Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет99/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   164
Литературы
1.Селезнев И.Н. Использование ИКТ на уроках технологии// Учебное пособие. М., 2012
2. Мукушев С.Б. Психолого-педагогические аспекты создания и использования информационных средств 
обучения //Научно-методический симпозиум «Информатизация школы». – М., 2009. – С. 18–19. 
3. Петрова Т.В. Активизация познавательной деятельности учащихся на уроках технологии с 
использованием ИКТ», 2011.
 
Аннотация. 
Жиырма бірінші ғасырдың басталуы жаппай ақпараттық қоғамға кӛшумен сипатталады. 
Оған компьютерлік техника, ақпараттық технология және басқа да ғылыми-техникалық прогресс әсерін 
тигізуде. Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі болып табылатын 
қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – еліміздің экономикасының, 
мәдениетінің, ғылымының дамуының негізгі алғышарты. 
Аnnotation. 
Development of information-communication technologies (ICT) has led to ―information blast‖ 
whereby people are unable to find and process large volumes of information necessary for professional or 
educational purposes. Education system has always been based on scientific and technological achievements 
which leads to their further development. So the modern education system must be based on newest achievements 
in information-communication technologies. 
 
 
ӘОЖ: 376: 720
 
ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ЗЕРТТЕУ ЖҦМЫСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
Пірімқҧлова Ф.
№47 орта мектеп, Тараз қ. 
 
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың ӛздігінен білім алуы үшін арнайы 
зерттеушілік білім беру мәселесі маңызды орын алуда. Осындай мәселелердің алдын алу үшін 
оқушыларды зерттеулік ізденістеріне қатысты білік пен дағдыларды қалыптастыру (проблемаларды 
анықтаудан ұсынуға дейін және алынған қорытындыларды қорғау) проблемасы әдістеме ғылымына 
тапсырылады,соған орай, оқушыларға зерттеу ұғымын кеңінен түсіндіру және олардың зерттеу 
қабілеттерін дамыта білу педагогтардың кәсіби шеберліктерін қажет деп санайды. 
Оқушыларға шығармашылық іс-әрекет дағдыларын меңгерте отырып, педагог әр баланың зерттеу 
қабілеттерінің жеке дара екенін ұмытпауымыз керек, осы тұрғыда қабілеттерін дамыта отырып, 
жетістіктерге жеткізуге септігін тигізумен қатар, психология ғылымдарының докторы, профессор 
А.И.Савенков ұсынысы бойынша оқушының зерттеу қабілеттерін дамытуға арналған әдістемелік 
құралдарына сүйене отырып, ізденіс белсенділігін былай кӛрсетуге болады.
Оқушының жеке шығармашылығына бағытталған әрекет - зерттеу әрекеті, сондықтан - мұндай 
әрекет оқушының жеке білім аумағын қалыптастыру арқылы нәтиженің туындауына мүмкіндік береді, 
себебі оқушыларда арнайы бiлімдi қалыптастыруға, сондай-ақ жалпы зерттеулiк iзденiске қажет бiлiк пен 
дағдыны дамытуға қажеттi бағдарламаны ӛңдеу қағидаларын талдауға болады. 
Баланың танымдық іс әрекетін табысты жүргізу үшін А.И.Савенков әдістемесі бойынша зерттеу 
қабілеттерін дамыту бағдарламасын қолдануда. 
―Зерттеу‖ ұғымын кеңiнен түсiндiру қағидасы бұл - зерттеулiк оқыту жағдайында ―зерттеу‖ ұғымын 
тек эмпирикалық таныммен шектемей, оны максималды кең ашу неғұрлым нәтижелi болатыны сӛзсiз 
анықталған,осыған байланысты кейбiр аспектiлер жеке пәндердi оқыту әдiстемесiнде қарастырылған.
 
Тарих және құқық пәндерi бойынша кӛптеген зерттеулер мен бақылауларды ӛткiзу әдiстемелерi ӛңделіп 
шығуына байланысты, бұл оқушылар үшiн ӛте құнды екенi рас, бiрақ зерттеулiк iзденiс дағдылары, бiлiк,


146 
арнайы бiлiм мұнымен байланысты. Мұндай байланыстардың бiрнеше себептерi бар, оның бiрi – 
―зерттеу‖ ұғымын жете түсiнбеу сияқты, мысалы кӛптеген әдiскерлер, пән мұғалiмдерi, ―зерттеу‖ ұғымын 
тек эмпирикамен шектелетiндiгiне сенiмдi, нәтижесiнде олар зерттеулiк бiлiк пен дағдыға тек соның 
кӛлемiндегi тәжiрибелi танымға тiкелей қатыстыларды жатқызады. Ал одан тыс тұрғандарды, мысалы: 
проблемаларды кӛре бiлу, ӛзiндiк iзденiс нәтижесiнде материалдарды жинақтай бiлу, тiптi басқалармен 
жазылған мәтiндердi анализдеу кезiнде түпкiлiктi жаңа ақпарат таба бiлуге негізделген. 
Оқытуда зерттеулік баланың жалпы зерттеу бiлiмдерi мен дағдыларын дамыту мәселесi жеке 
танымдық iс-әрекетi емес, ӛмiрдiң ерекше стилiн қалыптастырудың негiзгi жолы ретiнде танылады, 
ӛйткені мұндай ӛмiр сүру стилiнде iздену белсендiлiгi алдыңғы жүргiзушi орында болады. 
 
Жалпы зерттеу бiлiктiлiгi мен дағдылары табиғаттың қандай-да бiр қарапайым заңды iс-әрекеттерiн 
кӛрсетуге ғана емес, қазiргi динамикалы ӛмiрге сәйкес жеке тұлғаның үнемi ауыспалы қоршаған ортаға 
бейiмделуiнiң маңызды тәсiлi ретiнде кеңінен қарастырылып, зерттелуде. 
Пәнаралық байланыс қағидасы- бұл әртүрлі ғылымдардың пәндерi әртүрлi болатыны ақиқат, себебі- 
зерттеу әдiстерiнiң мазмұнынан әр ғылым жеке ӛзiне керек бӛлiгiн ғана алумен қатар, мәселен, тарихта 
қолданылатын әдiстердiң ӛнертануда пайдасы аз, керiсiнше социологтардың қолданатын әдiстерi 
кӛлемiнде жүргiзiлетiн iс-әрекетке пайдалылығы әлдеқалай тиімді.
 
