Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет122/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   203
Мақсаты:

  • бейімділік;

  • ойлау;

  • зейін тұрақтандыру;

  • тілдік таңбаларды дұрыс қолдану;

  • сөздік қорын байыту.



Тәрбиелік:

  • адамгершілік;

  • еңбексүйгіш;

  • эстетикалық;

  • ұйымшылдық;

  • патриоттық.



Дамытушылық:

  • қабілетін;

  • тіл байлығын;

  • өз бетінше жұмыс істеуін;

  • ізденімпаздық;

  • қорытынды жасауға үйрету.

Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет: ғылыми, қолданбалы және практикалық сияқты үш тұрғыда қарастырылады.
Ғылыми жағы білім берудегі психологиялық қызмет мәселелерінің зерттелуін, теориялық және әдіснамалық негіздемесін, психодиагностика жасау, қазіргі мектептегі білім берудің нақты жағдайына сай психологиялық білімді қолдану түрлері мен әдістерін дамыту және психологиялық түзетулерді қамтиды.
Қолданбалы жағы оқыту мен тәрбиенің, оқулықтың дидактикалық және әдістемелік материалдардың, оқу бағдарламаларының психологиялық негіздерін жасау және оны талдауды қоса алғандағы барлық үрдістерін психологиялық жағынан қамтамасыз ету.
Практикалық жағы психологтардың білім беру мекемелеріндегі (балабақшалар, мектептер, гимназиялар мен интернаттардағы) немесе білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық қызмет орталықтарындағы жұмыстарына тікелей қатысты.
Білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық қызмет Білім және ғылым министрлігінің педагогикалық және психологиялық қызмет бөлімі, білімдегі педагогикалық-психологиялық қызметтің аймақтық орталығы, облыстық, аудандық орталықтары арнайы білім мекемесінің педагогикалық-психологиялық қызметі сияқты еліміздің білім кеңістігіндегі біртұтас тікелей құрылым күйінде жобаланады. Бұлардың әрқайсысы білімдегі педагогикалық-психологиялық қызметтің тиімділігіне кепілдік бере отырып, өздеріне қатысты да тиісті мәселелерде бірлесіп жұмыс істеуді нақты білуі тиіс.
Мектеп педагог-психологының қызметтік міндеттері:

    • жалпы білім беретін орта мектептердегі оқытудың барлық кезеңдерінде балаларға қажетті жағдайларды жеке көмек беру үшін педагогикалық-психологиялық зерттеуді жүзеге асыру;

    • писхологиялық ғылымның жетістіктерін негізге ала отырып, мектеп оқушыларының әркелкі жас кезеңінде жан-жақты, тұлғалық, интеллектілі дамуын қамтуға ықпал етеді;

    • мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің сұраныстары бойынша оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен психологиялық сақтандыру, диагностикалық, түзеу және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді, мектеп оқушыларының интеллектуаоды, тұлғалық, эмоциялық және ерік-жігер ерекшеліктерін, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін зерттейді; оқуға психологиялық дайындық жеткіліксіздігін ерте анықтауды мақсат ете отырып, бірінші сыныпқа бала қабылдауға қатысады;

    • педагогикалық кеңестің әдістемелік бірлестіктердің, сыныптардағы, сондай-ақ мектептегі ата-аналар жиналыстарына қатысады, оқушыларға ықпал етіп, жеке көмек көрсетуге байланысты негізгі проблемаларды шешуге арналған педагогикалық консилиумдар мен педагогикалық кеңестерге қажетті ақпараттар дайындайды;

    • мектептегі психология бөлмесінқұруды және қажетті құжаттарды сақтауды, оларды дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуді жауапкершілігіне алады;

    • мектептегі писхологиялық қызметтің писхологиялық-педагогикалық жұмыстарының нәтижесі мен есебінің ғылыми-әдістемелік орталықтар тағайындаған талаптарына сай болуын қатаң түрде жүзеге асырады.

Сонымен қорыта келе, оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастық мәселелерін ашу туралы жазылған философтардың, филологтардың, педагог-психологтардың еңбектерін бірнеше топтарға топтастырдық.
1) Педагог-психолог ғылымдарымыздың еңбектеріндегі танымдық қызығушылық туралы ой-пікірлерін талдадық.
2) Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы педагог-психологтардың қызметімен сабақтастықтың зерттелу жолдарын анықтадық.
3) Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың педагогикалық-психологиялық мүмкіндіктерін аштық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет