Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет83/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   164
Пайдаланған әдебиеттер
:
1.Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы //Егемен Қазақстан 30 қаңтар 2010ж.
2.ҚР «Білім туралы» Заңы. Астана, 2007. 
3.ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы //Егемен Қазақстан 
14 желтоқсан 2010ж. 
4.Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. - Ӛскемен, 2011. 
Аннотация. 
В статье рассматриваются психолого-педагогические основы использования 
инновационных технологий в учебно-воспитательном процессе детских дошкольных учреждений. 
Аnnotation. 
The article examines the psychological and pedagogical foundations use of innovative technologies 
in the educational process of preschools. 
 
Қ 77 
374/377(574) 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДА ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
 
Қҧрманалиева М.Р. 
№49 мектеп-гимназиясы, Тараз қ.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді 
дамыту бағдарламасында:
 
«Білімді дамытудың негізгі инновацияны енгізу, білім беру мен ақпараттық 
технологияларды жетілдіру болып табылады». – деп атап кӛрсетілген. Қазіргі кезде республикамызда 
білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда. Бүгінгі мемлекет 
алдындағы басты міндет білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Ал бұл міндет бастауыш білім беру 
жүйесіне тікелей қатысты да маңызды. Бастауыш мектептегі жаңа ӛзгерістер әлемдік білім беру 
тәжірибелерін пайдаланып отыр, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа 
технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған.
Бүгінгі күні білім мазмұның кіріктіріп оқыту арқылы оның ғылыми деңгейін кӛтеру мәселесі 
қойылып отырған жағдайда бастауыш сыныпта оқушыларға табиғат, адам, қоғам жайында беретін білім 
негізінде балардың дүние танымын қалыптастыру үшін дүниетануды оқытуда жаңа технологияларды 
қолдану орынды талаптардың бірі.
Дамыта отырып оқыту үрдісін қамтамасыз ету үшін оқушылардың ойлау қабілетін, қиялын 
жетілдіру, шыңдау мақсаттарын жүзеге асыруда инновациялық технологиялардың мәні зор. Табиғат 
заттары және адам қолымен істелген заттар жайындағы ілімді дүниетану пәніне енгізіп, оны оқушыларға 
ұғындыру арқылы адам мен табиғат арасындағы байланысты кӛрсету іске асырылған. Ӛмір талабына сай 
баланың дүниетануын ғылыми тұрғыда жүзеге асыруға жаңа технологияларыдың мүмкіндіктерін ескеріп, 
қоршаған дүниеден білім беруді мектеп қабырғасында жұзеге асыруды кӛздеген мұғалімдерден кӛп 
еңбекті талап етеді.


130 
Дүниеге кӛзқарас қоршаған ортамен, қоғамдық ӛмірмен, тіршілікпен байланысты туатын болса, ол 
үнемі дамуда болатыны заңды. Даму ӛз ӛзінен тумайды. Ол – тынымсыз ізденіс, қиындықтарды жене 
отырып, шындыққа жақындау және жету жолы. Баланың ӛмірге кӛзқарасының қалыптасуы мектеп 
қабырғасында білім алу барысында жүзеге асады. Сондықтан да, бастауыш сыныпта дүние туралы білім 
беру, яғни, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мақсаты жүзеге асады.
Оқушылар адамның, табиғаттың және қоғамның бірлігі, ондағы адамның алатын орны жайындағы 
білім жүйесін нақты заттар мен құбылыстарды меңгере отырып, абстракциялық ойға кӛшу арқылы 
ұғынады. Олардың ара қатынасын талдап, жинақтап, ой қорытатын деңгейге кӛтеріледі. 1-сыныпта 
дүниенің тұтастығы жайында қарапайым ұғымдардан бастаған оқушы 4-сыныпта дүниенің әрбір 
заңдылықтарын талдауға, олардың себебін ашу дәрежесіне жетеді. 
Оқушылардың дүниеге кӛзқарасы ғылыми білім негізінде, оны тиянақты меңгеру нәтижесінде ғана 
қалыптаспақ. Жоғарыда айтқандай, қоғамның даму дәрежесі тӛмен, оқу-ағарту жұмыстар әлде де жетіле 
қоймаған кездің ӛзінде де баларда дүниеге деген қызығушылық, оны білуге, үйренуге талпынушылық 
болады. Бірақ, ол ғылымға негізделмегендіктен, үстіртін кӛзге бірден түсетін, тез шалынған белгілер мен 
байланыстар жайындағы пікірлер болғандықтан, кӛбіне қате ұғымдардың қалыптасуына әкеліп соғып 
отырады. Ӛйткені балар байқап кӛргендерін ӛз қалпында, әр затты не құбылысты тек сыртқы түріне, 
кӛрінісіне байланысты қабылдайды. 
Дүнетанымдық қабілеттің керектігі адам баласының бүкіл ӛмірі табиғат аясында, қоғам ортасында, 
олармен қарым-қатынаста ӛтетіндіктен, ол қатынастардың әдіс-тәсілдерін меңгеруі тиіс. Мұндай әдіс-
тәсілді бала жастан қоршаған орта туралы білім алу арқылы меңгереді. Мәселен, әр затты байқау, 
бағдарлап қарау, олардың түр-түрін сезіну арқылы қасиеттерін айқындай түсу – мұның бәрі адамда бірден 
пайда болатын икемдік пен іскерліктер емес. Ол жүйелі меңгерілген білім нәтижесінде қалыптасады.
Дүниетану сабағында жаңа технологияларды қолдану арқылы біз оқушыларға еліміздің табиғаты, 
табиғи байлығы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, құқық пен ӛнері, адам-адам, адам-қоғам, 
адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас түрлері жайында ғылыми ұғымдар беріледі. Пәнді оқып меңгеру 
барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бӛлігі: адам, қоғм, табиғат саласынан білім алады. Биология, 
химия, география, физика пәндерінің бастама негізі қаланады. Атап айтсақ, қоршаған дүние заттары, 
құбылыстары, табиғат, экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады. Тарихи деректер жайында жалпы 
мағлұмат алып, халықтың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, табиғат-тіршілігі, табиғат байлығы, мәдени-
әдеби, кӛркем- қолӛнер шығармашылығы арасындағы байланысты, сабақтастықты кӛре білуге үйренеді. 
Пәннен алған ұғымдарын басқа пәндермен кіріктіре оқу арқылы дүниенің тұтастығы жайында жүйелі 
білім негі қалыптасады.
Дүниетану сабағында 2, 3, 4 – сыныптарда Адам, қоғам, табиғат бӛлімдерін ӛткен кезде сын 
тұрғысынан ойлау технологиясын қолданған тиімді. Ӛйткені, бұл сыныптарда оқушылардың дүниеге 
деген кӛзқарасы, ӛзіңдік жеке ойы, пікірі қалыптасады.
Жұмыс барысында «Адам және ӛсімдіктер мен жануарлар» тақырыбын ӛткен кезде 
«Қызығушылықты ояту», «Мағынаны ажырату», «Ой толғаныс» бӛлімдері арқылы сын тұрғысынан ойлау 
технологиясын қолдандым. 
Енді, аталған стратегияларды сабақ кезеңінде қалай қолдануға болатының жеке тоқталып 
кетейік:
Қызығушылықтарын ояту.
 
Бұл кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай 
отырып, қызығушылықтарын арттырудың әртүрлі әдіс-амалдары қарастырылады. Мысалы, «Шаттық 
шеңбері», «Тілекті тізбек», немесе қызықты психологиялық сұрақтар қою арқылы оқушыларды ӛтілетін 
сабаққа тарту. Сабақты бастамас бұрын «Жанұя тобын» құрап алу керек. Ол үшін оқушылар ӛздері 
ұнататын түстерді таңдап алады. Бұл ойынның аты «Кімге қай түс ұнайды – қызыл, сары, жасыл» түстер 
берілген. балалар, топқа бӛлініп «Жанұя тобын» құрап алды.
Сары түсті – I топқа;
Жасыл түсті – II топқа;
Қызыл түсті – III топқа келіп отырады. 
Оқушылардың таңдаған түстеріне түсініктеме беру: 
Қызыл – Ізденімпаз; Жасыл – Ойшыл; Сары – Данышпан.
Бұл әдістер дәстүрлі оқыту жүйесіндегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?», «Бүгін қай 
күн?» сияқты қатаң сұрақтарды алмастырып, керісінше, сыныптың тынысын бірқалыпты жайландыруға, 
жағымды ахуал туғызуға бағытталады. 
Жаңа білімге көпір салу. 
Бұл сәт «бүгінгі біздің ӛтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып 
беруден алыстатты. Орнына, білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге кӛпір саламыз.
Ой толғаныс.
 
Оқуды қорытындылауы. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, 
топпен бӛлініп берілген тапсырмалары болса, ӛздері дәлелдейді, кӛрсетеді, бағалайды немесе 


131 
«Эссе жазу, бес жолды ӛлең» тәсілдерін пайдаланады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы оқушыларды 
табиғатпен қарым-қатынас жасауға үйретеді.
2-сыныпта табиғатты зерттеу, болжау, жинақтау, топтау т.б. денелер, заттар , құбылыстар 
жайындағы білім жүйесі, табиғаттағы су, ауа тіршілікке керекті табиғат заттары ретінде қаралады. 
Адамның, судың, топырақтын құнарлылығы, адам тіршілігіндегі орны да ашылады. Бұл тақырыптарды 
ӛткенде сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы сабақтың сапасын арттыруға болады. Оқушыларға 
ауаның, судың тазалығы, топырақтың құнарлылығы, адам тіршілігіндегі орны туралы ӛз пікірлнрін 
айтқызып, «Адам табиғат қамқоршысы» атты бес минуттық эссе, шағын әңгіме жазғызуға болады.
Қазіргі оқыту үрдісінде оң әсерін кӛрсетіп жүрген әдістердің бірі – «Топқа бӛліп шығармашылық 
тапсырмалар беру». 
Топтық жұмыстың бала танымына тигізетін оң әсерлерін жіктеп кӛрсету үшін, тәжірибе барысында 
ӛткізілген «Дүниетану» пәнінен «Табиғат» тарауының қорытынды сабағымен байланыстырып кӛрсетелік: 
Ол үшін сыныпты үш топқа бӛлеміз. Уақытты белгілей отырып екі тізім жасауын түсіндіреміз. 
Бірінші топтың міндеті – табиғатқа адаи баласының жасайтын қиянатын ӛзара ақылдасып тізбек құрып 
жазу. Екінші топтың міндеті – табиғатты қорғауға, оны сақтап қалуға қандай ізгі істерді жасады, немесе 
жасауды ұсынады соны жазу. Белгіленген уақыт аяқталаған соң, әр топтан бір оқушы шығып тізіммен 
таныстырады. Ал, үшінші топтың


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет