Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет76/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   203
ӘОЖ 159.9
Б.73
ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ СУИДЦИДКЕ БАРУДАҒЫ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР


Болтаев А.Д., Рысбай Ж.Қ., Әшірәлі Б.Е., Қали Д.С.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Қазіргі таңда мемлекетіміздің үлкен мәселелерінің біріне айналып отырған жасөспірімдер мен жеткіншектер арасындағы суицид ауруы қоғамды алаңдатуда. Суицид бүгінгі күні қоғам үшін ең көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады. Күннен күнге өз-өздеріне қол жұмсаушылардың саны, көбейе коймаса азаяр емес. Өткен ғасыр дүние жүзінің ғалымдарын толғандырған мәселе ол қазіргі кездегі жеткіншектер арасында жиі кездесетін - суицид. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтерінше 15-24 жас аралығындағы жеткіншектермен жасөспірімдер арасында өзін-өзі өлтіру 2 есе артып кетті. Ол мемлекеттегі экономикалық жағдайларға байланысты. Мәселен, Францияда соңғы 10 жылда суицидттен өлген балалар саны 3 есе артқан. Енді бұл өлімдер жол апатынан қайтыс болған адамдар санымен теңеліп тұр. Өз-өзіне қол жұмсау туралы, Аристототель, Платон, француз социологы Эмиль Дюркгейм, норвегиялық ғалым И. Россов, Г. Минноус кезінде өз ойларын қалдырып кеткен. Суицидтті, медициналық тұрғыдан зерттеген ғалымдардың зерттеулерін атап өтсек, бұл Амбрумова А.Г.


«Суицидалды мінез-құлық кешенді зерттеудің обьектісі ретінде», Антохин Г.А. «Шизофрениямен ауыратын адамдардағы суицидалды мінез-құлық», «Түрлі психикалық ауытқушылықтары бар суициденттерде депрессивті көріністердің ерекшеліктері» Мишиев В.Д. т.б. [1].
Суицид терминіне ғылыми әдебиеттерге бірнеше анықтама берілген. Осы анықтамалар бойынша, суицид бұл-ауру немесе өз-өзін өлтіру деген мағынаны білдіреді. Адамның өз-өзіне қол жұмсауы, оның өмірден өз еркімен кеткісі келетіні, өмір сүруге құлқысы жоқ екендігін білдіреді. Осыдан ойымызға түйетініміз, әрбір тірі жанның сәтсіз аяқталған суицидке баруы, оның жан айқайын, қоғамнан сұрайтын көмегін білдіреді. Жасөспірімдер арасындағы суицидттің зерттеу тақырыбына айналуы, осы мәселені тереңірек зерттеуге, жеткіншектердің бұндай әрекетке бару себептерін анықтауға, суицид әрекетін алдын-алуға мүмкіндік береді. Бүгінде адамдардың өз-өзіне қол жұмсап, өз өмірін қиған оқиғасы туралы жиі естуге болады. Аталарымыздың ғасырлардан бері келе жатқан «құдай өзі берген жанын өз алады» денен ежелгі қағидасына қарсы шығып, адамдардың өз-өзіне қол жұмсап, қоштасуының сыры неде? Медициналық-психологиялық зерттеу қортындыларына қарағанда, оның сыры да, сбептері де көп көрінеді. Ал жалпы адамның өзіне-өзі қол жұмсауда ғылымда «суицид» деп аталады. Суицид –ішкі эмоцаны шығару негізінде, адамның әдейі өз -өзіне қол жұмсауы себебінен соңы өлімге әкеліп соғатын жағдай деп қарастырамыз. Ондай әрекетке бару себептерін анықтауға, суицид әрекетін алдын-алуға мүмкіндік береді.
Рухани азап және психологиялық дағдарыс, ішкі күшті жанжал ретінде түсіндірілді. Бұл тақырып аясында әл күнге дейін сыры сыр сандықтан бұққан жұмбақ жайттар көп. «Өлемін» деп өздерін өлімші етіп санайтындар. «Өлемін» деп ақыры өз жанын жаһаннамға жіберетіндер. «Өлемін» деп жүріп жарық өмірмен қоштасқысы келмейтіндер аз емес. Бірақ, өкінішке орай, біздің елде өз-өзіне қол жұмсайтын оқиғалар көбейіп кетті. Әсіресе, жастар, жасөспірімдер арасында. Негізінен, зерттеулерге сенсек бозбалалар бойжеткендерге қарағанда өз-өзін өлтіруге 5-6 есе бейім болады екен. Соңғы бес жылда біздің мемлекетімізде кәмілетке толмағандар арасында өзін өлімге қиғандар саны 1415–ге жетіп отыр. Өз-өзіне қол жұмсау яғни суицид табиғаттың оянған гүлденген кезінде көктем мезгілінде жиі кездесетіні дәлелденген. «Сәуір –ең қатыгез-ай» - деген американ ақыны Томос Эллитон. Сәуір айындағы суицид көрсеткіш жыл бойы көрсеткіштен-120 пайызға жоғары болатыны көрінеді. Белгілі психолг У. Джеймс «суицидті интелекенттің дамуындағы ауру» деп атанған. Суицидтің ауласында жүргендер олар айтқандай ақыл-есін сайтан арбағандар, психологиялық ахуал барлар, саналы ойлау қабілетін жоғалтқандар, соқыр сезім жетегінде кеткендер ғана емес.
1. Ішкі эмоциялық жағдайдың бұзылуы, үйлесімсіздігі:
- Қоршаған ортаға деген көңілсіздік:
- Кекшіл, жылдам ашуланғыш:
- Қобалжу, негізгісі қорқу:
- Стресс,депрессия, аффект жағдайлары:
- Жеткіншек жағдайындағы дағдарыс:
Өйткені суицидтік әрекеттерге ұшыраудың мынадай факторлары бар:
2. Болашаққа шарасыздықпен қарау, мақсат-армандардың болмауы, өмірге деген құштарлықтың төмендігі:
3. Әлеуметтік қолайсыздық. Яғни әлеуметтік шеттетілу, оқшаулану (аутсайдер)
- Оқшаулану, қоршаған ортамен қарым-қатынастан қашу:
- Келешекке деген жоспардың болмауы:
- Өз күйзелісі жөнінде дәрігер, психолг, педагогтарға шағымдану:
4. Отбасыдағы жағымсыз ахуал, жайсыз психологиялық атмосфера:
- Жұмыссыздық, кедейшілік (материялдық жағдайдың жетіспеуі):
- Жанұядағы берекетсіздік немесе бақытсыздық:
- Отбасы мүшелерінің қарым –қатынасында үйлесімділіктің болмауы :
- Отбасыда елеусіз қалу:
5. Өзіндік «меннің» төмендігі немесе жоғалуы, сыртқы ортаның қысымы және т.б.[2].
Суицид әрекеті - деп саналы түрде өз өміріне қандайда бір жолдармен қиюға бағытталған, бірақ соны өліммен аяқталмаған іс әрекет. Өз өміріне қиюға немесе басқа мақсатқа бағытталған әрекет қайтымды немес қайтымсыз болуы мүмкін [3].
Суицид – бүгінгі таңда адам өміріне, оның құқықтары мен бостаандығы, еркіндігімен байлагысты аса күрделі және кез-келген, ол ғалым, дәрігер, психолог, психиатр болсын болмасын, адамдарды толғандырмай қоймайтын мәселе. Сонау философияның дамуы кезінен бастап, өмір, өмірдің мәні жайлы сұрақтар осы мәселемен теориялық тұрғыда айналысушы көптеген экзисцентциалисттердің мәселесі болып табылады. Жастар, балалар, ересектер – суицидттің өршуі мүмкін болып табылатын жас шамаларындағы оның обьектілері. Өркениет дамыған сайын біздің де қоғам алдыға қарай жылжып, даму үстінде. Дегенмен соңғы жылдары адам шығынын көп әкелетін бұл – өз-өзіне қол жұмсау. Өз-өзіне қол жұмсау – бұл өз қолымен өз өміріңді қию, Алла Тағаланың берген өміріңе балта шабу деп түсініледі.
Суицидология саласында бүгінде осы мәселеге байланысты статистикалық көрсеткіш құру үшін, яғни қазіргі таңда бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастыру үшін қала-қалаларда, жан-жақтан халықтан
сұраулар, сауалнама алынады [4]. Көптеген психологиялық зерттеу жұмыстарында бүгінгі күні жеткіншектердің өмірге деген көзқарастарын білуге болады, яғни өз-өзіне қол жұмсау туралы ойлар осыдан шыға бастайды, бірақ ол әлі толықтай қалыптаспай жатыр, бұған себеп жеткіншектік кезеңінің аумалы-төкпелі болуы, жеткіншек бұл кезеңде өсу, даму үстінде ғана болады, біздің көз алдымызда дамып келе жатқан адамның ойлары, көзқарастары, өмірге деген қандай да бір үміттері, қалыптаса бастайды. Сонымен қоса егер жеткіншек алдында психологиялық тосқауылдар кездесіп, өзінің ойлағаны іске асырылмайтын болса онда бұл жеткіншек үшін үлкен қайғыға айналады. Күннен-күнге ауру дерті секілді ұлғайып келе жатқан мәселені шешуге бағыт болып, бұл жеткіншекті қоршайтын әлеуметтік институттардың ат салысып бірігуі, оларға ең алдымен отбасы мектеп, мектептегі және тағы да басқа ұйымдардағы кәсіби психологтар қауымы. Жалпы, жеткіншектер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау мәселесі ұзақ зерттеуді талап ететін барша қоғамға ортақ мәселе.
Суицидке бейім балалардың алдын алуы, мектептерде мұғалімдер, сынып жетекшісі, директор, қоғамдық ортадағы достары және де жақын дос жарандары мен мектеп психологі ата анамен тығыз байланыста болуы тиіс. Ата аналадың балалармен қарым - қатынасын мектеп психологі білуі тиіс, себебі бала өзін жайсыз сезініп жатса, ол жағдай ата ананың ықпалымен де болуы мүмкін. Егер де баланың бойынан өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы төмендесе ондай балалармен психологпен ата ана жұмыс жасауы тиіс. Өз өмірін өз қолымен қиюға бет бұрған жастар келешек өмірдің қаншалықты маңызды екенін алдын ала білуі тиісті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет