Тарих-адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым. Бақылау сұрақтар



Дата07.02.2022
өлшемі15,04 Kb.
#92977
Байланысты:
Тапсырма2


Тапсырма:
(Глоссарий)
Атазаң- Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.


Тарих-адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым.


Бақылау сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасынығ алғашқы атазаңы қашан қабылданды?

-1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Қазақстанның алғашқы конституциясын қабылдады.
2. Кәзіргі қолданыстағы атазаң қашан қабылданды?
-1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасының жаңа конституциясы қабылданды.
3. Тарих сөзі қай тілден алынған, қандай мағына береды?
-Тарих (көне грек. ἱστορία —сұрастыру, зерттеу)
4. Тарихтың атасы кім?
-тарих атасы-Герадот
Қ.Р алғашқы және кейінгі қабылданған Конституцияларына тоқталып өт:
-Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.
Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:

халықтық егемендік


мемлекет тәуелсіздігі
билікті бөлісу принципі
қазақ тілін мемлекеттік деп тану
Президентті мемлекет басшысы деп тану
сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.
1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл


Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.


1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.


Конституция құрылымы


I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық кеңес
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет