Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет63/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   164
 
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. 2009. 
2.Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. [17 қаңтар, 2014] 
3.Бахишева С. «12 жылдық білім беру және оқушы тұлғасы».Білім кілті.[№1, 2006]
4.Жазықбаева Ұ. «Жеке тұлғаны қалыптастырудағы 12 жылдық білім берудің тиімділігі». Білім әлемі. 
[№1, 2007]
5.Дәулетов Н. «Бала қабілетіне қарай білім беру – бұл ӛмір талабы». Егемен Қазақстан. [19 қазан, 2013]
6.Жұмабаев М. Педагогика. Алматы: Ана тілі,1992 
7.12 жылдыктың жайы // Айқын.- 2008.- 1 ақпан.- 2 б. 
8.Государственный общеобязательный стандарт образования: начальное, основное среднее, общее среднее 
образование (01.09.2010 г.) // 12 жылдық білім беру 12 - летнее образование- 2010. - № 9.-16-28б 
9.Концепция воспитания в системе непрерывного образования Республики Казахстан: Утв. приказом 
Министра образования и науки РК от 16 нояб. 2009 г. № 521 //12 жылдық білім беру. 12-летнее 
образование.- 2010. - № 1. -.46-56 б. 
Аннотация. 
В статье расмотрено системы образования 12 летнего обучения. Выделены эффективные 
пути и содержания совершенствования воспитании ученической ценности. 
Annotation. 
This article motivated system of models process 12 years education. Out effecting ways and 
contents to perfection bring up on the value pupils. 
ӘОЖ: 411161.1+412.122 
ББК 74.97 
 
ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯСЫ 
 
Ботамқҧлова А.Б. 
Жамбыл гуманитарлық- техникалық университеті, Тараз қ. 
 
Қазақстан Республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясы Республика Конституциясының 
қағидаларына, ел Президентінің халыққа арнаған «Қазақстан – 2050» Жолдауына, ЮНЕСКО-ның, Болон 
халықаралық білім саясатының материалдарына негізделеді. Қазақстан Республикасындағы жоғары білім 
мемлекеттің ұзақ мерзімдік басымдықтары арасында ерекше орын алады және ол шын мәнінде ұлттық 
қауіпсіздік проблемасы болып табылады. 
Жоғары білім мемлекет қызметінің барлық жақтарына экономикалық, әскери, экологиялық, 
технологиялық, мәдени, басқару және басқа салаларына түгел дерлік ықпал етеді. Рухани ӛндірістің аса 
маңызды бұл саласы қоғамның қызмет етуінің интеллектуалдық және экономикалық базасын құрайды. Ол 
мәдениетті сақтаудың және оны болашақ ұрпаққа жеткізудің басты құралы болып табылады. Қазіргі 
заманның аса ӛткір проблемасы - ғылымға, білімге және ар-ождан бостандығына дүниетанымдық синтез 
жасау проблемасынан тыс қала отырып, ӛзінің аса маңызды болжаушылық қызметін - 
мәдениеті түзу 
және 
ділді (менталитет) қалыптастыру 
қызметін толық дәрежеде жүзеге асыра алмауда. Дүниеге этикалық 
жауапкершілікпен қарайтын, инновациялық, шығармашылық ойлауға дағдыланған, дүниетанымдық 
мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол және білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру идеясы 
дамудың стратегиялық бағдары болады. 
Рухани және материалдық дүниелердің үйлеспеушілігі ұдайы байқалып отыратын бұл қоғамды ӛзін-
ӛзі ұйымдастыратын, үздіксіз дамып отыратын жүйе ретінде түсіну кӛзделеді. Жеке адамның рухани 
әлемінің дамуы оның материалдық мұқтаждықтарынан әлдеқайда озық кеткен тұста тарихтағы бақытты 
кезеңдер, қоғамның, оның мәдениетінің, білімінің, экономикасының бақытты даму дәуірі басталды. Адам 
әрекетінің барлық салалары (білім, ӛндіріс, ғылым, басқару) мамандануының тез ӛсуі, қоғамның 
техникаландырылуының күшеюі, қазіргі ӛңсіз және айбатты жаратылыстану-ғылыми білімнің кӛптігі, бұл 
ӛңсіздіктің адамның жеке басына ықпалының ӛсіп отыруы және т.с.с. қалыптасып келе жатқан жеке 
адамның рухани жүдеуіне әкеп соқтырады. 
Техницизм 
мен 
сциентизм 
дүниетаным мен философияны, 
оның ішінде, соңғы онжылдықтар ішінде 
этикалық 
бастамасынан барған сайын айрылып келе жатқан 
білім философиясын да ӛзіне бағындырған. Қоғамдық ӛмірдің 
саясаттануы 
және әсіресе, барған сайын 


95 
айқын бола бастаған тоталитаризм тенденциясы адамның жеке басын ӛзгертіп, кӛз жұма бейімдеушілікке 
әкеп соқтырады және адам рухын ӛзін-ӛзі тәрбиелейтін білімге теріс әсер етеді.
Гуманизм, дүниежүзілік қауымдастықтың қоғамдық дамуының саяси принципі, стратегиялық 
мақсаты ретінде жарияланады. Мемлекеттік стандартта «Демеуші білім» мен баламасы «Инновациялық 
білім» екені белгілі. Міне, осы «демеуші білімнің» студенттерге болашағын анықтау қабілетін дамытуды 
дағдыға айналдыру мақсатында оқытудың танымдық қызметін теориялық деңгейде жіктеп алған орынды.
Таңымдық қызметтің ең басты принциптері тӛмендегідей: 
- білімге гуманитарлық, ізгілендіруші, адамды оңтайлы жаққа бағдарлаушы деңгейге кӛтеру (белгілі 
материалдар негізінде); 
- педагогикалық одақтастықтың жетістігін белгілі бір білім жиынтығын қоғам мүддесіне ыңғайлап 
меңгерудің дәстүрін адами нышандардың ең жоғары дамуына жәрдемдесетін шығармашылық
эзотерикалық актімен ауыстыру (философиялық белгілі пайымды ғұламаландыру шығармашылығынан 
үлгі ретінде ӛзіне сұрыптап алатын, оны бүгінгі жағдайға ыңғайлап қолданатын); 
- гуманитарлы пәндердің нысаналарындағы ғылым, білім саласына қатысы бар философияны 
әдіснамалық (методологиялық) және жобалау аксиологиялық, суггестивтік (сезім суреттерін ауыстырмай 
кӛз алдына әкеле білу қабілеті) қызметінің танымын зерттеу (оқытушы үшін де, студент үшін де).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет