Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет75/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   164
Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Рахметова. С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі,-Алматы, «Ӛлке» 2005 
2.Қазақ тілі бағдарламасы (2,3,4-сыныптар). -Алматы , «Атамұра»2000-2010. 
3.Диктанттар жинағы (2,3,4-сыныптар) -Алматы 2000-2010. 
4.Бұзаубақова К.Ж. Жаңа инновациялық технологиялар, - Алматы, «Арыс» 2004. 
5.Сыздық Р.Қазақ тілінің орфографиялық сӛздігі.-Алматы, «Арыс»2005 
 
Аннотация. 
Кредитная система обучения – способ организации учебного процесса при котором 
обучающиеся в определенных границах имеют возможность индивидуально планировать 
последовательность образавательной траектории. Самостаятельная работа как часть процесса 
самообразования имеет принципиалное методологическое значение. 
Annotation. 
The subjest of the study
 –
The complication prosses pupils in initial classes. The prupose of the 
studu – define the way gualitative level a degree of formation (e ducation ) in an Elementary school , with the 
help application of new pedagodical technology in realization of lessons. Structure of degree work : the degree 
work con clusion, list of the literature and niethodical appendix. 
К 32 
373(574) 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ КӚПТІЛДІ МЕҢГЕРУГЕ 
 ТӘРБИЕЛЕУ 
 
Керімбаева Р.Қ. 
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ. 
Еліміздің білім беру жүйесінде шығармашылықпен дамыған, кӛптілді меңгерген тұлғаны 
қалыптастыруға бағытталған жаңа қадамдар жасалып отыр. Білім алудың бағыт-бағдары Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдарында, Қазақстан Республикасының білім беруді 
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, «Қазақстан-2050» стратегиялық 
бағдарламасында, «Үш тұғырлы тіл» жобасында, «Балапан» бағдарламасында және басқа да мемлекеттік 
құжаттарда кӛрсетілген.
Әлемдік деңгейге жетуде, кӛптілді білетін тұлғаны қалыптастыру балалық шақтан бастау алуы 
қажет. Осы тұрғыда Н.Ә.Назарбаевтың кӛптілді және кӛпмәдениетті тұлға тәрбиелеу жолындағы «Үш 
тұғырлы тіл» атты мәдени жобасына негізделеміз.
Қазақстандағы кӛптілді білім беру моделі әр білім алушының мектеп жасына дейінгі кезеңіне н 
бастап, ел дамуының игілігі үшін бойындағы тұлғалық қабілеттерін ашуға үш тілді – қазақ, орыс, 
ағылшын тілдерін қарқынды түрде меңгертуге бағытталған. Тілді қазіргі заманғы диалог құралы ретінде 
қолданатын тұлғаны қалыптастыру білім беру үрдісінің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.


119 
«Тілдік тұлға» тек лингвистикалық қабілеттерінде емес, сӛйлеу әрекетінде сӛзді түсініп, ӛз ойын 
тұжырымдау қабілетінде байқалуы тиіс, бұл біртіндеп басқа тілде сӛйлеу кезінде ӛзінің адами әлеуеті мен 
кәсіби құзіреттілігін жүзеге асыра алатын «екінші тілді меңгерген» тұлғаны қалыптастырады. 
Бүгінгі таңда тіл білімдері, тілді меңгерту, оқыту, үйретуге байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары 
ерекше қарқында жүргізілуде. Қай ұлт болмасын, тілі алдымен ӛзінің ана тілінде шығып, екінші тілді ана 
тілінің негізінде үйрету керектігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Бұл мәселеге мектепке дейінгі оқыту 
және тәрбиелеу мәселелерімен шұғылданған ғалымдардың қосқан үлесі зор. 
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие мазмұнын түбегейлі жаңарту мәселесі сонау 18 ғасырда ӛмір 
сүрген Ф.Фребель, М.Монтессори идеяларынан бастап, әлемдегі ең озық жапон тәжірибелеріне дейінгі 
аралықтағы еңбектеріне, В.А.Сухомлинскийдің «Қуаныш мектебі», А.С.Макаренконың қағидалары, 
Ш.Амонашвилидің іс-тәжірибелерін, ӛткен ғасырдың А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, 
М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов сияқты қазақ зиялыларының педагогика-психология саласындағы еңбектері 
терең мағлұмат береді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сӛздік қоры мен сӛйлеу дәрежесі жайлы ғылыми-әдістемелік
әдебиеттерде кӛрнекті психолог-педагог ғалымдар баланың сӛздерді меңгеруін ерекше зерттеген.
Мысалы, Ресей ғалымдарының ішінде (Л.С.Выготский, А.А.Люблинская, т.б.), сӛдік қорды меңгеру 
заңдылықтары туралы (Е.А.Аркин, Н.А.Рыбников), сӛздің дыбыстық құрамын меңгеру ерекшеліктері 
жӛнінде (Н.Х.Швачкин, А.Н.Гвоздев), т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. 
Кӛрнекті әдіскер-ғалымдардың бір тобы (Е.И.Атихеева, А.П.Усова, А.И.Леушина, О.И.Соловьева, 
т.б.) мектеп жасына дейінгі балаларды ана тілінде сӛйлеуге үйрету әдістерін жан-жақты талдап, тәрбиелеу, 
оқыту мәселелерін қарастырды. Ресей ғалымдары (Т.А.Маркова, М.М.Коцина, Е.Ф.Лукина, т.б.) баланың 
тілін дамытып, адамгершілікке тәрбиелеуде әдеби шығармалардың алатын орны мен маңызын зерттеген. 
Қазақстанда мектеп жасына дейінгі балалардың тілін, байланыстырып сӛйлеу тілін дамыту 
мәселесін зерттеген Б.Б.Баймұратова, А.Бақредденова, Қ.Т.Меңдаяқова, Ғ.З.Таубаева, 
К.М.Метербаевалардың зерттеу жұмыстары бар. Бірақ мектеп жасына дейінгі балаларды үш тілде 
сӛйлеу дағдысын қалыптастыру мәселесі түбегейлі зерттелген жоқ. 
Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда кӛптілді білім беру мазмұнын бір жүйеге келтіру 
арқылы, тілдік дайындықтың нормативтік базалық деңгейін бастауыш, орта, жоғары және жоғарыдан 
кейінгі білім беру сабақтастығында құзіретті тұлғаны қалыптастыруға ерекше мән берілуде. 
Балалар балабақша қабырғасында алған білімдерін мектепте оқыған кезде де қолдана алады. 
Мектепке алғаш келген балалар үшін ең бастысы – екінші тілді әрі қарай үйренуге деген
қызығушылығының болуы, белгілі кӛлемде білім-біліктің жинақталуы тиіс, бұл балаларға бастауыш 
мектепте тілдерді жеңіл меңгеруге мүмкіндік береді. 
Балабақша жағдайында балаларға шет тілін үйрету ойын арқылы жүргізіліп, табиғат, қоршаған 
орта, ұлттық дәстүр, ертегілер, фольклорлар, әуенді ӛлеңдер мен әндер туралы мағлұматтар беріледі.
Осылардың барлығы мектеп жасына дейінгі балалардың әлем туралы біртұтас ұғымын, шет тілін ӛмірлік 
маңызы бар құрал ретінде меңгеруге деген қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді. 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде үш тілді үйрету педагогикалық үдерісте жүзеге 
асырылып, білім берудің негізгі құрамды бӛлігі болып табылады. 
Осы тұрғыда педагог-психолог ғалымдар мен әдіскерлердің басым кӛпшілігі балаларға ана тілі мен 
шет тілдерін мектепке дейінгі ерте жастан бастап үйрету – ең тиімді, оңтайлы кезең деген пікірде. Себебі 
мектеп жасына дейінгі шақта тұлғаның негізгі қасиеттері, дене дамуы, эмоционалды, ақыл-ой 
негіздерінің қалыптасатын, тілдік-коммуникативтік құзіреттіліктерді жеңіл меңгеретін жемісті кезеңі 
болып саналады.
Отандық және шетелдік ғалымдар үш тұғырлы тілді меңгерген тұлға, кӛп этникалық қоғамда жеке 
адамға жеңіл бейімделіп, ӛзін шыңдауға мүмкіндік беретін құзыреттілік ретінде қарастырады. 
«Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың»
мемлекеттік бағдарламасында, баланың базалық құзіреттілігі үш тілді меңгеру, еуразиялық 
кӛпмәдениеттілік, жан-жақты болуды ашып кӛрсетсе, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың»
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында тілдерді үйрету мектепке дейінгі шақтан бастап жүргізу,
орта білім берудің жаңа стандартында ағылшын тілі бірінші сыныптан жүргізіледі.
Сонымен қатар елімізде қабылданған «Тіл туралы» заң, оны жүзеге асыру кезеңдері, ана тіліміздің 
арнасын кеңейту, қажеттілігін арттыру мәселелері тӛңірегінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бала 
тілін дамытуға арналған ғылыми-педагогикалық, әдістемелік еңбектерді талдау нәтижесінде балаларға
үш тұғырлы тілді ойын арқылы меңгерту, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін, ұтымды формаларын, 
инновациялық технологияларды жүйелі пайдалану мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеу 
нысанына айналмағандығы белгілі болды. 


120 
Балалардың жас және жеке дара ерекшеліктеріне байланысты кӛптілді меңгеруді ойын іс-әрекеті 
арқылы жүргізіліп, шығармашылықпен дамыған, ізденімпаз, сӛйлеу дағдысы қалыптасқан жеке тұлғаны 
дамытуда күрделі мәселелер бар. 
Мектеп жасына дейінгі балаларды кӛптілділікке тәрбиелеуде қазіргі заман талабына сай
жабдықталған жаңа технологиялар, қоғам сұранысына арналған оқу бағдарламалар, ғылыми-
педагогикалық тұрғыда негізделген әдістемелерінің жоқтығы арасында қайшылықтар туындап тұр.
Балабақшада тәрбиеленуші балалар ӛз ана тілінің базалық құндылықтарын игерген, орыс және
ағылшын тілдерінде қарапайым сӛйлеу дағдылары қалыптасқан болуы тиіс. Анықталған қайшылықтарды 
ғылыми-теориялық тұрғыдан шешу, оның педагогикалық-әдістемелік мүмкіндіктерін қарастыру арнайы
зерттеуді, бүгінгі таңда балабақша жағдайында тәжірибеге енгізуді қажет ететін кӛкейкесті мәселе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет