126
оқу үрдісінің нәтижесінде білім заңы
талап етіп отырғандай, әр баланың мемлекеттік стандарттан тӛмен
болмайтын білім алуын, олардың міндеттері мен құқықтарын қамтамасыз ету мүлдем мүмкін емес.
Жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі
шарттарының бірі болып саналады. Олар оқу-тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен ӛнімділігін арттыруға
септігін тигізеді. Білім беру саласында жаңалықтар енгізбестен бұрын, қоғамдық еңбектің басқа
салаларына сәтті түрде жаңалықтар енгізу қиынға соғады.
Ӛзгерістер ӛмірдің диалектикасы ретінде тек қана біздің заманға, біздің қоғамға және біздің ӛмірге
тән құбылыс емес. Олар мәңгі адами қозғалыстың, яғни адамның жақсы ӛмір сүруіне, жаңа заман
талабына сай шарттарға қол жеткізуіне деген күресі мен талпынысының кӛрінісіне айнала отырып, жалпы
ӛмірдің диалектикасын бейнелейді. Жуырда ғана мұндай ӛзгерістер ӛте баяу жүзеге асатын алайда, соңғы
жылдардағы ғылым мен техниканың ӛзара тығыз байланысты дамуының нәтижесінде олар да
қарқындылығын күшейте бастады. Бүгінгі күні әр түрлі елдер үшін білім беру мен тәлім-тәрбиені дамыту
бағытында ортақ қиыншылықтардың туындағанына қарамастан, олар бір-бірінен
білім беру мәселелерін
шешу жолдары, әдістері және мақсаттары тұрғысынан елеулі дәрежеде ерекшеленіп отырғаны байқалады.
Мұндай айырмашылықтар адамның рӛлі мен оны жетілдірудің маңызын (мінез-құлқының маңызын, жеке
тұлғаны дамытудағы тәрбиенің рӛлін), осыдан барып қоғамның жекелеген мәселелерін шешудегі, оның
қажеттіліктерін қанағаттандырудағы және жалпы қоғамды дамытудағы білім беру жүйесінің
міндеттерінәртүрлі түсінуден келіп шығады. Осыған байланысты, әртүрлі қоғамдық-саяси жүйелермен
ерекшеленетін елдерде білім беру саласына жаңалықтар әртүрлі мақсаттармен, әртүрлі тәсілдермен жәгне
әртүрлі атаулармен енгізіледі де , олардан әртүрлі нәтижелер күтіледі. Әртүрлі елдердегі бірдей
жаңалықтар әртүрлі қызметтерге ие болып, оларды қолдану нәтижелері де түрліше бағаланады.
Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру ұйымдарында оқыту процесін ізгілендіру мақсатында кӛптеген
жұмыстар жасалуда. Мектепке дейінгі білім беру жүйесін реформалаудың демократияландыру және
ізгілендіру ұстанымдары оқыту мен тәрбиелеудің әдістемелік жүйесінің, яғни оқыту және тәрбиелеу
мақсатының, мазмұнының, әдістерінің, формалары мен құралдарының біртұтас және жүйелілік ӛзгеруін
кӛздейді. Осындай мазмұнды әдістемелік жаңартудың негізінде дәстүрлі «үйретуші»
балабақшасының
орнына шығармашылық пен жасампаздыққа негізделген жаңа мектепке дейінгі мекеме модельі ӛмірге енуі
тиіс. Білім мазмұнын қалыптастырудың осындай жаңа жолдарын қолдану нәтижесінде балаларды
мектепке даярлауды интенсивтендіру мен оңтайландыруға әкелетін оқыту мазмұны мен әдістерінің
үйлесімділігі артып, оқытудың тиімділігі күшейеді. Сондықтан да, балалардың ой-ӛрісін, ұлттық
мәдениетін, ұлттық рух пен сана сезімін дамытып,алғыр тұлғаны қалыптастыруда мектепке дейінгі
мекемелердің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде инновациялық технологияларды қолдану үлкен
жетістіктерге жетелеуде.
ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңінде – білім беру прогресінің ең
маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге келіп жетті. Бұл міндетті шешу үшін әр бір
балабақша ұжымы, әр педагог тәрбиеші күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен ӛзгерістерге
батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері
мен құралдарынодан әрі
жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарыніздестірулері қажет. Білім беру саласы
қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты міндеттемелеріміздің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін
үнемі жетілдіру болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелер басқада білім беретін институттар сияқты қоғамдық қатынастарда
жұмыс істегендіктен, оның жағдайы кӛптеген сыртқы факторлармен, әлеуметтік ортамен қарым-
қатынасының сипатымен анықталады. Қоғамымыздағы ӛзгерістер мектепке дейінгі білім беру жүйесіне де
елеулі жаңалықтар әкелді. Соңғы уақыттағы демократиялық жаңарулар тәрбиешілердің, педагогтардың
және әдіскерлердің шығармашылық қызметіне заңды түрде еріндік берді.
Педагогтардың алдында
мектепке дейінгі мекемелердегі жаңа заманның мақсаттарымен сұраныстарына жауп беретін, жоғары
деңгейде баланың жан-жақты дамуына әсер ететін технологияны таңдау міндеті тұр. Осындай тарихи
кезеңде адам мен мемлекеттің қарым-қатынасының мәні ӛзгереді. Нарықтық жағдайда ол жеке тұлғаның
мүддесі мен қажеттілігінің ӛсуне қызмет етуге бағытталды.
Мектепке дейінгі педагогика адамзаттың сұраныстарынан қалмауға тырысады, оқыту мен тәрбиенің
қиындығы мен қайшылықтарын алдын-ала білуге ұмтылады, сонымен бірге білім беру жүйесінің
жүйесінің дамуына қоғамдық мүдделер негіз болады. Қоғамдық мүдделер мен қажеттіліктер әлеуметтік
тапсырысты құрайды. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепте оқытудың мәселесін қарастыра отырып
В.Никитин былай атап ӛтеді: «егер мектептерді мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің баланы мектепке
дайындау деңгейі қанағаттандырса, енді инновациялық мектептердің пайда болуы баланың жеке
тұлғалық,
танымдық, ойлау белсенділігі түрлі қызметтерде ӛздігінен сауалдарды шеше алатын сапасы
жаңа талаптарды ұсынады». Бұл ӛз кезегінде білім беру үрдісінде мектепке дейінгі мекемелерде жаңа
технологиялармен жұмыс істеу бағытының ӛзгеруін қажетсінеді. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі
нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар
127
бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен мектеп жасына дейінгі балалардың жас
және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім
беру саласында тәрбиешілердің оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты
маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру тәрбиешінің интеллектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа кӛптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін
тигізеді, ӛзін-ӛзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруға кӛмектеседі. Мектепке дейінгі
тәрбие жүйесін жаңартуды түсіндірудің және ынталандырудың ерекше маңызы,
мәні келесі ұғымдарды
ашуда болып отыр.
Әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының ену тарихына кӛз жіберсек, бұдан 15-
20 жыл бұрын Отандық педагогикада технология ұғымы мүлдем дерлік қолданған жоқ. Жалпы,
технология идеясы ӛте жаңа ұғым емес. Оқыту процесін технологияландыру туралы ойды осыдан 400 жыл
бұрын Я.А.Коменский айтқан болатын. Оның ойынша оқыту «техникалық» болуы қажет, яғни нені
үйретсе де, нені оқытса да табыссыз болмауы керек. Білім берудегі кез-келген техниканың ӛзегі
Я.А.Коменскийден кейінгі педагогикалық технология элеметтерін Г.Песталоций еңбектерінен
кездестіруге болады. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерді сараптау нәтижелері «новация» мен
«инновация» ұғымдарын жеке-жеке қарастыру керектігін кӛрсетеді. Дегенмен, әдебиеттерде осы екі
ұғымның әртүрлі анықтамалары кездеседі. Инновация ұғымының энциклопедияларда да, сӛздіктерде де
әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады.
Инновация ұғымы жалпы энциклопедияның жаңа басылымында «инновация, жаңалық, жаңару –
техникалық және технологиялық жетістіктер мен ашылымдардың немесе жаңалықтардың іс жүзіндегі
қолданысы» деген анықтама беріледі. Ал, сӛздікте «новация – бір нәрсенің ішінара жаңаруы, яғни
қандайда бір бӛлігінің,
қасиетінің, байланысының ӛзгеруі» делінсе, «инновация – мүлдем жаңа нәрсе,
жаңалық » ретінде пайымдалады.
«Инновация» сӛзі латын тіліндегі
Достарыңызбен бөлісу: