«ТАРБАҒАТАЙ АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК,
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ
ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІ»
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЛАУАЗЫМДАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН
БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАР
ЖИНАҒЫ
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқарма бастығы – тәртіптік кеңестің төрағасы
_______________А.Б.Шөпшекбаев
«25» қаңтар 2011 жыл
|
|
«БЕКІТІЛДІ»
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы
________________ Ә.Аханжанов
«____» __________ 2011 жыл
|
Ақсуат ауылы, 2011 жыл
«Тарбағатай аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.1. «Жергілікті атқарушы органдардың құрылымдарына және штаттық кестелеріне енгізілген кейбір өзгерістерді бекіту туралы» Тарбағатай ауданы әкімдігінің 19 қаңтар 2010 жылғы №14 қаулысы негізінде «Тарбағтай аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылды.
1.2. Мемлекеттік мекеменің қазақша атауы- «Тарбағатай аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орысша атауы- ГУ «Тарбагатайский районный отдел предпринимательства, сельского хозяйства и ветеринария».
1.3. Бөлімнің құрылтайшысы Тарбағатай ауданының әкімдігі.
1.4. Бөлім өз қызметін Қазақстан Републикасының Конституциясы, ҚР Заңдарына, Қазақстан Републикасы Президентінің және ҚР Үкіметінің актілеріне және осы Ережеге сәйкес атқарады.
1.5. Бөлімнің мемлекеттік тілде өзінің атауымен мөрі, мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, банкіде шоты бар заңды тұлға болып табылады. Бөлім өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
1.6. Бөлім заңнамамен белгіленген тәртіпте өз құзыретінің мәселелері бойынша бұйрық түрінде актілер шығарады.
5. Бөлімнің құрылымы мен шекті штаттық кестесін Тарбағатай ауданы әкімдігі бекітеді.
6. Бөлімнің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, индексі 071500, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесі, № 13 үй.
2. Бөлімнің міндеттері және функциялары
2.1. Бөлім төмендегі негізгі міндеттерді іске асырады:
1) АӨК-інде экономикалық реформалардың негізгі бағыттарын жетілдіру мен басқару және осы негізде аграрлық сектордың дамуын белгілеу, даму сатысын талдау, нарықтық инфраструктураны қалыптастыру және нарықтық құрылымның түрін ұйымдастыру, біртұтас қаржы-инвестициялық саясат және есепті жүргізу.
2) Барлық меншік түрі негізінде ауылдағы әртүрлі ұйымдық-құқықтық шаруашылық жүргізуші тұлғалардың дамуы мен қалыптасуына ықпал жасау.
3) Ауыл шаруашылық өнімі өндірушілердің нарық саласында өнімдерін өткізуге және қажетті жағдайды жасауды ұйымдастыру.
4) Ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу және маркетингіні ұйымдастырудың негізгі принциптерін дайындау, республика және облыстың экономикалық аймақтары бойынша нарық коньюктурасын, ауыл шаруашылық өнімдерін сыртқа шығару мүмкіндіктерін зерттеу.
5) Жаңадан құрылған агроқұрылымдарды мемлекеттік қолдауды іске асыру және ұйымдастыру.
6) Ауыл шаруашылық құрылымдарда жаппай экономикалық оқуды жүргізуге ықпал жасау.
7) Агроөнеркәсіп комплексі тұлғалары арасына мемлекеттік агроазық-түлік саясатының негізгі бағыттары мен механизмі туралы түсінік жұмыстарын жүргізу.
8) Агроөнеркәсіп комплексі дамуы саласының аймақтық бағдарламасын зерттеу және мониторинг жүргізу, дайындау, іске асыру.
9) Агроөнеркәсіп комплексі саласында жедел ақпаратты жинақтауды жүргізу және жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) тапсыру.
10) Ғылыми-техникалық жетістіктердің негізгі бағыттарын оны іске асырудың жолдары мен әдістерін анықтау және іске асыруға ықпал жасау, ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттау.
11) Мал шарушылығнда және тұқым шаруашылықтарына селекциялық сұрыптау жұмыстарын жүргізу, жергілікті климатқа шыдамды тұқым түрлерін іріктеп өндіріске кіргізу, өнімді өндіруде және қайта өңдеуде алдыңғы қатарлы технология мен бағыттарды енгізуді іске асыру.
12) Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында аудан әкімдігінің қаулысы, және аудан әкімінің өкімін, шешімдерінің жобасын дайындау.
13) Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында даму бағдарламасын дайындау және аудандық маслихат сессиясында бекітуге ұсыну.
2.2. Ауданның агроөнеркәсіп саласында электрлендіруді, механизациялауды, мал шаруашылығындағы техникалық, экономикалық, технологиялық, мемлекеттік саясатты іске асыру.
2.3. Барлық меншік және шарушылық құрылымдарын дамуына, аграрлық секторда нарықтық қатынастың қалыптасуы мен дамуына және сауда, қайта өңдеуде агросервис енгізуге ықпал жасау.
2.4. Ауыл шаруашылық өнімін өндіру және қайта өңдеуді болжау, агро өнеркәсіп комплексінің дамуының әлеуметтік-экономикалық индикативті жоспарын жасау.
2.5. Ауыл шаруашылық өнімін өңдеуде және өңдеу өнеркәсібінде жаңа техниканы және прогрессивтік технологияны енгізуге ықпал жасау.
2.6. Экономикалық реформа мемлекеттік бағдарламасын орындалуын қамтамасыз ету.
2.7. Ауыл шаруашылығын техникамен қайта жабдықтау, агросервис ұйымдастыру, лизинг бойынша техника алуға ықпал жасау.
2.8. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілер қорына қаржылай көмек көрсетуге ықпал жасау.
2.9. Ауыл тауарөндірушілеріне контракт, бизнес-жоспар жасауға көмек жасау, оларды экономикалық сараптамадан өткізіп іске асыруға ықпал жасау.
2.10. аудандағы агрокомплекс ұйымдары мен кәсіпорындар қызметінде есеп және қаржы заңдылықтарының сақталуына үнемі талдау жасау.
2.11. Аудан экономикасының өсуіне шағын кәсіпкерліктің маңызы мен беделін өсіру.
2.12. Шағын кәсіпкерліктің дамуына және көтермелеуге мемлекеттік саясаттты жүзеге асыру.
2.13. Шағын кәсіпкерлік тұлғалардың еркін қызметіне кепілдікті күшейту.
2.14. Аумақтық стратегиялық жоспар көлемінде шағын кәсіпкерліктің стратегиялық дамуын жоспарлау.
2.15. Шағын кәсіпкерліктің аумақтық бағдарламасын жасау және орындалуын бақылау.
2.16. Шағын кәсіпкерлікке қатысты қаржы-кредит саясатын жетілдіру.
2.17. Шағын кәсіпкерлікті көтермелеу бағыттындағы жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеттерін үйлестіру.
2.18. Ауданның сыртқы экономикалық байланысына, шағын кәсіпкерліктің жағдайларына талдау жасау және мониторинг жүргізу.
2.19. Шағын бизнестің кәсіпорындарының жұмыстарын жақсартудағы және жетілдіруге ұсыныстар әзірлеп, аудан әкіміне ұсыну.
2.20. Сараптау кеңесінің қызметін ұйымдастырады.
2.21 Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында адам мен жануарларға ортақ аурулардан халық денсаулығын қорғауды ұйымдастыру;
2.22. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
2.23. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың эпизоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
2.24. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және жануарларды бірдейлендіру бойынша базаны жүргізуді жүзеге асыруды ұйымдастыру;
2.25. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
2.26. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау болып табылады.
2.27. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді;
2.28. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, жеткізуді ұйымдастырады;
2.29. Профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджеттік қаржы есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың эпизоотиялық ауруларының тізімін әзірлейді;
2.30. Жануарлардың эпизоотиялық ауруларының профилактикасы, диагностикасы және жоюы бойынша ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы және диагностикасы бойынша көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
2.31. Ветеринариялық есеп және есептілікті жинақтауды, талдауды жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етеді;
2.32. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді және олар бойынша компьютерлік деректер базасын жүргізуді, сондай-ақ жануарларды сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) сою алдында тексеріп қарауды және ұшалар мен ешкі ағзаларды союдан кейін тексеріп қарауды жүзеге асырады;
2.33. Халықтың арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;
2.34. Жануарларды өсіруді, жануарларды дайындауды (союды), жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі өндіріс объектілерін пайдалануға қабылдау бойынша комиссияны ұйымдастырады;
2.36. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайды зерттейді;
2.37. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті аурулардың профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді;
2.38. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдары мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асырады;
2.39. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды ұйымдастырады;
2.40. Мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салу және олардың ветеринария саласындағы заңнамаға сәйкес күтіп-ұсталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
2.41. Жануарларға ветеринариялық паспорт беру;
2.43. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру;
2.44. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органына елді мекендерде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелерін, жануарларды ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды бекітуге енгізу;
2.45. Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
2.46. Өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және басқа ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрау және алу.
2.47. Заңнамамен белгіленген тәртіпте, ветеринария саласында жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар белгіленген ветеринариялық-санитарлық ережелерді және нормативті бұзған жағдайда олардың лицензиясын тоқтату немесе қайтарып алу туралы шешімдерді шығару;
2.48. Белгіленген тәртіпте төтеншще эпизотияға қарсы комиссия құру туралы ұсыныс шығару.
2.49. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқару органына жануарлардың жұқпалы ауруларының тоқтатуға және жоюға бағытталған карантиндік режимді немесе шектеу іс-шараларын жүргізе отырып карантиндік аймақтық ветеринариялық-режимін белгілеу туралы ұсыныс шығару;
2.50. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жергілікті атқару органына жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуын тоқтатуға және жоюға бағытталған шектеу іс-шараларын немесе карантинді алу жөнінде ұсыныс шығару.
2.51. Жануарлар мен адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою туралы шешім қабылдау.
2.52. Уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару.
3. БӨЛІМНІҢ МҮЛКІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫСЫ
3.1. Бөлімнің жедел басқару құқында мүлкі бар. Бөлімнің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны мемлекеттік органның балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
3.2. Бөлімнің бекітілген мүлкі мемлекеттік меншік болып табылады. Заң бойынша бекітілген шеңберде бөлім мүлікті басқару құқы болу мүмкін.
3.3. Аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімін ұстау және шығыны аудандық бюджет есебінен қаралады.
4. БАСҚАРМА ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
4.1. Тарбағатай аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылғы және ветеринария бөлімі бөлімін бөлім бастығы басқарады, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Еңбек кодексі» заңдарының талаптарына сәйкес аудан әкімі тағайындайды.
4.2. Тарбағатай аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі өзіне жүктелген міндетті атқару үшін бөлім бастығының құқы:
1) ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Еңбек кодексі» заңдарының талаптарына сәйкес, бекітілген штаттық кестеге және еңбек ақы қоры көлемінде бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
2) Бөлімге жүктелген міндеттерді және функцияны орындауда тікелей жауап береді, орындалуына тиісті істерге жауап беретін қызметкерлердің жауапкершілігін белгілейді.
3) ҚР заңдарына сәйкес өз қызмет шеңберінде бұйрық, инструкция шығарады, түсінік береді.
4) Мемлекеттік органның қызметкерлеріне белгіленген заң тәртібіне байланысты тәртіптік жаза қолданады.
5) Мемлекеттік органдарға, басқада ұйымдарға мемлекеттік органды басшысы ұсынады.
6) Заңнамаға сәйкес басқада өкілеттіктерді атқарады.
4.3. «Тарбағатай аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылғы және ветеринария бөлімі» ММ-нің ереже мен құрылымын аудан әкімі бекітеді.
4.4. Мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік ұйымдар мен мемлекеттік қатысу үлесі бар ұйымдардың қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтың әрбір фактісі бойынша олардың басшыларының жауап беретіндігі және сыбайлас жемқорлық жасаған қызметкерлермен бірге басшысы да жұмыстан босайтындығы ескертіледі.
5. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ЖОЮ
5.1. Бөлімді қайта құру мен жою Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.
Аппарат басшысы А.Смаилов
Аудан әкімдігінің 2010 жылғы
«01» желтоқсандағы №391 қаулысына 9-қосымша
Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
«04» желтоқсандағы №401 қаулысына 10-қосымша
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметкерлерінің және еңбек шартымен жұмыс істейтін қамту
қызметкерлерінің саны
Р/с
|
Мекеме атауы
|
Қызметтік лауазымы
|
Санаты
|
Штаттық бірлігі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
Тарбағатай аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
|
Бөлім бастығы
|
Е-R-1
|
1
|
Бөлімше бастығы
|
Е-R-3
|
2
|
Бас маман
|
Е-R-4
|
6
|
Жиыны_____9'>Жиыны
|
|
9
|
Хатшы -машинист
|
|
1
|
Компьютер техникасының операторы
|
|
1
|
Нұсқаушы
|
|
4
|
Қызметтік автокөлік жүргізушісі
|
|
1
|
Жиыны
|
|
7
|
Достарыңызбен бөлісу: |