Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет79/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   164
 
 
 
ӘОЖ 517.24: 38
ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН СИПАТТАМАЛАРЫ 
 
Курманова С. 
Біліктілік арттырудың ҧлттық орталығы «Ӛрлеу» АҚ ЖО бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Тараз қ, 
 
Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Сондықтан оған жүйелі жәрдем беріп, ынта-ықыласын дұрыс 
бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. 
Мектепке дейінгі білім беру стандарты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары, мектепке 
дейінгі мекемелер педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік 
береді. Мектепке дейінгі мекемелерде ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде оқытудың инновациялық 
технологияларын 
қолданудың 
ӛзіндік 
ерекшеліктері 
бар. 
Инновациялық 
технологияларды 
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолдануда ең алдымен мектеп жасына дейінгі балалардың жас және 
психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, тәрбиеші тӛменде кӛрсетілген технологиялардың ішінен іріктеп
қарапайым түрін, яғни мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттеріне сай сауатты түрде 
жоспарлап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тиімді пайдалана білуі тиіс. 
Осыған орай оқытудың инновациялық технологияларының түрлерімен оның негізгі ерекшеліктері 
мен сипаттамаларына тоқталуды жӛн кӛрдім.
Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бӛледі: 
-
білім мазмұнындағы инновация; 
-
оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация; 
-
оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы инновация; 
-
білім беру мекемесін басқару жүйесіндегі инновация.
Жаңалықтан кейін болған ӛзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері: 
-
жеке, бір-бірімен байланысы жоқ; 
-
модульдық (бір-бірімен байланысты): бір-біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей 
балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар; 
-
жүйелі: барлық білім беру мекемелерде болатын ӛзгерістер. 
Инновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі. 
-
Модификациялық 
инновация 

педагогикадағы 
әдіс-тәсілдерді 
жетілдіру. 
Мысалы: 
А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды. 


123 
-
Комбинаторлық инновация - белгілі әдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл 
түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда.
-
Түбірлі: білімнің мемлекттік стандарттарының енгізілуі. 
Инновациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай білім беру 
мекемесінің жұмысын дамытатын, ӛміріне оң ӛзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір педагог ӛзінің оқу-
жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы ӛзінің іс әрекетін саналы түрде ӛзгертеді. 
Инновациялық процестің кезеңдері: 
1)
инновацияның себептері; 
2)
жаңалықты жобалау; 
3)
жаңалықты жүзеге асыру; 
Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Білім беретін мекеме жаңалықтың себебін, жобасының 
дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққапедагогтарды, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жӛн. 
Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор: 
1.
Мекеме басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, 
педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен ӛзара әрекеті және қарым қатынасы; 
2.
инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы; 
3.
бағдарлама, жоспар бойынша ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда инновациялық процеске 
түзетулер енгізуі. Жоспарда нәтижелерге жетуге ықпал ететін жағдайларды кӛрсетіп, сәтсіздік болғанда 
оны жоятын шараларды да белгілеу; 
4.
әлеуметтік-экономикалық жағдай; 
5.
инновациялық процеске қатысушылар: бастама кӛтерушілер, кӛмектесушілер, қарсы тұрушылар; 
Білім беру- оқытудың тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі. Белгілі балалар психологы Д.Б. 
Эльконин дәлелдегендей 3-10 жас аралығындагы балалар біріккен мәдени – білім беру саласында ортақ 
ӛмірмен дами отырып, ортақ тәрбиеленіп, ортақ оқып үйреніп ӛмір сүруі керек. Яғни бұдан шығатын 
қортынды бұл (сабақтастықтың) яғни бастауыш сатыда мазалайтын сұрақтар проблемалары біреу ғана. Ол 
баланың тілін ой-ӛрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту болып, жаңа заман талабына сай жан-
жақты дамыған жеке тұлға ретінде оқытып тәрбиелеу. Мектепке дейінгі оқу-тәрбие ісінде мынандай 
ӛзекті яғни (актуальды) проблемалар бар: 
1) балалардың ӛз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз. 
2) бір оқу міндетін басқа түрлі жолдармен ӛзгертіп, шеше білу қабілеттері 
3) алынған білім-білік дағдыларын қазіргі ӛмір мен ғылым, техника жаңалықтарымен 
байланыстырып, салыстырып, зерттеп ӛз болжамдарын жасау қабілеттері әлі де тӛмен деңгейде. 
Ал мұның себебі қайда жатыр және бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық 
технологияларды оқып үйреніп ӛз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын. Білім берудің әртүрлі 
нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар 
бар. 
Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұнын балалардың жас және психологиялық 
ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда тәрбиеші іс-әрекетінің маңызы зор. Қазіргі білім 
беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру педагогтың интелектуалдық, кәсіптік, 
адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа кӛптеген келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, ӛзін-
ӛзі дамытып, оқу тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына кӛмектеседі,-деп кӛрсетеді С.В. Селевко. 
Бүгінгі таңда білім беру саласында әртүрлі сипаттағы және бағыттағы инновациялар енгізілуде. 
Азды-кӛпті мемлекеттік жүргізіліп, мазмұнға, ұйымдастыруға оқыту әдістері мен технологияларына 
жаңалыктар кіруде. Білім беру саласына енген жаңалыктарға мына ӛзгерістерді жатқызамыз: 
- оқу тәрбие мекемелерінің жаңашыл басқарылуы; 
- білімнің қоғамдағы орны және сол жүйені қаржыландыру деңгейін; 
- тәрбие және білім жүйесі құрылымын. 
Білім беру мазмұнын, яғни оқу жоспарларындағы және бағдарламалардағы ӛзгерістерін: 
- білім беру мекемелерінің ішкі ұйымдастырушылық әрекеттерін; 
-педагог пен балалар қарым-қатынастарына, ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас; 
- оқыту әдістемелеріндегі ӛзгерісін; 
- білім беру мекемелерінің құрал - жабдықтарындағы және ақпараттық технологияларды 
қолданудағы ӛзгерістер; 
- оқыту мекемелерінің құрылысындағы ӛзгерістерді жатқызамыз. 
Педагогтың инновациялық іс-әрекеті – ӛз қызметіне жаңа технологияларды енгізу. Білім беру 
жүйесінде қазір технологиялардың сан алуан түрлері бар.
Соның бірі дәстүрлі педагогикалық технология. 
Дәстүрлі педагогикалық технологиясының басқа технологиялардан айырмашылықтары бар: 
- балалардың таным кабілеттері және жас мӛлшері шамамен бір деңгейді құрайды; 


124 
- топтағы балалар құрамының әр кез тұрақты болуы; 
- ортақ жылдық жоспармен оқу бағдарламаларына, оқулыктарға негізделген, құрастырылған 
кестемен жүргізіледі; 
- балалар жылдың бір мезгілінде, белгілі бір сағатта білім алады; 
- оқытудың негізгі бірлігі-ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті. 
- оқыту барысында жоспарланған тақырып кеңінен түсіндіріледі; 
- балалар сол тақырып бойынша білім, білік, дағдыларын игеру мақсатында жұмыс істейді; 
- оқытуды ұйымдастыру тек тәрбиешініңнің басшылығымен жүргізіледі. 
- педагог ӛз пәні бойынша жалпы әр баланың білімін қорытындылап, бағалайды. 
Дәстүрлі оқыту технологиясының тиімсіз жақтары: дайын білімді хабарлайды, бала орындаушы, 
тәрбиеші басқарушы болады. 
Жаңартылған білім мазмұнының ғылыми – әдістемелік негізіне дамыта оқыту идеясы алынған. 
Дамыта оқытудың ерекшелігі мектеп жасына дейінгі балада білім, білік, дағдыны қалыптастырудың 
қажеттілігін жоққа шығармайды, бірақ оқыту мен тәрбиелеу баланың дамуын қамтамасыз ететін жағдай 
болуы керек дегенді приоритет етіп қою. 
Дамыта оқыту жүйесінде оның мазмұны баланың жеке бас болмысын, тұлғасын дамытудың құралы 
деп қарастырылады. Ол мазмұнды бала меңгеруі тиіс теориялық ұғымдар мен түсініктер жүйесі, оны 
саналы меңгеретін жалпыланған амал-әрекеттер және ұстанымдарды беріліп бейнелеуі қажет. Дамыта 
оқыту технологиясы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаларға тәрбиешінің қарапайым ізденгіштік-
зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру тән.
Оған тән сипаттар:
- балалардың алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек, 
- іс-әрекеттің бастапқы кезеңі –балалардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша талдап, оны 
жаңаша түсінуді талап ету оқу міндеттерін қою, 
- осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс-әркетін ұйымдастыру, мұнда үлгі кӛрсетуге болмайды, 
сондықтан тәрбиеші балаларды іздену іс-әрекетіне таратуы қажет. Ол үшін екі шартты орындау керек. 
1) тәрбиеші ӛзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу керек. 
2) Ол обалалар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек, оларға дұрыс шешім 
кӛрсету керек. 
Дамыта оқыту идеясы бойынша балаға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі 
берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы іске асырылады. Тәрбиеші – 
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үдерісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ретінде. Шешім табылған 
кезде әркім оның дұрыстығын ӛзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр бала ӛз ойын еркін білдіріп, пікір 
айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптары тыңдалынады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола 
бермейді. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бӛлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке 
тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Дамыта оқыту жүйесінде тәрбиеші мен бала арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға 
негізделеді. Олар ынтымақтастық, ӛзара сыйластық түсіністік сияқты қасиеттер. Бала ӛз ойын қорықпай, 
сеніммен айта алатындай жағдай болуын басты назарда ұстау маңызды болып табылады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде проблемалық оқыту технологиясының мектеп жасына дейінгі 
балалрдың жас ерекшелігін ескере отырып тәрбиеші ӛзі іріктеп алдын ала дайындауы міндетті болып 
табылады. 
Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп 
қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолында баланың таным дербестігін қалыптастырып, оның 
шығармашылық қабілеттерін дамыту. Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы (талдау, 
қорытындылау және тағы басқа) мен мектеп жасына дейінгі балалардың ізденіс әрекетінің 
заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) 
ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. 
Сондықтан да кӛбінесе мектеп жасына дейінгі балаларының ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін 
қалыптастыруды қамтамасыз етеді. 
Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – мектеп жасына дейінгі баланың білетіні мен 
білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл 
болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай баланың ізденушілік әрекетімен 
ынтасы күшейе түседі. Оқыту технологиялары мектеп жасына дейінгі балалардың тұрақты жоғары 
нәтижелерге қарай біртіндеп сатылай жылжуын, жаңа оқу ақпарлары мен біліктіліктерді меңгеру 
мақсатына жақындау деңгейлерін әр қырынан бағалау және ӛзін-ӛзі бағалау мүмкіндіктерінің туындауын 
қамтамасыз етеді. Білім стандартында белгіленген, білім беру бағдарламаларында айқындалған 
талаптарды нақты жағдайларда жүзеге асыруға мүмкіндік беретін педагогикалық технологиялардың бірі 
деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы.Даралап-саралап оқыту технологиясының мақсаттылық принципі 


125 
- әр бір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін ӛткізуге арналған жоспарда, тәрбиеші ең бірінші мақсатын 
кӛрсетеді. Сондай-ақ деңгейлік тапсырмалар мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен 
жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып белгілі бір мақсатта берілуі қажет
.
Деңгейлік тапсырмалар беру 
әдістемесінің негізгі ұстанымы – оқу материалдарын мектеп жасына дейінгі баланың жас ерекшелігі мен 
психологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойлау әрекеттеріне ойластырып, саналы меңгерту. Мектеп 
жасына дейінгі балалардың білім сапасын кӛп жағдайларда тӛмен болуы осындай түрлі жағдайларды 
ескермеудің салдары деп айтуға болады. Деңгейлік тапсырмалар мен жұмыс жасау балалардың 
іскерліктерін жүзеге асырады.Осыған байланысты деңгейлік тапсырмалар беруде тәрбиеші ең алдымен 
тапсырмалардың мазмұндық жүйелігіне аса назар аударуы қажет. Заман талабына сай әр тәрбиеші оқу-
тәрбие үдерісін жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен ӛткізеді. Білім беру субъектісі ретінде 
баланы қалай дамытамын? Не арқылы дамытамын? деген сұрақ туындады. Әрі білім беру құрлымында 
жаңа технологиялар ӛмірге келді. Сол технологиялардың бірі - ойын технологиясы. Мектеп жасына 
дейінгі бала үшін ойын негізгі іс-әрекет болып табылады. Сондықтанда мектепке дейінгі мекемелерде 
ойын технологиясын пайдаланудың орны ерекше. Тиімді қолданылған ойын түрлері тәрбиешінің 
түсіндіріп отырған материалын балалардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне кӛмектеседі. Ӛйткені 
мектеп жасына дейінгі балалардың аңсары кӛбіне ойынға ауып тұрады. Қызықты ойын түрлерінен кейін 
олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет