Тарих беттеріндегі эволюциялық жүйенің арқауына зер салар болсақ, жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан марксистік экономикалық теориядан қалыпты нарықтық қатынастарға қайта оралуды білдірді
Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат Тарих беттеріндегі эволюциялық жүйенің арқауына зер салар болсақ , жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан марксистік экономикалық теориядан қалыпты нарықтық қатынастарға қайта оралуды білдірді.Жаңа экономикалық саясат саласын сарапқа салар болсақ , бұл экономикалық саясаттың орнығуында екі мәселе алғышарттық негізде алға қойылды: біріншіден- партияның ішіндегі фракцияларға тыйым салуды қарастырса , екіншіден- шаруаларға үш жыл бойы ауырлық салдырған азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыруды жөн көрді.Елдегі экономикалық саясаттың ахуалы әлсіреп , аш құрсақ болған шаруалар үшін бір жүгінің кішкене болсын жеңілдегенін байқатты. Алайда , жаңа экономикалық саясат-халық шаруашылығына әміршіл-әкімшіл жүйенің тізгінін қолға ала отырып , белгілі дәрежеде капитализмге уақытша есеп беруге есептелген пролетариат мемлекетінің ерекше саясаты еді.
Жаңа экономикалық саясат аз уақыт қана жұмыс атқарды , барлық саланы біртұтас саясат болып қалыптаспады.Революциядан кейінгі оқылықтарды толығымен жоймады. Бірақ , осы кездің өзінде үкімет нарықтық қатынастарды кең қолдану арқылы елдің барлық өндіргіш күштерін жандандырып , жалпы шаруашылықтың өркендеуін қамтамасыз ететін қабілеті айқын көрінді.Тарихтың сарғайған парақтарына көз жүгіртсек , жаңа экономикалық саясаттың кеңес үкіметінің орнауы мен азамат соғысынан кейінгі мәдени , идеологиялық , экономикалық , әлеуеттік жанданудың көрінісі ретінді байқаймыз.
Қорытындылай келсем , жаңа экономикалық саясат қазақ жеріне жақсы жақтарымен әсерін мықтап орнатқан жоқ.Орыс емес халықтардың мұқтаждықтары мен оларға қамқорлық жасау іс жүзінде емес , көбінесе сөз жүзінде жүргізілді.Сәтсіздіктердің себептері , шаруаларды жермен , тұқыммен , керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ете алмаған , ауыл шаруашылығының дамуын қандай-да бір жоспарлы арнаға бағыттай алмады.Қазақтарға сол кездің өзінде қажетті жағдай-мал шаруашылығымен айналысуға , дәстүрлі әлеуметтік құрылымдар мен мәдениетті қалпына келтіру еді.