Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет60/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   164
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.Әсел Әбіш Ерте замандағы суицид. Қызықты психология журналы №5, 2010
 
2.Бойко И.Б Введение в суицидологио М.: 2008 
3.Целуйко В.М. Психология неблогаполучной семьи М.: 2006 
4.Акажанова А.Т. Актуальные проблемы суицидологии. Психология в Казахстанской школе. №8 , 2002 
5.Райс Ф. Психология подросткового и юношеского возраста №16, 2000 
Аннотация. 
В статье рассмотрены основные причины, виды суицидального поведения и даны пути их 
решения.
Annotation. 
This article describes the main causes, types of suicidl behavior and given solution 
ӘОЖ 159.9
Б 73 
 
ЖАСӚСПІРІМДЕРДІҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Болтаев А.Д., Темірбекова А.Б., Қойбай Б.А., Асқарбекқызы Н. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды 
тәрбиелеу — ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты кӛрсетілген [1, 35б]. 
«Қазақстан-2050» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада кӛруіміз керектігі 
айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына 
ӛзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. 
Қарым-қатынастың адамзат ӛмірінде аса маңызды роль атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде 
тұлғааралық байланыс орнығып, ӛзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның 
қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында ӛзара пікір алмасу, сезім 
әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді кең 
ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-


86 
пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, ӛзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, 
талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады (А.В. Мудрик, А.В. Запорожец, Қ. 
Жарықбаев, Ж.Ы.Намазбаева, С.М. Жақыпов, М. Мұқанов ) Отбасы ұғымына анықтама беру, оның 
атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселерін талдау кӛптеген зерттеулерде 
орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. 
Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, 
шаруашылық және ӛзара кӛмек кӛрсету түрлерін датқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы ӛз 
еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де 
талданған Д.Горборино отбасын «адамзаттың тәжірибенің негізгі бірлігі» ретінде сипаттады. 
А.Н.Антоновтың айтуынша, отбасы ата-ана бала қатынасын орнатады, ал неке болса ер азамат пен әйел 
адамның арасындағы қарым-қатынасты растайтын мойындау болып табылады. Ол отбасылық кеңістік 
аймағы үй, пәтер кӛңіл аударады, және де отбасының меншігі иен экономикалық негізі ата-аналар мен 
балалардың жалпы отбасылық іс-әрекетін болжайды. Отбасылық қатынастар бойынша құрылған отбасы 
анықтамаларының ішінде А.Г.Харчевтің ұсынған анықтамасы бойынша — «отбасы — бұл жұбайлар 
арасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен 
некелік және туыстық қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен ӛзара адамгершіліктің 
жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады [2]. 
Жасӛспірім жасындағыларды тиісті әдебиеттерде «Қиын», «ӛзгерілу», «ауысу жастары» деп атайды.
Соңғы жағдайда «ауысу жасында» жеткіншек балалық кезеңдерден ересек жасына ауысады. Жасӛспірім 
ӛзге жастарға қарағанда педагогтар пен тиісті әдебиеттерге кӛп әңгіме болып, жиі кӛтеріледі. Себебі бұл 
кезеңде оның психикалық даму ерекшелігі жас баламен ересектерге қарағанда әлде қайда ӛзгеше болады. 
Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жасӛспірім барлық нәрсені ӛз бетімен орындап, үлкен адамдардың 
қамқорлығымен ақыл кеңесінен құтылғысы келеді. Жасӛспірімнің ересектен айырмашылығы тек үлкен 
адамдармен қатынасының ӛзгеше келетініндей емес, сонымен қатар биологиялық дамуы (жыныс т.б 
жетілуі) жағынан кеңінен ӛріс алатынында. Ал жалпы алғанда жасӛспірім тың ӛзгеше сипатта келеді. 
