Тарих және әлеуметтік теория
Тарих – жекелеген оқиғалар мен құбылыстарды зерделейтін эмпирикалық ғы- лым. Бұл оның қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтарын зерттей алмайтынын білдіре ме? Тарихи зерттеулер қоғам тарихының кезеңдері мен олардың жүйелі ауысуының механизмдерін сипаттайтын теориялық қорытынды жасауға үміткер бола ала ма екен? Олардың кәсібінің мақсаты тек қана фактілерді анықтау мен өткенді мұқият қалпына келтіру деп есептейтін ғалымдар – кәсіби топтың ай- тарлықтай бөлігін құрайтындар. Алайда мұндай ұстаным – өзін-өзі алдау. Кез келген өткеннің құбылысы оның әлеуметтік міндеттері тұрғысынан қарастыры- луы керек. Мысалы, тарихқа «жәдігерлік» қызығушылық аясында белгілі бір дәуір адамдарының киімдері мен тұрмыстық бұйымдарды қайта қалпына келтіретін жұмыстар жасалуда. Олардың авторлары қоғамды ұйымдастырудың жалпы мә- селелеріне әдейі назар аудармаса да, белгілі бір әлеуметтік топтардың өзіндік ой-санасы мен оның уақыт өте өзгерістерге ұшырауының күнделікті тұрмыстық заттарда көрініс табуы, адамдардың әлеуметтік белгілері бойынша бөлінуі, сырт- қы белгілері арқылы адамдардың әлеуметтік мәртебесін паш етуі сынды мәселе- лерге жауап береді. Басқаша айтқанда, зерттеуші-антикварлар өздерінің алдына теориялық міндеттер қоймаса да, олардың нақты бір кезеңдегі қоғамның ұйым- дық принциптері туралы өзінің жеке түсініктерінің болуы қажет. Саяси тарихты зерттеушілер, өз кезегінде, оқиға барысын жан-жақты зерделеп, оның бейнесін толықтай қалпына келтіре алады. Сонымен қатар олар саяси жетекшілердің іс- әрекеттерінің қарапайым адамдар тарапынан қалай қабылданғаны, неліктен белгілі бір оқиғалар барысына көптеген адамдардың (кейде тұтас халықтың) тартылғаны, соғыстың немесе саяси реформалардың қоғамның ахуалына қандай ықпал жасағаны сияқты тура әрі жанама түрдегі мәселелерді қозғайды.
30 БіРінШі ТАРАу
Өткенге деген жүйелі түрдегі қызығушылық пен тарихи білім мынадай сұ- раққа жауап беру ниетінен туындағаны белгілі: адамзаттың дамуының мақсаты бар ма, мұнда қандай да бір ой немесе жоспар бар ма? Егер болса, онда олар қандай? Өткен кезең адамдардың моральдық даму процесі, Құдайдың жоспа- рының жүзеге асырылуы, өркениет пен прогреске қадам басу немесе мемлекет пен ұлттың қалыптасуы ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұл түсініктер жаңа за- мандағы еуропалық философтардың, экономистер мен әлеуметтанушылардың концепцияларында негізделгенге дейін-ақ алдыңғы буынның шығармаларын- да – библиялық мәтіндерді құрастырушылардың, антикалық және орта ғасыр тарихшыларының еңбектерінде жүзеге асырылды. уақыт өте келе, бір жағынан, тарихи зерттеулердің міндеттері, екінші жағынан, адамзат қоғамының ұйым- дастырылуы мен дамуының жалпы концепцияларының қалыптасуы интеллек- туалдық қызметтің түрлі салаларына жататын жеке сала ретінде түсіндірілді.
Қоғам туралы ғылымдардың арасында әлеуметтану – тарихқа өте жақын ғы- лым салаларының бірі: екеуінің де пәндері, жалпы алғанда, қоғамды және әлеу- меттік мінез-құлықтардың түрлі формаларын зерттейді. Бұл тұрғыда олардың экономикадан, саясаттанудан, психологиядан, дін мен мәдениет тарихынан өзіндік айырмашылығы бар. Тарихшылар мен әлеуметтанушыларды зерттеу пәні емес, адамзат қоғамын зерттеудің міндеттері мен әдістеріне қатысты тә- сілдемелері бөліп тұр. Өте маңызды айырмашылықтардың қатарына жалпыла- малық концепциялар мен теориялық құрылымдарды қарқынды пайдаланудың әртүрлілігін жатқызуға болады. Әлеуметтік тарихшы үшін модельдер мен схе- малар – тарихи ақиқатты танудың құралы. Бұл – өткенге жаңа сауалдарды қою- ға мәжбүрлейтін, соның нәтижесінде оның мағынасы туралы соңғы әрі нақты жауапты алуға мүмкіндік беретін гипотезалар.
Әлеуметтанушының мақсаты – қоғам дамуының құрылымы, заңдылықтары туралы түсініктерді жалпылау, әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі адамдардың мінез-құлықтарының негізгі және әмбебап заңдылықтарын анықтау.
Тарихшы әлеуметтік өмірдің көптүрлілігіне назар аударады. Оның міндеті – нақты бір уақыт кезеңіндегі, нақты жағдайлардағы, нақты бір жердегі қоғамның өмір сүруінің ерекшеліктерін анықтау. Әлеуметтанушыға қарағанда, тарихшы барлығына ортақ қабылданған жалпыламамен емес, айырмашылықтармен ай- налысады.
Әлеуметтік теория мен нақты тарихи зерттеулердің тәсілдері өзара қарама- қайшы немесе өзара толықтырушы болып санала ма? Бұл сұраққа жауап бірдей емес.
Жекелеген фактілер мен оқиғаларды талдай отырып, тарихшы оларды алуан түрлі тарихи құбылыстармен және процестермен байланыстыруы қажет. Ол зер- деленіп отырған материалды себеп-салдарлық байланыстар жүйесінде қарасты- рады, өзге аймақтарда әрі басқа жерде орын алған ұқсас құбылыстармен салыс- тырады. Кейбір кезде тарихшы логикалық іс-шараны автоматты түрде жүзеге асырады.
Өзара ұқсас бірнеше жағдайды қарастырып көрейік. Соғыстар мен ірі қақты- ғыстарға арналған зерттеулерде олардың пайда болу себептерін көбінесе саяси көсемдер мен әскери басшылардың іс-қимылдарымен, яғни басты фактордың не- гізгі мәнін жекелеген тұлғалардың ерік-жігерімен, бастамасымен, амбициясымен
ТАРих дЕгЕн нЕ? 31
және көрегендігімен байланыстырып жатады. Мұнда қоғамның ахуалы қандай деңгейде және қалайша Александр Македонский жорықтарын, наполеонның әс- кери экспедицияларын немесе гитлер бастаған Екінші дүниежүзілік соғысты ту- ғызды, осыдан кейінгі барлық дамуды осы саяси әрекеттердің тікелей салдары деп есептеуге бола ма деген мәселе қойылмайды. Эмпирикалық және фактогра- фиялық тәсіл жекелеген тарихи тұлғалардың өзіндік ерік-жігері мен әскери қақты- ғыстардың әлеуметтік-экономикалық алғышарттарының арақатынасы мәселесін елемейді. Сондай-ақ бұл зерттеулер аталған оқиғаның осыған ұқсас оқиғалардан бөлек өзіндік бейнесі туралы басты сұраққа жауап бермейді. Тарихтағы ірі әске- ри қақтығыстардың бір-бірінен саяси әрекеттері, әскери қимылдардың ауқымы, жаулау мақсаттары және нәтижелері сияқты сыртқы әрі формалдық аспектілері тұрғысынан ғана айырмашылығы бар.
Өзге бір мысал ретінде шаруашылық өмірді зерттеу бағытын атап көрсе- туге болады. Антикалық немесе ортағасырлық экономикаға арналған кейбір зерттеулер өндіріс пен ақша айналымы саласындағы адамдардың мінез-құлық логикасын қазіргі күнгі экономикалық өмірдің логикасына ұқсатып жібереді. Әртүрлі дәуірлер мен аймақтарға, соның ішінде бүгінгі әлемге жататын факті- лер экономикалық заңдылықтардың әмбебаптығы жөніндегі көзқарастармен түсіндіріледі, ал шаруашылық өмірдегі айырмашылықтар жекелеген институт- тардың немесе өндіріс деңгейінің қарқындылығымен ғана өлшенеді. дегенмен бір қарағанда әмбебап болып көрінетін экономикалық заңдылықтар жан-жақты зерделенген кезде анағұрлым шектеулі болып шыға келеді. Олар экономикалық даму ерекшеліктері мен жаңа заманның батысеуропалық қоғамындағы адам- дардың мінез-құлықтарын ғана ескереді, бірақ оны өзге дәуір мен аймақтардың экономикалық тарихына қолдануға келмейді. Жоғарыда қарастырылған әскери қақтығыстар сияқты, фактілерді басты бағдар ретінде ұстанатын зерттеушілер тарихты еріксіз жаңғыртумен айналысады: өз дәуірінің түсініктері мен әлеу- меттік категорияларын өткеннің оқиғалары мен құбылыстарына қолданады. нақты оқиғаны қоғам дамуының ерекшеліктерінің тұрғысынан талдау міндетін қоймайтын зерттеу тәсілі «тарих – тек жеке және ұқсас белгілері бар фактілер- дің жиынтығы» деген түсініктен туындайды. Бұл көзқарастың негізі антитарихи сипатқа ие, өйткені ол тарих қоғамның уақыт аясында өзгеру процесі екенін, даму деңгейі әр алуан заңдылықтармен анықталатын қоғамдардың тек әртүрлі тарихи дәуірлерде ғана емес, бір мезгілде де өмір сүре алатынын ескермейді.
Кез келген құбылыстың тарихи мән-мағынасын сол қоғамның ерекшелікте- рін есепке алмай анықтау, шын мәнінде, мүмкін емес. Өз кезегінде, қоғамның құрылымдық сипаттамасы мен оның даму заңдылықтарын көрсететін ұғымдар мен концепцияларды қолданбай, бұл ерекшеліктерге анықтама бере алмаймыз. Бұл ұғымдар мен концепциялар барлық социумдар үшін әмбебап болып санала- тын элементтерді анықтауға жол ашады. Абстрактілі модельдерге сәйкес келетін жекелеген қоғамдарды зерттеу тарихи фактілердің шексіз әртүрлілігінің бей- берекетсіздігін еңсеруге көмек береді. Оларды белгілі бір өлшемдер жүйесінің аясында жүйелеуге және зерттеуге болады. Тек осылай ғана әлеуметтік өмірдің түрлі құбылыстары мен формаларын салыстырып, ұқсастықтары мен айырма- шылықтарын дұрыс анықтай аламыз. Сонымен қатар концептілер мен теория- лық құрылымдар тарихи ақиқаттың дәлме-дәл бейнесі бола алмайды. Олар – тек
32 БіРінШі ТАРАу
бұл шындықты зерттеуге және фактілердің өздігінен белгілі бір мәселені көте- ріп, оны шеше алмайтын жағдайларына жауап беруге мүмкіндік беретін құрал ғана. Тарихшы гипотезалар ретінде кез келген әлеуметтік модельдер мен схема- ларды қолданады, олардың өміршеңдігі тек нақты материалдарды талдау нәти- жесінде тексеріледі. Бастапқыда қоғамның қалыптасу заңдылықтарын түсінуге деген ұмтылысымен тығыз байланысты болған тарих ғылымы екі ғасыр бұрын қоғам туралы дербес ғылымдардың тұтастай бір кешенінің негізін қалаушыға айналды. Қазіргі таңда ол қоғамды тану құралы ретінде әлеуметтану, антропо- логия, экономика және психологияның теориялық модельдері мен схемаларына назар аударады әрі сонымен бірге бұл теориялардың шынайылығын сынайды.
Тарихи талдау әдісі қоғамның құрылымын сипаттайтын және оны зерттеу- дің ережелерін белгілейтін абстрактілі модельдердің үш категориясына сүйе- неді. Бұл категориялар өзінің нақты шындықты жалпылайтын деңгейіне қарай бөлінеді. Біріншісі – қоғамның ұйымдасуының және оның дамуының жалпы заңдылықтарын баяндайтын концепциялар. Екіншісі – кез келген қоғам үшін адамдардың ортақ мінез-құлық принциптері мен формаларының анықтама- сына лайықты және сонымен қатар олардың жүзеге асырылуының әрбір нақты жағдайда өзіндік ерекшеліктерінің болғанын білдіретін ұғымдар. Үшіншісі – қо- ғамды тану әдістері, яғни тарихи фактілердің терең мазмұнын ашуға мүмкіндік беретін мәселелер мен оларды шешу тәсілдерінің жиынтығы.
ЕКІНШІ ТАРАУ
Достарыңызбен бөлісу: |