Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет74/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   203
Сурет 1. Филлипс қисығы.

Қазірде жұмыспен қамту саласында, өндіріске қажетті жұмыс күші мен олардың жұмыстың жағдайында қоятын талабы арасында елеулі қайшылықтар бар. Оның шиеленісуі кадрлардың тұрақсыздығынан көрінеді. Миллиондаған адамдар, өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс орнын ауыстырам деп біраз уақыт жұмыссыз қалады. Ол көбінесе 2 айдан 6 айға дейіңн созылады. Сонымен бірге миллиондаған дипломы бар мамандар да ондай дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтерде жұмыс жасайды, ал бұл құрылымдық, яки салалық жұмыссыздықтың орын алып отырғанын көрсетеді. Көріну сипаты жағынан жасырын және ашық жұмыссыздық түрлерін ажыратады. Жасырын жұмыссыздыққа - берілген уақыт кезінде экономикалық белсенді халық санына кірмейтін адамдар жатады. Алайда, егер де ұсынылған жұмыс олар үшін қолайлы келсе, жұмыс күші қатарына қосылуға даяр. Ашық жұмыссыздыққа - жұмыс істмейтін, бірақ еңбек қатынасы кәсіпорынмен ресми түрде үзілмеген (осы себепті жұмыс істеушілер қатарында болып есептелінеді) және мөлшерленген жұмыс уақытында (күн, апта) жартылай жұмыс істейтін адамдар жатады.


Жұмыссыздықтың түрлері:
1.Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.
2. Фрикциондық жұмыссыздық (лат. үйкеліс) — адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс ізденумен ауысуын айтамыз.
3. Маусымдык жұмыссыздык — жұмыс күшінің тек маусымдық кезенде жұмыс жасауы, бұл кейбір ауыл шаурашылығы өндірісі саласында кездеседі, әсіресе қайта өндеу өнеркәсібінде т.б.
4. Құрылымдық жұмыссыздық — өндірістік қуаттың жетіспеуінің нәтижесінде болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.
5. Технологиялық жұмыссыздық — адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, білікгілікгі өзгертуді немесе басқа мамандықгы игеруді талап етеді
6. Циклдық жұмыссыздық — өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономикалық циклдың осы фазасымен байланысты.
Жұмыссыздық психологиялық тұрғыдан алып қарағанда бірнеше топтарға жіктеледі. Әдетте, жұмыссыздықтың амалсыз және еркін түрлері ажыратылады. Амалсыз жұмыссыздықта адам берілген жалақы деңгейінде жұмыс істегісі келеді және ол қолынан келеді, бірақ оған жұмыс табылмайды. Еркін жұмыссыздықта (кейде күту жұмыссыздығы деп аталынады) адам жұмыс таба алар еді, бірақ жұмыс істемегенді қалап, айлығы ұсынылған жалақыдан жоғары жұмыс орнын іздеуді жалғастырады. Жұсыссыздық ұзақ және қысқа мерзімді болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді циклдық және құрылымдық, ал қысқа мерзімдікке – маусымдық және фрикциондық жұмыссыздық жатады. Ал халықаралық тәжиребеде бұл жәйтті толық жұмыс істеушілік деп атайды.
Жұмыссыздық мәселесі дамыған елдерде‚ мысалы‚ АҚШ-та‚ еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы жұмыссыздық мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Фрикциялық және құрылымдық жұмыссыздық болмай қоймайды деп есептеледі. Демек, елдегі тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы – ол елде циклдік жұмыссыздықтың жоқтығын білдіреді. Жұмыспен толық қамтылу кезіндегі жұмыссыздық деңгейі оның табиғи деңгейі болып саналады. Мұндай жағдай елдегі жұмыс күшінің рыноктары теңдестірілгенде, яғни жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орындарының санына тең болғанда пайда болады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі қоғамдағы оң құбылыс болып есептеледі. Кез келген қоғамдағы экономикалық даму барысында тұтыну тауарларының сұранымы құрылымында және өндіріс технологиясында маңызды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер өз кезегінде жұмыс күшіне жалпы сұранымның құрылымын да өзгертеді. Осындай өзгерістерге байланысты кәсіптердің кейбір түрлері азаяды не қысқарады‚ ал басқа бір түрлері көбейеді. Қоғамдағы жұмыссыздықтың пайда болу себебі жұмыс күшінің осы өзгерістерге баяу ыңғайланатындығына және оның құрылымының нақты жұмыс орнына сай келмейтіндігіне байланысты болады. Фрикциялық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздық арасындағы елеулі ерекшелік мынада: бірінші жағдайда жұмыссыздарда еңбек нарығында ұсынуына болатын дағды‚ машық бар‚ ал екінші жағдайда олар қайта даярланбайынша‚ қосымша оқып біліктілігін арттырмайынша‚ тіпті тұрғылықты жерін ауыстырмайынша жұмыс таба алмайды. Фрикциялық жұмыссыздық неғұрлым қысқа мерзімді сипатта болады‚ ал құрылымдық жұмыссыздық неғұрлым ұзақ мерзімді сипатта болады‚ сондықтан ол қоғамдағы неғұрлым елеулі жұмыссыздық болып табылады. Циклдік жұмыссыздық – елдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жиынтық сұранымның күрт азаюы салдарынан болатын құбылыс. Осы себептен оны кейде сұранымның тапшылығына байланысты жұмыссыздық деп те атайды. Циклдік жұмыссыздық – кез келген қоғам үшін экономикалық және әлеуметтік дағдарыс болып саналады. Экономикалық дағдарыс (экономикалық дамудың құлдырауы‚ тоқырау) елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың елеулі бөлігінің бостан босқа уақыт өткізуіне әкеліп соғады‚ ал мұндай жағдай олардың біліктілігінің жоғалуына‚ адамгершілік қадір-қасиеттің азғындауына‚ әлеуметтік және саяси жанжалдарға апарып соқтырады. Өйткені “фрикциялық” жұмыссыздарға бос жұмыс орнын табу үшін әрқашан уақыт керек‚ “құрылымдық” жұмыссыздарға да біліктілігін жетілдіру, жаңа мамандық алу үшін немесе жұмыс табу мақсатымен басқа жерге көшу үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орнынан асып түссе‚ онда жұмыс күші рыногінің тең болмағаны. Екінші жағынан‚ жиынтық сұраным молайған жағдайда жұмыс күшінің “жетіспеушілігі” сезіледі‚ яғни бос жұмыс орындарының саны жұмысқа мұқтаждардың санынан асып түседі. Қазақстанда нарықтық экономикаға өту кезеңінде бұрынғы тиімсіз кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық мекемелерінің жұмысын уақытша тоқтатып, жабылуына, банкротқа ұшырауына, жекешелендіріліп, қайта құрылуына байланысты құрылымдық жұмыссыздық құбылысы байқалды. 2000 жылы елдегі жұмыссыздар саны 1997 жылғы деңгеймен салыстырғанда біршама (0,2%-ке) төмендеді. Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформалар барысында жаңа жұмыс орындары ашылуына, ішкі, сыртқы инвестициялар көмегімен, бірқатар өндіріс ошақтары мен ауыл шаруашылығының жандануына орай, ауылды қайта өркендетудің 3 жылдық бағдарламасына байланысты жұмыссыздық деңгейі де біртіндеп табиғи деңгейге түсе бастады.
Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблемалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады. Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблеммасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі. Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін аныктайды, мемлекеттің тарапынан шараларды анықтайды. Анықтама бойынша жұмыссыздық – халықтың активті бөлігінің жасауға қабілетті жұмыс таба алмау. Жұмыссыздық негізінен жұмыс орнына сай келетін адамдардың азаюынан, адамдардың санының көбеюінен пайда болады. Жұмыссыз ретінде жұмыссыздар биржасында тіркелген, жұмыс табуға нақты мүмкіндігі жоқ адамдар айтылады. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-психологиялық салдары көбіне жұмыссыздықтың психологиялық әсері сипатталады да, коммуникативті характерге ие әлеуметтік әсері ескерусіз қалады. Бірақ та жұмыссыздықтың елдің жағдайына тигізетін әсері көбіне әлеуметтік жағдаймен өлшенеді. Енді сол салдарға тоқталсақ.
Кері әсерлері:

  1. Крименогенді жағдайдың өршуі

  2. Әлеуметтік кернеудің өршуі

  3. Физикалық және психологиялық аурулардың көбеюі

  4. Әлеуметтік дифференцияның өсуі

  5. Еңбек белсенділігінің төмендеуі.

Пайдалы әсері:

  1. Жұмыс орнының әлеуметтік маңыздылығының артуы

  2. Өз бос уақытының көбеюі

  3. Жұмыс орнын таңдаудағы еркіндік

  4. Әлеуметтің мәні мен еңбек құндылығының артуы

  5. Жұмыссыздықпен күрес.

Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі жыл сайын төмендеп, қазіргі таңда Жапония, Қытай, Нидерланды секілді дамыған мемлекеттердің көрсеткішіне жетті. Бұлай деп айтуымызға еліміздің Статистика жөніндегі агенттіктің жариялаған ресми дерегі себеп болып отыр. Агенттіктің мәліметінше, 2012 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда 474,4 мың жұмыссыз адам тіркелген, яғни жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құраған.
Еуропа елдерінде өмір сүру деңгейі Қазақстанмен салыстырғанда бірталай асып түседі. Еуропа елдері ең төменгі жалақы деғгейінің мөлшері бойынша 3 топқа жіктеледі, бірінші топқа – ең төменгі жалақы мөлшері 82-331 евроны құрайтын мемлекеттер, екінші топқа - 427- 668 евроны, ал үшінші топқа – 1200 евродан жоғары соманы соманы құрайтын мемлекеттер құрайды. Бұл ретте Қазақстанның ең төменгі жалақы деңгейі Еуропа елдерінің ішіндегі ең төменгі ең төменгі мемлекеттерінен де азболып отыр. Сондықтан еліміздегі ең төменгі жалақы көлемін көбейтіп, Еуропа елдерінің жоғарыда айтылған үш топтың бірінде көрсетілген деңгейге жетуіміз керек. Осы стандартқа сәйкес Германияда орташа зейнетақы орташа жалақының 62 %,Францияда 50% құраса,Қазақстанда ол 33% құрайды. Мұнда, Қазақстан мен Еуропа елдеріндегі зейнетақы жүйесінде ұқсастықтар болғанымен, бөлінген зейнетақы мөлшері бойынша айырмашылық көп.
Ежелгі заманда тайпалардың көсемдері ашаршылық немесе ақырзаман болар тұста халқын тыныштандыру үшін сабырлыққа шақырып, өмірлерінің жарқын екенін түсіндіріп, сәуле нұрын шашып тұрған күнге, жерде өсіп тұрған түрлі өсімдіктердің, тіршілік етіп жатқан жануарлардың барлығына шүкіршілік білдіріп, соған табындырған. Бүгінгі дәуір де бұл жағдайдан алыстай қоймаған сияқты.
Жұмыссыздық деңгейі әрбір елдің әл-ауқатын, оның қарқынын, өндірістік қуатын анықтайды. Алайда, статистика агенттігінің 16,5 миллион халықтың тек 474 мыңы жұмыссыз деп айта салуы ақылға қонымсыз. Біріншіден, заң бойынша Қазақстанда жұмыспен қамтылғандар деп кімдер саналады? Жұмыспен қамтылған азаматтардың санатына толық не толық емес уақыт жағдайында жұмыс істейтіндер, кәсіпкерлікпен шұғылданатындар, өз бетінше жұмыспен айналысатындар, азаматтық-құқықтық шарттар негізінде еңбек ететіндер, ақы төленген (кез келген, мерзімі белгісіз) жұмыста істейтіндер кіреді. Жұмыссыздық – психология мәселесінің біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғамның дамуы барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет