Пайдаланған әдебиеттер:
1.Н. Назарбаев. Қазақстан 2030 бағдарламасы. Алматы. 1997.
2.Исламова Қ. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми практикалық
негіздері.\ Оқу-әдістеме құралы. –Алматы.2011.
3.К.Ж.Бұзаубақова Сабақтан тыс жұмыстарды жүргізгенде оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеу. -
Тараз, 1998.
Аннотация.
В данной статье ученики начального класса расследование каждый природные явление,
изменение природных сезонов и причины их изменение: отношение живой и мертвой природы, какое
имеет человеческое влияние к природе, при этом сделать вывод при употребление природных богатств а
также использую загрязнения окружающей среды.
Annotation.
In this article, primary school pupils investigate every natural phenomenon, natural change of
seasons and reasons for change: the ratio of live and dead nature, what is the nature of human influence, thus
conclude with the use of natural resources as well as the use of environmental pollution.
Р24
809.2
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА
ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ
Рахматуллаева Г.М.
№41 орта мектеп, Тараз қ.
Ӛркениеттің ӛріне құлаш сермеген әлем жұртшылығының назарын аударып отырған жаһандану
үрдісі қоғамдық қатынастардың даму барысында туындап отырған заманауи құбылыс. Осыған орай
егемендігіміздің келешек мұрагері болып табылатын жас ұрпақты тәрбиелеу барысында ұлттық тұлға
қалыптастырудың ӛзектілігі ең маңызды мәселеге айналып отыр. Бұл тұрғыда сан ғасырлардың жүзін
кӛктей ӛтіп, ұрпақтар буынының рухани нәр кӛзіне айналып келе жатқан ұлттық сипаттағы рухани
құндылықтарымыздың алар орны ӛлшеусіз.
Қоғамдық ой санамыз бен тарихи жадымыз қайта түлеп, ӛткенімізді сындарлы кӛзқарас тұрғысынан
жаңаша пайымдап жатқан қазіргі жағдайда сол жанды қайнарлардың игілігін жаңашылдық сипатта
ӛрістету талабы ең әуелі ғылыми негізділік пен жүйелілікке негізделуі оң нәтиже бермек. Кӛне түркілік
кезеңдерден дәстүрлі жалғастық тауып келе жатқан халықтық педагогика - сол сарқылмас қайнарлардың
күретамыры десек, оның қозғаушы күші – ұлттық тіл. Халқымыздың рухани-эстетикалық, мәдени-
151
этикалық, дүниетанымдық табиғатымен терең тамырласып жатқан ұлттық тілімізді танымдық
тағылымдық тұрғыда зерделеуде халықтық педагогиканың үлесі басым.
Ұлттық сананы терең орнықтыру арқылы ұлттық тұлға қалыптастыру жолында ұлттық тіл мен
ұлттық әдебиет дүниелерінің ӛскелең ұрпақ тәрбиесіндегі зәрулігі әсіресе, заманауи педагогика
ғылымдары саласында жан жақты дәлелдене түсуде. Кейінгі ұрпаққа тағылымдық мәні толассыз, келелі
ой толғамдарымен, ӛміршең ӛлең ӛрнектерімен, ӛнегелі сӛз оралымдарымен ӛшпес мұра қалдырған
данышпан Қорқыттан бастап, Асан Қайғы, Әл Фараби, Ахмет Ясауи, Жүсіп Баласағұн, алты Алашты
аузына қаратқан Әз Тӛле би, Әйтеке мен Қазыбек билердің дәстүрін жалғаған дала дауылпаздары –
жыраулар жасаған жауһар жәдігерліктер сол халықтық педагогиканың еншісіне жатады.
Жалпы ӛр рухты, тарпаң мінез халқымыздың табиғи болмысына тән ерекшелік белгілер оның
педагогикалық, психологиялық, философиялық, дүниетанымдық, эстетикалық кӛзқарастары мен таным
түсініктерінде тұтасып жатыр. Бұл тұрғыда ұлттық құндылықтардың қатарына жататын эпостық
жырлардың да орны айрықша зор. Эпостық жырларда қазақ халқының эстетикалық тұрғыдағы таным
түсініктері тығыз астастық тапқан. Халық кӛбінесе ӛзінің эстетикалық тұрғыдағы ой сезімдерін білдіре
отырып, жастарды еңбекке, азаматтық міндетті ардақ тұтуға, намысшылдыққа, ӛршілдікке, арлылыққа,
адамдық пен адалдыққа баулу түріндегі идеяларды жалпы тақырып желісінде жымдастыра ӛргізіп,
идеялық тұрғыда әр қырынан танытып отырған. Бұл жырды жырлайтын жыраулардың орындаушылық
шеберлігі, дауыс ырғағы, орындау мақамы, бейнелі сӛйлеуі эпостың мазмұны мен оның кӛркемдік
қуатына елеулі түрде әсер етеді. Сондай-ақ, ен даланың тӛсінде кӛсіле ғұмыр кешкен халқымыздың ауыз
әдебиеті үлгілері де ұлтымыздың асқақ арман тілектері мен мақсат мүддесі, келешек ӛмірге деген сенімі,
табиғаттың тылсым сырларымен үндескен нәзік сезімінің сыры тұнған түпсіз иірім. Оларда бейнеленген
педагогикалық идеялар оқушыларға моральдық-этикалық тәрбие беруге және жас буынның жеке пікір
кӛзқарастарының қалыптасуына, ұлттық дүниетаным діңгектерінің беки түсуіне ӛзіндік әсер ықпалы зор
екендігі сӛзсіз. Онда әсіресе, қазақ тілінің шұрайлылығы, сұлулығы, сыршылдығы кеңінен кӛрініс беріп
отырады. Сӛз орайына қарай қазіргі қоғамымыздағы тілдік қолданыстағы айналымға жиірек түсетін
кейбір сӛздер тӛңірегіндегі түйткілді ой пікірлерімізді ортаға сала кетудің артығы жоқ.
Қазіргі қазақ ұлтының ішіндегі шала қазақ, ада қазақ деген топтардың атын атап, түсін түстеп
жүрген белгілі ғалым, кӛрнекті қоғам қайраткері, профессор Мекемтас Мырзахметұлы. Профессордың
тұжырымы бойынша рухани кембағалдыққа ұшыраған алдыңғы екеуден басқа таза қазақ деген жібі түзу
тағы бір топтың бары атап кӛрсетілген. Бірақ қазіргі таза қазақпыз дегендердің ӛзі, шын мәнінде сол
бағаға лайықты ма, мәселе сонда.
Бүгінде әрбір отбасының айбыны, әулеттегі тектік желінің табиғи түрдегі жалғастырушысы, ана мен
баланың тірегі саналатын отағасы, яғни әкені ӛзінің табиғи болмысына, жаратылыстық қалыбына сай
«әке» деп атайтын ұрпақ жоқтың қасы. Бабалар дәуірінен мұра боп жеткен бұл қасиетті сӛзді «папа» деген
жатжұрттық кірме сӛз біржолата тықсырып тастағандай. Ал енді осы папа деген атау сӛздің түп-тӛркіні
қайда барып тірелетіндігін жас та болса, тарихтың тереңімен тамырласқан түйдек-түйдек ой толғамдары
таным мен тағылымға тұнып тұрған Дархан Қыдырәлінің «Атымды адам қойған соң» атты кітабынан
табуға болады. «Ислам тарихына жіті үңіліп қарайтын болсақ, мұсылман елдерінде, батыстағыдай,
теократиялық мемлекет болған жоқ. Мәселен, котоликтердің сенімі бойынша, Папа-тәңірдің және Хәзіреті
Исаның жердегі ӛкілі, сондықтан ол жаңылыспайды, қателеспейді. Тәңірдің атынан билік жүргізетін
болғандықтан оның әмірлерін бұлжытпай орындау керек»
Келтірілген үзіндіде бізді толғандырып отырған сӛзге арнайы түсінік берілмегенімен, ол атаудың,
яғни папа деген атау сӛздің біздің қазақы дүниетанымға үш қайнатса сорпасы қосылмайтындығы және
этимологиялық жағынан ешқандай да туыстық мағына бермейтіндігі түсінікті болып тұр. Дәл осы
жағдайды ұлттық кӛзқарас тұрғысынан ізерлесек, орыс ұлтының баласы ӛзінің әкесін «мүфти» деп
атағанмен бірдей екен. Ал қазақтың
әке
деген сӛзі негізінен «ақ» және «ие» деген екі түрлі сӛзден бас
құрайтын ұғым. Айтылу барысында сингармонизм заңдылығына ұшырау себепті,
әке
болып қысқарып
кетеді. Талдап түсіндірер болсақ, алдыңғы ақ деген түбір сӛзге кіріге бірігіп тұрған ие сӛзінің бастапқы,
яғни дауысты и әрпі ӛзіне дейінгі тұрған қатаң дауыссыз қ әрпіне ықпал еткендіктен, айтылу барысында к
болып ӛзгеріске ұшыраған. Мұндай құбылыс лингвистика ғылымында кейінді ықпал деп аталады.
Негізінен бұл жердегі «ақ» сӛзі «құт» деген ұғымдық мағынада қолданылған. Қазақта ағарғанды (айран,
сүт) құт санағандықтан, аяқ асты етпейді, тӛгіп-шашуға тыйым салады. Ал ұрпақ (ген, ата тектік желі)
еркек кіндік арқылы жалғасын тауып отырады. Демек әулеттегі үрім-бұтақ (генофонд) отағасының
негізінен таралмақ.
Олай болса, әке сӛзінің түпкі мән мағынасы, құт ие, құттың иесі, берекенің бастау бұлағы,
ұрпақтар
жалғастығының қайнар кӛзі дегенді білдіреді. Демек, әке деген сӛздің асыл тегі отбасының тұтқасын
ұстап тұруға жауапты - бас тұлғаны құрмет тұту сезімімен қатар, оның табиғатына тән ерекшелікті
айғақтайтын мағыналық, танымдық, тағылымдық сипатымен де айрықшаланбақ.
152
Қазіргі ғылым салалары адамның жан әлеміне қатысты құбылыстарды зерттеп тануға барынша ден
қоюда. Мамандардың айтуы бойынша кісінің қалай аталуының ӛзі оның бойындағы энергетикалық ӛріске
елеулі түрде ықпалын тигізіп отырады екен. Олай болса, жадымызға жаттан енген папа деген атау сӛздің
ӛзі қаны, жаны, діні, ділі, тегі, тіпті түрі басқа қазақтың ер азаматының энергетикалық ӛріс шеңберіндегі
қуат кӛздерін, кемітпесе, кеңітпесі сӛзсіз. Қазіргі заманның еркектері ұсақталып кеткен деп дабыл қағады
қоғамдық пікір. Байқап отырсақ, еркектердің табиғи қалыбының деформацияға ұшырауына гендерлік
саясаттың шалығына арбалған қоғамнан бастап, отбасылық ӛмірдегі «папалаған» бала-шағаға дейін
пәрменді тұрде «игі» ықпалымызды тигізіп келеді екенбіз.
Қазақта кӛне дәуірлерден бері қарата ӛзіндік мән мазмұнын жоғалтпай келе жатқан «кӛке» дейтін де
туыстық мәндегі атау түрі бар. Кезінде түркі тектілердің данышпаны Тоныкӛкті ел-жұрты кӛке деп атаған
екен. Кӛке - кӛне түркі тілінде ақылшым, жетекшім, кӛк тәңірінің қасиетті ӛкілі деген мағынаны беретін
сӛз екен. Ал «таза қазақ» тобына жататын болсақ, неге осындай мән мағынаға бай ұлттық сипаттағы ұғым
түсініктерді күнделікті ӛскелең ұрпақтың құлағына құйып отырмасқа. Ӛзіміз папалатып тәрбиелеп жатқан
жас буыннан қалай ғана атойлаған ұлттық намыс, ана тілге деген құрмет сезімін талап етеміз. Бұл қазіргі
жастардың кінәсі емес, алдыңғы аға, ата буынның ой санасындағы орныққан ақтаңдақтардың нәтижесі.
Бүгінде баламызды сүндеттедік дегеннің орнына
Достарыңызбен бөлісу: |