Сондықтан жеке ғылымда қолданылатын зерттеулiк әдiстер мен олар талап ететiн зерттеу бiлiктiгi 
мен дағдыларының ӛзiндiк ерекшелiгi - оларды бiр ғана ғылыми пәнге жүктеп қою идеясын болдырмау. 
Оқушылардың жалпы зерттеу iзденiсiнiң бiлiктерi мен дағдыларын дамыту бiр пәннiң тӛңiрегiнде бүкiл 
зерттеулiк әдiстеме қорын қолдануға мүмкiндiк бермейдi. Зерттеулiк iзденiстiң жалпы бiлiк пен 
дағдыларын дамыту мәселесiн тек бiр пәнмен байланыстыру қате шешiм деп есептейді.
Сабақтарда тренингтерге сүйену қағидасына негізделеді- бұл баланың когнитивтi ӛрiсiн арнайы 
бiлiмдермен байыту, оның зерттеулiк iзденiс бiлiктерi мен дағдыларын дамыту жұмысында дәстүрлi бiлiм 
беруден ӛздігінше дербес, арнайы тренингтiк сабақтар ӛткiзу неғұрлым нәтижелi болады себебі, мұндай 
сабақтар зерттеулiк iзденiс ситуацияларын қажет ететiн арнайы бiлiм алуға, барлық зерттеулiк iзденiстер 
мен дағдыларды ӛңдеп, жүзеге асыруға жол ашады. 
Оқу үрдісіндегі импровизация қағидасы – бұл балаларды арнайы бiлiммен оқытуға, олардың 
зерттеулiк iзденiс бiлiктерi мен дағдыларын дамытуға бағытталған сабақтарды жоспарлап жүргiзу кезiнде 
мұны қатаң, алдын-ала ӛңделген алгоритм бойынша жасау мүмкiн емес екенiн ескерумен қатар, зерттеу
iс-әрекетi – шығармашылық iс-әрекет, ол икемдiлiктi, жоғары мобильдiктi қажет етедi, сондықтан да, 
мұнда импровизация сәттерiнiң болғаны дұрыс деп есептелінеді. 
Әр сыныптың ӛзіндік ерекшелiктерi, құндылықтары және қалаулары болады, әр уақытта сыртқы 
факторлардың әсерiнен олардың қызығушылықтары бiр құбылыстан екiншi бiреуiне ауысуы мүмкiн, яғни 
бiр бiлiмдi әр бала әр түрлi қабылдауына байланысты. Оларда зерттеулiк iзденiстiң әр түрлi бiлiктерi мен 
дағдылары кӛрiнiс тауып, қалыптасуы мүмкiн,сондықтан педагог балалардың осы ерекшелiктерiне 
икемделуі керек, бұл үшiн ол ӛз жоспарларын әрқашан ӛзгертуге және оларды қайта туындаған 
жағдайларға сәйкес түзету жүргiзуге әр уақытта дайын болуы қажет . 
Қазіргі заманғы білім беру практикасында балаларды зерттеп оқытудың маңызы арта түсуде, себебі 
оқушыны оқыту барысында кез-келген пән бойынша зерттеу ізденістері кӛптеген мектептерде қолға 
алынуда. Осыған орай Әр облыстарда да ӛңірлік орталықтың ұйымдастыруымен оқушылардың зерттеулік 
білім деңгейі мен барысын анықтау мақсатында ғылыми зерттеу жұмыстарының байқаулары ӛткізіліп 
келеді, оның маңызы - байқаулардың кӛрсеткіштері бойынша оқушылардың проблеманы кӛре білу 
қабілеттілігі, танымдық құндылығы, ой қорыту деңгейі және ӛз жұмыстарын мазмұндау ерекшелігі 
бағаланып, сонымен қатар педагогтардың оқушылармен ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру 
сапасы анықталды. Мұғалімнің зерттеу мәдениеті жоғары болған жағдайда ғана оқушының зерттеулік 
білімді тосқауылсыз жоғары дәрежеде меңгеруіне толық мүмкіндігі болады.
Оқушы білімді терең қабылдау үшін, мұғалім мен оқушы арасында қандай біріккен іс-әрекет болуы 
керек? 
Білім жеке тұлғаны дамыту үшін, саналы түрде қабылдануы қажет. Сабақты оқыту процесінде жаңа 
кең деңгейге – пәндік тақырыпты түсіндіру шеңберінен шығып, оқушының ӛмірлік бағыттарын оқу 
пәнімен кең кӛлемде байланыстыру арқылы – пәнаралық жаңа әдіске, қорытындылауға, заңдылықтарға, 
жүйелерге, жалпыадамдық құндылықтарға және проблемаларға шығу қажет. Бұл теориялық ойлау 
қабілетін дамыту арқылы мүмкін болатын құбылыс. 
Пәннің жүйелік сапасы бұл теориялық ойлау арқылы– құндылығы, мағынасы мен мәні танылады, 
сондықтан, оқушының ойлау әрекетін дамыта оқыту; оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығын 
ұйымдастыру; әртүрлі кӛзқарастарды салыстыру, аргументтеу, негіздеу; топтық, ұжымдық жұмыс 
түрлерін, ұжымдық ойлау әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жетілдіру керек. Оқушының ойлау әрекетін 
ұйымдастырғанда, проблеманы қайта тұжырымдап айту арқылы мағынасын ӛзгертуге болады,ӛйткені 
мағыналық реттестірудің тағы бір формасы – белсенді әдістер арқылы реттеледі. Оқытудың белсенді 


147 
әдістері оқушының танымдық әрекеттерін жандандыратын эффективті тәсілдердің бірі, себебі, оқушылар 
«қайраткерлерге», «ойшылдарға» айналып, іс-әрекетке қатысушылар болып табылады. Ойлау – диалогтік 
құбылыс, ӛйткені ол топта, пікірталаста, айтыста қаралыды. 
Оқушының мотивтерімен жұмысы бұл- ой басқа ойдан емес, біздің санамыздың мотивациялық 
ӛрісінен туындайды,себебі- оқушының ойлау әрекетін ұйымдастырғанда оқу мотивациясы сырттан 
болмау керек: мәжбүрлеу, күштеу кӛптеген оқушыларға кері әсер етеді ӛйткені баланың ішкі 
мотивациясы болғаны жӛн: ӛз себептері, орындаған әрекеттеріне қанағаттану, ӛзін-ӛзі сыйлау арқылы 
қажеттіліктер және мүмкіншіліктер – белсенділік кӛзі болғандықтан оқушының құзырлы адам болуға 
талпынысын дамыту керек. Мұғалімнің кері байланысы бақылау және бағалау түрінде емес, нақты және 
хабарлы түрде болғаны жӛн. 
Жеке тұлғаға білім беру технология арқылы емес, кімге білім беріп тұрғаныңды түсіну арқылы 
болады, сондықтан педагогтың ӛзінің түсінісудің тұлғааралық «механизмдерімен» жұмыс істеуінің 
маңызы ерекше- бұл оның мынадай қабілеттерімен ерекшеленеді: 
-
Децентрация бұл - ӛзін оқушының орнына қойып, әлемге баланың кӛзімен қарай білу, яғни 
оқушының пікірін қабылдау, оның пікірі мен тәртібіне теріс әсер болдырмау,оны пікірімен санасу. 
-
рефлексия - әртүрлі кӛзқарастар айтылған диалог кезінде, бірге талқылау, бірге шешім қабылдау 
кезінде мұғалім сырт кӛзге қалай кӛрінетінін түсіне білу,ӛзара қарым-қатынас. 
-
эмпатия – оқушының жан дүниесін, ойлары мен сезімдерін түсіне білу, бұл мұғалімнің оқушыға 
жақындығынан, оң кӛзқарасынан,пікірін түсіну мен ерекшеленеді. 
Оқушылардың сұрақтары пәннің тақырыбы туралы емес, «мен үшін оның қандай маңызы бар?», 
яғни «маған сәйкес келе ме?» деген сӛзімен,сабақтың, тақырыптың, әдістің бала қажеттілігі мен 
мүмкіншілігіне сәйкестігі оның кӛңіл-күйінен кӛрінеді себебі; егер жағдай балаға сәйкес келмесе, теріс 
кӛңіл –күй пайда болса, онда фрустрация (ренжу, қорқу, түңілу), агрессия, ойлау туындайды сондықтан, 
сабақтың проблемалы жағдайында бала кӛзқарасы, бағытына қайшылық пайда болғанда, теріс кӛңіл-күй 
пайда болады. Бұл жағдайда эмоция баланың ӛзіне, мұғалімге немесе ӛзінің әңгімесіне бағытталуы 
мүмкін. Бірінші жағдайда – фрустрация, екіншіде – агрессия, үшіншіде – ойлау пайда болады. Бірінші 
және екінші жағдайда мұғалімнің кері байланысы бақылау түрінде болып, оқушыны ойлауға, сезінуге, бір 
нақты үлгі бойынша ӛзін ұстауға мәжбүрлеп тұр, яғни оқытудың сыртқы мотивациясы туындады, ал 
үшінші жағдайда кері әсер хабар түрінде беріліп, таңдау бостандығы сақталып, ішкі мотивация пайда 
болады. «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық», - деген Қазақстан 
Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлықты сӛзі – оны іске асырушы мамандарға бағдарламалық 
сілтеме. Еліміздегі мектептерде жаңа ӛзгерістер әлемдік білім беру жүйесін, тәжірибесін пайдалана 
отырып, баланың жеке-дара күйінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық технологияларды 
іздестіруге және оларды қолдануға бағытталып отыр.
Қазақстан Республикасы Білім беру стандартында қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған 
әлеуметтік сұранысқа орай, баланың тұлға ретінде қалыптасуына, ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық 
және ерік пен сезім белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізетін жаңа тарихи білім мазмұнын жасау 
және онымен үйлесімді оқытуды ұйымдастыру түрлерін анықтау қажеттілігі жан-жақты айқындалған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет