарының негізгі түрлерінің бірі. Семинардың ерекшелігі – оқушылардың оқытушының жетекшілігімен өз алдына дайындалған хабарламаларын, баяндамаларын, рефераттарын ұжым болып талқылау.
Ойын моделдерін белгілеуде әртүрлі терминдер қолданып жүрміз. “Ойын”, “Имитация”, “Нақты жағдайды талқылау”. Ойын технологиясы негізінен С.Әбенбаевтың пікіріне сәйкес жаңа педагогикалық технологияға жатады. Сондықтан бұл қазіргі таңда оқу-тәрбие үдерісінде қолдау табуда.
Хабарламалық-дамытушы әдістер: дәріс, әңгіме, түсіндіру, оқу фильмдерін көрсету, педагогикалық әдебиеттермен өз бетіндік жұмыс, білім беру бағдарламаларымен өз бетімен жұмыс.
Проблемалық ізденіс әдістері: оқу материалын проблемалы баяндау, эвристикалық әңгіме, пікірталас, зерттеу жұмысы, кіші топтарды студенттердің ұжымдық ойлау-іс әрекеті, лабораториялық ізденіс жұмыстар.
Репродуктивті әдістер: оқу материалын мазмұндау (пересказ), үлгіге байланысты тапсырмаларды орындау.
Шығармашылық-репродуктивті әдістер: педагогикалық тақырыптарға творчестволық шығарма жазу, сөзжұмбақтар құрастыру, педагогикалық жағдайларды талдау, іскерлік ойындар, педагогикалық міндеттерді шешу.
Студенттердің өзбетіндік жұмыстарының формалары: педагогикалық сөздік жүргізу, түпдеректерді конспектілеу, аннотациялау, педагогикалық әдебиеттерді рецензиялау.
Дәстүрлі оқыту формалары үшін әдіс-тәсілдер ойластырылған; кеңінен қолданылып жүргендердің ішінде ерекше орын алатыны оқытудың белсенді (активті) және аралық белсенді (интерактивті) әдістері.
Қазіргі уақытта ағылшын тілін білім беру жүйесінде оқытудың әдістемесін, оның қағидалары мен салыстырмалы сипаттамаларын төмендегідей атап көрсетуге болады.
1.Ағылшын тілін оқытудың қазіргі әдістемесі: коммуникативтік әдістеме; жоба әдістемесі; интенсивті әдістеме; іс-әрекеттік әдістеме; қашықтықтан оқыту әдістемесі.
2.Ағылшын тілін оқытудың қазіргі заманғы әдістемесінің әдістемелік ұстанымдары. Коммуникативтік әдістеме: қарым-қатынас арқылы шетелдік мәдениеттің барлық аспектілерін игеру ұстанымы; шетелдік мәдениет аспектілерін өзара байланыста оқу ұстанымы; шетелдік мәдениет аспектілері мазмұнын модельдеу ұстанымы; оқу үдерісін оны кванттау (оқу үдерісінің құраушыларын (мақсаты, құралы, материалдары, т.б.) бөлу) және бағдарламалау негізінде басқару ұстанымы; шетел тілін оқытуды ұйымдастырудағы жүйелік ұстанымы; шетел тілін ситуация негізінде өзара қарым-қатынас ретінде оқыту ұстанымы; шетел тілін игеруді жеке даралау ұстанымы; шетел тілін игеруде оқушылардың, студенттердің өз бетінше жұмыс жасауын және сөздік ойлау іс-әрекеттерін дамыту ұстанымы; шетел тілін оқытудағы функциональдылық ұстанымы; шетел тілін оқытудағы жаңалықты ұстанымы. Көптеген әдістемелерде (әсіресе, қашықтықтан оқыту, жоба) көрнекілік ұстанымы пайдаланылады. Жоғарыдағы барлық әдістемені бір ғана тұжырыммен беруге болады. Ол: “Қарым-қатынасқа оқытудың жақсысы – бұл қарым-қатынас”.
Жоғарыдағы келтірілген шетел тілін оқыту қазіргі заманғы әдістемесі мен әдістемелік ұстанымдарының салыстырмалы сипаттамасын білу оқытушы үшін қажетті шарт болып табылады. Олар:
- әдістеменің ерекшелік белгілері (жоғарыдағы бес әдістемеге байланысты);
- әдістемелердің ұқсас белгілері;
- әдістемелердің оң және теріс жақтары.
Ұ.Т.Нұрманалиева ғылыми-зерттеу еңбегінде шетел тілі сабағының негізгі құрылымдық бірлігі ретінде мыналарды атап көрсетеді: фонетикалық жаттығу; жаңа тілдік материалмен танысу; жаттықтыру; сөз тәжірибесі; сабақты қорыту.
Болашақ шетел тілі, оның ішінде ағылшын тілі мұғалімі пәнді мектепте оқытуда төмендегідей: аспектті (тіл үш аспектіге бөлінеді: лексика, грамматика, фонетика, олар жеке жеке зерделенуі тиіс); құрылымдық (машықтану жаттығуларын көптеп орындау); трансформациялық; аспектті-құрылымдық; ұрылымдық-функционалдылық; тақырыптық-ситуациялық (лексикалық); сюжетті-ситуацялық; сюжеттік; тәсілдерді игеруі тиіс.
Бұл тәсілдерді жоғары оқу орындарында болашақ шетел тілі мұғалімі пәнді оқу барысында толық меңгеруі тиіс. Алдымен студент өзінің даярлығын қалыптастырады, содан кейін әдістемелік модуль бойынша пәнді оқытудың әдістемелік даярлығын меңгереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет