150
пайдаланып қоймайды. Глобусқа зейiн салып қарасақ, бiздiң ғаламшарымыздың басым кӛпшiлiгiн су алып
жатқанын кӛремiз. Оны ғылыми тiлде гидросфера деп атайды. Гидро- су, сфера- қабық. Суды
пайдаланбай, ешбiр халық шаруашылығындағы, ӛнеркәсiптегi үрдiс iске асуы мүмкiн емес. Сол себептi де
халық суды ӛмiр нәрi, ӛмiрдi алға жылжытатын қозғаушы күш, денсаулық кепiлi, кӛркемдiк кӛзi ретiнде
атайды. Осы қасиеттiң барлығы тек таза суда ғана болады. Ал суды улап, былғайтын адамның ӛзi ғана.
Кейбiр табиғат құбылыстарының әсерiнен су табиғи жолмен де ластанады, бiрақ бұндай жолмен ластанған
су кӛздерiн табиғаттың ӛзi-ақ тазалап алады. Ал адамның улауынан ол ӛзi тазара алмайды. Суды кейбiр
адамдар тегiн дүние деп есептейдi. Қазақ халқы ӛмiр тәжiрибесiнен дұрыс қорытынды шығарған: «Ей,
шырағым, байқа, ағып жатқан суды тегiн деме, судың да сұрауы бар» деген нақыл сӛз қалдырыпты.
Үйге тапсырма: үйге берiлетiн есеп те сабақта қарастырылған есептермен мазмұндас болды.
ЕСЕП:
1993 жылы Ақмола облысында бұлақ, жылғалардың 9-ы, Жамбыл облысында 56-ы,
Қызылорда облысында 2-i, Қостанай облысында 11-iнiң кӛздерi бiтелiптi. Сонда 4 облыстың қанша бұлақ,
жылғаларының кӛзi бiтелген?
Сабақ соңында қазiргi кезде табиғат қорғау жалпы халықтық iс болып отырғаны, табиғатты қорғауда
мектеп оқушылары да кӛптеген игi жұмыстар атқара алатыны айтылып, мысалдар келтiрiледi.
Бастауыш сынып оқушыларының табиғатқа жауапкершілік қатынасын қалыптастыру мақсатында
әрбір оқушының, әр сыныптың ерекшеліктері мен қабілеттерін ескеру, оқытудың барынша жеңіл
әдістері мен тәсілдерін қолдану, сабақ арқылы экологиялық білім беру ісін сабақтан тыс
жұмыстарымен тығыз байланыстыру, мектепте ӛтілетін сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды
табиғат қорғау бағытында жүргізу, сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін арттыру,
оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеу ісінің тәрбиенің басқа түрімен ӛзара бірлікте және бірін –
бірі толықтыру бағытында жүргізілуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: