96
- студенттердің бойында шешімдердің әр түрлілігіне, кӛп ӛлшемділігіне, басқаша ойлауға,
тӛзімділікке, табандылыққа және ӛзінің іс-әрекеттері үшін адамгершілік жауаптылыққа негізделген
нұрлы, ізгілікті кӛзқарасты дарыту;
- оқыту барысында оқытылатын, меңгерілетін ғылыми-біліми нысандарды қабылдаушы
контингенттің интеллектуалдық іс-әрекетінің үйлесімділігіне, оның біртұтас жүйеде
меңгеруіне қолайлы
жағдай туғызу.
Бұл аталған мақсат - мемлекеттік стандарт негізінде күні бұрын қарастырылған жобаны жүзеге
асырудың қозғаушы күші. Осы макромақсаттан гуманитарлы бағыттағы әр оқушы ӛзінің дәріс, семинар +
тәжірибелік, зертханалық жұмыстарын жоспарлағанда, әр түрлі блоктарды ұсақ бӛліктерге жіктеп, оны
жүзеге асыра алады.
Жоғары мектептің гуманитарлы бағытының макромақсатын құрастырғаннан кейін, білімді
реформалаудың ұстаным - бағыттарын анықтаған жұмыстың нәтижелі жүргізілуіне ықпалын тигізеді:
- әдеби арналарды модульдеп ӛткенде, әр модульді жеке-жеке бӛліп алмай, олардың ӛзара
байланыстық біртұтас жүйесін қарастыру, оның аса маңызды буындары - әдеби кезеңдер мен уақыт және
кеңістік;
1.
университет білімін игерген студенттердің одан әрі ӛз білімі мен ғылымын дербес дамыта алу
шеберлігіне ықпал жасаудың озық үлгісі;
2.
меңгерген филологиялық - философиялық білімдерін «Ізгілікті» рубриканың сарынында қатысым
құралдары (теле, бейне, радио, баспасӛз) арқылы сыннан ӛткізіп, ісін ширатудың теориясы, тәжірибесі;
3.
жоғары оқу орнының гуманитарлы бағытындағы студенттерді ӛнеркәсіп пен мектеп ӛмірімен
байланысын ынталандырудың тәжірибесі;
4.
әрбір студенттің іс-әрекеті мен танымдық қызметін ұйымдастыруда мемлекеттің рӛлін арттыру,
стратегиялық жоспарлаудың мәнін түсіну, оны білім және ғылым мазмұны арқылы жүзеге асырудың
модулі;
5.
жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ұлғайтудың мәнін ұғудың маңызы,
басқа елдердегі оқу кезеңдерін, жоғары білім туралы құжаттарын, ғылыми дәрежелер мен атақтары жәие
т.б. мойындау мәселелерін қамтуға ынталандырудың тәжірибесі.
Қорыта келгенде, стратегия - жоғары оқу орнының ең қажетті ұстанымы. Жоғары оку орнының ішкі
ұстанымынан гӛрі мемлекет кӛздеген ұстаным жоғары. Бірақ, тоталитаризм
тұсында сыртқы мақсат-
мүддені бұлжытпай орындаушылық белең алып, адамның шығармашыл ғылыми пайымы аяқ асты болса,
постиндустриалды Қазақстанның алыс болашағын ӛмірге салтанатты дәрежеде орнықтырып, жоғары оқу
орнының оқытушы - профессорларының инновациялық ынта-ықыласы, жаңалығы мемлекеттік стратегияны
кӛркейте бермек.
Стратегияның тірегі - стандартқа негізделген білім классификациясы (мамандандырылған). Аталған
маңызды қадамды жүзеге асыру үшін білім деңгейін жіктеп, оқытудың әрбір саласын анықтап, оқу
бағдарламаларының әрбір тобының ішкі құрылым -жүйесін
біртұтастықта алып, нақты мамандыққа
қатысты салалары шеңберіндегі жеке бағдарламаларында қарастырылады. Бұл жүйе кемі қайта-қайта
ӛңделіп, жаңартылып отырады.
Мамандық классификациясының формасы мен құрылымы тӛмендегідей:
1. Концептуалдық негіз.
2. Айқаспалы классификацияның айнымалылары:
- білім түрлері;
1.
білім қызметін ұсынатын мекемелер;
2.
білім қызметін беретін орын;
3.
оқыту формалары;
4.
оқу бағдарламаларының бағдары;
5.
білім деңгейі;
6.
оқыту бағыттары.
Мамандық
классификациясының
мақсатында
«Білім»
термині
білімнің
мұқтаждарын
қанағаттандыратын арнайы және жүйелі іс-әрекеттердің барлық түрлерін қамтиды. Бұл орайда «білім»
термині ғылымды жүзеге асыруға есептелген, ұйымдасқан және демеуші қатысым құралын қамтиды.
Коммуникация [Соmmunication] дегеніміз - ақпараттар (хабарлама, мұрат, білім, стратегия және т.б.)
алмасатын екі немесе кӛп адамдардың арасындағы ӛзара байланыс. Ауызша немесе ауызша емес, тікелей
(бетпе-бет) не қашық қарым-қатынас коммуникация болуы кӛзделеді.
Ілім дегеніміз - мінез-құлықтағы, құндылықтардағы, немесе шеберліктегі кез келген жақсару.
Ұйымдасқан дегеніміз - формасы немесе бір ізгілігі бойынша тікелей, немесе жанама мақсаттармен
жоспарланатын әрекет.
Демеуші дегеніміз - ілімге ұзақтық және үздіксіздік элементтері тән болатынын білдіреді.