-
капиталдың қорлануымен,
екіншіден, -
техника прогресімен болатындығын айтады.
Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус (1766-1934) жасаған. Ол 1798
жылы «Халық саны туралы заңның тәжірибесі» кітабын шығарған. Онда ол былай деп жазған: «Жер
шарындағы тұрғындар теометриялық прогрессиямен ӛседі; ал ӛмір сүру жабдығы тек арифметикалық
прогрессиямен ӛседі; яғни әрбір 25 жылда екі есе ӛседі; ал ӛмір сүру жабдығы тек арифметикалык
прогрессиямен ӛседі: халық саны - 1,2,4,8,16,32 ж.т.б.». Ол халық санының және ӛмір сүру әдісінің ӛсу
81
каркыны жоғарыдағы кӛрсетілген есеппен салыстыра отырып мынандай қортындыға келген:
тұрғындардың жоғары қарқынмен ӛсуі кайыршылық пен жұмыссыздықтың себеп салдары болып
табылады. Мысалы, жаңа зеландиялық экономист Олбен Филлипс (1914 ж.) осы тәуелділікті
математикалық тілде қисық түрінде кӛрсетіп, кейінірек ал «Филлипс қисығы» аталды (1суретте
кӛрсетілген).
Сурет 1. Филлипс қисығы.
Қазірде жұмыспен қамту саласында, ӛндіріске қажетті жұмыс күші мен олардың жұмыстың
жағдайында қоятын талабы арасында елеулі қайшылықтар бар. Оның шиеленісуі кадрлардың
тұрақсыздығынан кӛрінеді. Миллиондаған адамдар, ӛздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын
жақсарту мақсатында жұмыс орнын ауыстырам деп біраз уақыт жұмыссыз қалады. Ол кӛбінесе 2 айдан 6
айға дейіңн созылады. Сонымен бірге миллиондаған дипломы бар мамандар да ондай дайындық деңгейін
талап етпейтін қызметтерде жұмыс жасайды, ал бұл құрылымдық, яки салалық жұмыссыздықтың орын
алып отырғанын кӛрсетеді. Кӛріну сипаты жағынан жасырын және ашық жұмыссыздық түрлерін
ажыратады. Жасырын жұмыссыздыққа - берілген уақыт кезінде экономикалық белсенді халық санына
кірмейтін адамдар жатады. Алайда, егер де ұсынылған жұмыс олар үшін қолайлы келсе, жұмыс күші
қатарына қосылуға даяр. Ашық жұмыссыздыққа - жұмыс істмейтін, бірақ еңбек қатынасы кәсіпорынмен
ресми түрде үзілмеген (осы себепті жұмыс істеушілер қатарында болып есептелінеді) және мӛлшерленген
жұмыс уақытында (күн, апта) жартылай жұмыс істейтін адамдар жатады.
Жұмыссыздықтың түрлері:
1.Жасырын жұмыссыздық - ӛндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшылардың
қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.
2. Фрикциондық жұмыссыздық (лат. үйкеліс) — адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден
басқа жерге жұмыс ізденумен ауысуын айтамыз.
3. Маусымдык жұмыссыздык — жұмыс күшінің тек маусымдық кезенде жұмыс жасауы, бұл кейбір
ауыл шаурашылығы ӛндірісі саласында кездеседі, әсіресе қайта ӛндеу ӛнеркәсібінде т.б.
4. Құрылымдық жұмыссыздық — ӛндірістік қуаттың жетіспеуінің нәтижесінде болады: жеке
саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың
нәтижесі ретінде қараймыз.
5. Технологиялық жұмыссыздық — адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, білікгілікгі
ӛзгертуді немесе басқа мамандықгы игеруді талап етеді
6. Циклдық жұмыссыздық — ӛндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономикалық циклдың осы
фазасымен байланысты.
Жұмыссыздық психологиялық тұрғыдан алып қарағанда бірнеше топтарға жіктеледі. Әдетте,
жұмыссыздықтың амалсыз және еркін түрлері ажыратылады. Амалсыз жұмыссыздықта адам берілген
жалақы деңгейінде жұмыс істегісі келеді және ол қолынан келеді, бірақ оған жұмыс табылмайды. Еркін
жұмыссыздықта (кейде күту жұмыссыздығы деп аталынады) адам жұмыс таба алар еді, бірақ жұмыс
істемегенді қалап, айлығы ұсынылған жалақыдан жоғары жұмыс орнын іздеуді жалғастырады.
Жұсыссыздық ұзақ және қысқа мерзімді болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді циклдық және құрылымдық, ал
қысқа мерзімдікке – маусымдық және фрикциондық жұмыссыздық жатады. Ал халықаралық тәжиребеде
бұл жәйтті толық жұмыс істеушілік деп атайды.
Жұмыссыздық мәселесі дамыған елдерде‚ мысалы‚ АҚШ-та‚ еңбекке қабілетті тұрғындардың
жұмыспен толық қамтылуы жұмыссыздық мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Фрикциялық және
құрылымдық жұмыссыздық болмай қоймайды деп есептеледі. Демек, елдегі тұрғындардың жұмыспен
толық қамтылуы – ол елде циклдік жұмыссыздықтың жоқтығын білдіреді. Жұмыспен толық қамтылу
82
кезіндегі жұмыссыздық деңгейі оның табиғи деңгейі болып саналады. Мұндай жағдай елдегі жұмыс
күшінің рыноктары теңдестірілгенде, яғни жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орындарының санына
тең болғанда пайда болады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі қоғамдағы оң құбылыс болып есептеледі.
Кез келген қоғамдағы экономикалық даму барысында тұтыну тауарларының сұранымы құрылымында
және ӛндіріс технологиясында маңызды ӛзгерістер болады. Бұл ӛзгерістер ӛз кезегінде жұмыс күшіне
жалпы сұранымның құрылымын да ӛзгертеді. Осындай ӛзгерістерге байланысты кәсіптердің кейбір
түрлері азаяды не қысқарады‚ ал басқа бір түрлері кӛбейеді. Қоғамдағы жұмыссыздықтың пайда болу
себебі жұмыс күшінің осы ӛзгерістерге баяу ыңғайланатындығына және оның құрылымының нақты
жұмыс орнына сай келмейтіндігіне байланысты болады. Фрикциялық жұмыссыздық пен құрылымдық
жұмыссыздық арасындағы елеулі ерекшелік мынада: бірінші жағдайда жұмыссыздарда еңбек нарығында
ұсынуына болатын дағды‚ машық бар‚ ал екінші жағдайда олар қайта даярланбайынша‚ қосымша оқып
біліктілігін арттырмайынша‚ тіпті тұрғылықты жерін ауыстырмайынша жұмыс таба алмайды.
Фрикциялық жұмыссыздық неғұрлым қысқа мерзімді сипатта болады‚ ал құрылымдық жұмыссыздық
неғұрлым ұзақ мерзімді сипатта болады‚ сондықтан ол қоғамдағы неғұрлым елеулі жұмыссыздық болып
табылады. Циклдік жұмыссыздық – елдегі тауарлар мен кӛрсетілетін қызметтерге жиынтық сұранымның
күрт азаюы салдарынан болатын құбылыс. Осы себептен оны кейде сұранымның тапшылығына
байланысты жұмыссыздық деп те атайды. Циклдік жұмыссыздық – кез келген қоғам үшін экономикалық
және әлеуметтік дағдарыс болып саналады. Экономикалық дағдарыс (экономикалық дамудың құлдырауы‚
тоқырау) елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың елеулі бӛлігінің бостан босқа уақыт ӛткізуіне әкеліп
соғады‚ ал мұндай жағдай олардың біліктілігінің жоғалуына‚ адамгершілік қадір-қасиеттің азғындауына‚
әлеуметтік және саяси жанжалдарға апарып соқтырады. Ӛйткені ―фрикциялық‖ жұмыссыздарға бос
жұмыс орнын табу үшін әрқашан уақыт керек‚ ―құрылымдық‖ жұмыссыздарға да біліктілігін жетілдіру,
жаңа мамандық алу үшін немесе жұмыс табу мақсатымен басқа жерге кӛшу үшін уақыт керек. Егер
жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орнынан асып түссе‚ онда жұмыс күші рыногінің тең болмағаны.
Екінші жағынан‚ жиынтық сұраным молайған жағдайда жұмыс күшінің ―жетіспеушілігі‖ сезіледі‚ яғни
бос жұмыс орындарының саны жұмысқа мұқтаждардың санынан асып түседі. Қазақстанда нарықтық
экономикаға ӛту кезеңінде бұрынғы тиімсіз кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық мекемелерінің жұмысын
уақытша тоқтатып, жабылуына, банкротқа ұшырауына, жекешелендіріліп, қайта құрылуына байланысты
құрылымдық жұмыссыздық құбылысы байқалды. 2000 жылы елдегі жұмыссыздар саны 1997 жылғы
деңгеймен салыстырғанда біршама (0,2%-ке) тӛмендеді. Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық
реформалар барысында жаңа жұмыс орындары ашылуына, ішкі, сыртқы инвестициялар кӛмегімен,
бірқатар ӛндіріс ошақтары мен ауыл шаруашылығының жандануына орай, ауылды қайта ӛркендетудің 3
жылдық бағдарламасына байланысты жұмыссыздық деңгейі де біртіндеп табиғи деңгейге түсе бастады.
Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблемалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден
екіншісіне ӛтетін елдерде кең байқалады. Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол ӛзімен
бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблеммасы адамдармен
тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына,
ӛмір сүру деңгейінің тӛмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті
кӛптеген саясат адамдары ӛзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға кӛп кӛңіл
бӛледі. Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін аныктайды, мемлекеттің тарапынан
шараларды анықтайды. Анықтама бойынша жұмыссыздық – халықтың активті бӛлігінің жасауға қабілетті
жұмыс таба алмау. Жұмыссыздық негізінен жұмыс орнына сай келетін адамдардың азаюынан,
адамдардың санының кӛбеюінен пайда болады. Жұмыссыз ретінде жұмыссыздар биржасында тіркелген,
жұмыс табуға нақты мүмкіндігі жоқ адамдар айтылады. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-психологиялық
салдары кӛбіне жұмыссыздықтың психологиялық әсері сипатталады да, коммуникативті характерге ие
әлеуметтік әсері ескерусіз қалады. Бірақ та жұмыссыздықтың елдің жағдайына тигізетін әсері кӛбіне
әлеуметтік жағдаймен ӛлшенеді. Енді сол салдарға тоқталсақ.
Кері әсерлері:
1.
Крименогенді жағдайдың ӛршуі
2.
Әлеуметтік кернеудің ӛршуі
3.
Физикалық және психологиялық аурулардың кӛбеюі
4.
Әлеуметтік дифференцияның ӛсуі
5.
Еңбек белсенділігінің тӛмендеуі.
Пайдалы әсері:
6.
Жұмыс орнының әлеуметтік маңыздылығының артуы
7.
Ӛз бос уақытының кӛбеюі
8.
Жұмыс орнын таңдаудағы еркіндік
9.
Әлеуметтің мәні мен еңбек құндылығының артуы
10.
Жұмыссыздықпен күрес.
83
Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі жыл сайын тӛмендеп, қазіргі таңда Жапония, Қытай,
Нидерланды секілді дамыған мемлекеттердің кӛрсеткішіне жетті. Бұлай деп айтуымызға еліміздің
Статистика жӛніндегі агенттіктің жариялаған ресми дерегі себеп болып отыр. Агенттіктің мәліметінше,
2012 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда 474,4 мың жұмыссыз адам тіркелген, яғни жұмыссыздық
деңгейі 5,3 пайызды құраған.
Еуропа елдерінде ӛмір сүру деңгейі Қазақстанмен салыстырғанда бірталай асып түседі. Еуропа
елдері ең тӛменгі жалақы деғгейінің мӛлшері бойынша 3 топқа жіктеледі, бірінші топқа – ең тӛменгі
жалақы мӛлшері 82-331 евроны құрайтын мемлекеттер, екінші топқа - 427- 668 евроны, ал үшінші топқа –
1200 евродан жоғары соманы соманы құрайтын мемлекеттер құрайды. Бұл ретте Қазақстанның ең тӛменгі
жалақы деңгейі Еуропа елдерінің ішіндегі ең тӛменгі ең тӛменгі мемлекеттерінен де азболып отыр.
Сондықтан еліміздегі ең тӛменгі жалақы кӛлемін кӛбейтіп, Еуропа елдерінің жоғарыда айтылған үш
топтың бірінде кӛрсетілген деңгейге жетуіміз керек. Осы стандартқа сәйкес Германияда орташа зейнетақы
орташа жалақының 62 %,Францияда 50% құраса,Қазақстанда ол 33% құрайды. Мұнда, Қазақстан мен
Еуропа елдеріндегі зейнетақы жүйесінде ұқсастықтар болғанымен, бӛлінген зейнетақы мӛлшері бойынша
айырмашылық кӛп.
Ежелгі заманда тайпалардың кӛсемдері ашаршылық немесе ақырзаман болар тұста халқын
тыныштандыру үшін сабырлыққа шақырып, ӛмірлерінің жарқын екенін түсіндіріп, сәуле нұрын шашып
тұрған күнге, жерде ӛсіп тұрған түрлі ӛсімдіктердің, тіршілік етіп жатқан жануарлардың барлығына
шүкіршілік білдіріп, соған табындырған. Бүгінгі дәуір де бұл жағдайдан алыстай қоймаған сияқты.
Жұмыссыздық деңгейі әрбір елдің әл-ауқатын, оның қарқынын, ӛндірістік қуатын анықтайды.
Алайда, статистика агенттігінің 16,5 миллион халықтың тек 474 мыңы жұмыссыз деп айта салуы ақылға
қонымсыз. Біріншіден, заң бойынша Қазақстанда жұмыспен қамтылғандар деп кімдер саналады?
Жұмыспен қамтылған азаматтардың санатына толық не толық емес уақыт жағдайында жұмыс істейтіндер,
кәсіпкерлікпен шұғылданатындар, ӛз бетінше жұмыспен айналысатындар, азаматтық-құқықтық шарттар
негізінде еңбек ететіндер, ақы тӛленген (кез келген, мерзімі белгісіз) жұмыста істейтіндер кіреді.
Жұмыссыздық – психология мәселесінің біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық ӛте күрделі
құбылыс және қоғамның дамуы барысында әр түрлі экономикалық мектептердің кӛзқарастары әр түрлі
болған.
Достарыңызбен бөлісу: |