Мысалы, жеткіншек тӛменгі кластардаоқып жүргенде үйге берілген тапсырманы тек жаттап алатын болса, 
жеткіншек жасында үй тапсырмасын ӛз сӛзімен түсінікті етіп айтуға талпынады. Кейбір жасӛспірім 
жастағылар осы кезеңде бұрынғы қалыпынан үлкен адамдармен қарым-қатынаста болғанда мейірімді, 
сыпайы келсе енді ӛрескел түрде, яғни тәртіп бұзуға икем келеді. Осы мәселені анықтаудан зерттеушілер 
арасында талас бар. Дегенмен психиканың бұл ерекшелігі жасӛспірімде әлеумет ӛмірінің ӛзінің 
ерекшелігінен болар. Жасӛспірім бәрін ӛзім істей алам, «Сендер мені әлі бала деп ойлайсыңдар» деп 
наразылық білдірседе оның қолынан әлі де кӛп нәрселер келе бермейді. Ересектерге ұқсап іске 
ұмтылғанымен, сол істі орындаудағы мүмкіншілігі кіші мектеп жасындағылардай басқаша айтқанда, бір 
жеткіншек істі игеру жағынан бала да, ал талап қою жағынан ересек [3]. 
Баланың ӛзін-ӛзі тану дұрыс қарым-қатынасын дамыту, баланың ӛзіндік «менің» анықтауға 
кӛмектесу, балаларды дұрыс қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, балаларды жан-жақтылыққа, кісілік 
парасаттылыққа, салауаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында «ӛзін-ӛзі тану» пәнінің рӛлі зор. 
«Ӛзін-ӛзі тану» пәнінің бағдарламасының міндеті бойынша баланың бойына «Әлем және адамзат» туралы 
дұрыс түсінік қалыптастыру. Жасӛспірімдердің адамгершілік мінез-құлықтарына мүмкіндіктерімен
таныстыру. Жеткіншектердің танымдық белсенділіктерін арттыру. Жас ұрпақтың рухани адамгершілік 
категорияларына кӛңіл аудару. Жеке тұлғаның «менің» (ӛзімшілдігін емес ояту). Осы міндеттерді бала 
бойына дарыту мақсатында оқытудың әдіс-тәсілдері қолданысқа енгізіледі: 
1. Интерактивтік әдіс 
2. Топтық жұмыс 
3. Ой – қозғау әдісі 
4. Жобалау әдісі 
5. Рӛлдік ойындар 
6. Шешім қабылдау әдісі 
7. Қосымша жұмысты орындау 
Осы әдістерді пайдалана отырып, оқушы ӛз пікірін айта алатындай, ӛзін толғандыратын сұрақтың 
шешімін табуға ұмтылатындай дәрежеге кӛтеріледі. Жасӛспірімдер іс-әрекеттері мен оқиғаларға, 
жағдаяттарға кейіпкерлердің мінез-құлқы мен қарым-қатынастарына баға беруге үйренеді [4]. 
Жасӛспірім шақта және жасӛспірім кезеңінде де ересек жастағы сияқты адам ӛзінің ішкі әлемін 
дамыған рефлексивті қабілеттері арқылы ашады. Бұл сезім мен ой – тылсымдарын тануға бағытталған. 
Жасӛспірім кезеңі 15-16, 21-25 жас аралыққа дейінгі жас мӛлшерін қамтиды. Бұл кезең адамның 
сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ер жету шағы. Жасӛспірім кезеңінде адамдарда ӛмір 
құндылықтарын таңдау мәселесі пайда болады.Жасӛспірім ӛзіне деген ішкі қарым – қатынасын 
қалыптастыруға (мен қандай болғым келеді?) басқа адамдарға деген қарым – қатынысқа, және де 
моральдық құндылықтарға талпынады. Нақ осы жасӛспірім кезеңінде адам ӛзінің жақсылық пен 


87 
жамандық категориялары арасында саналы түрде ӛз орнын табады. «Намыс», «адамгершілік», «құқық», 
«міндет» сияқты тұлғаның сипатын басқа да ұғымдар толғандырады. Жасӛспірім кезеңінде адам 
жақсылық пен зұлымдылықтың диапа-зонының шектелген шекарасына дейін таниды. Сондай – ақ, ол 
ӛзінің ақылы мен жанының кереметтей шарықтаудың мейір-бандылықтан зұлымдыққа, адамгер-шіліктен 
жауыздыққа дейінгі диапазон аралығын басынан ӛткереді. Арбаулар мен шарықтауда, күресте және 
бастан ӛткеруде, жығылуда және қайта тұруда жасӛспірім сезіп білуге ұмтылады. Ішкі позицияны таңдау 
ӛте күрделі рухани жұмыс.Жалпы адам құндылықтарының икемділігімен, құнды бағыт — бағдарының 
құрылымымен талдамасын тануға ұмтылған адамға, ӛзінің іс — әрекетін балалық және ересек жаста 
анықтай-тын, тарихи бекітілген нормативтермен құндылықтарды саналы түрде бұзуға, қабылдауға тура 
келеді. Ол ӛзінің бейімделген және бейімделмеген ӛмір позициясының жағдайы, сонымен қатар оның 
ойынша, бұл таңдаған позиция, ол үшін ең неізгі, ең қажетті, ең таңдаулы болуы тиіс.Жасӛспірім 
қоршаған әлемдегі ӛз орнын табуға қандай күш салып бағытталса да, барлық ӛмір мәнділігін тануға 
интеллектуалды дайын болса да, ол кӛп нәрсені білмейді, ӛйткені ол ӛзін қоршаған адамдарды және 
рухани ӛмір тәжірибесін білмейді.Әсіресе жасӛспірім шақта табиғи берілген басқа жынысқа деген 
талпыныс қозады.
Жасӛспірімдік кезең адам ӛзінің рефлексивті жаттығуларын бағалайтын кезең. Ал бұл рефлексивті 
жаттығулар ішінен ол ӛзі, досы, барлық адамзат кіреді. Жасӛспірім ӛзінің тұрақты рефлексиясы арқылы 
ӛзінің негізін, мәнін ашады. Ол нәзік жанды, тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш болады. Қандай 
болмасын ерекше бӛгде кӛзқарас, әсерлі сӛз, ерекше әсерлі болып оны жолынан тайдыруы мүмкін. Л.Ф. 
Обухова психологиялық зерттеулерінде жасӛспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа 
құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Ӛзіндік 
жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншыл-дықтың кӛрінуі – бұлардың барлығы ерте 
жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді ӛзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі 
мәнді ӛзгеріс тұлғаның ӛзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, ӛзіндік 
рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, ӛзін — ӛзі тануға, бағалауға, ӛз мүмкіншіліктері мен 
қабілеттіліктерін білуге талпынысы жатады.«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім 
қандай?», «Менің ӛмірлік идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?» — міне осы сияқты сұрақтар 
жасӛспірім жастағыларға ӛте қатты әсер етеді [5]. 
Филип Роистың «Психология подроскового и юношеского возраста» -оқулығында: жасӛспірімдердің 
ӛзінің уайым қайғылары ойлары, сезімдері мен қызығушылықтары, арман тілектері мен талпыныстары 
нақты зерттеу мен зейін салу мәніне айналады дейді. Бұл кезеңде оқушы ӛзінің ішкі әлемін енді ашады, 
субъективті уайымдарына «Ӛзіндік меніне» қызығушылық таныта бастайды. Ӛз тұлғасына 
қызығушылығына тӛмен жеткіншектерге қарағанда, жасӛспірім-дердің ӛзін — ӛзі тануы, ӛзіндік сана – 
сезімі белсенді және ӛз тұлғасын ӛз ӛзіне бағындыруы туа бастайды. Психолог В.А. Крутецкийдің бекітуі 
бойынша жасӛспірімдердің жетілуі жеткіншектерге қарағанда жоғары деңгейде. Жеткіншектердің айқын 
сезімін сырттан қарағанда ересек адамдарға келеді. Оларға қарағанда жасӛспірімдердің ортаны бӛлек 
олардың басқаға ұқсамауы және құр-былыстарымен ересек адамдардың ара-сында ерекше болуы, әр түрлі 
бағытта ӛз — ӛзін кӛрсетуі және ӛзінің ӛзіндігін бекітуі тән.Жасӛспірім кезеңі жалпы тұлға болып 
дамуындағы маңызды фаза. Жасӛспірімнің жеке басы дамуының аса маңызды факторы – оның ӛзінің 
ауқымды әлеуметтік белсенділігі. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және 
жолдастарымен, ақы-рында ӛзінің жеке басы мен ӛзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін 
жүзеге асыру әрекеттерін жобалау бағытталады «Жасӛспірім» — сӛзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі 
тенденциясының дамуын кӛрсетеді. Жасӛспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі 
ӛзгерістер сана – сезімнің дамуындағы сапалық ӛзгеріспен анық-талады, осының арқасында бала мен 
ортаның арасындағы қатынас бұзылады. Жасӛспірімнің жеке басындағы басты және діни тән жаңа 
құрылымын оның ӛзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы орын алады. Ол ӛзін 
ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және ӛзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады Осы 
жастағы ӛзгешелік психолог А.Г. Ковалев биологиялық әсері туралы сұрақты ашып тастамай, соның 
ішінде психикалық сферадағы жыныстық жетілу жасӛспірімнің эмоциялық қалпына бетте-суін біз тұтас 
деп айтсақ, онда оның психикалық кескінін биологиялық фактор-мен анықтаймыз В.Г. Асеева бойынша 
мектеп жасындағы жетілу немесе басқа сӛзбен айтқанда ерте жетілу — адамның туғаннан бастап 
физиологиялық, психологиялық және азаматтық ересектік жетілу кезеңі. Мектеп оқушыларының 
ӛміріндегі ересектену (14 –15 жастан бастап 17–18 жас аралығында) ӛте құнды кезең. Осы жаста 
жасӛспірімдердің мектептен оқу процесі аяқталады. Физиологиялық жетілуі баяулап, жыныстық оқдасы 
ерте жетіледі. Осының арқасында физиологиялық қызметі реттеледі және қан айналымы жақсарады т.с.с. 
Жасӛспірімдердің даму кезеңінде қан тамырларының қан айналу жүйесі күшейіп, сол кезде жүрек ауруы, 
бас айналуы, қан қысымының кӛтерілуі жойылады.Жасӛспірімдердің ерте жетілу кезеңдерінде орталық 
жүйке жүйесі ересек адамдікімен теңеледі. Мидың салмағы мен кӛлемі және фукционалды белсенділігі 
ересек адамдардың ойлауынан қарағанда айырмашылығы болмайды.Сонымен қатар функционалды жетілу 


88 
жалғасып, осы кезеңде мидың жетілуі ерекше морфологиялық және функционалдық дамуымен 
анықталады.Жасӛспірім – барлық қатынас жағынан ересек адам деп қарастырады М.Ю. Красовицкий. 
Бірақ оларды толы-ғымен жетілген адам деп айта алмаймыз, сондай ақ нақты осы жасӛспірім шақта 
тұлғаның әлеуметтік бейімделуі белсенді жүреді. Мектеп пен ата – аналардың жасӛспірімдерді, жұмысқа, 
оқу – танымдық және қоғамдық – саяси іс — әрекеттерге, жанұя жағдайына, азаматтық борышты ӛтеуге 
тәрбиелеуде үлкен маңызды мәні жатыр. Рувинский Л.И., Хохлова С.И. еңбектерінде жасӛспірім шақ — 
бұл қоғамдық жүйедегі кӛз – қарасқа байланысты дүниетанымның бірінші элементі байқала бастайды, 
бірақ та әлемге деген кӛз – қарасын толығымен пайымдай алмайды. Тек жасӛспірімдерде фило-софиялық 
ойлау әрекетінің қанағаттануы мүмкін болса, пайда болады. Бұған арқау болатын түрткі — оқудағы білім, 
тәртіп пен информация, әдеби оқулықтар және сыртқы ортадан алатын кӛріністер мен үлкендермен қарым 
– қатынас..Ш. Бюллер жасӛспірімдік кезеңді фаза бойынша бӛліп қарастырады. Негативті фаза 
пубертодты кезеңде басталады. Негативті кезеңге жеткіншектердің дамуын қоюға болады. Ал, позитивті 
фазада ӛмірге деген қызығушылықтың пайда болуы, адамға деген ыстық сезім, табиғатты түйсіну т.с.с 
болады. Бұл фазаны жасӛспірімдерге қатысты деуге болады.М.И. Шардаков бойынша жасӛс-пірімдік 
кезең адамның тұрмыстық құндылықтары ретіндегі заттық дүниеге психологиялық тұрғыда тәуелді болып 
қалады. Жасӛспірім осы ӛмірге ой жүгірте бастайды. Соның арқасында ол жасӛспірімдік ортаға кіреді. Әр 
затпен дүниеге таңдау жасау арқылы жасӛспірім тұтынушыға айналады. Ӛз иелігіне заттарды жинай 
отырып әр – түрлі құндылықтарды жинайды. Олар ақыл – ой, адамгершілік әлеуметтік жағынан 
есейеді.Жасӛспірімдердің әлеуметтік есейуін дамыту болашақ ӛмірге даярлау үшін қоғамдық тұрғыдан 
қажет. Мұның ӛзі күрделі процесс, уақытты талап етеді және жасӛспірім ересектерге арналған нормалар 
мен талаптар жүйесінде ӛмір сүре бастаса мүмкін болады. Ал бұл дербестік қажетті әр міндетті түрде 
міндеттер мен құқықтарды ұлғайтумен байланысты. Тек осындай жағдайда ғана жасӛспірімдер 
ересектерге іс — әрекет етуге, ойлауға алуан түрлі міндетті орындауға, адаммен қарым-қатынас жаса-уға 
үйрене алады.А.В. Мудрик жасӛспірім кезеңінің ең басты жағдайын ашып кӛрсетеді. Ол екіжақтылық пен 
қарама – қайшылық деген.
Педагогикада жасӛспірімді ӛскен адам, бірақ ересек адам емес ақпаратталған бірақ әлі жетік 
білмейді деп пайымдайды Ст. Холл ең алғаш бірнеше негізгі қарама – қайшылықтарды бӛліп кӛрсете 
отырып, жасӛспірім мінезіндегі амби-валенттілік пен пародаксальдылықты сипаттаған. Жасӛспірімдерде 
шектен тыс белсенділік — аяқ шалысқа шектен тыс кӛңілділік — уайым, ӛзіне сенімділік — ұялшақтық 
пен қорқыныш жоғары деңгейдегі адамгершілік талпыныстарының күрт тӛмендеуі ашық қарым – 
қатынастық, ӛте нәзік сезімталдық апатияға, ӛткір құштарлық – бірбеткейлікке оқуға деген ынта 
белгісіздікке, бақылау мен әуестілік сияқты талқылаулар болады. Ол бұл кезеңді «Боран мен тегеурін» 
кезең деп атайды. Ст. Холл жасӛспірім кезеңнің мазмұнын «ӛзіндік сана – сезім» кризисі деп сипаттайды. 
Тек осыны басынан ӛткеріп ғана жеке даралы сезіміне ие болады. Келесі жасӛспірім шақты зерттеуші 
неміс философы мен психологы Э. Шпрангер болды. Ол 1924 жылы жасӛспірім кезең психологиясы деген 
еңбекті басылымға берді. Ол еңбегі бүгінге дейін қолданылып келеді. Э. Шпрангер жасӛспірім кезеңін 
толық қарастыра отырып, жас кезеңді қыз балаларды 13 –19 жас, ұл балаларды 14 – 21 жас деп 
қарастырды. Ол тәуелділік — еркіндік мазмұны болып табылатын «кризиспен» сипатталады. Э. Шпрангер 
жасӛспірім кезеңнің мәдени – психологиялық концепциясын жасады. Э. Шпрангер бойынша жасӛс-
пірімдік кезең мәдениет деңгейіне ӛсу жасы. Ол психикалық даму жеке даралық психиканың осы дәуірде 
обьективті және нормативті рухқа ӛсуі деп жазады. Ст. Холл, Э. Шпрангер айтқан тұжырымдарын 
талқылай келе, жасӛс-пірімдердің даму деңгейінің үш типін бӛліп кӛрсетеді: 
1) Ӛткір ашулы кризистік уақытпен сипатталады. Ол қайта дүниеге келген адамдай уайым – қайғыға 
түседі, түп тамырында оның жаңа ӛзіндік «мені» пайда болады. 
2) Ӛте баяу, ақырын, жайбасар тұлға. Жасӛспірім ересектік ӛмірге ӛзінің жеке тұлғасында ешқандай 
ӛзгеріс енгізбей аяң басумен сипатталады. 
3) Жасӛспірім белсенді және саналы түрде ӛзін тәрбиелейді, ӛзін — ӛзі қалыптастырады. Ӛзінің ерік 
– жігерінің күшімен ішкі кризистерімен мазасыздығын жеңеді, бұл ӛзіндік бақылау мен ӛзіндік мінез-
құлқы жоғары деңгейдегі адамға тән. Бұл жастағы ең басты жаңа құрылым — Э. Шпрангер бойынша, 
«ӛзіндік менінің» ашылуы рефлексияның пайда болуы; ӛзінің жеке даралығы саналы түрде түсінуі, 
тұлғаның ӛзіндік анықталу. 
Қорыта келе психологияның ең негізгі міндеті «тұлғаның ішкі әлемін тану» деген қағиданы 
ескерсек, оның мәдениетпен және тарихпен тығыз байланысты екенін айтып кеткен жӛн. Әлеуметтік 
дамыған тұлғаны тек қоғамда қабылданған нормаларды ұстанумен ғана емес, сонымен қоса белгілі бір 
топтарға, ұжымдық және қоғамдық құндылықтарға бағытталғанымен ерекшеленеді. К. Юнг бойынша осы 
жас дағдарыс кезеңі. Шынайы ӛмірдің талаптарына жасӛспірім бейімінің сай келмеуі орын алады.1920-шы 
жылы психолог Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша жасӛспірім кезеңіне қатысты психологияда біршама 
жалпы теория қарастырылған. Бұл теориялар қазіргі заманда мәнді болып келеді. Кең түрде жасӛспірім 
кезеңін 3 негізгі тұрғыда қарастыруға болады.1) Биогенетикалық биологиялық процес негізінде және 


89 
дамудың басқа да процестері қарастырды.2) Социогенетикалық тұрғы тұл-ғаның ӛмір барысында алдына 
қойған мақсаты мен әлеуметтік процестеріне басты зейін аударуын бекітеді.3) Психологенетикалық — 
ӛзіндік даму негізіндегі психика процестерінің қызметтерін негіз етіп қою.Биологиялық теорияның ӛнімі 
американ психологы Ст. Холл ол даму психологиясының басты заңы (рекапитуляция заңы) деп 
қарастырды. Мұнда индивидуалды даму, финогендік басты сатысының қайталануы болып 
табылады.Биогенетикалық концепциясының неміс ӛкілдері ―Конституционная психология‖ Э. Кречмер 
әртүрлі биологиялық фактор негізінде, тұлға типологиясының басты проблемасын жасады. Адамның 
физиологиясы мен дамуының арасында ерекше байланыс бар деді. Кречмер барлық адамдардың екі түрі 
болатындығын кӛрсетті.Бірінші бағытқа циклоидты: кӛңіл күйі ауыспалы, тез қозғалғыш, мазасыз т.с.с., ал 
2 түріне шизоидты тұйық қатынасқа түспейтін эмоционалды тырыспа адамдар.
Н. Кречмер мен Конорадта осыған байланысты жеткіншектерді циклоидқа, ал жасӛспірімдерді 
шизоидқа жатқызады.Жасӛспірім шизоидты тұлға ретінде күрделі алдында ұзақ мерзімді жүреді.В. 
Целлерді ―Конституция и развития‖ — деген еңбегінде бала дене бітімінің құрылысының дамуындағы 
ӛзгерістер самотикалық ӛзін сезінуі психологияның және самотинзалық ӛзара байланысуы айтылады. 
Биогенетика ӛкілдері психиканы және физиологияны дамуын ӛзара тәуелділігі бағыты қатты 
қызықтырады.А. Гезел концепциясында ―ӛсу мен даму‖ синоним, мінез-құлық, жүріс-тұрысы қабілеті 
интеграциясы мен дифферен-циациясы мағынасын білдіреді. Гезел қандай болмасын индивидті 
мәдениетке оқыту мен үйрету, оның жетілуінде ешбір орын ауыстыра алмайды деп санайды.Жасӛспірім 
баланың ересектікке ӛтуі. Гезел байынша 11 мен 21 жас аралығын ең маңызды жас мӛлшері. 15 жас 
Гезелдің жазуынша рухани ішкі жан дүниесінің ӛсуі, тәуелсіздік, ӛз-ӛзін ұстамдылығы, ӛз — ӛзін 
тәрбиелеу мен ӛте сезімтал болады. 16 жаста қайтадан салмақтылық пайда бола бастайды, ішкі 
жауапкершілігі ұлғайып, эмоция байсалды, қарым-қатынасқа тез түсуі, болашаққа бағыт бағдар жасайды. 
Биогенетикалық тұрғыға қарама-қайшы социогенетика. Ол жасӛспірімнің құрылымын ӛздерін қоршаған 
адамдар мен қарым-қатынас жасау арқылы анықталады. Социогенетикалық тұрғыда неміс психологы 
Левин теориясын айта кеткен жӛн. Адамның мінез-құлық, жүріс-тұрыс қызметінің бір жағы тұлға екінші 
жағынан оны қоршаған орта, бірақта да тұлға қасиеті мен қоршаған орта ӛте тығыз байланысты.Левин 
бойынша ӛтпелі кезеңдегі ең маңызды процесс тұлғаның ӛмірлік әлемінің кеңейуі, қарым-қатынас 
жасайтын ортасы, ӛз үйренген топ және адамдарға қатысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет