90
Дүние жүзіндегі қарт адамдардың абсолюттік саны күннен күнге ӛсіп
бара жатқандықтан, олар
туралы мәселелер де ӛте тереңдеп бара жатыр. Осы мәселені зерттейтін ғылым «геронтология» деп
аталады, яғни ол термин «герон» — қарт, «логос» — ғылым деген екі сӛздің тоғысуынан шыққан. Поль де
Кюридің айтуы бойынша, бұл терминді алғаш рет Илья Мечников ойлап тапқан. Геронтология қартаю
процесін ғана зерттемейді, ол сонымен қатар қартаю кезеңіндегі адам денсаулығын және ӛмір
ұзақтылығына да мән береді.
Қартаю барлық табиғи ағзалар әлеміне тән, тек адам үшін ол экономикалық, әлеуметтік және
психологиялық процестермен сабақтасады.
Геронтологияның қазіргі кезде жеке дамыған бӛлімі — әлеуметтік геронтология. Ол ӛмір ұзақтығын
және ӛмірдің салтын зерттейді.
Геронтология ғылымының мағынасын түсіну үші, оның дамуының сатыларын қысқаша болса да
білу қажет.Геронтология ерте заманда пайда болған ғылым деп айтады, яғни ол ерте замандағы медицина
ғылымының атасы Гиппократ және Ибн-Сина, философтар Цицерон және Сенеки аттарымен байланысты
деген. Ал кейбіреулерінің пайымдауы бойынша геронтология ӛз бастауын кейінгі жүзжылдықтың екінші
жартысында, қарт адамдардың саны едәуір ӛскен шағында пайда болды дейді.
Осы уақытта ең алғаш
геронтологияның ғылыми-зерттеулік институттары құрылған. Осы айтылған екі пікір де дұрыс деп
айтылады, яғни геронтология – жас ғылымдардың ішіндегі ең кӛнесі және кӛне ғылымдардың ішіндегі ең
жас ғылым болып саналады.
Қоғам мәдени дамыған сайын, адам ӛмір тарихында ӛмірді ұзарту және ӛлімді ысырып тастауға әр
уақытта әр түрлі амал-тәсілдер іздеген, бірақ оның нақты эксперименталдық жұмыстары мен практикалық
қорытындысы XX ғ. ғана қолданыла бастады.Геронтологияны мәдениеттің құрдасы деп те айтуға болады.
Ерте ғасырлардан бері ғалымдар қартаю кезінде жастықты артқа қайтару үшін кӛптеген амалдар іздеген.
Әр ғасырда қартаю ғылымы жаңа білімдер жинай бастады, әрине ол әр түрлі бағыттағы мамандармен
байланысты, яғни олар: дәрігер – физиологтар, филологтар және биологтар, психологтар және
социологтар, демографтар және этнографтар, тарихшылар және құқықтанушылар.
Қарттық кезеңге тән негізгі белгі-қартаю процесі. Қартаю процесі ағзада нақты жас кезеңдік
ӛзгерістермен сипатталатын генетикалық бағдарланған процес. Қарт адамдардың
әлеуметтік ортадағы
рӛлдерінің ӛзгеруіне байланысты олардың қарым-қатынас аумағы күрделі ӛзгерістерге ұшырайды.
Қазіргі таңда психология ғылымында қартаю-ерекше бейімделу процестерін сақтай отырып,ағзаның
ӛзіндік қайта құрылуы ретінде қарастырылады. Бұл кезеңді қарастырған ғалымдар: Э.Эриксон, Д.Б.
Бромлей, А.А. Богомолец, Ф.Гизе, И.С.Кон, К.Рошак, П.Балтес, Р.Пек. Қартаюға қатынас стратегиясы
бірнеше зерттеулердің нәтижелеріне негізделген:
Н.С. Кон бойынша, қартаюдың 1-ші тип- қоғамдық ӛмірге,жастар тәрбиесіне араласу, белсенді
шығармашылық ӛмір, кемістік сезімінің болмауы.
2-ші тип: Энергияны ӛзіне бағыттау ӛзіндік білім, демалыс: нақты әлеуметтік психологиялық
бейімделгіштік;
3-ші тип: (негізінен әйелдер) күш жұмсау сферасы жанұя,зерігіп кӛнілсізденуге уақыттың болмауы;
алғашқы,типтермен салыстырғанда ӛмірге қанағаттанушылықтың тӛмен болуы;
4-ші тип: ӛз-денсаулығына кӛңіл бӛлу,осыған байланысты түрлі белсенділік формалары;
5-ші тип: «агрессивті ұрсқақа қарт» айналадығы ӛмірге
қанағаттанбаушылық жағдайы, ӛзінен
басқаны сынау, шексіз талап;
6-ші тип: «жалғыз және жолы болмаушы » ӛзіне және ӛз ӛмірінен түңілу. Жалған және шынайы
жіберілген мүмкіндіктерді ӛзін кінәлау.
Қарттық кезең психология саласында зерттеу адамның бүкіл тіршілік ету барысындағы
биологиялық және психологиялық даму факторларының арасында ӛзара байлансы орнатуға негізделген
обьективті-ғылыми мәнге ие.
Қарыттық шақтағы
әлеуметтік тұрғыдан да, хронологиялық тұрғыдан да адамның зейнеткерлікке
шығуымен сәйкес келеді. Адам белсенді еңбек іс-әрекетін тоқтатады, «істерден алыстайды».
Зейнеткерлікке кету қарыттық шақтағы кезеңіндегі даму
жағдайының орталақ мезетін
құрайды.
Психологияда отставкамен естен тандыру туралы айтылады. Отставка (немесе зейнеткерлікке шығу)
адамның оған референтті топтан, ұзақ жылдар бойы ӛзін бағыштаған істен алыстауын білдіреді. Адам
қоғамдағы маңызды әлеуметтік рӛлінен және маңызды орнынан айырылады.
Қоғамдық және әлеуметтік ьаңызды орнын жоғалту әлеуметтік-психологиялық ынталандыру
кӛздерін жоғалтумен, қалыптасқан кәсіби және тұлғааралық қатынастардың үзілуімен түйіндеседі.
Адамның қарым-қатынас шеңбері тарылады,бұл ӛз кезегінде оның тұлғасындағы ӛзгерістерге алып келеді.
Зейнеткерлікке шығу кӛптеген адамдар үшін материалдық жағдайларының едәуір нашарлауымен
қатарлас жүреді.Бұл оларды бұрын ӛздеріне ешқашан шек қоймаған нәрселерінде ӛздерін шектеулерін
мәжбүрлейді. Материалдық шектелгендік немесе ӛз балаларына тәуелділік бірқатар жағымсыз
психологиялық жан құбылыстпрын тудырады.
91
Белсенді кәсіби іс әрекетін тоқтату психологиялық үдерістердің ( ойлау,ес, зейін, және т.б)
толыққанды жүктеме алмауына, олардың жұмыс істеу деңгейінің тӛмендеуіне алып келеді.
Кәсіби
білімдерін ӛзгелерге жеткізу жағдайы болмағанда, кәсіби хабардарлық та тӛмендейді.
Қазақстан Республикасында болжау жоспары бойынша келесідей құрылымдық-деңгейлік
заңдылықтар мен ерекшеліктер тұрақтандырылды: тұрақтылық қарқыны 2015 жылға қарай егде жастағы
адамдардың үлес салмағы 13,3%-ға дейін ӛседі, сонымен қатар 60 жастан жоғары барлық жас
санатындағы әйелдердің үлес салмағы ерлердің үлес салмағынан асып түседі. 60 -тан жоғары жастағы
халық ӛлімінің жас-жыныстық кӛрсеткіштері барлық жас санатындағы ерлер ӛлімінің жоғарғы деңгейін (t
> 2) сипаттайды. Осы құбылыстардың себеп-салдарлық ӛзара қатынасы келесідей негізгі аурулар
класстарын тұрақтандырды: жүрек-қантамыр аурулары (64,5%); жаңа ӛсінділер(14,5%); тыныс алу
мүшелері аурулары (10,6 %); жарақаттанулар мен уланулар (4,8%); ас қорыту мүшелерінің
аурулары
(3,4%). Үлкен жастағы адамдардың жалпы аурушылдық деңгейі қалалық егде жастағы тұрғындардың
аурушылдық деңгейінен 4,7 есеге жоғары. Амбулаторлық-емханалық ұйымдарға жүгінуі бойынша
аурушылдық 1307,5‰ құрады.
Әлеуметтік
зерттеулер,
үлкен
жастағы
адамдардың
денсаулық
жағдайының
82,0%
қанағаттанарлықсызға сәйкес келетіндігін айқындады және құрылымы мен факторлар рангісі бойынша,
егде жастағы адамдардың денсаулық жағдайына әсер ететін басты келесі факторлар анықталынды:
экономикалық (32%); психологиялық (18%); экологиялық (14%), ӛмір салты (14%); денсаулық сақтау
жүйесінің жағдайы (10%); отбасы ішілік (7%); биологиялық (6%). Экономикалық факторлардың ішінде
аса жоғары корреляциялық мәнді (r=0,75) клиникалық-диагностикалық зерттеулер мен дәрі-дәрмектер
(зерттеудің 40%) тӛлемінің тӛменгі қабілеттілігі алады. 3,0) келеді. Қорыта келе,
ұзақ жасап, ұрпағының
қызығын кӛру – кімнің де болса арманы. Бағзы заманнан қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа ұштасқан
ӛмірлік мақсаты ел бірлігіне, жер тұтастығына бас-кӛздік, халықтың бірлігі мен ынтымақтастығын берік
дәне-керлеу, ұлттық бай рухани қазынаны шашау шығармай сақтау және молайта түсу еді. Олар қай кезде
де осы міндетті жүзеге асыруда кӛсемдік танытты, бекзаттық пен мәрттіктің рухы бола білді. Егер
қоршаған ортасы адамға түрткі болуы мен ынталандыруын жалғастыратын болса, және әсіресе егер
болашақ әлі де оныің алдында белгілі мүмкіндіктер ашатын болса, кемел шақтан егде жасқа ӛту кезінде
мінез-құлық тұрақталағының жоғары дәрежесін күтуге болады
Достарыңызбен бөлісу: