Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал


Кесте-1. Картоптың қоршаған орта факторларына қойатын талап параметрлері



Pdf көрінісі
бет139/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   164
Кесте-1. Картоптың қоршаған орта факторларына қойатын талап параметрлері
Әр тҥрлі даму кезеңдеріне сәйкес сыртқы 
орта факторлары 
Қойылатын талаптар параметрлері 
Минимум 
Оптимум 
 
Экстремальды 
әсер ету шегі 
Топырақ температурасы,
0
С
- егукезінде
- кӛктеу кезінде
- түйнек салу кезінде 
3-6
5-6 
10 
15-17
15-17
15-18 
<2, > 35 
<4, >36 
>9-, > 36 


198 
Вегетативтік массаның ӛсу кезіндегі, ауа 
температурасы 
0
С 
вегетативтік массаның ӛсуі
-гүлдеуі мен түйнек салу кезінде
- жиналғаннан кейінгі пісу кезінде
-күз-қыс мезгілінде сақтау кезінде 
Эффективті температура жиыны 
0
С,
-ерте пісетін сорттар
-орта мезгілде пісетін сорттар
-кеш пісетін сорттар 
10-14
13
10-14 
1-2 
1000
1200 
1400 
20-21
18-21
15-16
3-5 
1200-1300 
1300-1500
1500-1800 
<2, > 30 
< 12, > 25
<10


-

Жарықтылық, люкс 
20000 
40000-60000 
<20000 
Күннің ұзақтығы, сағ. 
13 
14-18 
<10 
топырақ ерітіндісінің РН 
<4,1 
5,5-6,5 
≤7,4 
1 кг түйнек қалыптасуына қажетті судың 
мӛлшері, литр 

80-100 
250-300ц/га ӛнім алуға қажетті су, т/га 

1500-200 

Вегетация кезеңіндегі жауын-шашын, мм 
60-70 
300 
Топырақтың ең аз су сыйымдылығы,% 
60 
70-80 
<40 
Топырақ тығыздығы, г/см
3
<0,85 
0,90-1,00 
>1,20 
1 т.ӛнімнің топырақтан алып кететін 
қоректік
элементтер

кг,
-азот

5

фосфор
 

2

калий

8

кальций
-


магний 

4

Жиналғаннан кейінгі пісіп жетілуі, күн 

2

20 
42-45 

Оптимальды отырғызу жиілігін таңдап алу сортқа, отырғызылатын материалдың кӛлеміне, ылғалмен 
қамтамасыз етілуі мен топырақ құнарлығына байланысты. Нақты жағдайда бір гектарда 40-50мың м
2
жапырақ беті ауданын түзетін картоп жиілігі ең қолайлы деп есептеледі.[3]
Суармалы жерлерде, механикалық құрамы ауыр топырақтар жаздың екінші жартысына қарай ӛте 
тығыздалып, аз ӛнім береді. Картопты қолайлы мерзімде отырғызғанда оның гүлденуі маусымның соңы 
және шілденің басында, ал ортадан кеш пісетін сорттарында тіпті шілденің аяғында байқалады. Қазақстан 
аймағында кӛптеген картоп сорттары түйнектерінің ең қарқынды ӛсуі тамыз айына сәйкес келеді де 
барлық түйнек ӛнімінің 60-80 %, ал кейбір жылдары 93-95 % дейін жетеді. [4-5]. 
Картоптың сорттары: Қазіргі кезде Республика бойынша картоптың 30 сорты аудандастырылып 
ӛсіріледі, олар вегетациялық кезеңнің ұзақтығына байланысты шартты түрде бірнеше сорттарға бӛлінеді: 
ерте пісетіндер-кӛктеп шыққаннан сапалы түйнектер құралғанға дейін 40 тәулік, орташа ерте пісетіндер -
60 тәулік, орташа мерзімде пісетіндер 70-75 тәулік, орташа кеш пісетіндер 90-120 тәулік. Бұлардың 
түйнектер құрауы кӛктеп шыққаннан кейін 20-22 тәулікте басталады. Картоптың негізгі сорттары: 
Прикульский ранний, Мурманский, Шортандинский (Агнес улученный), Огонек, Весна, Полет, Невский, 
Тулунский ранний, Лорх, Рекорд, Алатау, Гатчинский, Уляновский, Тениз, Санте, Тоқтар, Арал, Алгериа, 
Биргит НН, Бирте, Гала, Романце, Сорая, Алладин, Красная зара, Амароза, Латона.т.б. 
Қәзіргі таңда КазККШҒЗИ-да картоптың 2000-нан астам тектік қоры қалыптастырылған және 
отандық 30 картоп сорттары Республикамызда аудандастырылған. Осы тектік қор еліміздің жарқын 
болашағына азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. [6] 
Картоптың аурулары
:
Картоп шаруашылығына қатерлі ісік, фитофтороз, макроспориоз және тағы 
басқа аурулар үлкен залал келтіреді. Осы аурулардың қоздырғыштары - саңырауқұлақтар. Картоп
бактериялармен және вирустармен де зақымданады. Картоп аурулары ӛнім түсімін, түйнектердің 
тауарлық құндылығын (дәмдік сапасы нашарлайды, азық-түліктік қалдықтары кӛбейеді және нашар 
сақталады) тӛмендетеді. 
Картоптың итофторозы-қоздырғышы: Phytophthorainfestans omycetes класы, Peronosporales қатары)- 
картоптың ең кӛп тараған зиянды ауруы. Саңырауқұлақтың дамуы үшін картоп жапырақтарында шықтан 
кейін немесе жаңбырдан соң қалатын су тамшысы және ауа температурасы жеткілікті болады. Түнде ауа 
температурасының тӛмендеуі аурудың дамуы мен таралуын күшейтеді. Ауру гүлдену алдында 
байқалады. Жапырақ тақтасының шетінде қара-қоңыр түсті сулы дақтар пайда болады. Жапырақтардың 
астыңғы бетінде, зақымданған және сау ұлпалардың арасында жаңбырлы күні немесе шықтан кейін жақсы 


199 
байқалатын ақ түсті ӛңез түзіледі. Сабақтары мен жапырақ сағақтарында ұзынша қоңыр дақтар, ал 
түйнектерінде ойық, анық шектелген, қоңыр түсті, қатты дақтар пайда болады. Түйнекті бӛлгенде тат 
түстес пішіні тілге ұқсаған, түйнектің ішкі бӛлігіне кіре орналасқан бүлінген бӛліктерін кӛруге 
болады.Түйнектер негізінен жапырақтардан жаңбырмен немесе шықпен шайылып түсетін және 
топырақтың жоғарғы қабатында болатын саңырауқұлақ спораларымен зақымданады. Түйнектерге 
саңырауқұлақ споралары жинаған кезде ауру сабақтардан жұғады. Аурудың қоздырғыштары түйнектерде 
мицелий, ал ӛсімдік қалдықтары мен топырақта споралар түрінде сақталады. Ауру түйнектерден жердің 
бетіне сұр түсті ӛскіндер шығады, олар кӛбіне дамымай ӛліп қалады. Осы жерлерден ауру жаңбырмен 
және желмен кӛрші ӛсімдіктерге таралады. Кӛктемде ауру түйнектерді еккен кезде аурудың 
қоздырғыштары топыраққа таралады да, сау түйнектерден шыққан ӛскіндерді зақымдайды. 
Күресу шаралары:
 
Жинаудан 1,5-2 апта бұрын картоптың сабақтарын шауып тастайды; іріктелген 
түйнектермен отырғызады; қатар аралықтарды уақытымен ӛңдейді; картопты құрғақтай жинайды; сақтау 
қоймаларына аурудан таза картопты салады; тұқымдық картопты жарықпен шынықтырады (түйнектерде 
жарықтан пайда болатын соланин, оларды шіруден сақтайды). Қоздыратын ауруға қарсы күресу үшін 
түйнектерді отырғызар алдында беномил, фундазол немесе фенорам препараттарының бірімен бүріккен 
дұрыс (2-1,5 тоннаға – 2 л препарат жұмсалады). Вегетация кезінде -фитофтороз,  макроспориоз, т.б. 
аурулардың дамуын тежеу үшін егістікті 1 – 2 дүркін ридомол, ридомол голд, даконил фунгицидтерінің 
бірімен (1гектарға 2 – 2,5 л) бүрку қажет. 
Темір дақ,
 
немесе түйнек таты- жұқпалы ауруларға жатпайды. Егер түйнекті кессек әр түрлі 
пішіндегі және мӛлшердегі тат дақтарды кӛруге болады. Түйнек таты темір мен алюминий кӛп жиналып 
кальций жетіспесе, немесе тотықтырғыш ферменттердің әсері күшейіп фосфор жетіспегенде пайда болуы 
мүмкін. Топырақтың қатты қызуы ауруды асқындырып күшейтеді. 
Күресу шаралары

Аурудың себептеріне байланысты фосфорлық, азоттық тыңайтқыштарды тиімді 
мӛлшерде беру, қышқыл топырақтарды әктеу, ылғалдылықтың тиімді мӛлшері аурудың алдын алуға 
кӛмектеседі. 
Картоптың макроспориозы
-
қоздырғышы: Macrosporium solani - жапырақтар мен сабақтарда гүлдеу 
кезеңінен бұрын құрғақ, қоңыр түсті, аумақтық дақтар түрінде білінеді. Жапырақтардағы дақтардың 
астында дӛңгелек пішінді қара түсті ӛңез пайда болады. Зақымданған жапырақтар біртіндеп сарғаяды 
және қурап қалады. Сабақтардағы дақтардың айырмашылығы түсі қара-қоңыр болады. Ауру ӛсімдік 
қалдықтарында мицелий түрінде сақталады. Ауру жаз ыстық болғанда және ӛткінші жаңбырлар мен түнгі 
шық мол болғанда қатты дамиды. 
Күресу шаралары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет